- •1. Кіріспе
- •1.1. Материалдар кедергісі ғылымының негізгі ұғымдары
- •1.1-Сурет
- •1.2.«Материалдар кедергісі» пәнінде қабылданатын жорамалдар
- •1.3. Сыртқы kyшtep
- •1.2-Сурет
- •1.4. Деформация мен орын ауыстыру
- •1.3-Сурет
- •1.5. Қию әдісі
- •1.4-Сурет
- •1.6. Кернеу
- •1.5-Сурет
- •1.6-Сурет
- •2. Созылу мен сығылу
- •2.1. Бойлық күш
- •2.1-Сурет
- •2.2. Кернеу
- •2.2-Сурет
- •2.3-Сурет
- •2.3. Деформация мен орын ауыстыру
- •2.4Сурет
- •2.4. Ауырлық күші әсері
- •2.5. Материалдар қасиеттерін тәж1рибе жү31нде зерттеу Негізгі түсініктер
- •Созу диаграммалары
- •2.6. Мүмкіндік курнеу. Беріктік қоры коэффициенті
- •2.7. Созылған (сығылған) стерженьдерді бepiktikke есептеу typлеpi
- •2.8.Сырқы және ішкі күштердің жұмысы. Созу (сығу) деформациясының потенциялық энергиясы
- •3. Ығысу
- •3.1. Ішкі kyштер
- •3.2. Таза ығысу
- •4. Бұралу
- •4.1. Бұраушы момент
- •4.1-Сурет
- •4.2-Сурет
- •4.2. Кернеу мен деформация
- •4.3-Сурет
- •4.4-Сурет
- •4.3. Бұралған біліктерді беріктік пен қатаңдыққа есептеу
- •4.5-Сурет
- •0,096 Ммм.
- •4.4.Бұралу деформациясының потенциялық энергиясы
- •5. Қималардың геометриялық сипттамалары
- •5.1. Негізгі түсініктер
- •5.2. Қималардың статикалық momehttepi
- •5.3-Сурет
- •5.3. Қималардың инерция momehttepі
- •5.4.Параллель өстерге қарағанда инерция моментерінің арасындағы тәуелділік
- •5.4-Сурет
- •5.5.Бұрылған өстерге қарағандағы инерция моменттерінің арасындағы байланыс
- •5.5-Сурет
- •5.6. Қарапайым қималардың инерция momehttepi
- •5.7. Инерцияның бас өctepi, бас momehttepi
- •6. Жазық иілу.
- •6.1.Негізгі tycihiktep
- •6.1-Сурет
- •6.2Tірек түрлері
- •6.2-Сурет
- •6.3. Жанама күш пен ию momehtі
- •6.2-Сурет
- •6.3-Сурет.
- •6.4.Таралған күштің қарқындылығы, жанама күш, ию моменті араларындығы дифференциалдық байланыс
- •6.4-Сурет
- •6.5.Жанама күш пен моментінің эпюрлерін тұрғызу
- •6.5-Сурет
- •6.6.Tik кернеуді анықтау
- •6.6-Сурет
- •6.7-Сурет
- •6.7. Tik кернеу бойынша бepiktikke есептеу шарты
- •6.8 -Сурет
- •7. Орнықтылық
- •7.1. Негізгі түсініктер
- •7.1-Сурет
- •7.2. Аумалы күш. Эйлер формуласы
- •7.1-Сурет
- •7.3. Tipek түрлерінің аумалы күш шамасына әсері
- •8. Динамикалық kyшtep
- •8.1. Негізгі tycihiktep
- •8.2. Бірқалыпты үдемелі қозғалыстағы машина бөлшектерін беріктікке есептеу
- •8.3. Соғылған машина бөлшегін беріктікке есептеу
- •Оқулықтар тізімі
- •Мазмұны
1.2-Сурет
т. б. күштерге бөледі. Кинетикалық энергиясы бар қозғалыстары дененің екінші бip денеге соқтығысуы арқылы берілеін күшті соққы күш деп атайды. Машина бөлшектеріне уақытқа тәуелді, периодты түрде қайталанып түсетін күштерді айнымалы - қайталанбалы күштер деп атайды (I. 2, а – сурет).
Жалпы жағдайда күш уақытқа тәуелді күрделі заңдылықпенөзгеруі мұмкің (I. 2, б-сурет).
1.4. Деформация мен орын ауыстыру
Қандай дене болмасын сыртқы күш әсерінен өздерінің өлшемдері мен формаларын өзгертеді, деформацияланады.
Дененің сызықты өлшемдерінің өзгеруі сызықтық деформация, ал бұрыштық өлшемдерінің өзгеруі бұрыштық деформация делінеді.
Деформация нәтижесінде дененің сызықтық өлшемінің өcyi – созылу (ұзару), ал кемуі – сығылу (қысқару) деп аталады.
Деформация материалдың атомдарының ара қашықтықтарының өзгеруі мен атом блоктарының орын ауыстыруы салдарынан туады. Оның табиғатын толық зерттеп білу үшін, жазық дененің кез келген нүктесінің жанынан өзара перпендикуляр АВ, СA түзулерін алайық (I. 3, а-сурет).
Дене деформацияланғанда АС түзу сызығы шамасына ұзарады (I. 3, б-сурет). Оның орташа сызықтық салыстырмалы деформациясы келесі формуламен анықталады.
(1.01)
1.3-Сурет
Бұл қатынастың бөліміндегі АС кесіндісінің ұзындығы нөлге ұмтылғандағы шегі, А нүктесіндегі толық салыстырмалы деформацияны аныктайды
. (1.02)
Енді бұрыштық деформацияны қарастырайық. Деформацияға дейінгі ВАС тікбұрышы мен деформациядан кейінгі В'А'С сүйір бұрышының арасындағы айырма берілген нүктенің бұрыштық деформациясын сипаттайды.
Сонымен күш түскен дененің кез келген нүктедегі деформациясы сызықтық салыстырмалы және бұрыштық деформациялармен сипатталады. Денеде пайда болған сызықтық және бұрыштық деформациялар сырттан әсер етуші күш жойылғанда толық жойылуы немесе жойылмауы да мұмкін. Сыртқы күш әсері жойылғанда, денедегі деформация да жойылса, ондай деформацияны серпімді деп, ал деформация толық жойылмай қалса, онда қалдық деформацияны пластикалық деформация деп атайды. Егер дененің бекіту шарттары мен нүктелеріндегі деформацияның шамасы белгілі болса, онда кез келген нүктенің деформациядан кейінгі орнын, яғни орын ауыстыру шамасын анықтауға болады. Машина бөлшектері серпімді деформацияланғанда ғана, олардың жұмыс істеу қабілеті қамтамасыз етіледі. Сондықтан, нүктелердің ең үлкен орын ауыстыру шамасы белгілі бip мүмкіндік шамадан аспауы керек. Мұндай шарт теңсіздік ретінде көрсетіліп, қатаңдық шарты деп аталады.
1.5. Қию әдісі
Құрылыста немесе машина өндірісінде қолданылатын конструкциялық материалдар атомнан тұратыны, ал атомдар өзара атомдық күшпен байланысып тепе-теңдік күйде болатыны физика курсынан мәлім. Материалдардың беріктігі, атомдардың атомдық күш шамасына байланысты. Атомдық күш неғұрлым үлкен болса, материал солғұрлым берік, кіші болса – осал. Сыртқы күш әсерінен денеде атомдық күш қандай да бip қoсымша шамаға өзгереді. Бұл қосымша шама, материалдар кедергісі ғылымында ішкі күш деп аталып, конструкция элементтерінің сыртқы күш әсеріне қарсыласу қабілетін кескіндейді.
Сондықтан, «Материалдар кедергісі» пәнінде атомдық күш емес, тек ішкі күштердің өзгеру заңдылығы зерттеледі ішкі күштің өзгеру мөлшері сыртқы күштің өзгеру мөлшерімен тең болғанда ғана, конструкция элементтері жұмыс істеу кабілеті мен тепе-теңдік күйін сақтайды.
Ішкі күштерді табу үшін қию әдісі қолданылады. Бұл әдіс – “Дене тепе-теңдік күйде тұрса, онда оның кез келген бөлігі де тепе-теңдік