Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

55. Актинометр, оның жұмыс істеу принципі.

Күн сәулесіне перпендикуляр беткейге келетін күннің тіке радиациясын өлшеу үшін термоэлектрлік актинометр М-3 қолданылады. Актинометрдің қабылдағыш элементі ретінде қалыңдығы 0,003 мм, диаметрі 11 мм күміс диск қолданылады. Дискнің күнге қараған беті қара эмальмен боялады. Екінші бетіне жұлдыз пішінді термобатареяның тақ спаялары арнай тоқ өткізбейтін қағаз арқылы жапсырылған. Термобатареяның жұп спаялары салмақты мыс сақина бетіне қағаз арқылы жапсырылған. Термобатарея константан мен манганин ленталарынан тұрады. Қараға боялған күміс дискі күн сәулесінен қызып температурасы жоғарылайды,ал көлеңкеленіп тұрған мыс сақинаның температурасы төмен болады. Спаяларының температурасы әртүрлі болғандықтан термобатарея тоқ өндіреді. Оның мөлшері күннің тіке радиациясының қарқындылығына пропорционал болады. Өндірілген тоқ мөлшері арнайы гальванометрмен өлшенеді. Күннің вертикаль беткейге келген тіке радиациясы гальванометрдің көрсеткішін актинометрдің аспаптық аударма көбейткішіне көбейту арқылы анықталады. S=N(s)*D(a)

56.пиранометр жумыс истеу принципи. Горизонталь беткейге келетин шашыранды,жиынтык радиацияны жане жер бетинен шагылган радиацияны олшеу ушин термоэлектрлик пиранометр колданылады.

Шагылган радиацияны олшеу ушин пиранометрдин кабылдагышы томен жерге каратылады(оны альбедометр д.а.) пиранометрдин кабылдагыш элементи ретинде манганин мен константан ленталарынан туратын термобатарея колданылады.термобатареянын бети шахмат тактасы сиякты ак-кара квадраттарга болинген. Термобатареянын так спаялары ак магнезиямен,жуп спаялары кара куйемен боялган. Куйе мен магнезиянын сауле жуту мумкиндиги ар турли болгандыктан спаялардын температуларыда артурли болады,сондыктан термобатарея ток ондиреди.ондирилген ток молшери гальвонометрмен олшенеди де пиранометрдин аспаптык аударма кобейткишине кобейтиледи.Узын толкынды радиацияны откизбеу ушин жане жауын шашын мен шаннан коргану ушин пранометрдин кабылдагыш элементи арнайы шыны калпакшамен жабылады.

Шашыранды радиацияны олшегенде, пиранометр диаметри 85 мм донгелек коленкелегишпен куннин тике радиациясынан коленкеленеді.

57.Балонсомер. Төселме беттің радиациялық балансын термоэлектірлік балонсомермен М-10М өлшейді. Балонсомермен жер бетіне келетін және жер бетінен барлық қысқы толқынды радиациялар айырмашылығы анықталады. Балонсомердің қабылдағыш элементі қара эмальмен боялған 2 мыс фольгадан тұрады. Мыс фольгаларының арасында 50 оралымды термоэлементі бар 10 термобатарея орнатылған. Термобатареялар өз –ара квадратты тесігі бар 2 латунь дискінің арасында орнатылады. Латун дискінің сыртына никельді пластинкалар жапсырылған. Балонсомер корпусына ішінен өткізгіш сымдар өтететін үұстағыш темір труба бекітіледі. Әр термобатарея мыс брусокқа тоқ жібермейтін қағаз арқылы оралған константан лентасынан тұрады. Константан лентасының оң жақ бөлігі лапкамен сол жақ бөлгі күміспен көмкерілген. Лак пен күмістің түіскен жерлері астынғы және үстінгі мыс фольгаларына тиіп спая қызметін атқарады. Балонсомердің екі беті аспаннан және жербетінен келетін радиациялармен қызып температуралары әр түрлі болатындықтан термобатареялар тоқ өндіреді. Өндірілген тоқ мөлшері гальвонометрмен өлшенеді. Балонсомердіңде көленкелегіші болады. Бақылау кезінде балонсомер тіке радиациядан көленкеленеді, яғни тіке радиациядан басқа радиациялар балансчы өлшенеді:

B – S = D + Eа – Eж- Rқ – Rұ. Ал жалпы балансты анықтау үшін оған актинометрмен анықталған тіке радиация мөлшері қосылады: B =( B - S ) + S. Балонсомердің көрсеткіші ( Nб ) оның аспаптық аударма көбейткішіне ( аб) көбейтіледі: B – S = Nб* aб.