- •Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
- •Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
- •Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.
- •Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.
- •9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
- •10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
- •12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
- •13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.
- •14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.
- •15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.
- •16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.
- •17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?
- •18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?
- •19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?
- •21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?
- •22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.
- •24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.
- •25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.
- •26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?
- •27.Қазақстандағы көне кітапхана жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •28.Қазақстанның көне қалалары жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •29. Ахмет Яссауи кесенесі туралы сұхбат құрастырыңыз.
- •30.«Тіл үйрену қиын ба?» тақырыбына жағдаяттық сұхбат құраңыз.
- •31.«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •32.«Діннің мәні мен ерекшеліктері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •33.«Тәрбие тұтқасы – тіл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •34.«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
- •«Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.
- •43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз
- •50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •«Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
-Сәлем! Менің атым Қайрат.
-Сәлем! Мен Мадинамын. Сен де «Есеп және аудит» кафедрасынан боласын ба?
-Иә. Сен бұл мамандықты өзін тандадын ба?
-Иә, маған мектепте де есептерді шығаруға ұнайтын. Ал сен ше?
-Маған әкем оны тандауға айтты, бірақ өзім бұны қаламадым..
-Сенің әкен дурыс істеді. Өйткені бухгалтерлік есеп бұл қажетті, маңызды және көп жағдайда ауыстырылмайтын мамандық. Дәл осы себеппен бухгалтер көптеген жағдайда фирмада басшылықтың «оң қолы» болып табылады.
- Бухгалтерлер қазір өте көп, сол үшін бұл мамандық қатты қажет емес.
- Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп және аудит маманы – тек бухгалтер ғана емес, ол сонымен қатар аналитик және аудитор.
-Ал аудитор деген кім?
- Аудит – бұл кәсіпорынның қызметін тексеруді жүзеге асырушы маман. Аудитор сыртқы және ішкі бақылауды жүзеге асырады және меншік формасы әртүрлі кәсіпорындардың қаржылық қызметіне талдау жасайды, есеп берулердің дұрыстығына, жүргізілген операциялардың заңдылығына баға береді, қаржылық қызметтегі қателіктер мен дұрыс емес есептеулердің алдын алу бойынша ұсыныстар жасайды, кәсіпорындар мен мекемелердің төлем қабілетсіздігі туралы шағымдарды қарауға қатысады.
-Сонда бұл мамандықты тандаған студенттер кім болып жұмыс істей алады?
- Олардың жұмысқа орналасу мүмкіншілігі жоғары: олар қызметтерін бухгалтер, бухгалтер-кассир, жоспарлау-экономикалық бөлім қызметкері, бақылау-тексеру бөлімінің қызметкері, бас бухгалтер, қаржылық директор ретінде жүргізе алады.
-Тағы мамандығымыз туралы не айтасын?
- «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы студентке кез-келген кәсіпорынға қажетті активтер, міндеттемелер, капитал, ақша ағаманың қозғалысы, табыстар мен шығындар, кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі туралы ақпараттарды қалыптастыру және талдау бойынша ауқымды экономикалық білім алуға мүмкіндік береді.
-Енді сенімен де әкеммен де келісемін, бұл өте маңызды мамандық.
-Өте жақсы. Енді сен оны тандағанына өкінбейсін бе?
-Әрине жоқ. Сенен естігенім мамандығымызға қызығушылығымды көтерді.
12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
-Әр ұлт өзінің тілімен, дінімен, дәстүрлі өнерімен, әдет-ғұрпымен танылып, ерекшеленіп жатпай ма? Иә, бүгін біздің тегімізге бітіп, қанымызбен таза, қаз-қалпында ағып, атадан балаға мирас болып келген дүниеміздің қадір-қасиетіне жаппай қоғам боп терең зер салғанымыз жөн. Немістің белгілі ғалымы, профессор Бурдхард Брентьестің: «Еуропа мәдениетінің ілкі өнер туындыларының барлық саласында өшпес із қалдырған серілік дәстүр бағзы сармат көшпенділері арқылы ауысқаны да тарихқа аян. Қазақтардың әдет-ғұрпы, ою-өрнегі, тері өңдеу мәдениеті өзіндік бітімімен, кім-кімді де әлі қанша ғасырлар бойына толғандырмай қоймайды» - деген екен. Шынында да дәл бүгінгі күні әлем қазақ халқының салт-дәстүріне, қазақтың киелі қобызы мен қара домбырасының табиғи үніне еміреніп отырған жоқ па? Олай болса біз неге дәл бүгінгі таңда осы халқымыздың тұрмысындағы ұлттық әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін ұмытып бара жатырмыз?! Қазақ халқы - ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Жас сәби інгәлап жар салып, жарық-дүниеге келгеннен адам қартайып бұл дүниемен қоштасқанға дейінгі аралық, олардың әрбір кезеңі өзіне лайықты той-томалақпен, қуанышпен аталып өткен. Тіпті ақырғы демі бітіп соңғы сапарға аттанған адамды арулап жөнелтудің өзі де халқымыздың өзіндік ерекшелігі мол ғажап салты боп қалыптасқан. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі.» - деген екен әйгілі ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби. Олай болса, біздің әрбір салт-дәстүрімізде қаншама тәрбие жатқанын ұмытпайық. Еліміздің егемендік алып ел болуы, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге көтерілуі санамызды оятып, өмірімізге ұлы өзгерістер әкелді. Соның бәрі халық тәрбиесінің қайта оралуы. «Түбірлі мәселені шешерде түп атадан келе жатқан жолды ұстап» әлгі мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуының өзі – әрі тәрбие, әрі дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, ата салтын ұмытпа» деген ұлағатты сөз бар. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н. Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік», - деген еді. Демек, салт-дәстүрлі ел - мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн–жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Олай болса әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн».
