Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

58. Флюгер, оның жұмыс істеу принципі

Вильда флюгері ғасырдан бері колданылып келе жаткан ең қарапайым жел олшегіш құрал болып саналады. Онымен желдің орташа және максимальді жылдамдығы, ұйтқымалылығы және бағыты анықталады. Флюгердің құрылысы: бір жағы жабық темір труба вертикльді оське кигізілген және онда еркін айналады. Трубаның жоғарғы жағына горизонтальді планка бекітілген. Оның бір жағына шкалалық штифтері бар доға , екінші жағына салмақша бекітілген. Планкаға еркін қозғалыста тұратын тақтайша ілінеді. Тақтайшаның жеңіл (200г) және ауыр (800г) түрлері болады. Жеңіл тақтайша 20м/с-ке дейін , ауыр тақтайша 40м/с-ке дейінгі жылдамдықты өлшеу үшін қолданылады.Темір трубканың төменгі жағында өарсы салмақшасы бар флюгарка бекітілген. Оның бағыты тақтайшаның айналу осіне перпендикуляр. Флюгарка 20градус бұрышпен бір-біріне жапсырылған екі темір қалқаншадан тұрады. Бұл бүкіл жүйе металл труба отырғызылған осьтің бойымен еркін айналып тұрады. Қозғалмайтын оське сегіз румбалық корсеткіштер жапсырылған, солтүстік бағытында С әрпі бар.Флюгер метеоалаңда биіктігі 10-12 метрлік бағанға орнатылады. Жел соққанда флюгарка салмақшасымен желге қарап бағытталады, ал еркін қозғалыстағы тақтайша желдің күшімен доға бойымен котеріледі. Желдің жылдамдығын білу үшін флюгерден біршама алшақтап тербелістегі тақтайшаның қаншасыншы штифт тұсында екенін (2мин ішінде) анықтау керек. Арнайы кесте арқылы штифттің реттік санын жылдамдыққа айналдырылады. Желдің бағытын білу үшін бақылаушы бағанның түбінен жоғары қарап флюгарканың қай румба бойында тұрғанын (2мин ішінде) анықтайды.

59.Психрометрлік әдіс.

Метеорологияда бұл әдіс негізгі б.т. бұл әдістің негізінде су бетінен булану қарқындылығының ауа ылғалдылығы тапшылығына бағыныштылығы жатыр. Булану ылғалдылығы, бетінен булану жүріп жатқан дененің ж/е оны қоршаған орта температураларын өлшеу арқылы анықталады. Суды буландыруға жылу жұмсайтындықтан, ол дененің температурасы қоршаған орта температурасынан біршама төмен болады. Бұл әдіспен арнайы психрометрлік таблицаны пайдалана отырып, ауа ылғалдылығының тқрт сипаттамасы анықталады(t,d,f,td)

Психрометрлік таблица мына психрометрлік формула негізінде жасалған:

e=E` -Ap(t-t`) мұнда

e – ауадағы су буының пропорционалдық қысымы

E`- буландырушы беткейдің темп/сына сәйкес су буының қанығу қысымы

А – психрометрлік коэф/ент, станциялық психрометр үшін А=7,947*10-4, аспирациялық психрометр үшін А=6,62*10-4

p- атмосфера қысымы

t-t`- ауаның ж/е буландырушы беткейдің температураларының айырмашылығы.

Станциялық психрометр – будканың ішіндегі штативке қатар ілінген екі бірдей психрометрлік термометрлерден ж/е дистендірілген су құйылған стаканнан тұрады. Оң жақтағы термометрдің резервуарына батист мата байланады да оның бір шеті стакандағы суға батырылып құйылады. Стакан мен резервуарар арасы екі см. Ауа ылғалдылығының сипаттамалары осы екі термометрдің температура айырмашылығы негізінде анықталады. Станциялық психрометрдің төменгі өолдану шегі -100С ж/е жылыы маусымда ұзын батист, суық маусымда қысқа батист қолдаанылады. Қыстың күні ауа тем/сы ноль градустан төмен жағдайда батистегі судың фазалық күйі ескеріледі. Егер, карандашты батиске кигізгенде термометр көрсеткіші өзгерсе су сұйық салқындаған күйде, ал өзгермесе қатты мұз күйінде болады. Бұл жағдайлар үшін психрометрлік кестеде жеке бөлімдер бар.