Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

30.Атмосфералық жауын-шашындарды ашып жазыңыз

.Егер тамшылары белгілі бір себептермен ірілініп, салмақтары өсіп , ауаның жоғары бағытталған қозғалысы оларды ұстап тұра алмайтын болса, онда ол бұлттан жауын жауады.

Жауын шашынның мынандай түрлері ажыратылады:

1. Атмосфералық жауын шашындар деп жер бетіне атмосферадағы бұлттардан жауатын су тамшылары (жаңбыр) мен мұз кристалдарын (қар, бұршақ) айтады. Метеорологияда жауын мөлшерін миллиметр су қабатымен өлшейді. Ауданы 1м2 беткейге жауған 1мм су қабатының салмағы 1кг тең. Қатты күйдегі жауын шашындар ерітіліп барып өлшенеді. Жауын шашынның екінші маңызды сипаттамасы оның қарқындылығы , яғни бірлік уақыт аралығында жауған жауын мөлшері(мм/мин). Жауын шашын қарқындылығына байланысты саябыр, орташа, қарқынды болып бөлінеді.

Атмосфералық жауын шашындар мынандай түрлерге бөлінеді:

1. қатты жауын шашындар қар, нөсерлі қар, қар жармасы, қар қиыршығы , мұз жармасы, мұзды жаңбыр, бұршақ, мұз инелері);

2. сұйық жауын шашындар ( жаңбыр, нөсерлі жаңбыр, сіркіреуік);

3. аралас жауын шашындар(дымқыл жабысқақ қар, нөсерлі жабысқақ қар).

2. Белгілі бір жағдайда жер бетіне жақын ауа қабатында конденсация (сублимация) процесі нәтижесінде жер бетіндегі заттар үстінде тамшылар немесе кристалдар пайда болады. Ауа салқын беткеймен жанасқанда , оның температурасы шық нүктесіне төмен түскенде ауадағы артық су буы тамшыға айналады.

Салұындау жағдайына байланысты : шық, қырау, қылау, мұзөрнек және көктайғақ болып бөлінеді.

Жауған жауын шашынның мөлшерін өлшеу үшін әртүрлі құрал аспаптар бар. Соның ішінде метеорологиялық станцияларда кеңінент қолданылатындары: Третьяков жауын шашын өлшгіші «О-1»және Плювиограф П-2 құралдары қолданылады.

31.Жер беті жауын-шашындарын атап жазып беріңіз

Белгілі бір жағдайларда жер бетіне жақын ауа қабатында конденсация процесі нәтижесінде жер бетіндегі заттар үстіндегі тамшылар немесе кристалдар пайда болады.Ауа салқын беткеймен жанасқанда ,оның температурасы шық нүктесімен төмен түскенде ауадағы артық су буы тамшыға айналады.

Салқындау жағдайында байланысты шық,қырау,қылау,мұзөрнек және көктайғақ пайда болады:

1.Шық.Жер бетіндегі заттар мен өсімдіктер бетінде ауадағы су буының конденсациясы арқасында пайда болатын тамшылар.Ол жылы маусымда,көбіне түнде,бұлтсыз аспан,әлсіз жел жағдайында,жер бетінің сәуле шашып,салқындап,температурасының шық нүктесіне дейін төмендеуінен пайда болады;

2.Қырау.Жердегі заттар бетінде,қар бетінде де ауадағы су буының сублимациясы арқасында пайда болатын ақ кристалды мұз қабаты.Ол салқын маусымда радиациялық салқындаудан пайда болады;

3.Қылау.Ағаш бұтақтарында,электр сымдарында,заттардың қырлы бқрыштарында және басқа да жіңішке заттарда пайда болатын қар тәріздес ақшыл қоным.Оның кристалды және жармалы екі түрі бар болады.

Кристалды қырау-жіңішке мұз кристалдарынан тұратын ақшыл қоным,тұман тамшыларының булануы арқасында ауаға келген су буының сублимациясы нәтижесінде пайда болады.Ол көбіне минус 110-250С ауа температурасында құрылады.Ағаштағы,электр сымындағы кристалды қылау жел соққанда немесе сілкілегенде тез түсіп қалады.

Жармалы қылау-қар тәріздес борпылдақ ақшыл қоным,көзге көрінбейтін жеке-жеке мұз жармаларынан тұрады.Ол тұманның қатты салқындаған тамшыларының зат бетіне тиіп,жылдам қатып қалуынан пайда болады,көбіне минус 20-70С ауа температурасында құрылады.

4.Мұзөрнек.Жер бетінде,ағашта,электр сымында және басқа да заттар қабырғасында пайда болатын мөлдір немесе буалдыр мұз қабаты.Оның пайда болуы өте салқындаған жаңбыр немесе сіркіреуіктің жаууымен байланысты.Салқындаған тамшы температурасы 00С-дан төмен беткейге тигенде тез қатып мұз қабатын құрайды.Мұзөрнек көбіне күзде немесе ерте көктемде ауа температурасы 00-минус 50С жағдайында пайда болады;

5.Көктайғақ.Кәдімгі жаңбыр тамшыларының салқын жер бетіне тиіп,қатып қалуынан пайда болатын мұз қабаты.Ол қысқа уақытта ғана байқалады,егер де жаңбыр ұзақ уақыт жауса мұз еріп кетеді.