Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

1.Атмосфераның жерге жақын қабатының ауа құрамын айтып берініз

2.Атмосфераның жоғарғы қабаттарының ауа құрамын айтып берініз

3.Атмосфералық ауаның қабаттарға бөлініуін түсіндіріп берініз

4.Атмосфера қысымы. Атмосфера статистикасының негізгі теңдеуін, қысымның вертикальды градиентін,қысым сатысын ашып жазып беріңіз

5.Күннің құрылысын және координаталық сипаттамаларын ашып жазып беріңіз

6.Күннен келетін радиация (корпускулярлық және электромагниттік) түрлерін түсіндіріңіз және Күн тұрақтысының анықтамасын айтыңыз

7.Күннің тіке, шашыранды, жиынтық радиацияларын және олардың тәуліктік және жылдық тербелістерін ашып жазыңыз.

8.Күн радиациясының жер бетінен шағылуына, Альбедоға, жұтылған радиацияға түсініктеме беріңіз

9.Жер беті мен атмосфераның сәуле шашуына және ұзын толқынды шағылған радиацияға түсініктеме беріңіз

10.Нәтижелі сәулешашу және оны анықтайтын факторларды түсіндіріп беріңіз

11.Жер бетінің және жер атмосфера жүйесінің радиациялық баланстарын айтып беріңіз

12.Төселме топырақ бетінің жылу режимі. Оның тәуліктік және жылдық жүрісін тәуліктік амплитуданы анықтайтын факторларды түсіндіріп беріңіз

13.Топырақтың жылулық қасиеттерін, жылу сый, жылу өткізгіштік және температура өткізг.қасиеттерін жазып беріңіз

14. Топырақ қабатында температураның таралуын түсіндіріңіз

15. Фурье (3) заңдарын айтып беріңіз

16. Су қоймаларының жылу режимі.Тәуліктік және жылдық жүрісін түсіндіріп беріңіз

17. Атмосфераның жылу режимі. Ауа температурасының тәуліктік және жылдық жүрісі, тәуліктік амп-ң бағ фак/н және жылд жүрісі түрл түсіндіріп беріңіз

18.Төселме беткей мен атмосферадағы арасындағы жылуалмасуды айтып беріңіз

19.Тропосферадағы температураның биіктік бойынша таралуын түсіндіріп беріңіз

20.Метеорология пәні, оның шешетін мәселелері,зерттеу әдістері

21.Жердің және атмосфераның жылу баланстарын ашып жазыңыз

22.Жер-атмосфеар жүйесінің жылу балансын айтып беріңіз

23.Булану және қанығу процестерін түсіндіріңіз

24.Ауа ылғалдығының сипаттамаларына анықтама беріп жазыңыз

25. Конденсация және сублимация процестерін түсіндіріңіз

26. Бұлттылық және олардың түрлерін айтып беріңіз

27.Бұлттардың халықаралық классификациясын жазып беріңіз

28.Жылы фронт бұлт жүйесін түсіндіріңіз

29.Салқын фронт бұлт жүйесін түсіндіріңіз

30.Атмосфералық жауын-шашындарды ашып жазыңыз

31.Жер беті жауын-шашындарын атап жазып беріңіз

32.Қар жамылғысы,оның сипаттамаларын атаңыз

33.Желдің пайда болуы,оған әсер ететін күштерді атап жазыңыз

34.Ауа массаларын ашып жазыңыз

35.Атмосфералық фронттарға түсініктеме беріңіз

36.Қысым жүйелерін,циклонның және антициклонның ауа-райы ерекшеліктерін түсіндіріңіз

37.Атмосфераның әрекеті орталықтарын жазып беріңіз

38.Зональді айналымды түсіндіріңіз

39.Меридиональді айналымды түсіндіріңіз

40.Пассаттар мен муссондарға анықтама беріңіз

41.Мына бұрыштарды уақытқа айналдырыңыздар:35030,45 010,120 0 .

42.Мына уақыттарды бұрышқа айналдырыңыз:4сағ45мин26сек,6сағ26мин15сек,11сағ32мин30сек

43.Метеорологиялық бақылау жүргізудің типтік бағдарламасын жазып беріңіз

44. Мына бұрыштарды уақытқа айналдырыңыздар:150 32,400 20,1600

45.Мына бұрыштарды уақытқа айналдырыңыздар:300 32,540 50,1800

46.Барометр,оның жұмыс істеу қызметі

47.Барографтың ,оның жұмыс істеу қызметі

48.Минималді термометр ,оның жұмыс істеу қызметі

49.Максималді термометр,оның жұмыс істеу қызметі

50.Термографтың ,оның жұмыс істеу қызметі

51.Психрометрлік термометр

52.Гигрометр,оның жұмыс істеу қызметі

53.Гигрограф,оның жұмыс істеу қызметі

54.Третьяков жауын-шашын өлшегіші

55.Актинометр,оның жұмыс істеу қызметі

56.Пиранометр ,оның жұмыс істеу қызметі

57.Балансометр ,оның жұмыс істеу қызметі

58.Флюгер ,оның жұмыс істеу қызметі

59.Психрометрлік әдіс

60.Гигрометрлік әдіс

1. Атмосфераның жерге жақын қабатының ауа құрамы. Озон,көмірқышқыл газы. Атмосфера ауа деп аталатын газдар қоспасынан тұрады. Сонымен қатар ауада сұйық және қатты бөлшектер де бар. Ауаның физикалық күйi оның тығыздығымен, қысымымен, температурасымен және т.б. сипатталады. Атмосфераның жерге жақын қабатында ауа ылғалды болып келедi, яғни оның құрамында басқа газдармен қатар газ күйiндегi су (су буы) да болады. Атмосфераның физикалық күйiне байланысты су буы сұйық және қатты күйге көше алады. Сондықтан метеорологияда алдымен құрғақ ауа және су буы жеке түрде, ал содан кейiн ылғалды ауа қарастырылады. Қатты және сұйық бөлшектерден тазартылған құрғақ ауаның құрамы барлық жер шарында бiрдей және шамамен 25 км биiктiкке дейiн тұрақты болады. Құрғақ ауа (көлем бойынша) азоттан – 78,08%, оттегiден – 20,95 %, аргоннан – 0,93 %, көмiр қышқыл газынан – 0,03% және басқа да газдардан – 0,01 % тұрады. Басқа газдар: неон Ne, гелий He, метан CH4, криптон Kr, сутегi H2, азоттың шала тотығы N2O, ксенон Xe, озон O3, азот қостотығы NO2, күкiрт қостотығы SO2, аммиак NH3, улы газ CO, йод I2, радон Rn және т.б. Қазiргi кезеңде атмосфераға антропогендiк түрде басқа газдар да бөлініп жатыр, мысалы кейбiр хлорфторкөмiрсутегi газдары, оның iшiнде фреон. Ол газдар атмосферадағы озонның мөлшерiн азайтуда. Фреон ауа ағынымен жоғарғы қабаттарға барғанда ультракүлгiн радиацияның әсерiнен ыдырайды да, нәтижесiнде озонды күштi ыдыратушы хлор мен хлорлық қосындылар пайда болады.Озонның маңызы өте зор. Озон төменгі қабаттарында найзағайлық әрекеттермен кейбір органикалық заттардың тотығуы нәтижесінде,ал жоғары қабаттарда толқын ұзындығы 0,01 мкр/м ультракүлгін радияцияның әсерімен пайда болады. Оттегі молекуласы 2 атомға бөлінеді. Сосын ол жеке атомдар басқа оттегі молекулаларына қосылып 3 атомды озон молекулаларын құрайды. Озон толқын ұзындығы 0,15-0,29 микро аралығындағы ультракүлгін радияцияны жұтып оттегіменбос атомға бөлшектенеді.Озон негізінен 15-70 км биіктік аралығында шоғырланған.Максимальді мөлшері поляр аауданында 15-20 км биіктікте, қоңыржай белдеуде 20-25км аралығында байқалады. Атмосферада горизонтальды бағытта озон мөлшері ендік бойынша өседі. Көмірқышқыл газы. Қазбалы органикалықжанармайларды жағу нәтижесінде атмосферада СО2 мөлшері ұдайы өседі. Әсіресе үлкен өндіріс орталықтары мен ірі қалаларда оның пайыздық құрамы 0,1-0,2% дейін жетеді. Соңғы 70-80 жылдың ішінде 12-15% дейін өскен. СО2 атмосфераға табиғи түрде негізінен вулкандық әрекеттер, органикалық заттардың шіруі мен ыдырауы арқасында, өсімдіктер мен жануарлардың демалуы нәтижесінде және ормандардың өртену арқасында келеді.СО2 ның бір ерекшелігі,ол ұзын толқынды сәулелі энергияны жұтады және шашады.

2.Атмосфераның жоғарғы қабатының ауа құрамы. Дальтон заңына сәйкес газдың диффузиялық бөлінуі теориясы бойынша атм. құрамына кіретін әр бір газ кеңістікте өзі жеке таралуы керек. Осыған байланысты жердің тарту күші құрамы ауыр газдардың құрамы биіктеген сайын жеңіл газдарға қарағанда жылдам азаю нәтижесінде атм 100км биіктікте тек су тегі мен гелийден ал одон жоғары тек су тегіден тұрады. Ракеталық зерттеу бойынша төменгі 100кматм қабатында ауа вертикальді жақсы алмасып тұратындықтан тығыздығы мен салмағы бойынша қабаттарға бөлінбейді. Атммосфераның бұл 100км төменгі қабаты гомосфера д.а. Ал 100км биік жоғары тығыздықтарына байланысты қабаттарға бөліне бастайды. Оттегінің нитральді 2 атомды молекуласы ультракүлгін радиация әсерінен зарядталған атомдарға бөлшектеледі.200км биіктіктегі молекуласы оттегі мөлшері атомдық оттегіден аз болады. 100-200км биіктікте негізгі газ болып азот N2 есептеледі. Гравитациялық қабатқа тек аргон мен гелий бөлінеді. Аргон 200км биіктікке дейін таралады. 35-60км аралығында ж.е 250,км биіктікте натрий табылған. 100-200 км шамасында кальций мен магний иондары анықталған. 1000км жғары атм. сутегі ме гелийден тұрады ж.е де сутегінің атом түрі басым болады. 1500км жоғарыда атм. күннің белсенділігі минемальді жылдары сутегі, ал максимальді жылдары гелий басым болады.Осылайша атм. 100км жоғарғы сыртқы бөлігін , ондағы ауа құрамы биіктігін уақыт бойынша өзгертіп тұратындықтан гетеросфера д.а.

Атмосфераның сыртқы шекарасы арқылы кеңістікке ұшып кетіп жатқан сутегі жердің айналу (геокорона) яғни жер тәжін құрайды. Бұл геокорона тығыздағы жерден алшақтаған сайын азайып 300км планитарлық кеңістікке айналып кетеді. Соңғы жылдары автоматтанған планетарлық станциялар негізінде 20000км биіктікте атм. газдарының іздері бар екені анықталған.

Атмосферада болып жатқан барлық процестер энергияны негізінен күннен алады. Күн әлем кеңіст ігінде үздіксіз орасан мол сәулелі энергия шашады оның 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жердің үлесіне тиеді. Оның мөлшері шамамен 1,735*10 18 дәрежесі кВт /м кв. Бұл энергия қуатымен салыстырғанда басқа сыртқы энергя көздерінің қуаты өте аз.