Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать
  1. «Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Қазақ халқы 12 жылды бір мүшел деп атайды. Қазақ күнтізбесінде жылдар 12 жан-жануардың атымен аталады. Олардың алтауы үй жануарлары, ал алтау түз хайуандары. Жыл басы тышқан жылы деп аталады. Тышқан жылынан соң сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы келеді. Он екі жылдан кейін он үшінші жыл қайтадан тышқан жылынан басталады. Осы мерзім бір мүшел деп аталады. Қазақ күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталады. Адамның жасын есептегенде оның ана құрсағында жатқан кезі бір жыл деп есептеледі. Оған мүшелдің 12 жылы қосылады. Демек, адам бірінші мүшелге 13 жаста толады. Оған 12 жылдан қосып отырсаңыз, келесі мүшелді білуге болады. Сонымен, бірінші балалық мүшел – 13 жаста. Екінші ержету мүшелі – 25 жаста. Үшінші жігіттік мүшел – 37 жаста. Төртінші орта жас мүшел – 49 жаста. Бесінші ақсақалдық мүшел – 61 жаста. Алтыншы қарттық мүшел – 73 жаста. Жетінші кәрілік мүшел – 85 жаста. Мүшел жаста қазақтар әлдебір қауіп-қатерден сақтанып жүреді. Садақа беріп, келесі мүшелге дейін жаратқаннан аман-есендік тілейді. Жақын достарына киімдерін сыйлайды. Бұл іс-әрекет құдайдан кейін достың көзі, пиғылы дұрыс болсын дегенді білдіреді.

  1. «Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

1978 жылы Алматы қаласында Республикалық кітап мұражайы ашылды. Бұл – бұрынғы Кеңес Одағындағы Мәскеу мен Киевтен кейінгі үшінші, ал күллі кіндік Азиядағы жалғыз кітап мұражайы. Мұнда елу мыңнан астам кітап сақтаулы. Мұражайдың алты залында түрлі халықтардың баспа ісі мен жазу тарихына қатысты экспонаттар қойылған. Қазақ жерінде туған, тұрған ғұламалардың кітаптары, түрлі-түсті суреттер, қару-жарақтар мен киіз үйдің әсем жабдықтарымен жарасым тауып тқр. Мұражайдың қорында аса сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қоры бар. Олар араб, парсы, шағатай, латын, кириллица әріптерімен жазылған. Мәселен, онда Құранның тоқсан сегіз түрі сақтаулы. Олардың ішінде ХVІІ ғасырда алтын сиямен көшірілген Құран да бар. Ал кішкентай сегіз қырлы Құран әлемде екеу-ақ екен, соның біреуі осы мқражайда сақтаулы. 1831 жылы Молда Самарқанди көшірген Әлішер Науаидың құнды қолжазбасы, 1891 жылы Қазақ қаласында басылып шыққан Әбілғазы Баһадүрдің «Түріктердің тарихи шежіресі» атты кітабын және басқа да қиссалар мен дастандарды, шежіре жазбаларды осы мұражайдан көруге болады. Орыс ғалымдарын қатты қызықтырған Яков Гроттың бұдан жүз жыл бұрын Санкт-Петербургте шыққан «Пушкиннің лицейлік жолдастар мен ұстаздары» деп аталатын еңбегін де осы мқражайдан табуға болады.

46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Қорқыт (VIII-IX ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, батагөй абызы, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел данасы.

Оның өмірде болғаны Сыр бойы мен Сарыарқа алабында ғұмыр кешкені, нақтылы тарихи тұлға екені бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми деректер бойынша күмән қалдырмайды

Қорқыт ата оғыз-қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға. Ол ел ішіндегі жөн-жоралғыны, салт-дәстүрді реттеуші батагөй дана. Халықтың сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй. Дүйім жұрттың көш-қонын, мекен тұрағын, ен-таңбасын, ұран-ұжымын белгілеп отыратын білгір.

Қорқыт туралы ең алғашқы хатқа түскен айғақ «Қорқыт ата кітабы» болса, мұның өзі ХV ғасырда жазылған. Бұл кітаптың әзірше екі нұсқасы белгілі. Бірі – 12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы, екіншісі – 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы. Бұл еңбектер оғыздардың ата жұртында жазылмаған, әр тарапқа шашыраған оғыз ұрпағының есінде қалған естелік іспеттес.

Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы. Қобызды күй шалу дәстүрін алғаш орындаушы. Қобызын серік етіп, ел қамы мен халық тағдырын болжайтын көріпкел бақсы түрік халықтарының ішінде Қорқыт күйлерін сақтап, бүгінгі күнге жеткізе алған бірден-бір қазақ болып отыр.

Қазақ арасында Қорқыт өміріне қатысты аңыз-әңгіменің басым көпшілігі күймен көмкеріліп, күймен сабақтасып отырады. Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңырау», «Тәңір күй», «Қорқыттың елмен қоштасуы» деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін таратылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]