Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

36.Қысым жүйелерін, циклонның және антициклонның ауа-райы ерекшеліктерін түсіндіріңіз

Атмосфера қысымның горизонтальді кеңестікте таралу мәндері қысым алқабын құрайды. Қысым атмосфераның әр нүктесінде бір ғана сандық мәнмен сипатталады, яғни қысым алқабы скалярлық алқап. Қысым алқабын 3өлшемді кеңістікте бірдей мәнді қысым беткейлері жинағымен, ал тегіс беткейде (2өлшемді кеңістік) бірдей мәнді қысым сызықтарымен сипаттап көзге елестетуге болады. Ол үшін изобара сызықтары мен изобара беткейлері қолданылады. Изобара сызығы – қысымдары бірдей нүктелерді қосатын сызық. Изобара беткейі барлық нүтесінде қысымдары бірдей беткей. Циклон изобара сызықтары тұйықталған төменгі қысым орталығы, яғни ортасында қысым төмен, сыртына қарай өседі. Циклонда қысымның горизонтальді градиенті ортасына қарай бағытталатындықтан, солт. Жарты шарда ауа айналымы сағат тіліне қарсы бағытта жүреді, оңт. Жарты шарда сағат тілімен бағыттас. Циклонның төменгі бөлігінде (үйкеліс қабатында-1500метрден төмен) үйкеліс күшінің әсерінен жел бағытын сәл солға қарай бұрады, яғни ортасына қарай ауытқиды. Нәтижесінде ауа біртіндеп циклонның ортасына жиналып (конвергенция) жоғары қарай көтеріледі. Циклонның диаметрі 1000 км-ге дейн жетеді. Антициклон – изобара сызықтары тұйықталған жоғарғы қысым орталығы, яғни ортасында қысым жоғары, сыртына қарай кемиді. Антициклонда қысымның горизонтальді грандиенті ортасынан сыртына қарай бағытталатындықтан, солт. Жарты шарда ауа айналымы сағат тілімен бағыттас жүреді, ал оңт. Жарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта. Антициклонның төменгі бөлігінде (үйкеліс қабатында) үйкеліс күшінің әсерінен жел бағытын сәл солға қарай бұрады, яғни сыртына қарай ауытқиды. Нәтижесінде ауа біртіндеп сыртына шашырайтындықтан (дивергенция) оның ортасына ауа жоғарыдан төмен түседі. Антициклонның диаметрі – 2000 км-ге дейін жетеді. Циклон мен антициклонның орташа жылжу жылдамдығы 30-50 км сағат құрайды, кейде 100 км сағат дейін жетеді.

Циклонның ауа-райы ерекшеліктері

Циклон мен антициклон пайда болуынан жойылып кетуіне дейін бірнеше даму кезеңінен өтеді:1) пайда блу кезеңі; 2) жас циклон (антициклон) кезеңі; 3) дамыған циклон кезеңі; 4) толу (бұзылу) кезеңі. Ауа-райы жағдайы даму кезеңіне байланысты өзгеріп отырады. Қоңыржай белдеуде циклондар мен антициклондар батыстан шығысқа қарай қозғалатындықтан, олар шығыс бөлігін алды, батыс бөлігін арты деп қарастырады. Циклонның алдыңғы жағында жылы шеп, артқы жағында салқын шеп ьолады, ал антициклонда шептер болмайды.

Циклонда- ауа сағат тіліне қарсы айналып, ортасына жиналады да шептер беткейімен жоғары көтеріледі. Ауа жоғары көтерілгенде адиабатты түрде түрде салқындап, белгілі жағдайда бұлттар пайда болады. Жас циклонның алды жағындағы жылы шепте қатпарлы –жаңбыр бұлтынан ақ жауын жауса, артындағы салқын шепте будақ-жаңбыр бұлтынан нөсер жауын жауады. Циклонның арты алдынан қарағанда салқындау болып келеді. Оның себебі оның артына ауа жоғарғы ендіктен, алдына төменгі ендіктен келеді. Екі шептің арасындағы жылы секторда бұлттылық аздау жауынсыз болады. Дамыған циклонда салқын шеп жылы шеппен бірігіп окклюзия шебін құрайды, яғни екіт шептің бұлт араласып соған сәйкес ауа-райы орнады. Максимальды дамыған-окклюзияланған циклон салқын қысымдық құрылым болып табылады.

Жазда қызған құрлық үстінде, қыста жылы теңіз үстінде өлшемі кіші термикалық циклондар пайда болады. Пайда болу себебі- төселме беткейдің әртүрлі қызуы және

кіші аудан үстінде ауаның тұрақталған жоғары өрлеу қозғалысының орнығуы. Қолайлы жағдайда термикалық циклондар іріленуі мүмкін. Ондай циклондар жазда Орта Азияда, қыста Қара теңіз үстінде дамиды.

Антициклонның ауа-райы ерекшеліктері

Антициклонда- ауа сағат тілімен бағыттас айнала отырып, ортасынан сыртқа қарай шашырайды, ал ортасында ауа жоғарыдан төмен түседі. Ауа төмен түскенде адиабатты түрде жылиды, ауа қанығу жағдайына алшақтайды. Сондықтан антициклонда аз бұлтты, жауынсыз құрғақ ауа райы орнығады. Мұнда атмосфералық шептер болмайды. Ауа көлемі жоғарыдан төмен түскенде жан-жаққа шашырап вертикальды қалыңдвғы жіңішкеретіндіктен, онда сығылу инверсиясы пайда болады. Жер бетінің салқындауы арқасында жылдың салқын маусымында және тәуліктің салқын түнгі бөлігінде төменгі қабатта тұман мен қатпарлы бұлттар пайда болуы мүмкін, кейде инверсия қабаты астында толқынды бұлттар пайда болады.

Қыс маусымында салқындаған құрлық