Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
23_01_13_Akparattyk_ekonomika_O_1240_K_2012.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.37 Mб
Скачать

Дәріс №5

Трансформация экономика жүйесіндегі ақпаратты зерттеу. Ақпараттық экономиканың қайшылықтары. Ақпараттық технологиялар.

Дәріс мақсаты: Ақпараттық экономиканың қайшылықтарын түсіндіру.

Дәріс жоспары:

1.Экономикалық ақпарат жанды еңбектің пәні ретінде.

2.Экономикалық ақпарат қосымша пайда көзі ретінде.

3.Экономикалық ақпарат еңбектің тауары мен өнімі ретінде.

Экономикалық ақпарат жанды еңбектің пәні ретінде экономикалық қызметтің объектілерін мен субъектілерінде көрініс табады. Шынайы экономикалық өмірде түрлі тұрмыстық үрдістерге өздігінен айналып, бөлінеді. Ол білім деңгейі мен біліктіліктің субъективті факторы ретінде, жанды еңбек заттық факторына айналған заттық фактор ретінде қағаз және электрондық тасығыштар түріндегі экономикалық ақпараттың ағымы ретінде шығады.

Экономикалық ақпарат қосымша табыс көзі ретінде, жасанды интеллекттің түрлі құрылымдарына айналдырумен байланысты. Мұнда ең бастысы, экономикадағы ақпараттық технологиялар, компьютерлік және телекоммуникациялық жүйелер, автоматтандырылған мәліметтер банкі және білім қоры және т.б. кіреді.

Экономикалық тауар еңбектің тауары мен өнімі ретінде, біртұтас табиғи және біртұтас жасанды күштің бірлесу нәтижесінде алынған біртұтас өнім ретінде танылады. Себебі, біртұтас табиғи күш пен біртұтас жасанды күш өзіне экономикалық ақпаратты қабылдайды.

СУБСТРАТ немесе түрлі әлеуметтік-тұрмыстық жағадйлардың экономикалық негізі ретінде ерекше экономикалық ақпарат танылады. Сонымен, субстрат суперсубстанцияға негізделе отырып, оның маңызды ерекшелігі болып табылады.

Экономикалық ақпарат субстрат түрінде тек материалдық өндірісті ғана емес, сонымен қатар материалдықпен симбиозда бола тұрып, рухани өндірістің даму негізі болып табылады. Қазір және болашақ тұрмыстық даму практикасы экономикалық ақпарат құрылымында бірінші және басты орынға оның зияткерлік рухани жағы алға шыққан экономикалық ақпараттың әсер ету көрсеткіштері ретінде тауарлардың жаңа идеясына айналған жоғары неотехнологиялар және НОУ-ХАУды асыра бағалау қиын.

Қоғамдық өндірістің материалдық сипаты объективті және потенциалды экономикалық ақпарат түрінде беріледі. Қоғамдық өндірістің рухани сипаты субъективті және актуалды экономикалық ақпарат түрінде беріледі. Бірінші жақындастықтаэкономикалық ақпараттың материалдық және идеалдық құрылымында орын алатын, жалпы жағдайлар мен ерекшелік қасиеттерін анықтау және белгілеу керек. Бірақ идеалды және материалды ақпарат арасында принципиалды қарама-қарсылықтар бәріне мәлім болғанымен, ішкі түрлерінің кейбір ерекшеліктері бар. Бастамасыз-шексіз және мәңгі жалпы ақпарат түрлерін экономикалық ақпарат негізіндегі жалпы жағдайларына жатқызуға болады. Екіншіден, экономикалық ақпарттың барлық түрі түрлі тұрмыстық пішімдерге өзгеріп, айналады.

Алғашқыда, экономикалық ақпараттың объективті және потенциалды экономикалық ақпарат арасындағы ерекшелік қасиеттерін орнату қажет. Ерекшеліктеріне қарағанда, арасында ұқсастықтары көп екенін атап өту керек. Ғылыми әдебиеттерде де олардың арасындағы ерекшелік жайлы айтылмайды және теңдестік түрінде қарастырылады. Сонымен қатар, кейбір жайттарды белгілейік. Объективті-экономикалық ақпарат келесіні көрсетеді: біріншіден, экономикалық кеңістікте қатысқан табиғи ортада қызмет ететін және ақпаратқа айналған, өндірістік және тұтынушылық күш қоғамында, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар кешенінде, тұрмыстық жүйелердің экономикалық қызығушылықтар мен қарама-қайшылықтар жүйесінде және басқа да тұрмыстық құралымдарда; Екіншіден, индивидке қатысты сыртқы ақпаратты барлық өндірістік үрдістерге жұмылдыру; Потенциялды экономикалық ақпарат - объективті-экономикалық ақпараттың уақытша жүзеге аспайтын және көрінбейтін тұрмыстық өндірістің құралдары мен көрсеткіштеріне айналған бөлігі.

Экономикалық ақпараттың субъективті және актуалды арасындағы ерекшелік қасиеттері адамдардың ойлау-психологиялық үрдістері мен зияткерлік-шығармашылық қызметінің ерекшелігімен байланысты. Субъективті-экономикалық ақпарат – тұрмыстық жағынан ойлау стилі, индивидттің (персонал) ойлау және психологиялық қызметімен түрленген, экономикалық ақпарат кешені. Субъективті-экономикалық ақпарат адаммен жинақталған ішкі эндогенді білім, тәжіребие, оның білімі, біліктілік пен зияткерлік және шығармашылық потенциясын сақтауға ұмтылған бағытты көрсетеді. Субъективті-экономикалық ақпарат тұрмыстық үрдістердің жанын білдіреді деп айтуға болады. Өзекті экономикалық ақпарат – тұрмыстық іске асырушылық үрдісінде потенциалды экономикалық ақпаратқа айналатын және потенциалды экономикалық ақпаратты алу және оны қайтадан өзектіге айналдыруға бағытталған субъективті-экономикалық ақпарат.

Сонымен, тұрмыстық жағынан іске асырушылықтың экономикалық-нарықтық саласында экономикалық ақпарат жалпы ақпараттан бөлінеді. Экономикалық ақпарат – тұрмыстық түрліліктің бейнесі және экономика-нарықтық үрдістердің анықсыздық шарасы. Негізінде, экономикалық ақпарат ақпараттың бір бөлігі бола тұрып, сол қасиеттермен ерекшеленеді. Бірақ олардың әлеуметтік-экономикалық үрдістерге әсер ету ерекшелігі, экономикалық ақпаратқоғамдық-өндірістік қатынастарды шығаратынынан байқалады. Экономикалық ақпарат қасиеттеріне мыналар жатады: қартаю, интегралдау, қайталану, түрлену, анықсыздықтың азаюы, экономикалық-нарықтық жағдайлардың көрініс табуы, өндіруші мен тұтынушының қызғушылықтарын қанағаттандыру, баға, тұтынушылық бағасы, семантика, синтаксис, прагматика, және екіжүзділік.

Экономикалық ақпараттың қосарлылығы бір жағынан, көрсетілген қызметтер мен табиғи-заттық қарапайым тауар бағасына кіретін ақпараттық еңбектің заты мен өнімінен құрылады. Экономикалық ақпараттың бірінші жағы бухгалтерлік, оперативті және статистикалық есептеу, сонымен қатар фирмалар қызметінің жақын арадағы және келешектегі болашағы ретінде көрінеді.

Бір жағынан, патент, лицензия, коммерциялық, ғылыми банктік ақпарат түрінде келген экономикалық ақпарат нарықта жеке тауарға айналады. Экономикалық ақпараттың өзіндік сату және сатып алудың заты ретінде танылады. Қысқаша айтқанда, экономикалық ақпараттың қосарлы болу себебі, ақпараттық капиталдың жиынды ауыспалы айналымына байланысты, ол екі түрлі сапада көрсетіледі: тауар ақпарат түрінде және ақпарат туар түрінде.

Сонымен, ақпараттық экономика материалдық өнім, энергетикалық және еңбек қорларына айналып, басқару, білім, еңбек тәжіребиесі, тауар және қызметтердің үлкен көлемді түрлерін, өндіріс, жинақтау, ауысым, тарату, тұтыну, өндірісітің көліктік және көліктен кейінгі құралдар, ауысымды-табиғи және ақпараттық-ауысымды капитал және т.б білдіреді.

Ақпараттық технологиялардың қолданылуы Қазақстан экономикасы үшін маңызды орынға ие болып келе жатыр. Осыған дәлел ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа кезең – жаңа экономика» лекциясынан үзінді келтіруге болады:

«...Инновациялық процестердің айтарлықтай жеделдеуінде ақпараттық экономика немесе ақпараттық дәуір экономикасы секілді ұғымның нақты, катаң мәніндегі жаңа экономика процестердің интенсивті дамуы қуатты серпін болды. Барлық салаларға ақпараттық технологияларды енгізу көлемі мен қарқыны және олардың экономикаға ықпал ету аукымы өте елеулі болып отыр.

 Нақ ақпараттық құрамдастық жаңа экономикаға жаһандық барлық жерге кірігушілік сипат бере отырып, оның жеделдеткішіне айналды. Интернет-технологияларды қолдану жетекші фактор болды. Әсіресе электрондық сауда-саттықтың өсу қарқыны айқын сезіледі. Мысалы, соңғы жылдары БСҰ-ға мүше елдерде оның көлемі жыл сайын бес есеге ұлғайып, 327 миллиард доллардан асып түсті.

Соңғы 10 жылда ғылымды көп қажет ететін өнімнің өсімі 80 миллиард долларды құрағанына қарамастан, бұл салаға инвестициялар көлемі артуда. Осы факторды жете бағаламаушылық келеңсіз салдарға соқтыруы мүмкін. Мәселен, Жапония 1990-шы жылдары ақпараттық технологияларда артта қалғандықтан әлемдік экономикалық көшбасшы жағдайынан айырылды. Әу баста үлкен табыстарға байланысты нағыз шулыған туғызған бүл бизнес енді калыпты арнаға түсіп отыр. Осы процеске кіретін Қазақстанға дамыған елдердің тәжірибесін ескеріп, оған белсене интеграциялануы қажет. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды да. Мәселен, 1998 жылы интернетке 885 абонент косылса, 2003 жылы 184,9 мың қосылған — 209 есе орасан қауырт артқан. Бұған қоса интернетті пайдаланушылар көбеюіне қарай оның трафигі де ұлғайған. Мысалы, егер 2001 жылы ол 359,5 миллион минөтпен есептелсе, 2002 жылы 684,9 миллион минөтке жеткен. Қазір бүл көрсеткіштер әлдеқайда өскен.     

Электрондық пошта көлемі шұғыл ұлғайды. Бүл мүмкіндіктер әлі әлдеқайда өседі. Мәселен, қазірдің өзінде "Шанхай-Франкфурт" шыны-талшықты супермагистральдің казақстандық бөлігі жөне оның Орал арқылы Ресейге кететін тармағы іске қосылған. Елдің барлық өңірінің интернетке жоғары жеделдікпен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалпы республикалык шыны-талшықты шеңберлі желі жасалуда. НАТО-ның "Бейнелік Жібек жолы" жобасы бойынша елдің интернетке жеңілдікпен жоғары жеделдікте кірігетін жоғары оку орындары мен ҒЗИ-лерінің біртұтас ғылыми-ағартушылык. желісі интенсивті түрде қалыптастырылып жатыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]