- •Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
- •Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
- •Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.
- •Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.
- •9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
- •10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
- •12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
- •13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.
- •14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.
- •15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.
- •16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.
- •17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?
- •18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?
- •19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?
- •21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?
- •22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.
- •24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.
- •25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.
- •26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?
- •27.Қазақстандағы көне кітапхана жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •28.Қазақстанның көне қалалары жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •29. Ахмет Яссауи кесенесі туралы сұхбат құрастырыңыз.
- •30.«Тіл үйрену қиын ба?» тақырыбына жағдаяттық сұхбат құраңыз.
- •31.«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •32.«Діннің мәні мен ерекшеліктері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •33.«Тәрбие тұтқасы – тіл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •34.«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
- •«Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.
- •43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз
- •50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •«Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
Мен және мұғалімім арасындағы сұхбат:
Мұғалім: - Сіз ұлы адам деп кімді атар едіңіз?
Мен: - Менің ойымша, ұлы адам – Абай. Оны халықта Ұлы Абай деп бекер атамайды ғой.
Мұғалім: - оның ұлылығы неде?
Мен: - Абай – ең біріншіден, қазақ әдебиетінің негізін салушы, екіншіден ақын, ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды. Абай өлең жазуды 10 жасында бастаған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда».
Мұғалім: - Абайдың шығармашылығында өзің қандай еңбекті қатты ұнатасың?
Мен: - Қара сөздер. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Оларды оқығанда өзіңе көп нәрсе аласың, көп нәрсені ойлайсың, ерекше мәні бар шығарма. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. Абай жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуга, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті суюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
Сәби қаз-қаз басып, жүре бастаған кезде оның ата-анасы «балам тез жүріп кетсін» деген оймен тұсаукесер тойын жасайды. Халықтың түсінігі бойынша тұсауы кесілмеген бала сүріншек болады. Сондықтан тұсаукесер тойы – әрбір қазақ отбасында міндетті түрде аталып өтілетін дәстүр. Той иесі тұсаукесер болатын күнді алдын-ала белгілеп қонақ шақырады. Мал сойып, дастархан жаяды. Тойға жиналғандар беделді, қимылы ширақ, іске епті, қагілез, пысық адамды таңдап, сәбидің тұсауын кесуді сол кісіге тапсрады. Баланың тұсауын кескен кісіге арнайы «тұсаукесер» сыйлығы беріледі. Әдетте баланың тұсауы ала жіппен немесе көк шөппен байланып кесіледі.
Тойға жиналғандар сәбиге «Жүйрік бол, айналайын», «Аттай шауып кет, қарағым» деген сияқты тілектер айтып, шашу шашады.
Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
Мұғалім: - Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты?
Мен: - Қазақстан ғарышты игеруге бағытталған шараларының ең бастысы – Байқоңырдың, дүние жүзіндегі тұңғыш ірі ғарыш айлағының, салынуы. 1955 жылы Қызылорда облысында іргесі қаланған.
Мұғалім: - Байқоңырдан ұшқан ғарышкерлерді білесің бе?
Мен: - әрине, Байқоңырдан 1961 жылы адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Сол кезде дүниежүзі, алғаш рет «Байқоңыр» деген атауды естіді. Косманавтика жылдам дами бастады. Тәуелсіздікке ие болғанына 20 жыл болған қазақ елі әлі де игі істерді игеруде. Оның белгісі деп мен қазақ елінен ұшқан Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев ағаларым деп білемін.Бұл азаматтар ғарышты игеруге мүмкіндік қосқан біздің мақтанышымыз.
Мұғалім: - Байқоңырдың қазіргі жағдайын білесің бе?
Мен: - 2010 жылы Байқоңырға 55 жыл болды, бұл уақыт ішінде екі жарым мыңдай ұшырылым жасалған. Бұл әлемде жаслаған барлық ұшулардың жартысы. Байқоңыр айналаны адамзат баласына пайда келтірумен қатар қоршаған ортаға зиян келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр. Экологиялық жағдай нашарлап кетті. Бірақ мемлекетіміз оны болдырмау үшін шаралар жүргізуде.
