- •Мазмұны
- •Силлабус
- •2.Пән туралы мәліметтер
- •4.Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
- •5. Оқу пәнінің сипаттамасы
- •5.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
- •5.2 Оқытылатын пәннің құзіреттілігі
- •5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары
- •6. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •7 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •8 Оқу пәнінің саясаты
- •Глоссарий
- •Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •1.Сигнал ұғымы және модельдері
- •2. Детерминдендірілген сигналдардың көрсетілу формалары
- •1 Сурет- Кездейсоқ процесстердің жүзеге асуы
- •2 Сурет - Кездейсоқ бастапқы фазалы гармоникалық сигналдың орындалуы.
- •3 Сурет – Кездейсоқ телеграфты сигналдың графигі.
- •3. Кездейсоқ процесстің ықтимал сипаттамалары.
- •4. Кездейсоқ өлшемдердің біркелкі үлестіру.
- •5. Кездейсоқ биіктіктерді дұрыс анықтау
- •1.Өлшеу жиілігі
- •2. Дәлдік бағасының критерийі
- •1. Көбірек ауытқу критерийі
- •3. Базистік функциялар
- •4. Жақындау принципі.
- •Котельников теоремасы бойынша санақ шығарудың жиілігін таңдау.
- •1. Үздіксіз хабарлама көзі ақпараттық сипаттамалары
- •2. Үздіксіз байланыс каналдарының ақпараттық мінездемесі
- •Тиімді кодтау туралы түсінік
- •Шеннонның канал кедергісіз арна үшін кодтаудың негізгі теоремасы.
- •Сызықты кодтарға математикалық кіріспе
- •Циклдық кодтарға математикалық кіріспе
- •4.Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Оқушының оқу материалының қандай деңгейде меңгергенін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар мен тапсырмалар
- •Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары
- •Зертханалық жұмыс №1 Ақпаратты өлшеу әдістері. (4 сағат)
- •Зертханалық жұмыс №2.Шартты энтропия мен қосылмалы энтропияны анықтау. (4 сағат).
- •Лабораториялық жұмыс №3.Сигналдар. Генерация, түрлендіру және талдау.(4сағат)
- •Зертханалық жұмыс №5 (2сағат).Ақпаратты жіберу жылдамдығы мен байланыс каналының өткізу қабілетін анықтау.
- •Зертханалық жұмыс №8. Ақпаратты кодтау. Шеннон-Фано, Хаффмен кодтары(4 сағат)
- •1. Әсерлі кодтау
- •Бақылау сұрақтары.
- •Білім алушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •1 Мысал.
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
- •Ағымдық бақылау материалдары Ағымдық бақылауға арналған өз-өзін тексеру тест сұрақтарының нұсқасы
- •Аралық бақылауға арналған материалдары
- •Қорытынды бақылауға арналған материалдар
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені |
Басылым: төртінші |
Мазмұны
1 |
Типтік оқу бағдарламасы |
3 |
2 |
Силлабус(оқу жұмыс бағдарламасы) |
7 |
3 |
Глоссарий |
17 |
4 |
Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар |
19 |
5 |
Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары |
110 |
6 |
Өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар |
125 |
7 |
Ағымдық,аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар |
135 |
8 |
Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі
|
146 |
Силлабус
1.Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі: Мизамова Қорлан Ислямқызы «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылыми кандидаты, аға оқытушы.
Байланыс телефоны: тел.709500, 34601
Е-mail:korsakar@mail.ru,
Ғылыми мектебі : С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университет (КазГУ) Алматы каласы; э.ғ.д., профессор С.Б.Байзаковтің жетекшілігіндегі Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеттің информатика және қолданбалы экономика кафедрасының экономикалық-математикалық секциясы.
Ғылыми қызығушылықтары: өндірістік жүйелерді моделдеу, жергілікті бюджеттің қаржы-экономикалық моделін онтайландыру, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару, басқарудың ақпараттық жүйелері, ақпараттық технологиялар, басқарудың автоматтандыруы, е-үкімет.
2.Пән туралы мәліметтер
Пәннің атауы және коды Қолданбалы ақпараттар теориясы,
пән коды KAT 3303
Кредиттер саны кредиттер саны - 3
Пәнін өткізу уақыты мен орны: 3 курс, 5 семестр, сабақ кестесіне сәйкес.
Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
Сабақ түрі |
Сағаттардың жалпы саны |
Күзгі семестр |
Көктемгі семестр | ||
Аптасына |
Барлығы |
Аптасына |
Барлығы | ||
Дәріс |
30 |
2 |
30 |
|
|
Тәжірибелік сабақ |
|
|
|
|
|
Семинарлық сабақ |
|
|
|
|
|
Зертханалық сабақ |
30 |
2 |
30 |
|
|
Студиялық сабақ |
|
|
|
|
|
БӨЖ |
90 |
6 |
90 |
|
|
4.Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер:Жоғары математика І,ІІ; Информатика.
Постреквизиттер: Студенттің «Қолданбалы ақпараттар теориясы» курсынан алған білім және машықтар «Ақпаратты қорғаудың әдістері мен қүралдары», «Криптография», «Объектті-бағдарлық бағдарламау», «Сигналдарды цифрлы өндеу»,«Басқару жүйелерін жобалаудың автоматтандырылған », пәндерінде қолданылуы мүмкін.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
Қолданбалы ақпараттар теориясы. Бүгінде ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді автоматтандыра алатын компьютер мен басқа техниканың пайдаланылмайтын саласын адамзат қызметінде табу тиіс.
Ақпаратпен алмасуды тиімді ұйымдастыру – қоғамды толық ақпараттандыру жайында үлкен мәнге ие. Оның дұрыс жұмыс істеуіне керекті ақпарат көлемі – шамамен, күштері дамуының квадратына пропорционал өседі. Ақпарат айналымының барлық автоматтандырудың әдістерін қолдану экономиканың жұмыс істеуінің эффектілігін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді. Осы жағдайда жинау , берілгендерді өңдеу жүйелері ерекше мәнге ие болады. Олар әртүрлі технологиялық процесстерді басқарудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Берілгендерді жинаудың, жіберудің өңдеу мен сақтаудың көптеген мәселелерін шешу ақпараттар теориясы негіз болып табылады, яғни ақпаратты басқару жүйелерін құруға сәйкес жабдықтарды ұсынады.
Бұл курс үш бөліктен тұрады. Біріншісі ақпараттың сандық бағасына арналған, екіншісі сигналдардың аналогтыға,аналогты сигналдардың дискреттіге ауысуына, үшіншісі ақпараттардың кодталуына арналған.
Оқу пәнін оқыту мақсаты
- ақпаратты өңдеу және тасымалдау, жинау жабдықтары және әдістері арқылы ақпараттар теориясының қажетті теориялық негізін студенттерге үйрету;
- хабарды сигналға түрлендіру кезінде болатын және оны арналар мен байланыс сызықтары арқылы жіберетін негізгі үдерістермен студенттерді таныстыру;
- ақпаратты жинау, өңдеу мен тасымалдау жүйелерін құру жалпы сұрақтарын студенттердің меңгеруі;
- ақпаратты өңдеу мен тасымалдау, типтік жинау жүйелерін теориялық және экспериментті машықтарын тәжірибе түрінде қалыптастыру.