- •Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Сіз ұлы адамдар деп кімдерді атар едіңіз? Олардың ұлылығы неде?
- •Шетелдік қонақтарға халқымыздың тұсаукесер дәстүрімен таныстырыңыз.
- •Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Қазақстан ғарышты игеруге қандай үлес қосты.
- •Қобыз аспабының жасалу тарихына байланысты сұхбат құраңыз.
- •Алматы қаласының көрікті жерлері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •8. Қазіргі жастар қандай? Жастардың тәрбиесі, мәдениеті, білімі, қызығушылығы туралы сұхбат құраңыз.
- •9. «Қазақ ұлттық университетінің тарихы» тақырыбына сұхбат құрыңыз.
- •10. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?
- •11.«Менің мамандығым» тақырыбына сұхбат құраңыз.
- •12. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы «Халқын сүйген – салтын сүйеді» тақырыбына өз ой-пікіріңізді жазыңыз.
- •13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.
- •14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.
- •15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.
- •16. Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Шетелдік досыңызға Қазақстанның мәдени орындары туралы айтыңыз.
- •17.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Біз қалай демаламыз?
- •18. Жағдаяттық сұқбат құраңыз.Сіз Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығысыз. Сізден журналист сұқбат алғысы келеді. Сізге қандай сұрақтар қоюы мүмкін? Сіз қалай жауап бересіз?
- •19.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Темекіге, нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу үшін не істер едің?
- •21.Жағдаяттық сұхбат құраңыз. Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіз?
- •22.Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.
- •23. Кітап мұражайы туралы сұхбат құраңыз.
- •24. Әбу Насыр әл-Фарабидің кім екенін сұқбат түрінде көршіңізге таныстырыңыз.
- •25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.
- •26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?
- •27.Қазақстандағы көне кітапхана жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •28.Қазақстанның көне қалалары жөнінде сұхбат құрасытырыңыз.
- •29. Ахмет Яссауи кесенесі туралы сұхбат құрастырыңыз.
- •30.«Тіл үйрену қиын ба?» тақырыбына жағдаяттық сұхбат құраңыз.
- •31.«Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •32.«Діннің мәні мен ерекшеліктері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •33.«Тәрбие тұтқасы – тіл» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •34.«Байқоңыр-ғарыш айлағы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Т. Әубәкіров, т.Мұсабаевтар туралы шағын әңгіме жазыңыз.
- •«Туыстық атаулар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жазыңыз.
- •43. «Айман-Әлем артисі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақша жыл санау» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Кітап мұражайы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •46. «Күй атасы – Қорқыт» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз
- •50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •51. «Тілге құрмет-елге құрмет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •52. «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •53. «Отырар кітапханасы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •54. «Отырар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз
- •«Алматы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Түркістан» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Менің өмірімдегі ең бақытты сәттер» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«66 Тіл білетін адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Қазақ тілі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
- •«Дүние жүзінде неше тіл бар?» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
«Гүлдердің сыры» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Адамдар туған күнде, марапаттау рәсімінде және басқа мерекелерде гүл шоқтарын сыйлайды. Әр гүлдің түсіне, шығу тегіне, биологиялық сипаттарына байланысты өзіндік қасиеттері болады.
Раушан гүлі көне замандарда римдіктер арасында ұнамдылықтың белгісі ретінде есептелген. Ал гректер үшін ол махаббат пен сұлулықтың белгісі болғандықтан, оны сұлулықтың құдайы Афродита храмының маңында ғана өсірген. Гректерде жас жұбайлардың махаббаттары мәңгі болу үшін жолдарына раушан гүлінің жапырақтары себіледі. Раушан гүлінің қызыл тусі махаббаттың, ал сары түсі бақыттың белгісі болып табылады.
Лотос көне Қытайда, Үндістанда, Мысырда аса қасиетті өсімдік деп саналады. Лотостан иіс май, иіс су, әтір жасаған. Оның ақ түсі пәктіктің, адалдықтың белгісі деп саналған.
Лилия – ақ түсті гүл. Оны кейде Мадонна гүлі деп атайды. Көне римдіктер лилияны раушан гүлінен кейінгі ең әдемі гүл деп есептеген. Оның ақ түсі әдеміліктің, тазалықтың белгісі деп есептелген.
Пионды гректер денсаулықтың құдайы пионның құрметіне солй атапты. Сондықтан пион гүлі енсаулықтың белгісі болып есептеледі. Ал өне Қытайда оны император гүлі деп атап, императрицалардың бағында ғана өсірген. Олар үшін пион тәкаппарлықтың белгісі ретінде саналады.
Қызғалдақ отаны – Қазақстан. Ол Түркия арқылы Голландияға жеткен. Қызғалдақ – нәзіктік пен пәктіктің белгісі. Сондықтан да қазақтар қыз баланы қырдың гүлі қызғалдаққа теңейді.
«Біздің ғаламшарлар» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Николай Степанович Черных – белгілі ғалым, астроном. Ол 40 планета және 2 құйрықты жұлдыз ашқан бақытты жан. Бір ғана жаңа жұлдыз, ғаламшар немесе құйрықты жұлдыз ашу үшін ерекше төзім керек. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» дегендей, жылтырағанның бәрі жұлдыз емес. Сонау ерте заманда гректер жұлдыз бен ғаламшарды бір-бірінен ажырата алмағанда, оны «адасқан жұлдыз», яғни планета деп атаған. Қазіргі кезде Қырым Астрофизика обсерваториясында 1009-дан аса жаңа планеталар каталогке тіркеліпті. Жаңа ашылған ғаламшарларға ат беру кезінде ғалым оның қандай негізде берілетінін қысқаша әрі нақты баяндайды. Осындай 4 ғаламшардың аты ретінде белгілі ғалым Н.С.Черных қазақ елі мен жеріне қатысты атауларды бекітті. Олар: Қазақстан ғаламшары, Байқоңыр ғаламшары, Абай ғаламшары және Сәтпаев ғаламшары.
1971-1979 жылдар аралығында Қырым Астрофизика обсерваториясында Николай Сьепанович ашқан бұл ғалмшарлар содан бері Марс пен Юпитердің екі аралығында Қазақстан, Байқоңыр, Абай, Сәтпаев аттарын арқалап, өз айналым жолдарымен 30 жылдан бері Күнді айнала қозғалып, өзінің келешек иелерін күтіп жүр. Біздің қай-қайсымыздың мұндай аспан денелерін бір көруді арман етпей қалмайтынымыз хақ.
«Қобыз аспабының жасалуы туралы аңыз» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.
Қорқыт кішкентай кезінен өте ұғымтал, құймақұлақ болып өсіпті. Сол кездегі аспаптардың бәрінде керемет ойнайды екен. Алайда оның жаңа аспап жасағысы келіп он ойланып, тоғыз толғаныпты. Қарағайды кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ, ары қарай не істерін білмей қиналыпты. Бір күні шаршап, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште кіріпті. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар түйенің терісінен шанақ, ор текенің мүйізінен тиек, бесті айғырдыңқұйрығынан қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен», - деп кеңес беріпті. Қорқыт оянып кетеді де, періштенің айтқандарының бәрін орындайды. Осылайша қобыз аспабы жасалған екен.
Ғалымдар Ұлытау мен Қарқаралы жерінде IV-VIII ғасырларда тасқа қашалған қобыз аспабының бейнесін тапқан. Ә.Марғұлан, М.Чулаки сияқты ғалымдардың айтуынша бұл көне аспап арабтар арқылы Испания мен Византияға тарап, кейінірек күллі Еуропада жақсы танымал болған көрінеді. Бүгінде көне қобыз аспабының түрі де, үні де жетілдірілген. Алматыда Республикалық Ықылыас Дүкенұлы атындағы халық саз аспаптары мұражайынан қобыз және басқа да қазақ халқының 40-тан астам музыкалық аспаптарын көруге болады.
