Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

50.Термографтың жұмыс істеу принципі.

Метеорологияда негізінен биметалды деформациялық термометр-термограф қолданылады. Термографтың негізгі бөліктері: биметал пластинка,арнайы тасымалдау механизмі,тіркеуші бөлік және шыны терезелі плассмасса қорапша.

Термографтың сезімтал элементі ретінлк, ұлғаю коэффиценттері әртүрлі екі металдан тұратын биметалды пластинка қолданылады. Ол екі металл бір біріне жабысып тұрғандықтан,температураның жоғарылауымен бірге металдардың көлемі ұлғайып,пластинка ұлғаю коэффиценті төмен металл жағына иіледі. Ал температураның төмендеуімен бірге биметалл платинка қайтадан жазылады,себебі ұлғаю коэффиценті жоғары металл тез жиырылады. Биметалл пластинканың бір шеті қозғалмайтындай етіп бекітілген, ал екінші шеті тасымалдау механизімімен байланыста болады. Биметалл пластинканың қозғалысы тасымалдау механизмі арқылы басында сия қаламы бар тілге беріледі. Сия қалам,сағаттық механизмі бар барабанға тиіп тұрады . сағаттық механизмді барабан тәулігіне бір айналым жасайды. Барабан бетіне арнайы термограф лентасы киіледі. Лента бетінде горизонтальді уақыт сызықтары торы бар. Сия қалам , уақыттың өтуімен бірге лента бетіне ауа температурасының тербелуіне сәйкес сызық сызып отырады.

51.Су буының қанығу қысымы 17, 04 мб,психрометрлік будкадағы құрғақ термометрдің көрсеткіші 20,00,ал сулы термометрдікі 15,00,ал атмосфералық қысым 1000 мб болғанда су буының парциалды қысымын анықта

51. Психрометрлік термометрлерді айтыңыз.

Психрометрлік термометр ТМ-4,будка ішіндегі арнайы штативте вертикальді түрде бекітіледі.Резервуары дөңгелек шар тәрізді,қорғаушы трубкасының басына метал қалпақша кигізілген,шкаласының бір бөлімі 0,2°С-ға тең,өлшеу шекарасы минус 35°С-тан плюс 55° аралығында,өлшеу дәлдігі 0,1 °С.

Термометр - дененің температурасын өлшеуге арналған құрал дененің, заттың, ауаның температурасын өлшеуге арналған аспап. Термометрді ойлап тапқан адам ретінде Галилео Галилейді атайды. Оның өз қолымен жазған еңбектерінде термометрдің нақты сипаттамасы жоқ, бірақ оның шәкірттері Нелли мен Вивиани Галилейдің 1597 жылы термоброскопқа ұқсас бір нәрсе жасап шығарғанын байқаған.

52. Гигрометр, оның жұмыс істеу принципі

Метеорологиялық гигрометр шаштан, шкалалық пластинасы бар рамадан тұрады. Шаштың жоғарғы ұшы бұралмалы винтқа, төменгі ұшы салмақшасы бар стрелкаға бекітілген. Салмақша шашты керіп тұрады.Стрелка шаш пен салмақшаның әсерімен шкала бойымен қозғалады. Шкала 0ден 100%-ға дейін 100болікке болінген. Олшеу дәлдігі 1%. Шкала боліктері біркелкі емес, ылғалдылықтың томенгі мәндерінде үлкендеу де, жоғарғы мәндерінде кішілеу. Себебі ауа ылғалдылығы оскен сайын шаштың ұзару жылдамдығы томендейді. Ауа ылғалдылығы оскенде шаш ұзарады да стрелка салмақтың әсерімен оң жаққа қозғалады, ал шаш қысқарғанда стрелканы солға тартады. Гигрометр -50градус пен +50градус аралығында қолданылады. Шашты гигрометр психрометрлік будкада, құрғақ және ылғал термометрлердің ортасындағы штативке бекітіледі.Гигрометр корсеткіші, ауа температурасы анықталғаннан кейін олшенеді. Оның мәні ТМ-9 графигі (кестесі) бойынша түзетіледі. ТМ-9 кестесі, тұрақты аяз орнағанға дейін 1-1,5 ай ішінде психрометр мен гигрометр бойынша анықталған салыстырмалы ылғалдылық мәндерін екі координата осьтеріне түсіріп( абсиссаға гигрометрдікі, ординатаға психрометрдікі), олардың қиылысу нүктелерін анықтау арқылы жасалады. Егер аспаптар дұрыс жұмыс істеп тұрса анықталған нүктелер жіңішке сызық бойына жақын түседі. Бұл анықталған сызық түзетуші болып табылады

53.Гигрогроф, оның жұмыс істеу принципі.

Гигрометрлiк әдiс. Салқын маусымда ауа температурасы минус 10 0С-дан төмен кезеңде шашты гигрометр ауа ылғалдылығын өлшейтiн негiзгi аспап болып саналады. Шашты гигрометрдiң жұмыс iстеу принципi адам шашының капилляр ойшықтарында су буының конденсациялануы қасиетiне негiзделген. Ауа ылғалдылығы өскенде капилляр ойшықтардағы су менискiсi беткейiнiң ойыстығы азаяды да шаш ұзара бастайды, яғни ойшықтарға су толады. Бұл ұзару салыстырмалы ылғалдылықтың логарифмiне тiке пропорционал болады. Салыстырмалы ылғалдылық 0 ден 100 %-ға өскенде шаш 2,5 %-ға ұзарады және оның ұзаруы бiркелкi емес, яғни төменгi ылғалдылықта шаш жылдамырақ ұзарады, ылғалдылық өскен сайын ұзару мәнi азая бередi. Әртүрлi шаштың ұлғаю мүмкiндiгi әрқалай болатындықтан, шаш iрiктелiп алынады да арнайы химиялық және механикалық өңдеуден өткiзiледi. Гигрометр минус 50 0С мен плюс 50 0С аралығында қолданылады. Гигрограф. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын үздiксiз тiркеп отыру үшiн шашты гигрограф қолданылады. М-21 гигрографының сезiмтал элементi ретiнде кронштейнге керiлген шаш бумасы пайдаланылады. Шаш бумасының ортасына iлгешек кигiзiлiп арнайы механизмдi рычагтар жүйесi арқылы стрелкамен байланыстырылады. Стрелканың басына сия тамшысын ұстап тұратын ұш кигiзiлген. Ауа ылғалдылығы өзгергенде шаш ұзындығы да өзгередi, нәтижесiнде стрелка сағаттық механизмi бар барабанға кигiзiлген қағаз лента бойымен қозғалады. Лента бетiнде уақыт (вертикальдi сызық) және ылғалдылық (горизонтальдi сызық) диаграммасы бар. Ылғалдылықтың бөлiм бағасы 1 %, уақыттiкi - 15 минут. Сиялы ұшы бар стрелка ауа ылғалдылығы мәнiн лента бетiне тiркеп сызып отырады. Лента бекiтiлген барабан өз осiмен бiр айналымды 24 сағатта жасайды. Лента тәулiгiне бiр рет (13 сағат шамасында) ауыстырылып отырылады. Әрбiр бақылау мерзiмiнде бақылаушы арнайы бiлтенi басып лента бетiне белгi салады. Гигрограф минус 45 0С пен 55 0С аралығында қолданылады.

54. Третьяков жауын шашын өлшегіші- екі жауын жинағыш ыдыстан, желқаққыштан жіне өлшегіш стаканнан тұрады. Жауынжинағыш ыдыстың қабылдау ауданы 200 см2, биіктігі 40 см болады. Желмен үрленіп және буланып кетпес үшін ыдыстың іщіне конусты диафрагма жапсырылады. Оған жазғы маусымда воронка кигізіледі. Жауын шашын ыдыстан қалпақшасы бар шүмек арқылы құйылып алынады. Шүмектің қалпақшасы ыдысқа шынжырмен бекітілген. Ыдыс бағанға бекітілген тағанға отырғызылады. Ыдыстың беткі ернеуі жерден екі метр биік орналасады. Жауын өлшегіштің желқаққышы бір біріне шынжыр ме жалғасқан он алты трпеция сипатты иілген планкадан тұрады. Бұл жеқаққыш ыдыстың айналасында болатын иірімін өшіреді. Жауын мөлшері біздің айиақта тәулігіне екі рет тангы сегіз және кешкі сегіз сағатқа жақын бақылау мерзімдерінде өлшенеді. Станциядағы жауын жинағыш ыдыс қақпақпен жабылып метеоалаңға апарылады да, ондағы ыдыспен ауыстырылады.Ауыстырылған ыдысқа қақпақ кигізіліп метеокабинетке әкелінеді де, оның ішіндегіжанбыр суы өлшегіш стаканға құйылып өлшенеді. Өлшегіш стаканда 100 бөлім сызығы бар. Шкаланың бөлім бағасы 2 см3 қа тең. Ол 200см2 қабылдау ауданына сәйкестенгенде 0,1 мм су бағанына тең болады, яғни шкаланың 1 бөлімі 0,1 ммге,10 бөлімі 1мм ге тең. Қатты күйдегі жауынды әдейі ысытып ерітуге болмайды,ол булануға әкеп соғады.Өлшенгенжауын мөлшері арнайы тұзету енгізілгеннен кейін КМ-1 кітапшасына еггізіледі. Жауын суының жауынжинағыш ыдысқа жағылуына байланысты енгізілетін аспаптық тұзету мәндері мынадай:мөлшері 0,1мм ден жоғарғы қатты жауын үшін -+ 0,1mм мөлшері 0,1 ммге дейінгі сұйық жіне аралас жауын үшін -+ 0,1 мм, ал мөлшері 0,1 мм ден жоғары болса -+0,2 мм егер суйық жауын мөлшері 25 бөлім, яғни 2,5мм болса оған +0,2 мм түзету енгізіліп, барлығы 2,7мм болады да кітапшаға былай жазылады

25/25

0,2

2,7