Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз

Тілге құрмет-елге құрмет деген мақалды әрбір жан өзінше түсінеді менің түсінігім бойынша қанша тілді білсеңде ең алдымен өз тіліңді біл, өз тіліңді қадірле дегім келеді.Оны тек мен емес үлкен ғұламаларымыз айтып кеткен ,сен қаншама тіл біліп тұрып сонымен мақтанып оны ерлік деп біліп, бірақ өз тіліңді жетік білмесең ол нағыз тіліңе түсірген ұят деп білемін. Сен тек өз тіліңе емес еліңе деген жасаған қиянатын болып саналады.Қазіргі таңда мемлекетімізді ары қарай дамыту біздің қолымызда, яғни жастардың қолында. Жастар білімді болуға ұмтылып отыр. Адам неғұрлым білімді болған сайын, соғұрлым өзіне, өз Отанына көбірек пайда келтіреді.Бірақ білімге, тілге деген құштарлығымен өз ана тілін ұмытпауы қажет.Сонда ғана сен өз еліңе де қадірлі азамат боласың.

52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Бұл тақырыпқа тоқтамас бұрын,алдымен мамандықтар жайлы бірер саран әңгімелеп өтсем.Қазіргі таңда мамандықтардың түр түрлері бар.Әркім кім болғысы келетінің кішкентайынан армандап өседі.Дегенмен ол армандарына көбі жете бермейді, себебі кішкентай кезінде мүмкін ол мамандық оның арманы болған шығар бірақ өскен сайын көзқараста өзгереді, таңдауын да өзгереді кейде ата-аналары қарсы болады.Менің қазіргі таңда таңдап отырған мамандығым өзіме қатты ұнайды кішкентай кезімнен бастап осы мамандыққа түсу арман болды деп айтсамда қателеспеспін.Еліміздің ертеңіне зор үлес қосар деген үміттемін.Отаныма тигізер пайдасы да бар деп ойлаймын.Аллаға шүкір қазіргі таңда Қазақстанға белгілі менің сүйікті Универімнің бірі Қазақстан Ұлттық Университетінде сүйікті мамандығымда оқып жүрмын.

53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз

Ежелгі Александрия кітапханасы сияқты көне Отырарда да аса үлкен кітапхана болған. Бірақ ол монғол шапқыншылығы кезінде өртеніп кеткен. VІІІ-ІХ ғасырларда Отырар кітапханасының атағы мен даңқы бүкіл мұсылман әлеміне тараған. Ол туралы көне жазба деректер мен археологиялық материалдар сақталған. Мәселен, Отырар қаласының орнында жүргізілген қазба жұмыстары барысында қаланың ХІІ-ХІІІ ғасырларға қатысты қабатынан айна табылды. Айнаның сыртына көне кітаптың 5-6 парағы жабысып қалған.

Сол сияқты қаланың ІХ-ХІІ ғасырларға қатысты Бердібек цитаделінің маңынан көне кітапхананың сілімдері табылған. Отырар кітапханасына қатысты табылған барлық заттар Шәуілдір мұражайында сақтаулы. Бұл заттар көне Отырарда қағазға, пергаментке, папирусқа, тіпті кермикаға жаза алатын каллиграфистердңғ болғандығын дәлелдейді.

Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығы қарсаңында Отырар кітапханасын қайта жаңғырту мәселесі көтерілді. Осыған орай, Отырар кітапханасы қайда болу керек деген сұрақ туды.

Тарихқа сүйенсек, Флоренциядағы Лауренциан кітапханасы, Ватикан кітапхъанасы және т.б. әйгілі кітапханалар шіркеулерде болған. Кейін олар білім-ғылым орталықтарында және университеттерде шоғырланады.

1602 жылы әйгілі Оксфорд кітапханасының құрамында Бодли кітапханасы ашылды. Ірі кітапханалар Кембридж, Сорбонна, Прага, Гейдельберге университеттерінде ашылған. Осындай тарихи деректерді ескере отырып, Отырар кітапхаансын Еуразияның кіндігі Астана қаласындағы Еуразия университетінің жанынан ашу туралы шешім қабылданды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]