- •Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
- •Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
- •Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.
- •Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.
- •9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
- •10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
- •12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
- •13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.
- •14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.
- •15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.
- •16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.
- •17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?
- •18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?
- •19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?
- •21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?
- •22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.
- •24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.
- •25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.
- •26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?
- •27.Қазақстандағы көне кітапхана жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •28.Қазақстанның көне қалалары жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •29. Ахмет Яссауи кесенесі туралы сұхбат құрастырыңыз.
- •30.«Тіл үйрену қиын ба?» тақырыбына жағдаяттық сұхбат құраңыз.
- •31.«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •32.«Діннің мәні мен ерекшеліктері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •33.«Тәрбие тұтқасы – тіл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •34.«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
- •«Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.
- •43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз
- •50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •«Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Көп тіл білу ешкімге артық болмайды. Мысалы, 45 жастағы Зияддин Фазаллах 66 тілде еркін сөйлей алады екен. Сондықтан оның аты «Гиннес» рекордтар кітабына енген. Зияддиннің мұндай жетістікке жетуіне өскен ортасы себепші болған көрінеді. Ол Африкадағы Ливерия мемлекетінде туылған. Ата-анасы – ливерандық арабтар. Зияддин он жасында ата-анасымен Ливанға көшіп барғанда 10 шақты африкалық тіл білген. 17 жасында 54 тіл меңгеріп үлгерген. «Көп тіл білемін» деп Гиннес кітабына жазылу үшін өзі өтініш жазған. Оны сынақтан өткізу үшін Испанияның астанасы Мадридке шақырып, теледидарға түсірді. Ол сынақтан ойдағыдай өтті. Залда әлемнің 40 шақты елінен келген тіл мамандары жігіттің көп тіл білетініне таңқалды. Осылайша оның аты рекордтар кітабына жазылды. Зияддин көп тіл білумен қатар, Құран аяттарын жатқа айтумен де жұртты таңқалдырды.
Ол өзі туралы: «Қытай тілін үйрене бастағанымда, Қытайдың елшілігіне барып ақыл-кеңес сұрадым. Ондағылар маған: - Бұл тілді өздігіңнен үйрене алмайсың, - деген болатын. Арада екі ай уақыт өткенде, оларға барып қытайша сөйлегенімде бәрі аң-таң болды», - дейді.
Қазір Зияддин Бразилияда тұрады. Әйелі Маргарита – бразилиялық итальян қызы. Маргарита 20 шақты тіл біледі. Ол Зияддинге тұрмысқа шыққан соң ислам дінін қабылдаған.
«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Қазақ тілі туралы орыс зерттеушісі ғалымдары В.В.Радлов: «Қазақтардың тілі – жатық та шешен, әрі өткір»,- десе, П.М.Мелиоранский: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бірауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр»,- деген. Расында да, қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын бай да көркем, көне тілдердің бірі. Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің тобына: әзербайжан, қырғыз, өзбек, татар, түркімен, чуваш, қарақалпақ, түрік, башқұрт, якут (саха), тува, хакас, алтай, құмық, қарашай, балкар, гагауз, ұйғыр тілдері жатады.
Түркі тілдердің көне қыпшақ-ноғайлы тобына: қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарашай, балкар, қырғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері жатады.
Түркі тілдердің туыстығы олардың лексикалық мағыналарынан, дыбыстық жүйлерінен, грамматикалық құрылыстарынан байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің өзіңдік фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктері де болады. Мәселен:
Басқа түркі тілдерінде сөз басында И дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде Ж дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: йол-жол, йаш-жас, йыл-жыл
Басқа түркі тілдерінде сөз аяғында Ш дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде С дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: баш-бас, таш-тас
Басқа түркі тілдерінде –лар көптік жалғауы дыбыс үндестігіне байланысты өз-гермейді, ал қазақ тілінде бұл жалғау -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болып өзгереді. Мысалы: ат-атлар-аттар, йыллар-жылдар.
«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Дүние жүзіндегі тілдердің жалпы саны туралы жалпы дерек жок. Мәселен, 1992 жылы шаққан «Халықаралық лингвистикалық энциклопедияда» жер шерындағы тілдердің саны ( 300 өлі тілді қоспағанда) 6 604 деп көрсітілсе, 1994 жылы шыққан «Әлем тілдердің атласының» мәліметтері бойынша дүние жүзінде 6 796 тіл бар. Тілдердің санына қатысты мәліметтердің нақты болмауының бірнеше себебін атауға болады.
Біріншіден, лингвистер Орталық Африка, Жаңа Гвинея, Фиджи аралдарында бұрын белгісіз болып келген халықтардың мекендейтінін анықтап отыр.
Екіншіден, кейбір тілдердің нақты атауы болмағандықтан олардың санаққа ілінбей қалуы да мүмкін. Африкадағы көптеген банту тілдері осы пікірді растайды. Ондағ халық өз тілін өзеннің, таудың атымен атай салатын көрінеді.
Үшіншіден, кейбір тілдердегі диалеті мәселесі әлі айқындалмаған. Мысалы, қытай тілінде диалектік айырмашылықтар өте үлкен. Соның салдарнан тек иероглифті қолданатындар ғана диалектілік тілдерді түсінетін көрінеді.
Төртіншіден, қолданыстан шыққан, яғни өлі тілдерді анықтаудың нақты жолдары айқындалмаған. Мысалы, Австралиядағы жергілікті халықтың 250 тілінің 100-і бүгінде өлі тілдер қатарынан орын алған. Тағы 100 тіл осы қатарды болашақта толтыра түспек. 1926 жылы Кеңестік Республикаларда 194 тіл болса, қазіргі ТМД аймағында тілдер саны 120-150 ге дейін кеміген. Әлемед тек 100 адам ғана қолданатын 455 тіл бар көрінеді.Ғалымдардың болжауы бойынша, мұндай тілдер екі-үш ұрпақтан соң мүлдем жойылады.
1992 жылы Х.П. Грайс әлемде 6528 тіл бар дей отырып, олардың аймақтар мен континенттерге шаққандағы пайыздық үлесін анықтады.Нәтижесінде, тілдердің ең үлкен тобы Азия континентінде шоғырландығы белгілі болды. Сонымен Азияда 2034 тіл бар, ол жалпы тілдердің і» пайызын құрайды. Ал, қазақ тілі 1999 жылғы санақ бойынша әлем тілдерінің ішінде миллиондаған сөйлеушісі бар 93 орынды иеленген. Осыған байланысты, ғалымдар қазақ тілінің болашағы үлкен деген үмітте.
