Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
11
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

25. Халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы туралы сұхбат құраңыз.

-сәлеметсізбе балалар

-сәлеметсізбе мұғалiм

-біздің бүгінгі тақырыбымыз - халқымыздың Наурыз мейрамын тойлауы. Наурыз туралы не білесіңдер?

-Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Наурыз айы – көктемнің басы. Күн жылып, қар еріп, жыл құстарының ұшып келетін кезі. Сондықтан оны жылдың алғашқы айы есебінде, жылдың құт мезгілі есебінде, төл басы есебінде халық ерекше құрметтейді.

-Наурыз мейрамын түрлі халықтар қалай атайды?

-Бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», тәжіктер «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», татарлар «Нардуган», армяндар «Наварсарды» деп атайды.

-Қазақтар Ұлыстың ұлы күнін неден бастайды.

-Қазақтар Ұлыстың ұлы күнін көрісуден бастайды. Ер кісілер қос қолдасып төс соғыстырады, ал әйелдер бір-бірімен құшақтасады. Ерлер мен әйелдер бір-бірімен құшақ айқастырады. Бұл «өмір тірегім, тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын» деген ойды білдіретін көрінеді.

-Бұл мейрамда ең басты қандай тағам?

-Ең бастысы, бұл күні ет, сүт тағамдары, бидай, тары сияқты жеті түрлі дәмнен қазан толы көже жасалады. Наурыз көжені тойып ішу «жыл бойы тоқшылық болсын» деген ұғымды білдіреді.

26.Жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?

-сәлеметсізбе балалар

-сәлеметсізбе мұғалiм

-біздің бүгінгі тақырыбымыз – ірі кітапханалар. Қандай ірі кітапханаларды білесіз?

-Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қарасты «Отырар кітапханасы» Ғылыми орталығы, Кембридж, Сорбонна, Прага, Гейдельберге университеттеріндің кітапханалар.

-Отырар кітапхана туралы не білесіңдер?

-«Отырар кітапханасының» құрылуына орай ғылыми орталықтың жұмысына да өзгерістер мен жаңалықтар енгізілді. Бұл орталықтың басты міндеті қазақ тарихы мен руханиятына қатысты құнды қолжазбалар мен кітаптарды жинақтау болса, бұл – үш бағытта жүргізіледі: 1. Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбаларды жинау, зерттеу, аудару, ғылыми айналымға түсіру; 2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, сол арқылы кітаптану ілімін дамыту; 3. Классикалық университеттің талабына сай ғылыми ағарту саласына атсалысу, мәдени-рухани қызмет көрсету. Кітапхана қорының жалпы саны 1 миллион 400 мың дана. Бұл қордың 30 мыңын сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры құрайды. Жыл сайын кітапхана 11 мыңдай оқырманға қызмет көрсетеді.

-Ал Алматыдағы ҚР Ұлттық Кітапханасының басты мұраты — қазақстандық өлкетану негізінде ғылыми және көпшілік әдебиеттерді іріктеу, сақтау мен библиографиялық сұрыптау болып табылады. Кітапханада республикадағы «Кітап орталығы» арқылы жыл сайын жарық көрген және әртүрлі баспаханалар арқылы шығарылған жеке тұлғалардың кітаптары өз алдына, Қазақстанның бұрынғы кітап қорларынан, сондай-ақ, газет-журналдар да сақталған. 1934 жылы кітапханада «Казахстаника» қоры, ал, 1938 жылы сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімі ашылған. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері 1997 жылы ЮНЕСКО-мен бірге тарихи-мәдени сабақтастықтың құралы ретінде қазақ кітаптарын сақтау мақсатымен сирек кітаптар мен қолжазбалар қорының жанынан сақтандыру қорын құрыпты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]