Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tezistik_lektsiya_konspektileri.doc
Скачиваний:
265
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Қорытынды:

Тақырыпты қорытындылайтын болсақ, жоғарыда көрсетілген орташа шамалардың және өзгерменің көрсеткіштерінің формуласының қайсы түрін қолдану керек екендігін нақты анықтау үшін олардың мәні мен ерекшеліктерін талдай білу қажет. Олардың статистикалық есеп жүргізу барысында маңыздылығын анықтап, қажет кезінде керектісін таңдау керек. Орташа шамалар мен өзгерменің көрсеткіштері статистикалық есептің қорытынды және маңызды бір бөлігі болып табылады.

Дәріске әдістемелік нұсқау:

Дәрістің тақырыбымен жұмыс жасау барысында статистикалық зерттеудің үшінші кезеңінде қолданылатын орташа шамалардың және өзгерменің көрсеткіштерінің маңыздылығын ашу қажет. Олардың түрлерінің әрқайсысын нақты білу үшін және ерекшеліктерін талдау үшін әдебиеттердегі осы тақырыптарды тереңдетіп оқу қажет.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Громыко Г.Л. «Статистика». Издательство МГУ, 1976

  2. Гольдберг А.М., Козлов В.С. «Общая теория статистики». М. 1997

  3. Елисеева И.И., Юзбашев М.М. «Общая теория статистики». М. Финансы и статистика, 1996

  4. Ефимов М.Е., Рябцев В.М. «Общая теория статистики». М. 1991

  5. Левин А.Е. «Статистика». М. 1984

  6. Ряузов Н.Н. «Общая теория статистики». М. 1979

  7. Ряузов Н.Н. «Практикум по общей теории статистики». М. 1979

  8. Рожков В.С. «Автоматизированные системы обработки экономической информации». М. 1988

  9. Рябушкин Т.В., Ефремов М.Р. «Общая теория статистики». М. 1981

  10. Сураганова С.К. «Общая теория статистики». Астана. 1998

  11. Шмойлова Р.А. «Практикум по теории статистики». М. Финансы и статистика, 2000

  12. Ызғарбек Әміре-ұлы «Статистиканың жалпы теориясы». Алматы. Экономика, 1998

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Орташа шаманың мәні мен маңызы және оның негізгі қасиеттері туралы түсініктеме бер.

  2. Статистикада орташа шаманың қандай түрлері қолданылады?

  3. Арифметикалық орташа шама, оның түрлері, қолданылуын түсіндір.

  4. Үйлесімдік (гармоникалық) орташа шама, оның түрлері және статистикада қолданылуы.

  5. Мода мен медиананың анықтамасын, есептеу жолдарын, қолданылуын түсіндір.

  6. Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оның түрлеріне не жатады?

  7. Статистикалық әзгерме дегеніміз не?

  8. Өзгерменің өрісі дегеніміз не?

  9. Орташа сызықтық ауытқу деген не?

  10. Орташа шаршылық ауытқу деген не?

  11. Өзгерменің коэфиценті деген не?

  12. Шашырандының түрлері және қосу ережесін керсет.

Оқылған материалдарды бекітуге арналған тест сұрақтары:

1.Орташа шама дегеніміз:

А) Біртектес жиынтықты белгілі бір жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшерін, яғни біртектсе жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын белгісінің барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасы.

В) Статистикалық мәліметтерді көрсетуі.

С) Статистикалық зерттеуді көрсету.

Д) Статистикалық үилесімді көрсету.

Е) Статистикалық жиынтықты айтады.

2. Арифметикалық орташа шама ол:

А) Салыстырмалы қатысты көрсеткіші.

В) Статистикалық зерттеудің көрсеткіші.

С) Кему процесінің көрсеткіші.

Д) Нақты шамалар.

Е) Жалпы жиынтықтағы өзгермелі белгілердің жеке мәндерінің қосындысы болған жағдай.

3. Арифметикалық орташа шаманың жай түрі ол:

А) Нақты шамалар.

В) Өзгермелі белгілердің мәндерін бір-біріне қосып, одан шыққан қосындыны белгінің санына бөлген.

С) Қатысты шамалар.

Д) Нақты көрсеткіштер.

Е) Қатысты көрсеткіштер.

4. Арифметикалық орташа шаманың формуласы:

А) Хорт=∑Хn/n

В) Хортn/n

С) Хорт= n-1/∑Хn

Д) Хорт=∑Х/n

Е) Хорт=∑Хn-1/n

5. Арифметикалық орташа шаманың санақталған түрі ол:

А) Арифметикалық орташа шама.

В) Геометриалық орташа шама.

С) Егер жиынтықтың әрбір белгісі бір рет емес, бірнеше рет

қайталанатын болса, яғни жиілік бірліктерінің саны берілген болса қолданылуы.

Д) Берілген көрсеткіш тобы.

Е) Үйлесімдік орташа шама.

6. Арифметикалық орташа шаманың салмақталған түрінің формуласы:

А) Хорт=∑Хf/∑f

В) Хорт=Хf/f

С) Хорт= f/Хf

Д) Хорт=f/n

Е) Хорт=n/∑f

7. Үйлесімділік орташа шама ол:

А) Статистикалық қатар.

В) Арифметикалық орташа шама

С) Нақты өзгерістер

Д) Қатысты өзгерістер

Е) Бұл арифметикалық орташа шаманың және өзгертілген түрі.

8. Үйлесімдік орташа шаманың формуласы:

А) Хорт=∑Х/n

В) Хорт=n/∑1/Х

С) Хорт= n/∑Х

Д) Хорт=n/Х

Е) Хорт=∑Хn/n

9. Мода дегеніміз не:

А) Статистикалық қатар.

В) Статистикалық қатардың ең үлкен шамасы.

С) Көрсеткіштер.

Д) Статистикалық қатардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасын айтады, яғни өздерінен сандық қатарда жиеліктің үлкен мәні жатқаны белгілі.

Е) Статистикатық көрсеткіштер.

10. Моданың формуласы:

А) М0=∑У/n

В) М0=ax2+b

С) М0=XМ0+dМ0 ((fМ0-fМ0-1)/(fМ0-fМ0-1)/(fМ0-fМ0+1))

Д) М0=XМ0+dМ0

Е) М0=XМ0+dМ0fМ0

11. Медиана дегеніміз ме:

А) Статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.

В) Статистикалық шашыранды.

С) Шашырандының көрсеткіші.

Д) Көрсеткіштерді түбірлеу.

Е) Өзгерменің көрсеткіштері.

12. Медиананың формуласы:

А) Ме=2/n-1

В) Ме=n/2

С) Ме=n+1/n-1

Д) Ме=n/3

Е) Ме=n+1/2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]