Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
599_психология.doc
Скачиваний:
347
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
591.36 Кб
Скачать

3. Әдістеме. «Рубик» (кубигі).

Бұл әдістеме көрнекі -әрекеттік ойлаудың даму деңгейін зерттеуге арналған. Рубиктің текшесін қолдана отырып, шекттелген уақыт ішінде балаға әртүрлі дәрежедегі күрделі тапсырмалар беріледі. 9 тапсырма ұсынылады. Жақша ішіндегі 1 минут уақыт мөлшерінде шешкен тапсырманың баллдар жиынтығы көрсетілген. Барлық тәжірбиеге 9 минут беріледі. Әр тапсырмадан келесісіне ауысқанда міндетті түрде жинақатлған текшелердің қырларының түсін ауыстырып отыру керек.

1- тапсырма. Текшенің кез-келген қырынан 3 ұсақ шаршысының 1 түсінен бағана немесе жол жинақтау керек. (0,3, балл)

2- тапсырма. Текшенің кез-келген қырларының шаршыларынан және сол түстен 2 бағана немесе 2 жол жинақтау керек (0,5 балл)

3-тапсырма. Бір шаршыдан және сол түстен , өзінің құрамына 9 ұсақ шаршылар кірістірген кубиктің бір қырын яғни толық бір түсті шаршы жинақтау керек.(0,7балл)

4- тапсырма.Бір түсте толық быр қырын және оған қоса, текшенің басқа қырына үш ұсақ шаршыдан тағы бір бағана немесе бір жол жинақтау керек (0,9 балл)

5-тапсырма. Текшенің толық бір қырын жинақтап және қосымша ретінде оған тағы текшенің басқа бір қырынан сол түсте екі бағана немесе екі жол жинақтау керек (1,1 балл)

6-тапсырма. Бір түсте текшенің толық екі қырын құрастыру керек (1,3 балл)

7-тапсырма. Бір түсте текшенің толық екі қырын құрап және одан басқа сол түсте текшенің 3-ші қырынан 1 бағана немесе 1 жол құрастыру керек (1,5 балл)

8-тапсырма.Текшенің толық екі қырын құрап және оған тағы 3-ші қырынан сол түсте 2 бағана немесе 2 жол құрастыру керек (1,7 балл)

9-тапсырма. Бір түсте текшенің барлық 3 қырын құрыстыру керек (2,0 балл)

Қортынды бағасы:

Егер бала 10 балл жинаса, онда оның көрнекі-әрекеттік ойлауы жоғары дамыған болыа есептеледі.

Егер 4,8-8,0 балл аралығында жинаса, онда оның ойлауы жоғары дамыған болып есептеледі.

Ал 1,5-3,5 балл орташа дамыған, бірақ бала мектепке оқуға дайын.

0,8 баллға дейін жинаса көрнекі-әрекеттік ойлауыәлсіз дамыған, бала мектептегі оқуға дайын емес деп есептеледі.

4. Әдістеме. «Равен матрицасы »

Әдістеме көрнекі –бейнелік ойлауды бағалауға арналған ( тапсырманы шешуде әртүрлі бейнелер мен көрнекілер ұсынылады).

Тапсырмалар Равеннің тестісінен алынған 10 біртіндеп күрделендірілген бір типттегі 10 тапсырманың сериясы беріледі: іздеу заңдылығына сүйеніп бөлшектерді матрицаға орналастыру; ( суреттер үстіңгі бөлігінде үлкен төртбұрыш түрінде көрсетілген) және төмендегі 8 суреттің ішінен сапа жағынан жетпей тұрған жерлерін қосып біріктіру, ол суретке сәкес келуі керек. (берілген матрицианың бөлігінде төменде кішкене жалаушаларға салынған әртүрлі суреттер түрінде көрсетілген.

Бала үлкен матрицианың құрылымын түсінп болған соң, сол матрицаға, суретіне дәлме-дәл сәйкес келген датальді көрсетуі керек немесе көлденеңнен және тігінен оның детальдарын қисынын келтіріп қосады.

Барлық 10 тапсырманы орындау – 10 минут. Содан соң дұрыс шешілген матрицалар саны аныталад және баланың дұрыс шешуде жинаған жалпы балалар қосындысы алынады. Әрбір дұрыс шешілген матрица – 1 балл.

Даму деңгейінің қортындысы:

10 балл- өте жоғары

8-9 балл жоғары

4-7 балл –орташа

2-3 балл – төмен

0-1 балл - өте төмен

Ескерту: матрицианың дұрыс шешімдері :

1-7, 2-6, 3-6, 4-1, 5-2, 6-5, 7-6, 8-1, 9-3, 10-5

Жеткіншек жасындағылардың жаңарыстары мен психикалық процестерін диагностикалау.

  1. Әдістеме. Зейіннің нәтижелігі мен тұрақтылығын анықтау (5-6 сынып).

1-таблица

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Балаға Ландольттің дөңгелектері бейнеленген бланкі ұсынылып, келесі құсқау беріледі: Қазір екеуміз мынандай ойын ойнаймыз. Ол ойынның аты «Мұқият бол және жұмысты тезірек орында». Бұл ойында сен басқа балалармен сайысқа түсесің, сосын көреміз, сенің қандай нәтижеге жеткеніңді, менінше сенкіде басқа балалардікінен кем шықпайды. Сосын балаға бланкіні көрсетіп, түсіндіріледі, яғни ол қарап, олардың арасынан үзілгендерін (бөлінгендерін) тауып, белгілеу керек. Жұмыс 5 минутқа созылады. Әр минуттан соң зерттеуші «сызық» деген сөзді айтады. Сол кезде бала бланкінің қай жерінде осы сөзді естиді, сол жерге сызық белгісін қояды, 5 минуттан соң, зертеуші «тоқта»деген сөзді айтады. Бала жұмысын аяқтап, бланкінің толтырып келген жеріне осы сөзді естісімен екі сызықша қояды.

Нәтижені өңдеу барысындазерттеуші баланың әр миунт саыйн және 5 минут барсындағы қарастырған дөңгелектердің санын анықтайды. Снымен қатар 5 минут бойына және әр минут бойына жіберген қателерінің санын анықтайды.

Бала зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығы мына формуламен анықталады:

0,5N-2,8 п

S---------------; мұнда

60

S зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығының көрсеткіші;

Nбаланың бір минутта қарстырған дөңгелектер саны / егер бұл формуланың көмегімен зейінінің нәтижелігі мен тұрақтылығының 5 минут бойындағы жалпы көрсеткіші анықталса, онда N 5 минутт қарастырған дөңгелектер санына тең, п- 5 минут бойында жіберілген қателер саны, ал берілген формуланың бөлімі – 300/.

пбаланың бір минутта жіберген қате саны, өңдеу барысында бес әр минуттік көрсеткіштер S және барлық жалпы бес минут көрсеткіші есептелінеді.