Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метеорология.(ылыми география).docx
Скачиваний:
79
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
247.16 Кб
Скачать

34.Ауа массаларын ашып жазыңыз

Атмосфераның горизонтальдi бағытта әр ауданы төселме беттiң ерекшелiгiне байланысты әртүрлi қасиеттерге ие болады. Дәлiрек айтқанда, тропосфера бiртектi ауа-райы жағдайымен сипатталатын үлкен аудандарға бөлiнедi. Ол аудандардың арасында метеорологиялық өлшемдер күрт өзгеретiн жiңiшке өтпелi алқаптар болады.

Физикалық қасиеттерi бiртектi және жалпы атмосфера айналымы ағынымен қозғалыста болатын тропосферадағы үлкен ауа көлемдерiн ауа массалары деп атайды. Олардың горизонтальдi размерi мыңдаған километрге дейiн созылады. Ауа массаларының қасиеттерi (температурасы, ылғалдылығы, құрамы) оның құрылған ошағымен анықталады. Мысалы, Арктиканың үстiнде құрылған ауа массасының температурасы мен абсолюттiк ылғалдылығы төмен, мөлдiрлiгi жоғары болады, ал тропиктiк ауданда құрылған ауа массасының температурасы мен абсолюттiк ылғалдылығы жоғары, мөлдiрлiгi төмен болады. Ауа массасы Жердiң басқа облысына жылжығанда ол жерге өзiнiң ауа-райы режимiн алып барады және уақыт өтiсiмен өзгере бастайды – трансформацияланады.

Ауа массаларының географиялық және термикалық классификациясы ажыратылады. Географиялық құрылу жерiне байланысты ауа массасының негiзгi төрт түрi бар:

1) арктикалық ауа (АА), полярлық шеңберден жоғары Арктика бассейнiнде құрылады (оңтүстiк шарда – антарктикалық ауа);

2) қоңыржай ауа (ҚА), қоңыржай белдеу ендiктерiнде құрылады;

3) тропиктiк ауа (ТА), тропиктiк және субтропиктiк ендiктерде құрылады;

4) экваториалдық ауа (ЭА), экваториалдық аймақта құрылады.

Олар өз кезегiнде төселме беттiң түрiне байланысты теңiздiк және құрлықтық ауа болып екiге бөлiнедi.

Термикалық классификация бойынша ауа массалары жылы және салқын болып екiге бөлiнедi. Салқынырақ ауданнан жылы жерге басып кiрген ауаны салқын ауа массасы (СА) деп атайды Ол ауа массасы басып кiрген соң өзi төменгі жағынан бастап жылына бастайды. Сондықтан да температураның вертикальдi градиентi орнығып конвекция (жоғары өрлеу қозғалысы) дамиды, будақ сипатты бұлттар пайда болады.

Жылы ауданнан салқын жерге басып кiрген ауаны жылы ауа массасы (ЖА) дейдi (негiзiнен төменгi ендiктерден келедi). Олар жылу алып келедi, бiрақ өзi астынан бастап салқындайды. Сондықтан оның төменгi жағында температураның вертикальдi градиентi кiшi болып конвекция дамымайды, қатпарлы бұлттар немесе тұман басым болады.

Сонымен қатар бiр ауданда ұзақ уақыт тұратын жергiлiктi ауа массалары да ажыратылады. Оның қасиеттерi төселме беттiң ерекшелiгiмен және маусымға байланысты төменгі жағынан бастап қызу немесе салқындаумен анықталады. Жылы маусымда төселме бет қыза бастағанда конвекция дами бастайды, ал салқын маусымда төселме бет салқындай бастағанда конвективтiк алмасу әлсiрейдi.

35.Атмосфералық фронттарға түсініктеме беріңіз

Қасиеттерi әр түрлi екi ауа массасының арасындағы метеорологиялық өлшемдер секiрмелi түрде күрт өзгеретiн жiңiшке өтпелi алқапты фронтык аймақ (фронт) немесе фронтык беткей деп атайды. Фронт беткейi жер бетiне өте еңiс келедi, ұзындығы – мыңдаған километрге, енi – бiрнеше ондаған километрге дейiн созылады. Негiзгi географиялық ауа массаларының арасындағы шептердi негiзгi фронттар, ал бiр ауа массасының iшiндегi фронттарды екiншi фронт деп атайды. Арктикалық және қоңыржай белдеу ауа массаларының арасында – арктикалық фронт, қоңыржай мен тропиктiк ауа массаларының арасында – полярлық фронт орналасады. Ал тропиктiк және экваториалдық ауа массаларының арасында айқын фронт болмайды, ол ауа ағындарының бiрiгу (конвергенция) аймағы болып табылады. Негiзгi фронттардiң биiктiгi стратосфераға дейiн жетедi, екiншi фронттiкi – бiрнеше километр құрайды. Жылы және салқын ауа массаларының арасындағы фронт салқын ауаға қарай еңiс келедi. Егер, жылы ауа салқын ауаны ығыстырып келе жатса, олардың арасындағы фронттi жылы фронт деп, керiсiнше болса –салқын фронт деп ажыратады. Фронт беткейiмен жылы ауа көлбеулеп жоғары көтерiледi, нәтижесiнде iрi бұлт жүйелерi дамиды, жауын жауады. Фронттiң екi жағында пайда болатын iрi атмосфералық толқындар циклон немесе антициклонның құрылуына себепкер болады.