Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика билеты.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
17.09.2019
Размер:
1.47 Mб
Скачать

Диссодиациялану дәрежесі. Күшті және әлсіз электролиттер

Диссоциациялану үдерісін сандық жағынан да сипаттауға болады.

Диссоциацияланудың қаншалықты толық жүретіндігін диссоциациялану дәрежесі (α) көрсетеді, α-ны сандық үлеспен (0-1) немесе пайызбен (0-100%) беруге болады.

α = диссоциацияланган молекулалар саны/жалпы еріген молекулалар саны

Диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай электролиттер үш топка бөлінеді:

  1. α > 30% - күшті;

  2. 3% < α < 30% - орташа күшті;

  3. α < 3% - әлсіз.

Күшті электролиттерге ерімтал тұздар, қышқылдар (HNO3, H2S04, HCl), сілтілер (NaOH, КОН, Ва(ОН)2) жатады. Бұлар суда ерігенде иондарға толық ыдырайды.

Әлсіз электролиттерге: Н2С03, H2S, Н3Р03, СН3СООН, NH4OH, Н20 жатады. Олар суда еріген кезде иондарға толық ыдырамайды.

Орташа күшті электролиттер: Н3Р04, H2S03, HN02, т. б.

Диссоциациялану дәрежесіне заттың және еріткіштің табиғаты, ерітіндінің концентрациясы, температура әсер етеді.

c1=c•α•n

Мұндағы:

  • c1 - ерітіндідегі иондар концентрациясы;

  • с - заттың молярлы концентрациясы;

  • α - диссоциациялану дөрежесі;

  • n - ерітіндіге өтетін иондардың моль саны.

Ион алмасу реакциялары ] Сода кесегін тұз қышқылына салсак мына реакция жүреді:

Na2C03 + 2HCl = 2NaCl + Н20 + C02

Бұл реакцияның молекулалық теңдеуі.

Реакцияның толық иондық теңдеуін жазсақ: 2Na+ + С032- + 2Н+ + 2C1- = 2Na+ + 2Сl- + Н20 + С02

Реакциялардың иондык теңдеулерін жазғанда зат молекуласындағы атом саны коэффициент ретінде ионның алдына қойылады.

Енді қыскартылған иондық теңдеуін жазамыз, ол үшін өзгермеген, яғни тендеудің екі жағындағы бірдей иондарды алып тастап, қалғанын жазамыз.

С032- + 2Н+ = Н20 + С02

Реакция газ бөле жүреді.

Мыс сульфатының ерітіндісіне натрий гидроксидінің ерітіндіін құйғанда жүретін реакция:

CuS04 + 2NaOH = Cu(OH)2↓ + Na2S04

Cu2+ + S042- + 2Na+ + 20H- = Cu(OH)2↓ + 2Na+ + S042-

Cu2+ + 2OH-= Cu(OH)2

Бұл реакцияда көгілдір тұнба пайда болды.

Натрий гидроксидінің тұз қышқылымен бейтараптану реакциясын қарастырсақ:

NaOH+HCl = NaCl + Н20

Na+ + OH- + Н+ + CI- = Na+ + CI- + H20

Реакцияның жүретіндігіне көз жеткізу үшін натрий гидроксидінің ерітіндісіне индикатор - фенолфталеин тамызғанда ол таңқурай түсіне боялады. Енді осы ерітіндіге тұз қышқылының ерітіндісін біртіндеп қоссақ, түсі жойылады.

Бұл өзгеріс реакция жүргендігінің белгісі болады, нәтижесінде әлсіз электролит су тузіледі. Бұл тәжірибеден шығарылған корытынды:

Н+ + OH- = НОН

Ac тұзының ерітіндісіне калий нитратының ерітіндісін қосқанда: реакция жүруінің белгісі байқалмайды.

NaCl + KN03 ↔ NaN03 + KCl

Na+ + CI- + К+ + N03- ↔ Na+ + N03- + K+ + Cl-

Реакция нәтижесінде өзгеріске ұшыраған иондар болмайды, сондықтан реакция аяғына дейін жүрмейді. Осындай реакциялар үшін теңдік орнына қайтымдылық белгісі ↔ қойылады.

Осы мысалдардан мынадай қорытынды шығады. Реакция аяғына дейін журу ушін мынадай шарттар орында- луы керек:

  1. газдың бөлінуі;

  2. тұнбаның пайда болуы;

  3. әлсіз электролиттің түзілуі.

Осы қорытынды зат құрамындағы иондарды анықтағанда қолданылады. Заттың еритін, ерімейтінін 2-форзацтағы түрлі түсті кестеден қараңдар.

Иондардың түсі немесе химиялық қасиеттеріядегі ерекшеліктерше қарай бейорганикалық қосылыстарды сапалық анықтауға болады.