Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

27.Бұлттардың халықаралық классификациясын жазып беріңіз

.Бұлттардың халықаралық классификациясы бойынша, морфологиялық сыртқы белгілеріне байланысты негізгі 10 түрлеріне бөлінеді. Орналасу биіктігі бойынша барлық бұлттар үш қабатқа және вертикальді бұлттарға топтастырылған.

Бұлттардың түрлерін нақты анықтау үшін арнайы «Бұлттар атласы» нұсқаулары қолданылады және халықаралық келісім бойынша олардың латынша атаулары көрсетілген. Жоғары қабат бұлттары қоңыржай белдеуде 6 – 13 км биіктік аралығында орналасады:

Шарбы – Cirrus (Ci);

Шарбы – будақ - Cirrocumulus (Cc);

Шарбы – қатпарлы – Cirrostratus (Cs).

Ортаңғы қабат бұлттары қоңыржай белдеуде 2 – 6 км биіктік аралығында орналасады:

Биік будақ – Altocumulus (Ac)

Биік қатпарлы – Altostratus (As)

Төменгі қабат бұлттары барлық белдеуде жер беті мен 2 км биіктік аралығында орналасады:

Қатпарлы будақ – Stratocumulus (Sc) Қатпарлы – Stratus (St)

Қатпарлы – жаңбырлы – Nimbostratus (Ns)

Вертикальді (тігінен ) дамыған бұлттар:

Будақ бұлттар – Cumulus (Cu)

Будақ – жаңбырлы бұлттар – Cumulonimbus (Cb).

28. Жылы фронт бұлт жүйесін түсіндіріңіз

.Жылы фронт суық ауа жаққа қарай орын ауыстырады, өйткені бұл жағдайда ауа массасы анағұрлым белсенді болып шығады. Жылы ауа бөлу жазықтығы бой/ша жоғары қарай жаймен көтеріліп шегінген суық ауаның үстіне шығады да адиабаттық жолмен суиды, бұған қоса қабат оның ішіндегі ылғал конденсацияланады. Суық ауа шегінгенде оның төменгі қабаттары бетке үйкеленуінің нәтижесінде біраз қалып қояды да фронт өте жазық көтеріледі. Жылы фронт жылулық әкеледі. Жылы ауа бая көтерілгенде кәдімгі бұлт системалары қалыптасады.

Жылы фронт бұлт жүйесі

Ns-As-Cs-Ci

29.Салқын фронт бұлт жүйесін түсіндіріңіз

.Бірінші негізді салқын фронт бұлт жүйесі

Ci-Cs-As-Ns

Екінші негізді салқын фронт бұлт жүйесі

Жылы ауа жаққа қарай орын ауыстырады да суық ауа алып келеді. Суық ауа жылы ауадан (оның астына тығыла ж/е жоғары көтере отырып) тезірек қозғалады. Мұнда суық ауаның төменгі қабаттары өзінің қозғалысында жоғарғы қабаттарынан қалып қояды да (бұлар тіпті төмен қарай құлай алады) фронтальдық бет төменгі беттен біршама тік көтеріледі. Жылы ауаның тұрақтылық дәрежесіне фронттардың қозғалу жылдамдығына қарай суық фронтты бірінші ж/е екінші текті деп ажыратады. Бірінші текті суық фронт баяу қозғалады, жылы ауа жаймен көтеріледі. Бұлттылығы жылы фронт бұлттылығына ұқсас, бірақ жауын шашын зонасы тар (фронтальдық беттің біршама көбірек еңкеюі салдарынан). Екінші текті суық фронт тез қозғалмалы келеді: төменгі бөлігінде байқалатын жылы ауаның өрлей қозғалауы біраз биіктікте төменде қозғалуымен кездеміп, инверсия туады. Фронт алдында будақ жаңбырлы бұлттар, дауылды жел, нөсер болады да фронттан кейн атмосфера өте тез ашылып кетеді. Жылы ж/е суық фронттар түйіскенде күрделі фронт – окклюзия фронты пайда болады. Фронттардың түйісуі суық фронт жылы фронттан орын ауыстыра отырып, оны қуып жететіндігінен болады. Екі фронт арасындағы кеңістікте қалған жылы ауа жоғары қарай ығыстырылады да, екі фронттың ауа массалары қосылады. Қосылатын екі ауа массасының қасысы жылырақ екендігіне қарай окклюзия суық типі б/ша (жылы фронттың ауасы жылырақ) немесе жылы типі б/ша (суық фронттың ауасы жылырақ) өтеді.