Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

26. Бұлттылық және олардың түрлерін айтып беріңіз

.Бұлт деп атмосферадағы белгiлi бiр биiктiкте орналасқан, көзге көрiнетiн, конденсация немесе сублимация өнiмдерi жиынтығын айтады. Бұлттардан жауын-шашын жауады, найзағай ойнайды. Бұлттар өте жеңiл болғандықтан қалқып тұрады және ауа ағынымен қозғалып орын ауыстырады. Ауа ылғалдылығы төмендеп кеткен жағдайда бұлт буланып, кеуiп кетуi де мүмкiн. Белгiлi жағдайларда бұлт элементтерiнiң бiр бөлiгi iрiленiп, жауын-шашын болып жерге түседi. Бұлттар жер бетiне сәулелi күн энергиясының келуiн өзгерте отырып ауа, топырақ және су қоймаларының жылу режимiне әсер етедi.

Бұлттардың биiктiгi, қалыңдығы және құрамы мына жағдайларға бағынышты болады: конвекция қарқындылығы және конденсация деңгейiнiң, нольдiк изотерма деңгейiнiң, қату деңгейiнiң орналасу биiктiктерi. Конденсация деңгейiне бұлттың төменгi шекарасы сәйкес келедi. Конденсация және нольдiк изотерма деңгейлерi арасында бұлт су тамшыларынан тұрады. Одан жоғары қату деңгейiне дейiн салқындаған су тамшыларынан тұрады. Қату деңгейiнiң шекарасы температурасы минус 120–170С-лық биiктiкте орналасады. Ал одан жоғары су буының сублимациясы жүретiндiктен мұз кристалдарынан тұрады. Бұл аталған қабаттардың арасында қатаң шекара болмайды. Бұлттарда үнемi булану және конденсация процестерi қатар жүрiп тұрады.

Атмосферада вертикальдi қозғалыстардың мөлшеріне, қарқындылығына және басқа да факторларға байланысты әртүрлi бұлттар пайда болады. Пайда болу жағдайына байланысты бұлттар 3 класқа бөлiнедi:

1. Будақ сипатты бұлттар. Горизонтальдi ұзындығына қарағанда вертикальдi бағытта (қалыңдығы) қатты дамыған бұйра бұлттар. Олар жоғары бағытталған қарқынды ауа қозғалысы (конвекция) нәтижесiнде пайда болады.

2. Толқын сипатты бұлттар. Горизонтальдi бағытта жақсы дамыған, толқынды - бұйра жiңiшкелеу бұлттар. Олар атмосферадағы толқынды қозғалыстар нәтижесiнде пайда болады.

3. Қатпарлы сипатты бұлттар. Горизонтальдi мөлшері веритикальді мөлшерінен 100-деген есе артық, бiрiңғай тегiс, жiңiшке бұлттар. Олар бiрқалыпты, баяу жоғары бағытталған (не көлбеу) ауа қозғалысы арқасында, көбiне шептiк беткей үстiнде пайда болады. Бiрақ, кейде ол біріңғай ауа массасы iшiнде де кездеседi.

Құрамына байланысты бұлттарды 3 топқа бөледi:

1. Сулы бұлттар – су тамшыларынан тұрады. Терiс таңбалы температурада (минус 100С-дан жоғары) салқындаған тамшылардан тұрады;

2. Мұзды бұлттар – мұз кристалдарынан тұрады. Температурасы минус 40 0С-дан төмен;

3. Аралас бұлттар – салқындаған су тамшылары мен мұз кристалдарынан тұрады. Температурасы минус 10 0С – минус 40 0С аралығында.

Жылы маусымда, қоңыржай белдеуде, сулы бұлттар тропосфераның төменгi бөлiгiнде, аралас бұлттар – ортаңғы, мұзды бұлттар – жоғарғы бөлiгiнде орналасады. Салқын маусымда мұзды бұлттар тропосфераның төменгi бөлiгiнде де пайда болады.

Бұлт тамшыларының диаметрi, олар алғаш пайда болғанда 5-50 мкм (тұмандiкiндей), даму кезiнде 50-200 мкм (сiркiреуiк) болады. Бұлт тамшысы баяу төмен түсе бастағанда бiр-бiрiне соғылып, бiрiгiп 500-5000 мкм дейiн ұлғаяды (жаңбыр тамшысы).