Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ugolovno-protsessualnoe_pravo.doc
Скачиваний:
21
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.96 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Казахский Гуманитарно-Юридический Университет

Бекітемін

Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры, з.Ғ.Д. Профессор у.Шапақ ____________________

"____" ______________________ 2012Ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша

«Құқыққорғау қызметі» - 5В030300 мамандығы студенттеріне арналған

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы

Астана, 2012 ж.

Пәннің оқу әдістемелік жүйесін 5В030300-«Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша мемлекеттік білім стандарттың негізінде заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мусенова Эльвира Елеусінқызы дайындады

Қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының отырысында қаралып «____»___________ 2012 жылы № _______ хаттамамен бекітілді

Кафедра меңгерушісі

______________________ з.ғ.к,. доцент Пен С.Г.

«____»____________2012 ж.

Ұлттық құқық жоғары мектебінің кеңесімен мақұлданған.

№____хаттама, «____»______________2012 ж.

Төраға ________________ «____»____________ 2012 ж.

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ ГУМАНИТАРНО-ЮРИДИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ КРИМИНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

ҚІЖҚжКк меңгерушісі ҰҚЖМ директоры

з.ғ.к., доцент С.Г. Пен з.ғ.д., профессор У.Шапақ

______________________ _______________________

«___» _____________ 2012ж. «__» _______________ 2012ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні

Мамандығы: Құқыққорғау қызметі» - 5В030300

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2,3

Курс: 2,3

Семестр: 4,5

Дәрістер: 20-30 сағат

Семинар (тәжірибелік): 10-15 сағат

Аралық емтихандар саны: 2

СОӨЖ: 23-23 сағат

СӨЖ: 45-67 сағат

Емтихан: 4-5 семестр

Еңбек сыйымдылығы: 90-135 сағат

Астана,2012 ж.

Бөлімнің атауы

Бет

Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

Оқытушы туралы мәліметтер

Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

Курстың мақсаты мен міндеттері

Оқу сабақтарының графигі

Дәріс сабақтарының тақырыптық жоспары

Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

СОӨЖ орындау және тапсыру графигі

СӨЖ орындау және тапсыру графигі

Тәжірибелік сабақтарды оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі

Глоссарий

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Келісу, танысу, өзгерістерді тіркеу, мерзімді тексерулерді тіркеу парағы

Дәрістер тезисі

Аралық емтихандық сұрақтар

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Мусенова Эльвира Елеусінқызы - қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты

1999 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдаған. 2002 жылдан бастап, қазіргі таңға дейін Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасының аға оқытушы қызметін атқарады.

Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі - өте жақсы, орыс тілі - жақсы

Кафедра туралы мәліметтер: қылмыстық іс жүргізу құқығы және криминалистика кафедрасы, каб. 352.

Байланыс мәліметтері: 8 (7172) 703045 – жұмыс телефоны

Пререквизиттер : «Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізу құқығы» пәні «Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

«Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізу құқығы» пәнін оқу үшін студент: «мемлекет және құқы теориясы», «мемлекет және құқық теориясының жалпы тарихы», «ҚР құқыққорғау органдары», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР қылмыстыққұқығы», «Азаматтық құқық», «Әкiмшiлiк құқық» пәндерін меңгеруі тиіс.

Постреквизиттер : «Қазақстан Республикасының қылмыстық істі жүргізу құқығы» пәнін игеру, «Қылмыстық іс жүргізу мәжбүрлеу шаралары», «Іс жүргізу құжаттарын жасау бойынша арнайы практикум», «Криминалистика», «ҚР прокурорлық қадағалау», «ҚР Адвокатурасы», «Дәлелдемелер теориясы», «Жедел іздестіру қызметі», «Сотқа дейінгі іс жүргізу» пәндерін оқуға септігін тигізеді.

Курсты меңгеру келесі жағдайларға септігін тигізеді:

  • Ізге түсу органдарының қызметтке дайындаудың кәсібилігін, біліктілігін арттыру;

  • Сот өкілеттігін жүзеге асыру барысында мемлекеттік билік органдары қызметі аясында тәжірибелік біліктілікті арттыру, ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдау мәселелерін шешу қабілеттілігі;

  • шетелде және өз елінде қылмыстық іс жүргізу қызметтің ерекшеліктерін ескеру қасиетін қалыптастыру.

Пәннің сипаттамасы: Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы” құрылымы бойынша жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Аталған пәннің жалпы бөлімі мына тақырыптарды қамтиды: қылмыстық iс жүргiзу құқығының ұғымы, маңызы және мiндеттерi, қылмыстық iс жүргiзу заңы және оның қайнар көздерi, қылмыстық процестiң принциптері, қылмыстық iзге түсу, қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттiк органдар мен тұлғалар, қылмыстық процестегi мүлiктiк мәселелер, дәлелдемелер және дәлелдеу, іс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары. Аталған курс бойынша дәрістер семинар сабақтарымен және СОӨЖ, СӨЖ-мен толықтырылған. Қылмыстық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі аяқталған соң студенттер бірінші аралық бақылау тапсырылады. Ал пәннің ерекше бөлімі: қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу, сотта іс жүргізу, айрықша іс жүргізу инститтуарын қамтиды. Бұл бөлім аяқталған соң екінші аралық бақылау өткізіледі

Пәннің мақсаты: Курстың мақсаты студенттерге Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізудің жалпы ұғымы, тергеу және сот ісін жүргізудің мазмұны, курстың әдісі, процеске қатысушылар туралы, пәннің қағидалары мен қылмыстық процестегі азаматтық талап, дәлелдемелер, дәлелдемелердің қайнар көздері, мәжбүрлеу шаралары, оның түрлері және тағы басқа мәліметтер беріледі.

Ерекше бөлім, қылмыстық іс жүргізудің сатылары, яғни қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу (іздестіру), басты сот талқылауын тағайындау, басты сот талқылауы, кассациялық және апелляциялық сатылар, сот шешімдерін орындау, қадағалау сатысы, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау сатысы, сондай-ақ қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізу, айрықша іс жүргізу, алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау ерекшеліктерін қарастырады.

.

Пәннің міндеттері:Қазақстан Республикасында қылмыстық істі жүргізудің міндеттері студенттердің қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамды әшкерелеу, оны жауапқа тарту, әділ сот талқылауы, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдарды меңгеру, қылмыстарды тергеудегі маңыздылығын көрсету, оларды пайдалануды үйрету, тергеу әрекеттерін жүргізудің іс жүргізу тәртібін ұғыну, меңгеру болып табылады. Теория жүзінде алған білімдерін болашақта тәжірибеде дұрыс, тиімді қолдана білуге баулу мақсатында оларға тергеу әрекеттерін (жауап алу, беттестіру, тану, куәландыру т.б.) жүргізу, басты сот талқылауы және тағы басқа да ойындар жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]