Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tezistik_lektsiya_konspektileri.doc
Скачиваний:
265
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Қорытынды:

Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың маңыздылығы мен мәнін ашып көрсету нақты есеп берудің кепілі. Статистикалық топтау ерекшелігін оқу және оның түрлерінің ерекшеліктерін айыра білу де маңызды мәселелердің бірі. Жоғарыда көрсетілгендерді нақты білу осы тақырыптың қорытынды түйіні болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің екінші сатысы жинақтау және топтауға аса назар аудару қажет. Жинақтау және топтаудың түрлерінің ерекшеліктерін жете білу керек. Олардың әрқайсысын нақты білу үшін, әдебиеттердегі осы тақырыпты салыстырып оқу қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

  2. Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

  3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

  4. Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

  5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

  6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979

  7. Ряузов Н.Н. «Практикум по общей теории статистики». М. 1979

  8. Рожков В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988

  9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

  10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

  11. Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

  12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Мәліметтерді жинақтау және оның түрлерін түсіндір.

  2. Топтаудың түрлері және негізгі міндеттері, деңгей аралығын қалай анықтайды?

  3. Қайта топтау және оның тәсілдерін түсіндір.

  4. Статистикалық таратпалы қатарлар және оның элементтері туралы не білесің?

  5. Статистикалық мәліметтерді жинақтау деген не?

  6. Статистикалық топтау әдісі дегеніміз не?

  7. Жай жинақтау дегеніміз не?

  8. Күрделі жинақтау дегеніміз не?

  9. Қайта топтау дегеніміз не?

  10. Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

  11. Статистикалық топтау дегеніміз не?

  12. Бір үлгідегі (типтік) топтау және оның мақсаты.

  13. Құрылымдық топтау және оның негізгі мақсаты.

  14. Талдаулық топтау, оның мақсаты.

  15. Жай топтау дегеніміз не?

  16. Статистикалық кесте құрастыру ережелері мен оның негізгі бөлшектеріне сипаттама бер.

  17. Статистикалық кесте дегеніміз не?

  18. Статистикалық кестенің үлгісі (макеті) дегеніміз не?

  19. Жай кесте дегеніміз не?

  20. Құрама кесте дегеніміз не?

  21. Топтық кесте дегеніміз не?

  22. Тізімдік жай кесте дегеніміз не?

  23. Аймақтық жай кесте дегеніміз не?

  24. Хронологиялық жай кесте дегеніміз не?

Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары:

1. Сатистикалық мәлеметтерді жинақтаудың негізгі мақсаты ол:

А) Жиынтық бірліктерді түрлерге бөлу.

В) Жиынтық бірліктерін топқа бөлу.

С) Жиналған мәліметтерді зерттеу.

Д) Статистикалық бақылаудың нәтижесін зерттеу.

Е) Статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

2. Жай жинақтау ол:

А) Жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.

В) Мәліметтерді жинау.

С) Статистикалық талдау жасау.

Д) Құрылымдылық талдауды анықтау.

Е) Құбылыстарды зерттеу.

3. Күрделі жиынтық ол:

А) Мәліметтерді жинау.

В) Статистикалық талдау жасау.

С) Құрылымдылық талдауды анықтау.

Д) Алдын-ала жиналған бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ бойынша сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін шығаруы.

Е) Құбылыстарды зерттеу.

4. Статистикалық талдау әдісі ол:

А) Жиынтық белгілерді түрге болу.

В) Құбылыстар мен процестерді өздеріне тән белгілеріне, ұқсастығына, түрлеріне сәйкес бір-біріне ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуі.

С) Құрылымдылық талдауды анықтау.

Д) Жиналған мәліметтерді зерттеу.

Е) Бастапқы мәліметерді жинақтау.

5. Қайта топтау ол:

А) Қоғамдық процестерді топтау.

В) Жиынтықтарға қорытынды жасау.

С) Алғашқы топтастырылған топтың көрсеткіштерді жаңа топтарға өзгерту әдісі.

Д) Құбылыстарды зерттеу.

Е) Топтарды құрамдас бөліктеріне бөлу.

6. Жиілік деп:

А) Әр топты варианттық көрсеткіші.

В) Жинақталған көрсеткіштер.

С) Әр топты варианттық 1-ші көрсеткіші.

Д) Статистикалық талдауға бөлу.

Е) Әр топты варианттық сандық көрсеткіштерін, яғни сол варианттың өз қатарында қаншалықты қайталануын көрсететін көрсеткіштердің және мәндері.

7. Сатистикалық кесте дегеніміз не:

А) Сызықтардың бір-бірімен қиылыспауы.

В) Диаграмманың сызықтары.

С) Көлденең сызықтар.

Д) Тік сызықтар.

Е) Көлденең және тігінен сызылған сызықтардың бір-бірімен сәйкесті қилысуы.

8. Статистикалық кестенің бастауышы дегеніміз не:

А) Зеріктелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистикалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері.

В) Кестенің жолдары.

С) Кестенің көлденең сызықтары

Д) Кестенің қорытынды байланысы.

Е) Кестенің тік сызықтары.

9.Статистикалық кестенің баяндауыш дегеніміз не:

А) Кестенің көлденен сызықтары

В) Кестенің қорытынды жолдары

С) Кестенің бағанасы

Д) Кестенің тік сызықтары

Е) Зеріктеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]