Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
599_психология.doc
Скачиваний:
347
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
591.36 Кб
Скачать

Даму өрісі

Жас

Танымы

Қимыл-қозғалысы

Қарым-қатынасы

1 апта

Иісті және дыбысты айыра алуы. Дыбыстан секем алуы. Қозғалысқа төселуі.

2 апта

Басқа дыбыстардаң анасының дауысын анғара алуы.

2 ай

Анасының бет пішіні және дауысының өз – ара образын байланыстыра алуының қалыптасуы.

3 ай

Көру функциясының жетілуі.

Бір жағынан – екінші жағына бұрылуы, жылжуы.

5 ай

Көмек арқылы отыруы, салмақтын аяққа берілуі.

7 ай

Көмек арқылы тұруы

8 ай

Сенсомоторлы инттелектісінің құрылуы

Айналада жүруі.

Вербальді емес коммуникация. Ым-ишара, дене қимылдары

10 ай

Жаңа жағдайда және басқа адамдар ортасындағы мазасыздық, тәуелділік реакциясының көрінуі.

1 жас

Тілді түсінудің алғашқы белгілері

өз бетінше жүре алуы, өз бетінше тұруы.

Алғашқы қолданған тілдік белгілері.

Алғашқы белсенді тілдің дамуы

2 жас

Белсенді тілдің тууы және түсінудің дамуы.

Қол және аяқ қызыметінің дифференциациясы.

Мінез бітістерінің қалыптасуы.

3 жас

Тілдік қорының жетілуі .

Қол қимылдарының дамуы. Мінез құлқын өзіндік басқара алу еркінің тууы.

Өзіндік сананың тууы, алғашқы адамгершілік нормаларды меңгеруі. Азаматтық мінез құлық ережелерін игеруі.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Ерте сәбилік шақтағы баланың психикалық дамуының ерекшеліктері .

2. Заттық-құрал әрекеті ерте балалық шақтағы жетекші іс-әрекет ретінде.

3. Ерте сәбилік шақтың негізгі жетістіктері: тік жүруі, заттық іс-әрекетінің дамуы, сөйлеуінің дамуы.

4. Танымдық өрісінің дамуы.

5. Эмоционалдық өрісінің дамуы.

6. Баланың дербестігі және 3 жастағы дағдарыстың тууы.

Тақырып 6. Мектепке дейінгі жастағы баланың психикалық дамуы.

Мектепке дейінгі кезең. (3-6-7 жас). Анатомиялық –физиологиялық ерекшеліктері. Организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсу қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы жүріп жатады. Склеттің сүйектеліп, бұлшық ет, қан айналымы, тыныс алуы дамып, ми салмағы 1100 гр -1300 гр. дейін өседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірбиенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Әлеуметтік жағдайының дамуы. Баланың жеке басының қалыптасуы оның құрбыларымен және үлкендермен қарым-қатынас орнатуын анықтайды. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады.

Бала өз құрбыларымен қарым-қатынасқа түседі, »балалар қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі плзициясы өз «менін»және өз қылықтарының маңызын ағаруының арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады.

Мектепке дейінгі шақтағы кезеңнің жетістіктері. Қоғамдық маңызды және қоғамдық бағалы әрекетке қажеттілік.

Жетекші іс-әрекеті. Сюжетті -рольдік ойын. Рольдік ойында бала ойын тақырыбына сәйкес (өзін ) біреудің орнына қояды.

Ойынның бала психикасының дамуына әсері. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады : онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.

Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынасы ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететін және бір сыпыра құқықтарды беретінін біледі.

Егер ойын сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекетімен және өзара қарым-қатынасымен таныстыруға мүмкіндік берсе, шынайы өзара қарым-қатынас оны балалар ойындарнда байқалатын түрлі жағдайларда өзін ұстай білуге үйретеді. Мұның өзінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына, балалардың осы тобының талаптарына және өзінің жеке –дара қабілеттеріне сай ұстауға үйренеді.

Мектепе дейінгі шақта, балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық балалар үшін маңызы орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану әлеуметік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып есептеледі.Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді,өйткені бала маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше,өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады.

Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға өзін таныту қажеттілігі байқалады.Өзін танту қажеттігі ойындағы статустық рольге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу «идентификация» күрделенеді. Демек, ойын бала мінез-құлқына өз ықпалын тигізеді.

Ойынның даму барысында балада, есі, ойлауы, қайта жаңғыртуы, зейін қоюы дами түседі. Сондай-ақ тілдік қорынның молаюына көмектеседі.

Ойын мен қатар мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуында елеулі рольді сурет салу, мүсіндеу,аппликация,конструкциялау тәрізді жемісті іс-әрекет атқарады. Оның әрқайсысы белгілі берілген сапалары бар нәтиже ( сурет, құрылыс) алуға бағытталуымен сипатталады. Балалардың іс-әрекет процесі дәл қазіргі сәтте оны қызықтырмаған жағдайдың өзін де тиісті нәтиже алуға үйрену, түпкі ниетін жасау оны бірізді жүзеге асыру талап етіледі. Әрине, мектеп жасына дейінгі кішкентайлар өз әрекеттерін әзірше мұндай талаптарға бағындыра алмайды. Алғашқы кезде оларда нәтижеден гөрі текшелерді орналастыру, саз балшықтың формасын өзгерту, қарындаш пайдаланып қағазда із қалдыру сияқты іс-әрекет процесінің өзі қызықтырады. Нәтиже алуға деген бағыттылық іс-әрекетті игеру барысында біртіндеп қалыптасады. Міне, осы бағыттылықтың қалыптасуына қараай бала қажетті сыртқы, практикалық және ішкі ,психикалық әрекеттер түрлерін игереді, онда эстетикалық тебіреністер мен шығармашылық қабілеттер қалыптасады.

Сонымен бірге мектеп жасына дейінгі балалар жкеленген еңбек тапсырмаларын да орындауды үйренеді. Еңбектің қарапайым түрлерін игереді. Еңбектің қоғамда алатын орны туралы түсініктері қалыптасады. Оқу әркеттерінің де қарпайым элементтерін игере отырып балалар үлкеннің нұсқауларын зейін қоя тыңдап, орындай білу пайда болып, тапсырманы орындау тәсіліне деген ықылас, өзін өзі бақылаудың алғашқы дағдылары қалыптасады. Оқу әрекеті баланың психикасына, алдымен , қабылдау, зейін, ес,ойлау тәрізді психикалық процестердің ырықтылығы мен басқарылуына өте жоғары талаптар қояды және сөйте отырып тиісті психикалық қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.

Танымдық өрісінің дамуы. Мектепке дейінгі шақ- баланың сезімдік тәжірбиесінің орасан зор молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың адамға тән формаларын игеру, қиялдың күшті даму, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамалары қалыптасу кезең болып саналады.

Үш жастан жеті жасқа дейінгі көру, есту, тері-қимыл сезгіштінің табалдырықтарының едәуір төмендейтіні байқалады. Көздің көргіштігі, түстер мен олардың пеңктерін ажырату нәзіктігі артып, фонематикалық және оғары дыбысты естуі дамиды, қол белсенді сезіну мүшесіне айналады. Бірақ бұл барлық өзгерістер өздігінен бола салмайды. Олар баланың болмыстағы қзаттар мен құбылыстарды олардың сан алуан қасиеттері мен қарым-қатынастарын тексеруге бағытталған қабылдаудың жаңа іс-әркеттерін игеруінің нәтижесі болып есептеледі. Мектепке дейінгі балалық шақта қабылдаудың дамуы үшін, В.Запорожец пен оның қызметкерлерінің еңбектерінде көрсетілгендей, балалардың сенсорлық эталондар жүйесін игеруінің ерекше маңызы бар ( сенсорлық эталондар –спектр түстері, геометриялық формалар, музыкалық дыбыстар , тіл фонемалары т.б. жүйесі тәрізді адамзат белгілі бір жолмен бөліп алған заттар қасиеттерінің жіктелген және өзара байланысқан үлгілері). Бірақта, мектепке дейінгі балалық шақтың соңында бала көпшілік мақұлдаған эталондарды әлі игермейді. Оның қабылдау өлшемі нақтылы жақсы таныс заттардың қасиеттері туралы елестер болады. Бұл мәселен, баланың заттардың қасиеттеріне беретін сөздік атауларыныан байқалады. Мысалы үш бұрышты анықтай отырып, бала «үй сияқты , «шатыр сияқты».деп жауап береді.

6-7 жасқа қарай балалар әуенді тәп –тәуір қайта жаңғырта алады. Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекетің алдын алады. Бұлай болу себебі, бала бұрынғы тәжірибеде жасалған әрекет тәсілін басқа, бірақ алғашқыға дәлме-дәл келмейтін жағдайға ауыстыруды үйренеді.

Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі – бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдерімен шешеді. Бала неғұрлым жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулерді жиі қолданады, есейген сайын ол көрнекі – бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді.

Екі жас пен жеті жас арасында ақыл –ой тұрғысынынан міндеттерді шешу нақтылы ақыл-ой эксперименті ретінде өте алатыны Ж.Пиаженің тәжірбиелерінде көрсетілген болатын. Ол бала ойының қайтымдылығының болмауы және міндеттің шешілу барсында көрнекі жағдайдың ықпал етуі сияқты балалар ойлауының ерекшеліктерін байқаған еді. Қабылдау бейнесі әлі әлсіз, тұрақсыз ұғымдардан күштірек болып шығады. Дегенмен, баланың бейнелі ойлауы белгілі бір жағдайларда дұрыс болмай, қателіктерге ұрындыратынына қарамастан, ол қоршаған дүниені танып білудің күшті құралы болып, балаға нәрселер мен құбылыстар туралы жалпылама ұғымдар жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл толық мөлшерде мектепке дейінгі оқыту процесінде байқалады.

5-6 жаста бала топтастыру қасиетіне ие болады. Айталық , шелек,тостаған,аяқ,т.б. бала «ыдыс»деген ұғымға жатқызып, осыларды әр түрлі нәрселерден мысалы, орындық,стол,керует т.б. ажыратады.

Мектепке дейінгі кезеңде тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен салыстырғанда мектеп жасна дейінгі баланың сөздік қоры үш есе өседі.

5-6 жастан бастап, сөздің жеке дыбыстарын кйбір кректі дыбысты созып айту сияқты белгілі амалды үйренген болса сөзге толық дыбыстық талдау жасай алады.

Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болады.

Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден –бір түрі. Есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Бұл кезеңде балалрдың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады.

Баланың қиялы ойын үстінде қалыптасады. 3-4 жастағы балалардың ойынында балалмалардың заттың орнына тұруға тиісті заттың ұқсастығы басты орын алады. Мектепке дейінгі балалардың қиялы ықтиярсыз келеді.

Жеке басының дамуы. Кеңестік (советтік) балалар психологиясы мектепке дейінгі шақтың өзінде –ақ баланың жеке басы нақты қалыптаса бастайды деген қағиданы ұсынады. яғни, -қоршаған дүниені бірітіндеп біліп, өзінің алатын орнын түсіне бастауы. Осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады.

-сезім-еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Ал, мұның өзі өз кезегінде әлеуметтік ортамен және ең алдымен баланың үлкендермен дамудың осы сатысына тән қарым-қатынастарын іске асырумен анықталады.

Сәбилік балалық шақта балада үлкеннің ролі мен оның ықпалын түсіну, өзін-өзі түсіну деген болмайды. Нақтылы жағдайда сәби үлкендермен нақтылы бірлескен іс-әрекетке кіріседі. Бұл жағдайда үлкен адам- басты буын, ал бала тікелей әрекет жасай отырып, үлкеннің адан талап еткенін не орныдайды,не орындамайды. Бұл жерде тіл алу не алмау «орындау керек немесе орындамау керек» деп ойланып жату, мотивтер тартысы деген проблема кезеспейді. Бала ықтиярсыз іс-әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі шақтың ең басында-ақ бала мен үлкеннің арасындв мүлдем жаңа өзара қарым-қатынастар пайда болады. Бала өзін үлкендерден бөле бастайды. Өз тілегін аңартып: «Мен қалаймын»,- дейді. «Мынау мен »- деп өзінің фотосреттін көрсетеді. Үлкеннен бөлініп, өзін қайсыбір дербес адам ретінде жіктей отырып, балаөз іс-әрекеті мен үлкеннің қызметінің түрліше екенін айыра бастайды. Бала үлкеннен қашықтағандай болып, оны еліктеу үлгісі ретінде бөліп алады да, «үлкендердей» іс-әрекет жасауға тырысады. Өз мінез-құлқын үлкеннің үлгісі бойынша бағдарлау қылықтардың еріктілігін қалыптастырады, өйткені бұл жерде ең кемінде екі тілек не болса да тікелей әрекет ету және үлкеннің талабына сай үлгі бойынша әрекет ету – үнемі қақтығысып қалып отырады. Мінез-құлық нормаларын игеру қоғамдық нормаларға сай іс-әрекеттерге жетелейді.

Кеңестік психология адамның жеке басының шын мәнісіндегі қалыптасуын мектепке дейінгі шақта пайда болып, дами бастайтын мотивтердің қатар бағынуымен байланыстырады. Мектепке дейінгі баланың іс-әрекеті ауыспалы, бір –бірін күшейтіп немесе өзара қайшылықта болып бір –бірімен байланыспайтын жекеленген мотивтермен емес, негізгі әрі тұрақты түткілер біртіндеп жетекші мән алып, шағын ситуациялық түрткілерді өздеріне бағындыратын олардың сатылы жүйесімен қозғалу салына бастайды.Мотивтердің қатар бағынуы эффективті жағымсыз қатынасты саналы жеңіп, эмоциялық тартымды мақсат жолында ерік күшін жұмсай білумен байланысты.

Мектепке дейінгі шақ бойында көптеген жаңа мотивтер пайда болады. Мотивтер ретінде іс-әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздігі, іс-әрекеттің өз мазмұны т.б. көрінуі мүмкін. Тәрбиенің нақтылы жағдайларына қараай атақ құмарыл мотиві, қоғамдық маңыздылық мотиві немесе іс-әрекеттің мазмұнына қызығу мотві жетекші мотив болуы мүмкін. Балалар неғұрлым есейген сайын, олар соғұрлым өздерінің қайсыбір қылықтары айналадағылардың көз алдында қандай маңызға ие болатынына қарай бағдар ала бастайды.

Мектеп жасына дейінгі баланың адамдар қарым-қатынасы жүйесіндегі жаңа орны оған үлкен дербестік береді. Ересек адамнан бөліне отырып, бала өз құрбыларымен белсенді өзара қарым-қатынас жасауға кіріседі.Бұл өзара қарым-қатынастар ойын үстінде жүзеге асады. Бала өзіне роль алады да белгілі бір әрекеттерді орындауға, мінез-құлықтың белгілі ережелеріне бағынуға міндетті болады. Бұл әрекеттер ол үшін тартымсыз болуы және екінші жағдайда мүлдем орындалмай немесе аса үлкен қиындықпен орындалуы мүмкін. Баланың ерік –жігерін қалыптастырудағы ойынның маңызы мынады: ойын үстінде ол осы роль бойынша орындауға тиісті қоғамдық және адамгершілік міндеттерге сәйкес әркет жасауға үйренеді.

Кейінірек балалар құрбыларының ғана емес,сонымен қоа өз қылықтарын да бағалай алатын болады. Осылайша өзін өзі бағалау дамиды. Өзін- өзі бағалау қабілеті балаға өз айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға бағдар береді. Сонымен бірге өзін -өзі бағалау баланың саналы іс-әркетін дамытудың неғұрлым күрделі жемісі. Балалар ересектермен тек өздерінің сыртқы іс-әрекеттеріне байланысты емес, сонымен қоса ішкі күйі мен тебіреністеріне байланысты да қарым-қатынас жасауға тырысады. «Мен қуанып тұрмын»,»мен ұялып тұрмын» дей бастайды. Ол қандай тебіреністерді басынан кешіріп тұрғанын түсінеді.

Өзін -өзі бағалау мен өзіндік сананыдамыту – метепке дейінгі шақтың негізігі жаңа құрылымдарының бірі. Өзіндік сана индивидті өзіндік ерекшелігі бар жеке адамға айналдырады.

Баланы мектептегі оқуға психологиялық дайындығы. Баланы мектепке апарар алдындағы міндет болып оны жалпы түсініктермен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге саналы ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Ең бастысы, баланың оқуға психикалық дайындығы қамтамасыз етуі, қызығушылық және жаңаны танып, есте сақтау, логикалық ойлау, жігер, тырысу қабілеттерін дамыту. Ал, бұл міндет тек арнайы оқыту жолымен емес, қоршаған өмірмен танысу нәтижесінде жүзеге аспақ. (ойында, еңбекте, үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынаста). Мектепке дайындық комплексті тәсілді яғни ақыл –ой белсенділігін арттыру арқылы баланың «епті» болуына ықпалын тигізетін, түсінуге жеңіл арнайы білім қорын жинауға , сөйтіп оған психологиялық сапаларды игеруге көмектесуді талап етеді.

Мектеп оқушысына тән мінез-құлық ережелері мектепке баратын балаларға қойылатын талаптар:

  • бала оқушы болуға қалыптасып, оқуға талпыну үшін мектеп туралы дұрыс ұғымы болуы керек.

  • мектеп ережелері мен қойылатын талапты дұрыс түсінуі керек.

  • тапсырманы орындауына байланысты үлкендердің бағалауына дұрыс мән беруі керек.

  • өз жұмысын немесе құрбысының жұмысын дұрыс бағалай алатын болуы керек.

  • оқу әрекеттінің кейбір дағдыларын меңгеру, қолының жазуға дағдылануы, сөзді байланыстырып сөйлеуге үйренуі және жетілдіруге үлкендер тарапынан көмектесу керек.

6 жаста балаларда жауапкершілік сезімі ұлғаяды. Ақыл- ойы дамып, ерік сапалары қалыптасады. Мектепке келген соң өзара қырым-қатынас балалар бақшасына қарағанда әлдеқайда күрделеніп , өзінше бір мәнге ие болады.

Мектептегі оқуға дайындығы :

  • жеке бастық

  • интеллектуальдық

  • әлеуметтік

Жеке бастық дайындығы- Белгілі бір құқық және міндеттері жүйесі бар, мектеп оқушысының жағдайын жаңа әлеуметтік позицияларға баланың даярылығын қалыптастыру. Бұл жеке бастық дайындық баланың мектепке , оқуға, мұғалімге, өз-өзіне деген қатынасын айқындайды. Жеке бастық дайындық дамудың мотивационды және эмоциональды сфераның даму деңгейімен анықталады.

Интеллектуальдық дайындығы– баладан нақты білім қорын, ой-өрісін талап етеді. Бала жоспарлы бөлшектелінген қабылдауды, аналитикалық ойлауды, логикалық есте сақтауды, сөйлеудің ырықтылығын, белгілерді қолдану барысында танып білуге қабілеттілігі болуы тиіс.

Әлеуметтік дайындығы– Баланың қарым-қатынасқа деген қажетсінуінің дамуын және де балалар тобының ережелеріне және қызығушылықтарына бағынуды меңгереді . Олардың басқалармен, мұғалімдермен қарым-қатынас орнатуына ықпалы бар сапалар болып табылады.

7 жастағы дағдарыс. Мектепке оқуға қабылданар баланы меттептік юолмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру- өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.Олар оқу-тәрбие процесін осы жастын психологиялық ерекшеліктермен қатаң сәйкестікке жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақтан оқушылық өмірге өту кезеңін зерттеу мәселесі мектептегі оқу- тәрбие міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл істің түпкі мақсаты баланың мектептегі оқуына берік тұғырды қамтамасыз ету. Ол мұғалім талаптары мен мектеп ережесін орындауға баланың ерік күшін бағындыра алу іскерлігінен көрінеді. Екі кезеңнің түйісер тұсындағы дағдарыс құбылысыының бала психикасының әсері іс түсіз жойылып кетпейді.

Психикалық даму дағдарысы осы уақытқа дейін баланың ересектермен қарым-қатынасы кезіндегі қиындықтар мен мінез-құлық ауытқуларын, теріс қылықтарын сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылып келеді. Мәселен «теріс қылықтардың көрінісін жұмсартатындай етіп, тәрбиені қалай құрса болады?» деген сұрақтар іздестірілді. Ал психикалық дамуда дағдарыс ролі қаншалықты екендігі аса көп зертелінбеді.

Психикалық даму дағдарысын педагогика ғылымы тұрғысынан қарастыру биехевиористік бағыттағы балар психологиясына да тән : «тәрбиенің жетімсіздігі салдарынан туындаған психикалық даму барысындағы ауытқулар». Бұған қарсы, ТМД, кеңес өкіметі кезеңде Л.С. Выготскийден бастап, дағдарыс дамудың ішкі аса қажетті кезеңі ретінде, сапалық секіріс ретінде қарастырылды. Соның нәтижесінде бала психикасы жаңа деңгейге көтеріледі. Ал дағдарыстың оғаш қылықтар арқылы көрінуі бұдан ары қарайғы даму үшін тежегіш ретінде көрінетін баланың үлкендермен қарым –қатынасының бұрынғы жүйесінің күйреуі, яғни оң, жағымды жаңа құрылымдардың »келесі беті». Баланың психикалық дамуы диалектикалық процесс. Ол біркелкі, тегіс өтпейді, ішкі қақатығыстардың пайда болуы мен шешілуі арқасында қауырт, қайшылықты түрде жүреді.

Психолог Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кейпін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Себебі, осы кезде бала психикасындағы сапалық қайта құрулар барынша айқын көрінеді.

Белгілі балалар психологі Е.Е.Кравцова жас дағдарысының ролін ерекше бағалайды «баланың бұған дейінгі барлық дамуының даярлығы нәтижесінде 7 жас дағдарысы пайда болады». Осы дағдарыстың өтуі нәтижесінде балалардың мектепке психологиялық даярлығы қалыптасады. (Д.Б.Эльконин, А.Л.Венгер). Жеті жас дағдарысы балалар психологиясы мен педагогикалық психологияда шартты түрде белгіленген жас мөлшері. Дамудағы даралық ерекшелікке байланысты, осы шамадағы дағдарыс кезеңі баланың тура жеті жасында өтуі мүмкін. Сондай-ақ , алтыдан аса бере, немесе сегіз жасқа толу уақытта да басталуы кәдік. Бірақ, бір жағдай анық: ол –7 жас шамасындағы дағдарыстың мектеп жасына дейінгі балалық шақ пен мектептік кезең аралығындағы шекара іспеттес екендігі. Сондықтан осы дағдарыс кезеңін «мектеп алды дағдарысы» деп атау орынды.

6-7 жасар бала қоғамдық қатынастар әлемдедегі өз орнын түсіне бастайды.Ол өзі үшін жаңа әлеуметтік қатынастың мәнін ашады. Бұл үлкендер аса жоғары бағалайтын оқу әрекетімен байланысты, оқушылық қатынас.Осы жаңа орынды иелену тілегі қай кезде басталса да, баланың ішкі бағытының қалыптасуы оның өзіндік санасын түбегейлі өзгеріске ұшыратады. Л.И.Божовичтің пікірінше , 7 жас дағдарысы баланың әлеуметтік «менінің » қалыптасу кезеңі. Өзіңдік сананың өзгеруі- құндылықтар сипатының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұрын аса маңызды болған жағдайлар қазір қосалқылық роль атқарып қалады.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Мектепке дейінгі жастың психологиялық ерекшеліктері.

2.Ойын – мектепке дейінгі жастағы баланың жетекші іс-әрекеті. Осы жастағы негізгі психологиялық жетістіктері.

3.Мектепке дейінгі жастағылардың танымдық өрісінің дамуы.

4.Жемісті іс-әрекет түрлерінің дамуы.

5.Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуы.

6.Мектептегі оқуға психологиялық тұрғысынан даярлау мәселелері..

7. 7 жас дағдарысы.

Тақырып 7. Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері.

Анатомиялық –физиологиялық дамуы. Бұл жаста дененің барлық органдары мен ткандарында елеулі өзгерістер болады. Мысалы омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды. Әйтседе склеттің қатаюы әліде аяқталмайды. Сондықтан баланың партада дұрыс отыруың көп жаздырып шаршатпауын қадағалау керек. Бұлшшық еттері мен сіңірлері жылдам қатаяды, бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да, олар кең құлашты қимылдар жасауға қабілетті. Саусақ еттерінің қатаюы 9-11 жаста, білек сүйектерінің қатаюы 10-12 жаста аяқталады. Мәселен, баланың жазу үстіндегі тапсырманы аяғына дейін орындай алмауы. Себебі: оның білегі тез талады, өте тез және ұзақ жаза алмайды. Сонымен қатар 1-3 оқушыларына жазба тапсырманы көп беруге болмайды. Жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі. Ми салмағы артады. әсіресе, маңдай бөліктері өспелі олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атақарады. Қозу мен тежелу процестерінің өзара қатынасы өзгереді. Тежелу ( ұстамдылықтың және өзін -өзі бақылаудың негізі).

Кіші мектеп жасындағылардың склет-бұлшық ет жүйесі едәуір қатаяды, жүрек тамыр қызметі салыстырмалы түрде тұрақтанады жүйкенің қозу және тежелу процестері көбірек тепе-теңдікке ие болады. Екінші сигнал системасы жедел дамиды.

Акселерация –дене және психикалық даму жағынан жедел дамуы.

Әлеуметтік жағдайының дамуы.Әлеуметтік жағдайының өзгеруі келесідей:

-қоғамдық қатынастар жүйесінде баланың орны өзгереді. Мектеп жасына дейінгі бала мектеп оқушысына айналады.

- үлкендермен қарым –қатынасының типтері өзгереді. (талаптар күшейеді).

- құрбыларымен қарым –қатынасының типтері өзереді. Құрбыларының ортасында баланың жағдайы бағалаумен анықталады.

Кіші мектеп оқушысы жасындағылардың жетістіктері: психикалық процестердің ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, өзің -өзі бақылау, рефлексия.

Рефлексия – латынша «бейнелеу» деген сөз. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.

Жетекші іс-әрекеті. Оқу –іс-әрекеті. Адамның іс-әрекеттерін белгілі бір білімді, дағдыларды, іскерліктерді, мінез-құлық пен іс-әрекеттің формаларын меңгерсем деген саналы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Оқу адамға ғана тән іс-әрекет, осының өзінде ол адам өз іс-әрекеттерін саналы мақсатпен реттей алатын болған кездегі адам психикасының даму сатысында ғана мүмкін. Мұндай қабілет баланың мінез –құлқы мен іс-әрекетінің бұған дейінгі түрлерінің – ойынның , сөйлеу қарым –қатынасының , практикалық іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті дегеніміз не?кез келген іс-әрекет практикалық болсын, сөйлеу жүзінде болсын қайсібір физикалық іс-әрекеттердің жиынтығы. Демек, оқу да адамның түрлі іс-әрекеттер жасауы, қиылдары, жазуы, сөйлеуі. т.б. арқылы жүзеге асады. Бірақ өмірлік байқаулар мен арнайы тәжірбиелер таза сыртқы , дәлірек айтқанда қозғалыс белсенділігі үйренудің әсте де міндетті шарты емес екендігін көрсетеді. Бір жағдайларда, ол маңызды роль атқаруы мүмкін ( мәселен , жазудың, сөйлеудің , сурет салудың қимл дағыдларын меңгеру үші) екінші жағдайда, ерекше маңыз болмайды ( мәселен, сөздерді не тектсі есте сақтау үшін, затты танып, ажырату үшін).

Егер оқу іс-әрекет болса, онда ол сыртқы және көзге көрінетін формаларсыз жүзеге аса ала ма? Зерттеулер практикалық іс-әрекетпен қатар адамның тағы да айрықша гностикалық ( грекше гнозис- білім) іс-әрекетті жүзеге асырлатынын көрсетті. Оның мақсаты - айналадағы дүниені танып білу. Практикалық іс-әрекет секілді гностикалық іс-әрекет те заттық және сыртай іс-әрекет бола алады.(мәслен , заттардың қасиеттерін зерттеп білу үшін оларды бөлшектеу мен құрастыру, салмағын, тұқын өлшеу, орындарын ауыстыру). Мұның өзі сондай ақ перцептивалық іс-әрекет – қарау, тыңдау, қадағалау; символикалық іс-әрекет – бейнелеу, белгілеу, айту.

Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Белгілі зат , оқиғалар , жағдайлар немесе іс-әрекет адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздерімен байланысты болса іс-әрекеттің себептеріне айналады. Бұл түп негіздері үш негзігі категорияға айналады.

  • ішкі негіздер (қажеттіліктер)

  • сыртқы негіздер ( талаптар,күту,мүмкіндіктер)

  • жеке түпкі негіздер. ( құндылықтар)

Оқытудың құрылымы: оқу ситуациялары, оқу әрекеті, бақылау, бағалау.

Оқу ситуациялары- оқушылар ұғымдардың қасиеттерін бөліп алудың немесе нақтылы практикалық міндеттердің кейбір кластарын шешудің жалпы тәсілдерін игереді.

Оқу әрекеті-оқушы міндеттерді шешудің қолданудың және қайта жағырта алу тәсілдерін игереді. Бұл әрекеттер пәндікте, ақыл ой шеңберінде орындалады.

Бақылаудыңнегізі екі формасы бар.

  • орындалған іс-әрекеттердің дайын нәтижесін талдау

  • ойлау бойынша орындалған әрекеттердің дайын нәтижелерін көздеу.

Бағалау-жақсы-жаман, баға 1-5 дейін және синтездік сипатта болады.

Танымдық процестерінің дамуы. Қабылдау. – мектепке дейінгі балаларға қарағанда ( көзінің көргіштігі , естуі) әжептәуір дамыған. Бірақ әлі де болса қабылдау дами қоймаған. Мысалы . орыс тіліндегі ф.в. фонемаларын дұрыс ажырата алмайды. Себебі талдау қызметі қалыптаспаған. Сонымен бірге олардың қабылдауында анализ бен синтездің жеткіліксіздігі жиі байқалады. Бала байқағыш келеді. Бірақта ,ол анализ, синтездеудеге білімі жеткіліксіз.

Баланың қабылдауы эмоцияға да байланысты, көп нәрсе оны қуанышқа немесе ренжуге бөлейді. Ол көбіне өзі қызықтырыатын, сезімін туғызатын нәрсеге көп көңіл бөледі. Бұл кезд е сезімінің дәл болмауын көруге болады. Мысалы: шымшықты- қарға деуі т.б. ұқсас заттарды бір тектес қабылдайды. Бастауыш сынып оқушылары кеңістікті қабылдауы және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды. Баланың қабылдау ерекшеліктерінің қалыптасуында мұғалім негізгі роль атқарады.

-сөзді және затты қабылдау арасында айырмашылық. Затты қабылдау – бірінші сигнал жүйесі. Сөзді қабылдау екініші сигнал жүйесі (тыңдау)

-тәжірібиесі жинақталады. (санасы дамиды).

Ес, елестер. Балалардың образды есі ( көру,есту) жақсы дамып, сөз логикалық есі нашарлау дамиды. Оқыту процесінде мағыналы ( сөз логикалық ( дами түседі. Бала тек нақтылы емес, кейде абстрактылы ұғымдарды игере бастайды. Бұл кезде бала өз сөзімен емес, жатқа айқанды жақсы көреді яғни берілген тапсырманы бірақ тапсырманың мақсатын білген жөн. Мұғалім мұндай тапсырманы нақтылап, әдістерін белгілеп бергенде , бала тапсырманы орындайды. Есте қалдыру үшін бөлшектерге бөліп, өз сөзімен айтып үйренеді.

Ойлау.Л.С. Выготскийдің айтуынша , бала оқуға келген соң , оның ойы мен интеллектісі үлкен өзгешіліктерге ұшырайды. Бала қарапайым ойдан, ұғым арқылы ойлауға көшеді. Ж.Пиаже 7-11 жастағы балаларда тек қарапайым, нақтылы ой операциясы кезеседі деді. Бұл кезде бала пікір, ой қортындысын туындай алады. Оның абстрактылы ұғымдық ойлауы қалыптасады. Сонымен бірге Неге? Неліктен?

Сұраққа жауап талап еткенде, мұғалім, балаларды өз пікірін, дәлелдеп беруін, мойындауға үйреткен жөн.

Қиял. Педагогтың міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын елестетуі үшін , оқушының репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін көрнекі құралдар, әңгімесі әсерлі т.б. қажет. Бастауыш сыныш оқушысының қиялы көбінесе еліктегіштік сипатта болады. Бұл кезде , баланың қайта жасау ( репродуктивтік) сипаты басымрақ болады. Оларға тән ерекшіліктері,олар жасаған бейненің көрнекілігі мен нақтылығында. Баланың творчестволық қиялық қалыптастыруда әсер етеін «еркін тақырыпқа шығарма жазу».

Эмоция, сезім.Бұл кезде, баланың эмоциясы өзгереді. Оқу іс-әрекеті біріккен іс-әрекеттерге қатаң талаптар жүйесімен, саналы тәртіппен, ырықты зейінмен және ерікті есте сақтаумен байланысты.мұның бәрі баланың эмоциясына әсер етеді.бұл кезде ұстамдылық, түсінгіштік,қуаныш пен реніш жайдайларындағы табандылықтың артуы байқалады. өз көңіл –күйлерін басқара алады, кей кездері жасыра да алады. Жасқа тән белгі- психологиялық процестің еркіндігі –осыдан байқалады. Бұл кезде оқушылардың, өзінің мұғалімге деген қарым-қатынасынан туатын сезім, моральдық, интеллект сезімі қалыптасады. Сондай-ақ достық сезімі жедел дамиды.

Ерік.Адамның өмір процесі мен іс-әркетінде дамып отырады. ( ойын,оқу,еңбек) 3 сынып оқушысында еріктің ең маңызды қасиеті болып саналатын өзіне өзі сын көзбен қарау жағы әлде қайда дами түседі. Ерікті тәрбиелеудің ең маңызыд шарты- қиын, бірақ шамасы келетін тапсырмалар беру.

Зейін.Зейінді дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа детуден өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады. Зейінді дамытуда, оқушының оған нені оқытып отырғанын түсінудің маңызы зор. Ырықты зейін әсіресе баланың міне-құлқымен еркіне байланысты.