Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции СОПРМАТ на каз яз.doc
Скачиваний:
54
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.99 Mб
Скачать

2.6. Мүмкіндік курнеу. Беріктік қоры коэффициенті

Пластикалық материалдан жасалған конструкция элементтері, көлденең қималарындағы тік кернеу аққыштық шегіне жеткенде пластикалық деформацияға ұшырайды. Элементтерінің пластикалық деформациялануы контрукцияның жұмысшы параметрлерін өзгертіп, жұмыс істеу қабілетін ажыратуы мүмкін. Сондықтан, пластикалық материалдар үшін аққыштық шегі қауіпті кернеу болып саналады. Морт материалдардың қауіпті кернеуі, беріктік шегі Конструкция элементтері қызметін сенімді атқару үшін, оның көлеміндегі ең үлкен кернеу қауіпті кернеуден біршама кіші болуы қажет.Бұл кернеу келесі формуламен анықталады,

,

мұндағы: мүмкіндік кернеу деп аталып, элементтің сенімді қызмет атқару қабілетін сипаттайды; ал беріктік қоры коэффициенті деп аталып мүмкіндік кернеудің қауіпті кернеуден неше есе кіші екенін көрсетеді;-қауіпті кернеу. Кейінгі кездерде беріктік қорыкоэффициенті әр түрлі факторлардың әсерлерін ескеретін бірнеше құраушыларғажіктеліп, келесі түрде анықталады

(2.13)

Құраушылардың біріншісі материалдардың механикалық сипаттамаларының, сыртқы күштердің алдын-ала жобаланған шамаларынан ауытқуын ескерсе, екіншісі матереалдардың алыну технологиясын, механикалық өңдеу ерекшеліктерін т.с.с. ал үшіншісі температура, қоршаған орта сияқты жұмыс істеу шарттарын ескереді. Құраушы беріктік қоры коэффициенттерінің шамалары туралы бірыңғай шешім қабылданған. Машина жасау өндірісінде келесі мәндер ұсынылады: Жалпы түрде бір коэффициентпен есептелінген конструкция элементіне қарағанда, әр түрлі факторлар жеке ескеріліп есептелінген конструкция элементтері қызметті сенімді атқарады. Пластикалық материалдардың беріктік қоры коэффициенті шамамен ал морт материалдар үшінСозу диаграммасында аққыштық шегі байқалмайтын пластиқалық материалдарды мүмкіндік кернеуі келесі формуламен анықталады

Бұл материалдарда беріктік шектері аққыштық шектеріне

қарағанда шамамен үлкен болғандықтан, беріктік қоры коэффициенті

Морт материалдар үшін созу мүмкіндік кернеуі арқылы, ал сығу мүмкіндік кернеуіарқылы белгіленеді. Мұндай материалдардың сығуға қарсыласу қабілеті созуға қарағанда едәуір үлкен, яғни>. Пластикалық материалдар үшін>болғандықтан, мүмкіндік кернеу индексіарқылы белгіленеді.

Мүмкіндік кернеудің дұрыс анықталуы машина бөлшектерін қayinciз, сенімді қызмет атқаруын қамтамасыз етумен қатар, материалды үнемдеп тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Бірқатар материалдардың мүмкіндік кернеулері кітаптың соңындағы 4-таблицада берілген.

2.7. Созылған (сығылған) стерженьдерді бepiktikke есептеу typлеpi

Созылған (сығылған) стерженьді беріктікке есептеу үшін, оның көлеміндегі ең үлкен тік кернеуді материалының мүмкіндік кернеуімен салыстырады.

(2.14)

Бұл теңсіздік созылған (сығылған) стерженьдердің беріктік шарты деп аталады.

Морт материалдан жасалған стерженьдер созуға есептелгенде орнына, созылу мүмкіндік кернеуі , ал сызылғанда – сығылу мүмкіндік кернеуі қойылады.

Пластикалық материалдардың созу мен сығуға қарсыласу қабілеті бірдей болғандықтан .

Беріктік шартына сүйеніп, бірқатар инженерлік маңызды мәселелер шешіледі.

1. Стерженьнің беріктігін тексеру. Стерженьнің беріктігі беріктік шарты бойынша тексеріледі.

Ең үлкен тік кернеу мен мүмкіндік кернеудін арасындағы айырма 5% тен кем, не артық болмауы тиіс. Ауытқу шамасы 5% тен асса, стержень пластикалық деформацияға ұшырауы немесе қирап сынуы мүмкін. Ауытқу шамасынын 5% тен кем болуы, стерженьді жасауға арналған материалдың артық шығындалғанын көрсетеді.

2. Стерженьнің көлденең қима өлшемдерін анықтау (Жобалау есебі). Материалдың мүмкіндік кернеуі, сыртқы күш шамасы белгілі болса, беріктік шартына сүйеніп стерженьнің көлденең қима ауданын немесе оның өлшемдерін келесі теңсіздікпен анықтауға болады.

3. Стерженьнің жүк көтеру қабілетін анықтау. Көлденең қима өлшeмдepi мен материалының мүмкіндік кернеуі белгілі болса, берілген стерженьнің жүк көтеру қабілеті келесі теңсіздікпен анықталады