Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать
  1. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.

Қорқытты туарда оның анасы құланның жаясына жерік болыпты дейді. Жыл сайын бір рет толғатып, баланы үш жыл тоғыз күн көтеріпті. Бір күні нәрестенің дүниеге келер сәті жетеді. Ан толғатқанда, күн күркіреп, найзағай жарқылдап, қатты дауыл тұрады. Жер дүниені қара түнек басып, ел жұрттың үрейі ұшады. Олар дүниеге жеті басты жалмауыз келетін шығар деп қорқыпты. Бірақ баланы көргенде көңілдері жайланады. Шілдеханаға жиылып: «Бұл бала дүниеге ерекше болып келіп, бәрімізді қатты қоқытты, сондықтан оның аты Қорқыт болсын», - деп нәрестенің атын Қорқыт қояды.

Мазмұны жағынан сан қилы болып келетін аңыздардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, мәңгі өлмейтін жер іөздейді. Сол үшін Желмаясына мініп, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлайды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Ол қайда барса да, алдынан көр, молла қазып жатқан адамдар шыға береді. Олардан: «Бұл кімнің көрі?» - деп сұрайды. Бәрі де бір ауыздан: «Қорқыттың көрі»,-деп жауап береді.

Міне, осы дүниенің төрт бұрышын шарлап, жердің ортасы іздеп, оның Сырдарияда орналасуы, кейіпкердің осы жер ортасына келіп, судың ортасында ұзақ уақыт өмір сүріп, жаны тыныштық табады. Аңыз соңында Қорқыт өз ажалын жылан кейіпінде кездестіреді.

43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Айман Қожабекқызы Мұсақожаева 1958 жылы 15 наурызда Алматы қаласында туған. Айман- скрипкада ойнаушы. Қазақстанның халық артисі, “Әлем артисі” (ЮНЕСКО, 1998 ж.), Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі. 1958 ж. Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірді. Айман ұйымдастырушы, талантты ұстаз. 1993 жылдан “Солистер Академиясы” Мемлекеттік камералық оркестрін ұйымдастырды. 1998 жылдан ол Астанадағы қазақтың Ұлттық музыка Академиясының ректоры қызметіне тағайындалды. Қазіргі кезде Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі. А. Мұсаходжаеваның аты музыкалық Олимпте М. Плетнев, Г. Кремер, Е. Грач, В. Третьяков, И. Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұр. Ол Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Еуропаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытты.

Шәкiрттерiнiң арасында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары аз емес. Бiрақ Айманның орындаушылық және педагогикалық қызметiнiң шыңы 1998 жылы Қазақ Ұлттық Музыка академиясының ашылуы болып табылады. Бұл астананың Алматыдан Целиноградқа ауысып жатқан кезi болатын. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы Айман Мұсақожаеваның ұсынысы бойынша сол жылдың 31 наурызында Қазақстан Президентiнiң бастамасымен ашылды. Ол республикадағы жас оқу орындарының бiрi болып саналады.

Айман Мұсақожаева басқаратын академия өзiнiң қысқа тарихы кезеңi iшiнде Қазақстанның барлық аймақтарынан шығармашылық күштердi өзiне тарта бiлетiн және қазақ музыкасы мен әлемдiк өнердi кең көлемде насихаттайтын перспективалы бiлiм мен мәдени-ағарту орталығы бола бiлдi.

Музыка академиясы Қазақстан үшiн бiрегей оқу жобасын ұсынды, оның негiзi етiп бiр оқу орны қабырғасында үздiксiз кәсiби бiлiм беру идеясы алынған. Мұнда бастауыш (1-9 сыныптар), орта (10-12 сыныптар), жоғары бiлiм (I-IV курстар), ассисентура мен аспирантура тоғысқан. Музыканттарды алғашқы қадамынан бастап жоғары кәсiби шеберлiктi толық игерiп шыққанға дейiн жүйелi тәрбиелеу идеясының авторы да Айманның өзi.

Академияның мiндетi — республиканың барлық өңiрлерiнен келген дарынды балаларға көңiл бөлу, жан-жақты бiлiмдi өнер шеберлерiнiң жаңа ұрпағын тәрбиелеп шығару үшiн барлық қажеттi жағдай туғызу. Отандық педагогиканың озық дәстүрi мұнда әлемдiк бiлiм беру үрдiсiнiң қазiргi заманғы жетiстiктерiмен шебер ұштасқан.

Академияның оқытушы-профессор құрамы жаңа оқу бағдарламаларын және кәсiби музыканттарды тәрбиелеу жөнiндегi әдiстемелердi жасайды, оқу-бiлiм беру базасын кеңейту жолында жұмыс iстейдi, оқу жоспарына бүгiнгi күннiң өзектi тынысына жауап беретiн жаңа пәндердi енгiзiп отырады.

Қазақ Ұлттық Музыка академиясы халықаралық фестивальдар мен конкурстарда Қазақстан атынан лайықты өнер көрсетiп жүр. Осындағы шәкiрттердiң Италияда, Австрияда, Ресейде өтетiн музыкалық сайыстарда жеңiстерге жетулерi дәстүрге айналды. Өткен кезеңде шынайы талант иелерi Венада, Зальцбургте, Сан-Бартоломеода, Сенигаллияда, Брешиада, Генуяда, Ватиканда өздерiн көрсете бiлдi. Олардың орындаушылық шеберлiгi Еуропа жұртшылығы үшiн шын мәнiсiнде жаңалық болды.

Италияда скрипкашылардың «Айсәуле», «Каприччи» ансамбльдерiнiң, студенттiк симфониялық оркестрiнiң концерттерi таңданыс туғызды. Түркияда өткен фестивальда «Ели-гай» балалар хоры үлкен табысқа жеттi.

Академия музыканттарының үнiн Лондонда, Берлинде, Брюссельде естiдi. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң онжылдығына арналған «Айман-Гала» концерттiк сапары өттi.

Музыка академиясы Еуропа консерваториялары, академиялары және жоғары музыкалық мектептер қауымдастығына кiредi, П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттiк консерваториясымен ынтымақтастық туралы шартқа отырды, Париждiң, Хельсинкидiң, Хорватияның музыкалық академияларымен өзара тиiмдi келiсiмдер жасады.

Академия жұмыс iстей бастаған алғашқы күндерден шығармашылық тыныс тамыры белсендi соғады: «Руханият» газетi үнемi шығарылады, ұжымның ғылыми қызметiн дамытуға қолайлы жағдай жасайтын ғылыми-әдiстемелiк конференциялар өткiзiлiп тұрады, алғашқы мақалалар жинағы жарық көрдi.

Шығармашылық қабiлеттi дамыту, қазiргi заманғы композиторлық техниканы игеру үшiн жанында «Форманта-күй» ансамблi жұмыс iстейтiн Шығармашылық орталық ашылды. Астанадағы мектеп оқушылары мен балалар үшiн абонементтiк дәрiс-концерттер қою дәстүрге айналды, студенттер, оқытушылар мен музыкалық ұжымдардың концерттерi көпшiлiкке танымал бола бастады.

Академияда жас орындаушылардың республикалық конкурстары ұдайы өткiзiледi. Халықаралық «Shabyt-Inspiration» конкурсы барған сайын көпшiлiкке белгiлi бола түстi. Оның жұмысына бүкiл дүние жүзiне белгiлi орындаушылар қатысады. Олар студенттердiң шеберлiгi деңгейiне баға берiп қана қоймайды, сонымен бiрге шеберлiк сыныптарын өткiзедi, концерттер қояды.

Солардың арасында Милан консерваториясының профессоры, Микеланджело Аббадо атындағы Халықаралық конкурстың негiзiн қалаушы Марчелло Аббадо (фортепьяно), Гентедегi музыка академиясының профессоры Михаил Кугель (альт, Израиль), Стефан Метц (виолончель, Франция), профессор Аркадий Севидов (фортепьяно, Ресей) және басқа да көптеген өнер майталмандары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]