Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tezistik_lektsiya_konspektileri.doc
Скачиваний:
265
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.38 Mб
Скачать

Тақырып 2: Статистикалық бақылау

  1. Статистикалық бақылау түралы түсінік. Статистикалық бақылауды өткізу кезеңдері.

  2. Статистикалық бақылауды ұйымдастыру түрлері және негізгі нысандары

  3. Статистикалық бақылаудың тәсілдері.

  4. Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі мәселелері.

  5. Статистикалық бақылау қателері. Статистикалық бақылаудың мәліметтерін тексеру әдістері.

Дәрістің мақсаты: Статистикалық есеп жүргізу кезінде оның ең алғашқы сатысы статистикалық бақылаудың маңыздылығын ашу. Бақылау бағдарлмасындағы сұрақтардың маңыздылығын түсіну. Статистикалық бақылаудың нысандарын, түрлерін, тәсілдерін түсіну. Бақылау кезінде жіберілетін қателіктерді анықтай білу және оларды тексеру тәсілдерін меңгеру.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистикалық бақылау, бақылау бағдарламасы, бақылау зерзаты, бақылу бірлігі, статистикалық бланк, статистикалық есеп беру, жаппай бақылау, жартылай бақылау, ішнара бақылау, бақылаудың тәсілдері, статистикалық қате, репрезентативті қате, тіркеу кезінде жіберілетін қате.

Дәрістің конспектісі

1 сұрақ. Статистикалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын–ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.

Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру–өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс.

Жалпы алғанда статистикалық бақылаудың негізгі мақсаты–зерттеліп отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

  1. Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық құбылыстар мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

  2. Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтау қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  3. Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан–жақты ұқыпты түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді.

  4. Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын–ала жасалынған бағдарлама негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.

Сонымен статистикалық бақылау кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде көптеген кемшіліктер кездесетін болса, онда бақылау жұмысының қорытындысы нәтижесіз болып шығады және алдына қойған мақсатына жете алмайды. Мұның барлығы бақылау бағдарламасы мен ұйымдастыру жұмыстарының дұрыс жолға қойылмағандығынан туындайды.

Статистикалық бақылау - нәтижесінде сандық көрсеткіштер алынатын қандай болмасын статистикалық жұмыстың ең бірінші этапы.

Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі ең негізгісі - статистикалық бақылауды жүргізудегі алдына қойылған мақсат, оның өзі сол жүргізілетін зерттеудің мәні мен маңызына байланысты. Бұл дегеніміз бақылауды не үшін және қайда жүргізетінімізді, кандай мәлімеггердің жиналатындығын, қалай өндеу керек екендігін, қолданылатын кестенін пішінін және есептеу төсілдерін аныктау болып табыладьі. Сол себепті ста-тистикалық бақылауды ұйымдастыру жөне оның бағдарламасының жасау мағынасы жағынан өте күрделі жұмыс болып есептеледі.

Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі). Статистикалық бакылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау бірліктері дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалык бақылау зерзаты дегеніміз - зерттеуге жататын әлеуметтік қүбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу керек болса, онда бақылау зерзатына Қазакстан Республикасындағы онеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кешендер жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын болса, онда бақылау зерзатына республикамызда тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.

Статистикалық бакылау жұмыстарын ғыліыми жүйеде ұймдастыру кезеңінде ең бастысы - бақылау зерзатының шегін дұрыстап анықтау. Егер бақылау зерзатының шегі дұрыс анықталмаған болса, онда оның кейбір бөліктерінің зерттеуден тыс қалуы немесе зерттеуге жатпайтын мүлде басқа зерзаттардың кіріп кетуі де мүмкін. Соңдықтан бақылау зерзатының шегін дүрыс анықтап алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің анық та, қанық больш шығуына әсері өте зор. Мысалы, өнеркәсіптің бақылау зерзатын анықтау ушін оның құрамына жататын өнеркәсіп орындарды басқа салаларға жататын кәсіпорындардан айыратын, өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне қарай бөлуге болады.

Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нысандарына қарай бір-бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды.

Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады. Бақылау бірлігін аңық,тау - зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, аткаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде әрбір ұжымдар мен кеңшар немесе жеке шаруа қожалығы алынады. Егер енбек өнімділігін зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген өнімнің көлемі, ал жалақы қорын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде жұмысшылардын тізімдік саны алынады. Сонымен, бақылау бірлігіне әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым, оку орны немесе әрбір жұмысшы, қызметкер, ұжымшар мүшесі, оқушы жатады, яғни ол қандай зерзаттардың зерттеуге жататындығына байланысты.

2 сұрақ. Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын, яғни формасын қолданады. Біріншісі - есеп беру, екіншісі- арнайы ұйымдастырылған бақылау.

Статистикалық есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті органдарға тапсырып отыруды айтамыз.

Осыған орай статистикалық есеп беру екі формада жүргізіледі:

  • жалпы мемлекеттік есеп беру, яғни барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және шаруашылықтар өз жұмыстары туралы керекті мәліметтерді міндетті түрде тапсырып отырады. Бұл мәліметтер статистика органдарына бастапқы құжаттар және бухгалтерлік есептер арқылы жинақтастырылады, өңделеді, ал содан кейінмемлекетімізді басқару үшін қолданылады;

  • ішкі ведомствалық есеп беру, яғни әрбір ведомстваның, министрліктердің өздерінің ішкі істерін басқару үшін қолданылатын мәліметтер жинағы. Оны кейде оперативтік-жедел есеп дейді.

Мемлекеттік және ведомствалық есеп беру формаларыны қолданылуына қарай бір үлгідегі және мамандандырылған болып бөлінеді. Барлық халық шаруашылығы салаларына бір үлгідегі есеп беру формасында көрсетілген көрсеткіштер ортақ, яғни бірдей болады.

Мамандандырылған есеп беру формасында әрбір кәсіпорын, мекеме ұжым немесе шаруашылық өздерінің өндіретін өнімдерінің түрлеріне байланысты ондағы көрсетілетін көрсеткіштер де өзгеріп отырады. Мысалы, Алматы токыма жене темекі фабрикаларының өндіретін өнімдерінін, түрлеріне карай олардың есеп беру формаларында (үлгілерінде) көрсетілетін көрсеткіштердегі айырмашылықтың бары немесе өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық арасындағы есеп беру формаларында (үлгілерінде) өзгерістердің бар екендігі анык көрсетіледі.

Есеп беру мерзіміне байланысты мәліметтер тапсыру төмендегідей түрлерге бөлінеді: шұғыл (бір күндік, бес күндік, он күндік, он бес күндік), айлық, тоқсандык, жарты жылдық және жылдық. Жылдық, есептен баскасының барлығы ағымдагы есеп беру түріне жатады. Есеп беру мерзімінің аралығы неғүрлым алшақ болатын болса, соғұрлым ондағы көрсетілетін көрсеткіштер көбірек болады немесе керісінше болып келеді. Сонымен бірге әрбір ecen беру формасының тапсырылатын келісімді мезгілдері дәл көрсетіледі және дер кезінде орындау әр көсіпорынның негізгі міндеті больш саналады.

Ecen беру формаларындағы мәліметтердің келіп түсуіне, жеткізілуіне қарай почталық және телеграфтық болып екіге бөлінеді. Негізгі, мәліметтер құжат түрінде почта арқылы жеткізіледі, ал телеграф, телетайп, телефон арқылы тек көрсеткіштер ғана беріледі де, соңынан құжаттармен куәландырылады.

Әрбір есеп беру формаларында төмендегідей риквизиттер міндеті түрде көрсетілуі қажет:

1) есеп беру формасының мазмұнын толық көрсететін аты;

2) статистика агенттігінің бекіткен уақыт мерзімі және нөмірі;

  1. мәліметтердің есепке алынған уақыт мерзімі, кезеңі;

  2. есеп берудің кесімді уақыты;

  3. есеп беру формасы жіберілетін мекеменің аты, мекен-жайы;

6) есеп беру формасын жіберген мекеменің аты, мекен-жайы;

7) мекеме, кәсіпорын және шаруашылық бағынатын министрліктің аты;

8) есеп беру формаларында көрсетілген көрсеткіштердің дұрыстығына, нақтылығына жауап беретін адамдардың қолдары мен аты-жөндері толық көрсетілуі керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптарды толығымен орындау есеп жұмыстарын басқару және оның дұрыс ұйымдастырылуы үшін өте қажет. Нарықтық экономикаға эту кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикамыздағы қолданылатын (жүргізілетін) есеп беру формаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуде және сандық, сапалық (тиімдік) жақтарын қарастыруда. Барлық мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, сонымен бірге кәсіпорындардың, мекемелердің, ұжымдардың басшыларына бекітілмеген есеп беру формалары арқылы мәліметтер жинауға рұқсат етілмейді. Мемлекеттік статистика орыңдарына заңсыз түрде пайдаланылған есеп беру формаларын жоюға жөне оны қолданғандарды жауапқа тартуга құқық берілген. Сондықтан, кез-келген зерттеу жұмыстары үшін мәліметтерді жинауда қолданылатын есеп беру формалары статистика органдарының келісімі бойынша ғана жүргізілуі тиіс.

Қазіргі кезде, республикамыздың егемендігі өз қолыа тигеннен бастап статистика органдарының алдарына үлкен міндеттер қойылуда. Яғни статистикалық мәліметтерді жинаудың, топтаудың, өндеудің және қолданатын орындарга дер кезінде жеткізш берудің жаңа технологаялық әдістерін жоғары дәрежеге көтеру олардың басты бағыты болып табылады. Бұл - eceп жуйесін жетілдірудегі жаңа талапқа байланысты автоматтандырылған мәліметтер қоймасын (АМК), автоматтандырылган статистикалық ақпараттар жүйесін (АСАЖ) және ғылыми негізге сүйене отырып, осы заманғы компьютерді кеңінен қолдануды іске асыру деген ұғым.

Арнайы ұйымдастырьшган бақылау. Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы маңызды да мәнді мәліметтер есеп беру формаларында толық көрсетілмеген жағдайларда, немесе есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік жоқ болса, онда сол керекті мәліметтерді жинау үшін арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, әр отбасындағы бала санын немесе әр отбасының азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын тұтынуы туралы мөліметтерді тек арнайы ұйымдастырылған бақылау арқылы ғана жинауга болады.

Кейінгі кезде біздің республикамызда әр түрлі арнайы ұйымдастырылган статистикалық бақылау жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, оған халық санағы, орнатылмаған құрал-жабдықтар санағы, мал санағы, құнды материалдарды түген-деу, жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу және т.с.с. жатады. Осының ішіндегі ең негізгісі - 9-10 жылда бір рет жүргізілетін халық санаңы. Осындай арнайы ұйымдастырылган статистикалық бақылау жұмыстарының арқасында біз есеп формаларында көрсетілмеген көптеген қызықты мәліметтерге кез боламыз. Оны мемлекетіміздің болашағы үшін әлеуметтік-экономикалыіқ жағынан бағдарлама жасауға, басқару істеріне толығымен қолдана аламыз.

Кейбір жағдайларда арнайы ұйымдастырылған бақылау аркылы есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексеруге де болады. Бұған мысал ретінде кәсіпорыннын, мекеменің немесе ұжымның құнды заттары мен бағалы бұйымдарын түгендеуді (тізімге алуды) айтуга болады. Демек, әрбір жүргізілетін арнайы ұйымдастырылган бақылау жұмыстарының жоғары сапалы болып өткізілуі оған дейінгі жүргізілген даярлық жұмыстардың дәрежесіне және оның дер кезінде орындалуына тығъгз байланысты.

3 сұрақ. Керекті мәліметтерді қандай жолмен жинаудың тәсілін анықтау сгатистикалық зертгеу жүмыстарын үйымдастырудың ішіндегі ең күрделі мәселе болъш табылады. Статистикада мәліметтерді жинаудың бірнеше жолы бар, олар тікелей қатысу, іс- құжаттар және сұрақ-жауап арқылы болып үш түрге бөлінеді.

Тікелей қатысу арқылы жинау. Егер бақылаута жататын зерзаттың әрбір жиынтық бірліктерін арнайы адамның өзі өлшеу, санау арқылы есепке алатын, тіркейтін болса, онда оны тікелей /сұрау арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Мысалы, құнды тауарлар мен бағалы бұйымдарды түгендеу (тізімге алу), тағамдарды санау және т.б. Бұл тәсіл статистикалық зерттеудің жетілген түрі болып саналады және одан алынған мәліметтер нақты, толық больш келеді.

Құжаттар арқылы жинау. Егер статистикалық бақылау жүргізу кезінде қажетті мәліметтер тиісті құжаттармен куәландырылса, яғни есеп беру формаларының негізінде жиналған болса, онда оны құжаттар арқылы мәліметтер жинау тәсілі деп атайды. Біздің қоғамымызда статистикалық мәліметтер негізгі есеп, беру формаларын толтыру арқылы жиналады. Және ондағы көрсеткіштер халық шаруашылығы салаларында больш жатқан жалпы өзгерістерді толығымен, жаи-жақты суреттейді. Сондықтан, статистика органда-рына әрбір кәсіпорын, мекеме, ұжым міндетті түрде және белгіленген уақытта қажетті мәліметтерді тапсырады, ал олар оғaн талдау жұмыстарын жүргізеді.

Сұрақ-жауап арқылы жинау. Кейбір жағдайларда қажетті мәліметтерді тікелей өлшеу, санау немесе құжаттар арқылы жинауға мұмкіндік болмайды. Ондай кезде керекті мәліметтерді жинау үшін сұрақ-жауап тәсілдері қолданылады.

Статистикальщ сұрақ-жауап тәсілі деп керек мәліметтерді сұралушы адамдардың айтқандары бойынша сұрақ немесе санақ қағаздарына жазып алу арқылы жинауды айтады. (Мысалы, халық санағы кезінде есепші санақ қағазда адамдардың өз аузымея айтқандары бойынша толтырады. Сұрақ-жауап арқылы мәліметтер жинау ауызша немесе жазбаша түрде жүргізіледі және оның экспедициялық, тілшілік, сауал-сұрақтың және өзін-өзі тіркеу сияқты бірнеше жолдары бар.

Экспедицаялық тәсілмен мәліметтерді жинау кезінде арнайы дайықдықтан өткен адамдар (санақшылар немесе тіркеушілер) сұралушымен келісілген уақытта кездесіп, қажетті мәліметтерді ауызша сұрау арқылы санақ немесе сұрақ қағаздарына толтырады да, сондықтан оны статистика мекемелеріне өткізеді. Бұл тәсіл тікелей халық санағын жүргізу кездерінде қолданылады және оған мемлекет тарапынан көптеген қаржы жұмсалынады. Сонымен қатар, бұл тәсіл қажырлы еңбекті қажет етеді жөне соған орай жиналған мәліметтердің сапасы өте жоғары болады.

Өзін-өзі тіркеу төсілі. Бұл тәсілмен мәліметтер жинау үшін статистика мекемелерінің қызметкерлері (есепшілер, санақшылар, тіркеушілер) сұралушыларға арнайы үлгідегі сұрақ қағаздарьш таратып береді, оны қалай толтыру керек екенді-гін түсіндіреді. Содан кейін толтырған бланкілерді жинап алады да, сол жерде дұрыстығын тексереді, жіберілген қателері болса, түзету енгізеді, соңынан оны статистика органдарына тапсырады. Бүл тәсіл көбіне жұмысшылардың, қызметкерлердің және ұжымшар мүшелерінің отбасы бюджетін зерттеу не­месе түрлі санақтар жүргізу кездерінде қолданылады.

Тілшілік тәсілімен қажетті мәліметтерді жинау байланыс бөлімшелері арқылы ерікті түрде жүргізіледі. Оның ерекшелігі сол, мұнда статистика мекемелері мәліметтер жинау үшін арнайы іріктеліп алынған адамдардың мекен-жайына сұрақ қағаздарын және оны қалай толтыру керектігі туралы нұсқауларды байланыс бөлімшелері арқылы жібереді. Кейіннен толтырылған бланкілер келісімді мезгілде статистика мекемелеріне қайтарылады. Тілшілік тәсілмен мәліметтер жинауға жұмсалынған шығындар басқа тәсілдермен салыстырғанда барынша аз алады және -олар тез жиналады. Бірақ, камту деңгейі толық болмайды. Сонымен қатар, мұндағы жиналған мәліметтердің дұрыстығын сол жерді тексеруге ешқандай мүмкінішліктің жоқ екендігіне байланысты, оның сапалық жағы басқа тәсілдермен салыстырғанда төмендеу болады.

Сауал-сұрақтық тәсілмен керекті мәліметтерді жинау сұралушының келісімі бойынша ерікті түрде жүргізіледі. Оны жүргізу үшін сұралушылардың белгіленген тобына сұрақ қағаздары таратылып беріледі және ол жедел толтырылады. Бірақ, мұнда жіберілген бланкілердің санына қарағанда, толтырыльш қайтарылғандарының саны біршама аз және сапасы жағынан төмен болады. Себебі, кейбір сұралушылар сұрақ қалпында көрсетілген сұрақтардың жауабын дұрыс толтырмай, басқалай жауаптар беруі де мүмкін. Бұл тәсі ерекшілігі сол, мұнда сұралушы адамның аты-жөні, мекен жайы көрсетілмейді.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңіңде бұл тәсілдің рөлі жоғары көтерілді. Себебі, көптеген ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар көпшіліктің ой-пікірлерін білу үшін ақпарат құралдары арқылы әлеуметгік және демографиялық зерттеу жұмысттарын жиі жүргізе бастады. Сонымен бірге сауал-сұрақтың жауабын пікір алысу арқылы да жинауға болады.

Қазіргі талапқа сай электронды есептегіш машиналар мен кoмпьютepлep жүйесінің кеңінен енуіне байланысты статистикалық бақылау жүргізу, оны топтау және қорытындылау жұмыстары жоғары дәрежеге көтеріледі. Осыған орай мәліметтердің автоматтандырылған қоймасы (банкасы) пайда болды және көрсеткіштердің сапасы жогарылады.

4 сұрақ. Статистикалық бақылау бағдарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды , жинақы, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін срақтар тізімінің жиынтығын айтады.

Бақылау бағдарламасына кіргізілетін сұрақтардың тізімін жасау─ аса күрделі жұмыс. Оны өңдеу және құрау көптеген білікті мамандардың, ғылыми қызметкерлердің немесе сол зерттеу жұмысына нақты қатысы бар мекемелер мен ұйымдардың қатысуы арқылы жасалынады. Дұрыс жасалынған бақылау бағдарламасы ертеңгі күнгі зерттеудің негізгі тірегі болады.

Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде бельгия ғалымы А. Кетленің ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз қажет:

1) Бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс;

2) Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұақтардың кіргізілгені жөн;

3) Бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілген сияқты күдік туғызбауы керек.

Жоғарыдағы келтірілген нүсқауды орындаганда ғана статистикалық бакылау бағдарламасы дұрыс болып шығады. Статистикалық бақылаудың бағдарламасы мен ұйымдастыру мәселелерін карастырған кезде ең үлкен жұмыстың бірі ретіңде оған кіргізілген сұрақтардың редакциясы болып есептеледі. Атап айтқанда, зерттеу кезінде жиналатьш, өнделетін мәліметтердің жоғары сапалылыгы, дұрыстығы, толықтығы және оның нәтижелілігі сол берілген сұрактарға сай түсінікті, ұғымды және тұжырымды түрде құрастырылуына тікелей байланысты. Сондықтан көп жағдайларда берілген сұрақтардың түсінікті болуы үшін сол сұрақтан кейін түрлі қолайлы жауаптары қосымша ретінде беріледі. Мұнда сұралушы, яғни жауап беруші, өзінің тандауы бойынша, берілген сұрақтың дұрыс жауабын '"сызу арқылы" көрсетеді. Мысалы, 1989-жылғы халық санағында халықтың білімі туралы -сұраққа төмендегідей қосымша жауаптар берілген: жоғары, аяқталмаған жоғары, арнаулы орта, жалпы орта, орталау, бастауыш және сауатсыздык. Мұндай жауаптар өте дұрыс болып шығады және басқа жауаптардың қосымша кіріп кетуіне тосқауыл болады. Себебі, берілетін жауаптардың барлығы толығымен көрсетілген. Осыған орай сұралушы сұрақтың ретіне қарай, өз қалауы бойынша бір-ак жауапты көрсетуі кажет. Кейбір сұрақтарға берілетін жауаптар "бар" немесе "жоқ" деген сөздер арқылы көрсетілуі де мүмкін. Сонымен, жоғарыда көрсетілген жауаптар мәліметтерді өңдеу, топтау және электронды есептеу машинасына даярлау жұмыстарын жеңілдетеді.

Статистикалық бланк (формуляр) дегеніміз - бақылау кезінде берілген сұраққа жауап жазуға жөне керекті мәліметті жинауға арналған бір бет қағаз (бірнеше бет болуы да мүмкін). Бір мезгілде, бір тақырыпта жүргізілетін зерттеу бірдей үлгіде болғаны да жөн. Демек статистикалық бланк (формуляр) - бұл бастапқы мәліметтерді сақтаушы, таратушы болып табылады. Бірак, статистикалық бақылау формулярлары әр түрлі атпен аталуы (бастапқы есеп формасы, карточка, бланк, акт, табель, санақ қағазы, сұрау қағазы және т.с.с.) әбден мүмкін. Әрбір формулярда мекен-жайлық көрсеткіштер жеке бөлім ретінде көрсетіледі.

Титулдық бөлімінде статистикалық бақылаудың түрі, аты, бекітілген мерзімі және бекіткен мекеменің аты көрсетіледі. Ал мекен-жайлық бөлімінде жердің, адамның аты-жөні және толық тұрағы жазылады. Мекен-жайдың көрсетілуі сол бақылау арқылы жиналған мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін колданылады.

Статистикалық тәжірибеде формулярдын жеке-дapa, ягни карточкалы және тізімдік екі түрі қолданылады. Жеке-дара немесе карточкалық формулярда әрбір бақылау бірліктерінің мәліметтері, жеке бланкіге толтырылады, Тізімдік формулярда бір бланкіге екі немесе одан да көп бақылау бірліктерінің мөліметтері көрсетіледі. Мыісалы, жеке немесе карточкалық формулярға әрбір мекеменің, кәсіпорынның. шаруашылықтың есеп беру формасы, ал тізімдікке 1989-жылғы халың санағында колданылған жаппай санақ қағазы жатады.

Жоғарыда көрсетілген екі фор.мулярдың да өздеріне тән кұндылығы мен кемшіліктері бар. Карточканы формулярдың тізімдікпен салыстырғандағы артықтылығы сол, мұнда берілетін сұрақтар көп болып келеді. Сонымен бірге, бұл формулярдың жалпы керсеткіштерін қолмен есептеу, топтау жұмыстары жеңіл атқарылады.

Бұл түрдің кемшілігі, мұнда әрбір бланкі сайын мекен-жайы туралы деректер толтырылып отырылатындығында. Ал, бұл басы артық жұмыс пен орынсыз қаржы шығындарын көбейтеді. Тізімдік формулярды қолдану өте үнемді, мәліметтерді тексеру жеңіл және машинамен өңдеуге өте колайлы.

Статистикалық бакылау бағдарламасы туралы дұрыс түсінік беру және бланкілерді толтырудың біркелкілігін камтамасыз ету үшін, оның түсініктемесі мен нұскауы жазбаша түрінде бірге жіберіледі.

Нүсқау кітапша ретінде бөлек беріледі немесе сол бланкінің екінші бетінде көрсетіледі. Нұсқауда, негізінен, мыналар көрсетіледі: бақылаудың мәні мен мақсаты, оның зерзаты мен бақылау бірліктерін аныктау, бақылаудың уақыт мерзімі мен жургізілу ұзақтығын көрсету, құжаттарды толтыру тәртібін үйрету, қорытындысын тапсыру уақыты. Ең негізгісі бо.тып әрбір сұракқа қалай дұрыс жауап беру туралы түсінік берілуі және бланкілерді толтырудың түсіндірмесі саналады. Статистикалық бакылау кезінде колданылатын құжаттарды (бланкілер, нұсқаулар және т.б.) жұмыс жабдықтары деп атайды.

Статистикалық бақылау бағдарламасында жоғарыда көрсетілгендерден бөлек басқа да мәселелер қарастырылады. Оған мәліметтерді жинаудын түрлері мен тәсілдерін анықтау, зерттеу жұмыстарына қатысатын мамандарды даярлау және көпшілік қауым арасында үгіт-насихат жүргізу сияқты көптеген ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Мұның барлығына статистика органдары басшылық етіп отырады.

5 сұрақ. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналган бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді. Онда бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердін, дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылы, есептегендігі және т.б. қарастырылады. Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бақылаудың қайсыбірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін. Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижессінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате больш екі түрге бөлінеді.

Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл - жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген дұрыс.

Тіркеу кезіндегі жіберілеіін қате. Бұл - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай квздейсоқ же­не жуйвлі түрде жіберілген қame больш екіге бөлінеді.

Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл - не азайтыльш, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Мысалы, бір бағананың көрсеткішінің мүлдем басқа, екінші бағанаға ауыстырылып жазылуы немесе 43 жастың орнына 33 немесе 53 жас деп қате көрсетіліп кетуі мүмкін.

Егер статистикалық бақылау жиынтығының көлемі көп болатын болса, онда кездейсоқ жіберілген қате оның жалпы қорытындысына ешқандай әсерін тигізбейді. Себебі, жалпы жиынтықты есептегенде кездейсоқ жіберілген кателер бірінің орнын бірі толтырып отырады.

Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиьштыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана әдейі жіберілген және абайсызда жіберілген больш екіге бөлінеді.

Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате қастандықпен, жиі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мумкін. Мысалы, халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі өздерінің жастарын дөңгелек сандар арқылы көрсетеді. Сұралушы адам 39 немесе 41 жаста болғанмен, өзін 40 жастамын деп айтуы кездеседі. Соның салдарынан 40 жастағы адамдардың саны 39 және 41 жастағылардан көп болып шығады. Сондықтан да санақшылар санақ кезінде халықтың жас мөлшерін дұрыс анықтау үшін адамдардың туған жылын бөлек, айын бөлек бағанаға жазьш, анық-қанығын айқындайды.

Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл - алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер.

Әдейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мысалы, кәсіпорындар мен мекемелердің өздері өндірген өнімдерінің көлемін кемітіп, ал жұмыс көлемін арттырып немесе қоймадагы бағалы заттардың, шикізаттардың мөлшерін есеп беру формаларында азайтып көрсету фактілерін атап айтуға болады. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне-көп өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан, тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушілігінен және т.б. себептерден туындайды.

Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу, болдырмау үшін, барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі және ол қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру (арифметикалық) больш екі түрге бөлінеді.

Қисынды түрде тексеру дегеніміз - статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету. Мысалы, халық санағы кезінде жас мөлшері мен білімін салыстыру арқылы жіберілген қатені анықтаймыз. Егер баланың жасы туған жылы бойынша жасы 10-да, ал білімі "жоғары" деп көрсетілсе, онда жасына лайықты білім дәрежесін көрсетуде қате жіберілгендігін оңай анықтау болады.

Есептеу арқылы (арифметикалық) тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану түзетулер енгізіледі. Бұл тәсіл әрбір кәсіпорынның, мекеменің, ұжымның немесе шаруашылықтың есеп беру фор-маларындағы сандық көрсеткіштерді тексеру кезінде жиі қолданылады.

Статистика органдары жоғарыда көрсетілген тексерулерден бөлек бірізді және жоспарлы түрде әрбір мекеменің, кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы кәрсеткіштердің дұрыстырьш тексереді. Оның өзі тақырыпты, жинақты (комплексті) және жаппай больш үш түрге бөлінеді.

Такырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың белгілі бір формасы немесе оның жеке көрсеткіші ғана алынады.

Жинақты (комплексті) тексеру кезінде кәсіпорынның барлык есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.

Ұлттық статистика агенттігі мен оның жергілікті органдарыныц алдарына қойған негізгі мақсаттары есеп беру формаларындагы мәліметтердің дұрыстығын және сапасының жоғары. болуын қадағалап отыру. Егер есеп беру формаларында түрлі себептерге байланысты жіберілген қате болса, онда оны түзетіп қана қоймай, сонымен бірге негізгі себебін анықтайды, талдау жасайды, соңынан сол кәсіпорынның, ұжымның атына жіберілген кемшіліктерін қалай жою керек екендігі туралы жазбаша нұсқау береді Кейбір жағдайларда, тексерудің қоры-тындысы бойынша әдейі қосьш жазу, бұрмалау, өтірік ақпарлар беру кездессе, онда статистика органдары бұл туралы жергілікті әкімшілікті және заң орындарын хабардар етеді, ал кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]