- •Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
- •Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
- •Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.
- •Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.
- •9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
- •10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
- •12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
- •13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.
- •14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.
- •15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.
- •16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.
- •17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?
- •18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?
- •19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?
- •21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?
- •22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.
- •24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.
- •25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.
- •26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?
- •27.Қазақстандағы көне кітапхана жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •28.Қазақстанның көне қалалары жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •29. Ахмет Яссауи кесенесі туралы сұхбат құрастырыңыз.
- •30.«Тіл үйрену қиын ба?» тақырыбына жағдаяттық сұхбат құраңыз.
- •31.«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •32.«Діннің мәні мен ерекшеліктері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •33.«Тәрбие тұтқасы – тіл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •34.«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
- •«Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.
- •43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз
- •50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •«Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
-Айнұр, қазақ ұлттық унивеситеті қай жылы ашылған?
- Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 каңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау - көзі болды.
-1937 жылы тұнғыш қай факультеттер ашылған?
- 1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды.
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет туралы не білесіз?
- Қазіргі таңда ҚазҰУ ұжымы Елбасының осы сенімінен шыға білді деуге толық негіз бар. Оқу орнында жеті ғылымизерттеу институты, он екі ғылым орталығы, технопарк, түрлі лабораториялар жұмыс істейді. Олар Елбасы ұсынған еліміздің жаңа индустрияландыру бағдарламасына өз үлестерін қосуда. Мұнда соңғы жылдары халықаралық және республикалық деңгейде өмірге келген ғылымизерттеу жобалар жаңа әлемдік ізденістерге жол ашты. Айталық, Қазақ университетінде түндігі түрілген нанозертхана еліміздің ғылыми әлеуетін одан әрі көтеруге айтарлықтай үлес қосқанын айтудың өзі бір ғанибет. Қазақ ғылымы мен білімінің қара шаңырағы деген атқа әбден лайық ұлттық университеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі көңіл қуантарлықтай. Дәуір тынысымен қайта түлеген, сан мыңдаған түлектердің алтын ұясына айналған, озық ойдың, пайым мен парасаттың ордасы болған оқу орнының келешегі де кемел боларына бек сенімдімін.
- Ал Президентіміз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаев ҚазУҰ туралы не айтты?
-Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы: “Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойы – еліміздегі білім мен ғылым саласындағы айтулы оқиға. Мерейтой – бұл тек өткеннен қорытынды шығару ғана емес, бұл – университеттің, қала берді бүкіл білім және ғылым жүйесінің болашағы туралы айтудың қолайлы жағдайы”, – деп атап көрсеткен болатын.
10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
-Сәуле эпиграфика ғылымы нені зерттейді?
-Ол көне жазуларды зерттейді.
-Соларға қай жазулар жатады?
- Эпиграфикалық жазуларға египет, вавилон, крит, қытай, грек, латын, шумер, ассирия, аккад, финикия, рим, араб, үнді, иран, славян, түркі жазбалары жатады.
-Көне түркі жазулар туралы не білесін?
- Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. Орта Азия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында. Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып.
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
1)Енисей ескерткіштері.
2)Талас ескерткіштері.
3)Орхон ескерткіштері.
1)Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
2)Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
3)Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады.
- Көне Түркі жазуларының зерттелуі туралы бізге айтып бересін бе?
- Ғылыми зерттеуінің негізі XIX ғ. аяғында құрылған. 1893 жылы 25 қазан айында дания лингвисті Уильям Томсон жазу мұқамын шешкен. Бірінші таныған сөз — Теңрі (Тәңірі). Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
-Осындай қызықты мәліметтермен бөліскеніне рахмет!
