Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.

-Сәлеметсіз бе! Қазақстанға келгеніңізге мен өте қуаныштымын.

-Рақмет! Мен де қуаныштымын. Қазақстанның мәдениеті қандай және қандай мәдени орындары бар?

-Қазақстанның мәдениеті бай. Біздің елімізде көптеген кесенелер, мұражайлар, курортар бар. Олар: - Ибраим ата мен Қарашаш ана кесенесі (Сайрам ауданы); Арыстанбаб әулиенің кесенесі, (Отырар ауданы); Қ.А.Яссауи кесенесінің тарихи-сәулет кешені, «Әзірет-сұлтан музей-қорығы» (Түркістан қаласы); Қажымұқан Мұңайтпасовтың музейі мен кесенесі (Ордабасы ауданы); Бәйдібек ата мен Домалак ана кесенелері (Бәйдібек ауданы); Қарабура кесенесі (Созақ ауданы), Ноғай Ишанның мешіті, Шаяндағы медресе, Туристік - рекреациялық аймаққа жататын объектілерден батыс Тянь-Шань сілемдерінің арасына орналасқан «Ақ мешіт», Бүргелік демалыс аймақтарын, облыстың ең биік нүктесі Сайрам шыңының етегіне орналасқан «Әлтеке» туристік базасын, Машат шатқалында орналасқан туристік базаларды, «Манкент» және «Ақсу» демалыс үйлерін атап көрсетуге болады. Сауықтыру тұрғысынан алғанда аса құнды гидрологиялық ресурстар минералды сулар болып табылады. Олардың көздері Сарыағаш, Түркістан, Ордабасы және Бәйдібек аудандарында.

-Рақмет. Ал Астана мен Алматыда қандай мәдени орындары бар?

-Медеу мен Шымбұлақ – Алматыдан 15 шақырым қашықта орналасқан әдемі шатқалдары. Әсем табиғатынан басқа мұнда назар аударатын үлкен жүйрік Медеу шаңғы сырғанағы бар.  Тағы 6000000 куб.м дейін су толтыра алатын қаланы селден сақтау мақсатында тұрғызған әйгілі плотина да бар. «Астана - Бәйтерек» монументі – бұл Астананың белгісі болып табылатын теңдесі жоқ құрылыс. 97 метр биіктікте шолу алаңы орналасқан одан Сіз Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал ағаштың басына орнатылған алтын күн де, ішкі сәулеті де символ мәнді, үш аймаққа бөлінген және әлемнің үш негізін бейнелейтін салынып жатқан Қазақстанның жаңа астанасының көрінісін тамашалай аласыз. Сіз де осы қалаларға кіріп шығыңыз.

-Әрине, Мен осы қалаларға барам. Сау болыңыз!

17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?

-Сәлем! Сен демалыста не істедің?

-Сәлем! Мен демалысты достарыммен өткіздім. Біз "АҚ - БҰЛАҚ" деген биiк таулы шаңғы курортына бардық.

-Қандай керемет! Табиғаты қандай екен?

-Табиғаты әсем, ауасы таза, таулары биік, шыршаға толы. Маған бәрі өте ұнады.

-Осы курорт Алматыдан алыс па?

-Алматы қаласынан 35 шақырымда орналасқан. Шаңғы және сноуборд трассаларының ұзақтығы 5000 м. "Ақ-Бұлақ" қонақ үйі конференц- залмен, мейрамханасы, бары, жаздық алаңы, гондолды аспалы жолы, шаңғы стадионы, жабық мұз айдыны, спорт алаңдары бар атпен серуендеу қызметі, қарағайлы орманымен таң қалдыратын тамаша табиғат аясындағы демалыс орны.

-Келесі демалыста біз де Ақ- Бұлаққа барамыз.

-Сапарларың сәтті болсын!

18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?

-Сәлеметсіз бе! Келе жатқан Жаңа жылыңыз құтты болсын! Сіздің мекемеңіздің негізгі мақсаты қандай?

-Сәлеметсіз бе! Біздің мекеменің мақсаты ҚР ның  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мемлекеттік органдарында орындалуының іске асуы мен үйлестірілуін қамтамасыз ету.

-Біздің елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Сіздер ұлт аралық тіл дамыту мәселесін қалай шешесіздер?

-Біз тілдер саласында мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, мемлекеттік және басқа ұлт тілдерінің қолдану саласын кеңейту бойынша кешенді бағдарламаларды жасаймыз, қадағалаймыз. Бала бақшада, мектептерде арнайы бағдарлама бойынша балалардың тілің видео, аудио аппаратуралар арқылы, үйірмелер арқылы дамытамыз.

-Сіздердің мекемеде қанша қызметкерлер жұмыс істейді?

-Қазіргі кезде басқарма штатында 25 адам қызмет етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]