Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
599_психология.doc
Скачиваний:
347
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
591.36 Кб
Скачать

Нәрестелік кезең (2 айдан – 1 жасқа дейін). Баланың негізі дене дамуындағы жетістіктері.

- жармасуы және манипуляция. Жармасу – бұл затты ұстау және ұстап алу, манипуляция - бұл затпен тиімді қатынас орнатады. Жармасу мен манипуляцияның ролі – бұл қолдың жаңа іс-әрекетке бейімделуін қамтамасыз етеді. Яғни – заттық-құралдарға. Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т.б. қарапайым қимылдар дамиды. 3-4 айлық кезде жармасу қимылдары дамиды. 1 жас соңында бала заттармен түрлі қимылдар жасай алады. (жерге қою, жатқызу, өткізу т.б.)

- еңбек ету - бұл баланың бірінші өзіндік қимыл қозғалысы; онын ролі – жаңа әсерлермен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік жағдайының дамуы. Бала үлкендерге туғанынан тәуелді. Өйткені органикалық қажетсінуін және де жаңа әсерлерге деген қажетсінуін үлкендер қанағаттандырады. Сонымен үлкендер сәбилердің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады, бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағатаныдарыды: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардың қозғалнын көруге , қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндігі болады. Негізі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Нәрестенің үлкендерге тәуелділігі баланың болмысқа ( өзіне) қарым-қатынасы әрқашан басқа адаммен қарым- қатынас жасау призмасы арқылы өтеді. Басқаша айтқанда, баланың болмысқа қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік , қоғамдық бойынша қарым-қатынас болады.

Нәрестенің жетістіктері – қарым – қатынасты қажетсінуі.

Жетекші іс-әрекеті – эмоционалдық қарым-қатынас. Жанама түрде эмоциямен, ым-ишара мен, вербальді емес жолмен беріледі. Әрине, эмоциялық қарым-қатынас баланың көңіл күйінің жақсы болуына мықты әсер етеді. Егер бала қырсықтанып, ойнағысы келмесе,сол кезде қасына үлкен кісі жақындаса –ақ болды, оның көңілі көтерліп, ашуы басылады да өзінен-өзі тағы да жалғыз қалып, жаңа ғана жаратпай тастаған ойыншығымен қайтадан ойнай бастайды. Туғанына төрт –бес ай болғанда үлкендерді таңдап қарайтын болады. Сәби өз үйінің адамдарын басқалардан ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.

Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым –қатынас қажеттілігі әрине, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам үнемі баланың қасында болуға ұмтылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударуды талап етеді, егер бір минуттай –ақ жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды.

Дұрыс тәрбие әдістері үсітінде, нәрестелік шаққа тән тікелей қарым-қатынас (қайткенде де қарым-қатынас жасау керек болғандықтан), кешікпей белгілі бір затпен , ойыншықпен жасалатын қатынасқа ауысады да үлкен кісі баланың бірлескен іс-әркетіне айналады. Үлкендер баланы әлдебір заттық дүниеге ендіреді, оның назарын заттарға аударып, олармен не істеуге болатынын сан алуан әдістермен көрнекі көрсетіп, балалардың қимылын бағыттай отырып, оған қимылды орындауға жиі тікелей көмектеседі. Үлкендермен қарым-қатынастағы қажеттіліктің ариуы кейде қарама-қарсылыққа д әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де сөйлей білген кезде ғана шешіледі.

Танымдық өрісінің дамуы. Белсенді түрде көру және есту түсініктері қалыптасады. (3- айдан 4 айға дейін). 9-10 ай балалар көз алдынан көрінбей кеткен заттарды іздей бастайтын болады, демек ол заттардың жоғалмағанын, тек басқа бір жерде тұрғанын түсінеді. Шамамен осы мерзімде затты тани бсатайды. 11 ай шамасында көріп қабылдау туады. Есі ырықсыз. Оның түрлері: эмоциональді, қимыл-қозғалыс есі. 1 жасқа толғанда бала заттың қасиеттеріне зейін аударады. Зейіні ырықсыз 1 жастың соңына орай көрнекі- әрекеттік ойлауы көріне бастайды.

Тілі пассивті түрде. 7-8 айда сөзді түсіне бастайды. 1 жасқа жуық шамасында пассивті сөздік қоры 50 сөз. 8 айда сөйлей бастайды. 7-9 айда бөбек сөздің ырғағын байқау дәрежесіне жетеді. 9-10 айда ма-ма, па-па, нә-нә, 12 айда апа, ата, су т.б. 1 жаста сөздік қоры – 2-15 сөз.

Эмоционалдық өрісінің дамуы. 1 жастағы дағдарыс. Баланың жанама – эмоциональді қарым-қатынасынан жаңа жетекші іс-әрекетке, заттық – құралға өту болып табылады. Эмоциялық көңіл күй баланың жалпы белсенділігін арттырады. Дүниеге келген алғашқы жылдың екінші жартысында дұрыс дамып келе жатқан дену сау бала былдырлап сөйлегіш келеді. Түрлі буынды дыбыстар шығарып, оны ұзақ уақыт қайталайды,үлкендер айтқан буындарды қайтьалап айтуға тырысады.

Былдырлау арқылы сәби қарым–қатынас жасауға әзірлігін білдіреді.

Былдыр сөз – негізінен жеке буындардан тұратын айланыссыз, түсініксіз сөйлеу. Бұл бала дамуының алғашқы кезеңі болып табылады.

Әдетте бұрынғы боп кеткен дамуымен қазіргі даму жетістігі сай келмейекі арада қайшылық болад. Осындай қайшылықты даму дағдарысы дейді. Оның мазмұны өте қарапайым және тез өтеді. Мұндай дағдарыстар ауыспалы кезеңде тез игеріледі. Сонымен бірге, мұндай ерекшеліктер ерекше аталып көрсетілмейді. Кейбір балалар еңбектемей тез жүріп кетеді. Бұндай балаларды терең зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін баланың кешеуілдеп жүруіне әсері болатыны жасырын кезде басталып, пайда болатынын көреміз. Бала жүре бастаған кезде, мұндай кезең жойылады. Осының өзі баланың жүруінің толық кемеліне келмегендігін көрсетеді. Баланың жүре бастауының өзі жас дағдарсының ең бірінші кезеңі. Екінші кезеңі – баланың сөйлеуіне байланысты.бұл бір күнде басталып, жүзеге асатын процесс емес. Бұнда бала сөйлеуінің алғашқы кезеңі болады. Кезең 3 айға созылады. Үшінші кезең- аффект пен ерікке байланысты ( аффект – күшті, эмоциялық тебіреніс) мұны психологияда гипобуликалық реакция дейді. Баланың жас дағдарысына байланысты, бала өзге адамдардың іс-әрекетіне қаңағаттанбайды.Бала біліміне, даму, жетілуіне байланысты қайшылықтарға ұрынады. Бала өз мүмкіндігіне сеніп, өзін қызықтырыған іс-әрекетке ынтасы ауады. Үлкендермен басқаша қарым-қатынас жасауға тырысады. Бұдан қайшылықты дағдарыс болады. Балалр үлкендер талабына сай құлақ аспайды. Наразылық көрсетеді. Үлкендер осы ерекшеліктеріне қараай ауысады. Мүмкіндігіне қараай іс-әрекет үйренеді. Бұл дағдарыс баланың ерік реакциясына байланысты булығып, ашуланшақ, жер тепкілеп жылай басатйды яғни сол талабына наразылық білдіреді. Бірақ көгеріп ауызынан көбік ағып, қояншық ауру, белгісі білінбейді. Баланың даму бағыттындағы дамудың кері шегінген белгісі.

Баланың 1 жас кезіңдегі жас дағдарысының негізгі мазмұнын сипаттайтын осы 3 кезең болып саналады. Ең негізгісі баланың тілдік даму дағдарыстары. өйткені баланың тіл дамуы әр түрлі жағдайда өтеді. Ең біріншісі бала сөзді ойланып, байланыстыру теориясы негізінде меңгереді. Мысалы: атылған сөз бен оның мағынасның айналасында байланыс орналасады. Бала естіген сөзін заттың өзімен байланыстырып есіне түсіреді. Мысалы. Аф-аф (итті) мяу-яу(мысықты) т.б.

Тілдік дағдарысының дамудың ең негізгі ерекшелігі, баланың артикуляциялық дыбыс мүшелерінің қимыл- қозғалыстарының дұрыс дамуына байланысты. Сонымен бірге фонетикалық естудің дұрыс жетілуіне байланысты, баланың сөздік дыбыс формасы өзгереді. Әрине осы кездегі дағдарыстын тууы: баланың жағымсыз эмоциональды реакциясының болуына әкеледі 1 жас өмірінің соңында дағдарыстың болмауы, баланың қарым-қатынасының формасын өзгертеді. Бала психикалық процестері анықталмаған, дайын күйінде берілмейді. Бұл процестердің өзінің қалыптасуы заттық іс-әрекеттен тыс қалыптасуы мүмкін емес.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1. Нәрестелік шақтағы баланың психикалық дамуының ерекшеліктері.

2. Эмоционалдық қарым – қатынас нәрестелік шақтағы жетекші іс-әрекет ретінде.

3. Жандану комплексі нәрестелік шақтың негізгі жетістіктері ретінде.

4. Жаңа туған және нәрестелік кезеңдегі танымдық сферасының дамуы.

5. Нәрестелік шақтағы қимыл мен іс-әрекетті дамытудың ерекшеліктері қандай?

6. Эмоцианалдық өрісінің дамуы. 1 жастағы дағдарыстың тууы.

Тақырып 5. Ерте сәбилік шақтағы баланың психикалық дамуы.

Ерте балалық шақ (1 жастан 3 жасқа дейін). Онтогенездегі тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі «қашықтықтан» өтеді. Баланың бойында алғашқы 3 жылда пайда болатын сапалық өзгерістердің елеулі екендігі соншалық,кейбір психологтар адамның тұған күнінен бастап кәмілеттік жасқа дейінгі аралықта дамудың орта мөлшері туралы ойлағанда, оны 3 жас деп есептеп жүр. 3 жаста бала өзін -өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым –қатынас жасай алады.

Негізгі дене дамуының жетістіктері:

- заттық әрекет, бала нәрсені көрсету арқылы қабылдай алады.

- тік жүруі – баланың еркін де дербес қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.

Тік жүру. Нәрестелік кезеңнің аяғында бала тәй басып, алғашқы қадам жасайды. Тік қозғалу- қиын іс. Кішкене аяқтар үлкен қиыншылықпен аттайды. Жүріс қимылын басқаруға әлі үйренбеген, сондықтан бала үнемі тең басып тұра алмайды. Айналып өтуге тиіс отырғыш немесе табанының астында қалған кішкене нәрсе абалның жүрісін қиындатып, бір –екі аттағаннан кейін –ақ үлкендердің қолына немесе еденге құлап түседі. Сонымен алғашқы табысқа жеткен соң, бала өз денесін ұстай білгенге мәз боладыда, енді осы іс-әрекетін қайталап, өзін -өзі ұстау мерзімін көбейтіп, кедергілрден сүрінбей өтуге тырысады. Оның үстіне, еңбектеуді қойғаннан кейін, жүру қозғалудың, өзі қажет еткен затқа жақындаудың негізі құралына айналады.

Жүруге жаттығу арқылы үлкен орнықтылыққа қол жетеді. Баланың құлауы азайып, көздеген жеріне қарай неғұрлым сенімді түрде аяқ басатын болады, алайда қозғалыстың өзі әлі де ұзақ уақыт бір қалыпқа келмейді. Бала біртіндеп еркін қозғалатын болады. Жас жарымдағы бала қимыл үстінде жаттығады. Жәй жүгіріс және қарапайым жүріс енді оны қанағаттандырмайды. Балалар өз жүрісін өзі әдейі қиындатады: әр түрлі ұсақ нәрселерді баса- көктей жүреді, арқасын беріп жүреді, айналып дөңгеленеді, көзін жұмып алып жүреді. Әрине, аяғынан басып тік жүруге қабілеттіліктің арқаасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін және өздігінен байланыс жасайтын кезеңге өтеді. Жүріп үйрену оның кеңістікте дұрыс бағдарлауын дамытад. Бұлшық еттерінің сезімталдығы заттың тұрған жерінің қашықтығын есептеудің өлшеміне айналады.

Демек жүру баланың тәуелсіздігін арттыра отырып, сонымен бірге заттармен , оның қасиеттерімен танысуын ұлғайтады, онымен іс-әрекет жасауға үйретеді.

Әлеуметтік жағдайының дамуы. Бала әлі де болса үлкендерге тәуелді, өйткені үлкендер олардың затпен әрекет етуіне жағдай жасайды. Демек, «бала- зат- үлкендер».

Ерте сәбилік кезендегі жетістіктері: Сөйлеуі. Ерте сәбилік шақ- сөйлеуге үйренуге қолайлы кезең. Сөз үйренуге интенсивті әзірлік, біздің жоғарыда байқағанымыздай, нәрестелік кезеңнен- ақ басталады: балада фонематикалық естудің негізі қалыптасады, сөз дыбыстарын қайталау дағдыға айналады, ақырында, алғашқы сөздерді түсіну және айту пайда болады. Мұның өзі үлкендермен қарым –қатынасын кеңейтеді.

Ерте сәбилік шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүргізіледі: үлкендердің сөзін түсіну жетілдіріледі және баланың мүлдірмей сөйлеуі қалыптасады.Осы кезде ана тілінің граматикалық құрылымын игеру де басталады. Әуелі – шамамен 1 жас 10 айға дейін балалар бір сөзден, кейін екі сөзден тұратын,септеліп,жіктелмейтін сөйлемдермен шектеледі. Соның өзінде мұндай әрбір сөздің –сөйлемнің әр түрлі мазмұны болуы мүмкін. Сәби «мама» дегенді оны бірде « мама» , «мені көтерші » дегенннің, бірде »мама, менің далаға шыққым келеді» дегеннің орнына айтуы ғажап емес. Кейінірек баланың сөздері өзара байланысып, заттар арасындағы пайым қатынастарды білдіретін болады.

Осы кездегі баланың сөйлеуі – активті және пассивті. Баланың белсенді сөйлеуін дамыту (тілдік қорының дамуы) 1,5 жасқа дейін баяу өтеді Бұл кезде 30-40 және100 сөзді меңгереді. Бірақта оларды өте жиі қолданбайды. 1,5-5 жастан кейін баланың сөздік қоры жылдам белсенді дамиды. Жасқа қарай баланың сөздік қоры 300 сөзге дейін, ал 3 жастан кейін 300-1,5000 ға дейін сөздік қоры дами түседі.

Автономиялық сөйлеу дегеніміз – бұл балалар әдетте үлкендер қолданбайтын сөздерді айтады немесе тілі келмегендіктен сөздерді өзгертеді. Демек, баланың өзіне тән сөйлеуі. Мысалы: ав-ав, нәм-нәм т.б.

Сонымен, сәбилік шақтың басында бала өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп, олардың арасындағы қарапайым қатынастарды байқап, сол байланыстарды өзінің іс-әрекетінде пайдалана бастайды. Бұл баланың заттық іс-әрекетті және сөзді игеру арқылы болатын ақыл- ойының онан әрі дамуына алғышарттар жасайды. Дайын байланыстарды немесе үлкендер көрсеткен байланыстарды пайдаланудан оларды өзі орнатуға көшу – бала айлауын дамытудың маңызды басқышы. Алғашында жаңа байланыс орнату іс жүзінде байқап қарау арқылы жүзеге асады, соның өзінде балаға кездейсоқ жағдай көмекке келеді.

Көрнекі -әрекеттік ойлауы – бұл баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатың ойлауы. Баланың ойлауын дамытуда қорытуды қалыптастыру – жалпы белгілері бір заттарды немесе іс-әрекеттерді ойша біріктіру үлкен орын алады. Қорытудың негізі – сөйлеуді үйренуден құралады. Сондықтан да үлкендер баланы сөздің манызын түсінуге және дұрыс қолдануға үйретудің өзінде қорыту жатыр.

Жетекші іс-әрекеті. Сәбилік шаққа ауысу заттар дүниесіне жаңаша көзқарастың дамуына байланысты болады- олар бала үшін тек іс-әрекет жасауға ыңғайлы объект қана емес, сонымен бірге белгілі бір міндеті бар және пайдаланудың белгілі әдісі бар, яғни қоғамдық тәжірибеде оған бекітілген функциясы бар ұйымдар ретінде көріне бастайды. Балының негізгі ынтасы затқа жаңа іс-әрекет жасауға үйренуге ауады, енді үлкендер осы істе ұстаз, көмекші, қызметші ролін атқарады. Ерте сәбилік шақта бүкіл кезең бойына жетекші іс-әрекет болып табылатын заттық іс-әрекетке көшу жүзеге асады. Заттық іс-әрекеттін дамуы заттар мен жұмыс жасаудын қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Әрине, бала заттың қоғам бекіткен, сол сәттегі қажеттілікке қарай өзгермейтін тұрақты қасиетін үйрене бастайды. Бұдан бала заттың қасиетін үйренгеннен кейін, оны тек қана сол мақсатқа пайдаланады деген ұғым шықпайды. Мысалы, ол қарындашпен қағаз сызғылауды үйрене тұра, сонымен бірге қарындашты домалатуы да, одан құдық жасауы да мүмкін. Бұл жердегі ең маңыздысы сол – бала заттың шын мағынасындағы не үшін керек екендігін біледі. Екі жасар еркетотай бәтінкесін басына киген кезде, өзіне-өзі күледі, себебі бәтіңкенің қызметі басқа кию емес екенін түсінеді.

Заттық іс-әрекет дамуының бастапқы кезеңінде қимылмен зат өз ара байланысты. Іс-әрекеттің затпен байланысы дамудын үш фазасынан өтеді.

- бала затпен өзіне таныс іс-әрекеттің кез-келгенің жасай алады.

- зат тек өз қызыметіне ғана пайдалнылады.

  • ескі іс-әрекетті қайталау жүзеге асады бұнда бала еркің, негізгі қызыметтің көрсетеді.

Заттық қимылды игеруге байланысты баланың ол үшін жаңа жағдайдағы жаңа заттармен кездескенде бағдарлау мінезі өзгереді. Егер бала қолына таныс емес заты алып, онымен өзіне бұрыннан белгілі тәсілдерді қолданып, іс-әрекет жасас, кейін оның назары жаңағы заттың неге керек екенін, оны қалай пайдалануға болатынын анықтауға ауады. «бұл не?»- деген бағдар «мұнымен не істеуге болады?»- дегенге ауысады.

Осы кезеңде игерген қимылдың бәрі тір типтес емес және баланың психикалық дамуы үшін оның бәрінің маңызы бірдей емес. Іс-әрекеттердің ерекшелігі, алдымен, заттың ерекшелігіне байланысты. Кейбір заттар анық белгілі бір пайдалану әдісіне ие. Олар - киім, ыдыс, мебель. Оларды пайдалану тәсілін бұрмалау мінез-құлық ережесін бұзғанмен бірдей бағаланады. Басқа заттармен әлдеқайда еркін айналсуға болады. Оған ойыншықтар жатады.

Баланың ерте шақта сәбилік кезеңде игеретін қимыл -әрекетінің ішінен оның психикалық дамуына әсер ететіні өзара байланысты әрі құрал –сайманмен атқарылатын іс-әрекет болып табылады. Өзара байланысты іс-әрекет дегеніміз екі немесе бірнешге затты ( немесе олардлың бөлшектерін) белгілі бір кеңістікте өзара қатынасқа келтіру. Мысалы, шығыршықтан шағын прирамидалар пайдалану, қорапшалардың қақпағын жабу.

Сәбилік шақта-ақ балалар екі түрлі нәрсемен іс-әрекет жасай бастайды – біріне бірін өткізеді, текшелейді, жабады т.б. Бұл іс-әрекетердің ерекшелігі сол, мұнда балалар заттың қасиеттерін ескермейді- заттарды олардың формасы мен көлеміне қарап іріктемейді, оларды әлдебір ретімен алмайды. Ал, ерте балалық шақта игерілетін өзара байланысты іс-әрекет осыларды есепке алуды талап етеді.

Құрал –сайман баланың қолымен ықпал жасалатын заттың арасын байланстырушы ролін атақарады. Бірақ бұл іс-әрекеттің қалаай жасалатыны құрал –сайманның құрылымына байланысты. Құрал сайманмен іс-әрекет жасау- дегеніміз бір заттын, құралдың екінші бір затқа әсер ету үшін қолданылады. Бала ең алдымен қарапайым құралмен таныса алады. Мысалы: қасық, таяқ, күрек т.б. Құрал сайманда пайдалану бірнеше сатыдан өтеді: қол қимылы бағдарлау құрал саймандық іс-әрекет. (Қолды құрал-сайманның ерекшелігіне қарай ыңғайлау). Әліде болса балада құрал саймандық іс-әрекет жетілмеген.

Ерте сәбилік шақтың соңында ( 3 жасқа аяқ басқанда ) кейінірек неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлерін игере бастайды. Бұл ойын және іс-әрекеттің өнімді ( сурет салу, жапсыру, құрастыру ) түрі.

Заттық іс-рекетінің дамуына байланысты ерте балалаық шақта сурет селуды игерудің алғы шарттары қалыптасады, ол мектепке дейінгі шақта іс-әрекеттің ерекше түріне – бейнелеу іс-әрекетіне ауысады. Баланың бейнелеуге дейнгі кезеңнен бейнелеуге көшуі бірінен бірінің айқын айырмашылығы бар екі сатыға бөлінеді: әуелі сызықтардың кездейсоқ ұштасуынан бір затқа ұқсастық, сонан соң әдейі бейнелеу пайда болады.

Сәбилік шақтағы баладан графикалық бейнелерді пайдалатынын көреміз. Мысалы,екі жасар қыз бала дөңгелетіп салған қисық сызықтардың бірін «апаайым», екіншісін «ағайым»,үшінісін «шар» деп атайды. Дегенмен де баладан күрделі графикалық бейнені жүзеге асыру баладан көптеген күш жұмсауды талап етеді.

Танымдық өрісінің дамуы. 1 жастағы балада заттық қабылдау, бірақта ол толық жетілмеген. 2 жаста бала заттың қасиеттерін әліде болса айыра алмайды, оны тек ашық белгілеріне қарай ажырата алады. 3 жаста бала заттың формасын, көлемің, түрін ажырата алады. Сонымен бірге үлгі бойынша көріп қабылдайды. 3 жаста бала 5-6 форманы және 8 түсті меңгеруі тиіс. Естіп қабылдау жедел дамиды. Зейіні ырықсыз. Зейін көлемі тар алаңболушылық басым. Есі ырықсыз естің басты ролі қайталауда. Қимыл-қозғалыс есі басым екені көрініс береді.

Эмоционалдық өрісінің дамуы. 2 жас соңында өз атын айту «мен» деген есімдікпен ауыстырылады. «мен» жүйесі ерте сәбилік шақтың аяғына қарай пайда болатын орталық құрылым (Л.И. Божович). Бөбек өзін ересек адамнаң ажырата білуге үйреніп өзіне дербес «мен»ретінде қарай бастайды. Яғни «өзіндік сананың» алғашқы формаларын көруге болады. Оның мінез - құлқы сырт жағдайға байланысты. Бұл кездегі үлкендердің мадақтауы, қолдауы баланың мақтаныш сезімін тудырады. Олар осындай сезімге тұралықтай әрекет істеуге тырысады. Оларда ұялу сезімі басым болады.

1 жастан 3 жасқа қарай балада адамгершілік сезімінің және де жанашырлық көрсетуді (эмпатияның) көрінісін көреміз.

Дербестікке (тәуелсіздікке) ұмтылудың пайда болуы. 3 жастағы дағдарыс. Сәбилік шақтағы бала дамуының неғұрылым маңызды сәті оның ахуалдың өзгеруіне қараай өзгеріске ұшырамайтын, үлкендердің тілегімен дәл келуі де, келмеуі де мүмкін өзіндік ерекше тілегі бар жеке адам екендігін сезіне бастауы болып табылады.

Сәбилік шақтың басында бала өзіне пайда болған сезім мен тілекті оларға қозғау салатаын сыртқы себептерден ажырата алмайды. Ол өне бойы қозғалыста, іс-әрекетте болады, оның ішкі жағдайы үнемі өзгеріп отырады және осы өзгергіштікте бала үшін өзінің ықыласы мен іс-әрекеті арналған адамдар мен заттар ғана көзге түседі. Адамдардың қандай жағдайда да, әр түрлі іс-әрекет жасаған кезде де со күйінде қалатынын бала сезіне бермейді. Мысалы, екі жасар баланың әкесі бір жақтан жүдеп-жадап саяжайға келгенде, ол папасын таныды, бірақ оны «кішкене папа»деп атады. Оның түсінігінше « үлкен папасы» қалада қалған сияқты. Балаға мұндайларды сезінудің қиындығы тағы да оның өзінің адам ретінде дербес, басқалардан бөлектігінде, түрлі іс-әрекеттің негзі өзі екендігінде жатыр. Өзіне көзқарасты балалар үлкендерден үйренеді. Бала екіге толғаннан бастап өзімен-өзі таныса бастайды. Бұл таныстық алдымен сыртқы бейнеге, ал кейін ішкі дүниеге қатысты болады. Екі жасқа қараған кезде, әдетте балалар айнадан, фотографиядан немесе кинодан өзін танымайды да, бар назарын өздері білетін адамдарға аударады. Өзін тану үлкендердің көмегімен жүзеге асырылады. Баланың бұған қызыға кірісетіні сондай , өз бейнесін еске сақтауға жаттыққандай болады. Өзін бала екі жарым жастан бастап тани түседі. Әр түрлі тілек пен іс-әрекетің тұрақты көзі ретінде өзін басқалардан бөлек сезіну баланың өсіп келе жатқан шын мағынасындағы дербестігінің әсерімен үш жасқа толған кезде пайда болады.

Даму жетістіктері сәбидін барлық мінез құлқың сапалы түрде өзгертеді бұл кезде олар үлкендердің көмегінсіз-ақ өздері әрекет етуге тырысады. «мен өзім» деген белсенділік, ересектермен ересектермен қарым-қатынастар жасаудың жаңа түрдін пайда болуына әкеліп соғады. Жағымсыз мінез бітістерінің тууы – бір беткейлік. Бұл кезең әдетте қиын кезең деп аталады яғни, 3 жас дағдарысы – баланын рольді ойын әрекетіне ауысу жолымен шешіледі. 3 жастағы дағдарыс - өтпелі құбылыс, онымен байланысты жаңа құрылымдар - өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен салыстыру баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.

Мәселен, батыс европаның авторлары дағдарыстың жағымсыз сәттерін мынандай жағдайлармен байланыстырады: бала кетіп қалады, үлкендерден өздерін алшақтатады, әлеуметтік байланыстарды үзеді.

Дағдарыстың мәні туралы Л.С.Выготский., Д.Б.Эльконин және Э.Келер., М.Кечки т.б. еңбектерінен көрініс береді.

Э.Келердің «Үш жастағы баланың жеке басы туралы» атты еңбегінде дағдарыстың мынандай белгілерін көрсетеді:

-қарама-қайшылықтық. Бұл жағымсыз реакция. Бір адамның екінші бір адамға деген қарым-қатынасымен байланысты. Бала ересектердің қойған міндетіне бағынудан бас тартады. Баланың бойындағы қарама-қайшылықтық мінезді тыңдамайтын қасиетпен араластыруға болмайды. Тілалмаушылық ерте жастада байқалатын кездері бар.

-қырсықтық. Бұл реакция өзінің өзіндік шешілімен байланысты. Қырсықтықты өзінің қалағанымен қайталаушылықпен байланыстыруға болмайды. Қырсықтық – баланың өзінің қойған шарттарын және шешімінің орындалуын талап етумен құралады.

-өз еркімен әрекет ету. Бала өз еркімен іс-әрекет жасауға ұмтылады. Бұл бір бөлігінен бірінші жылдағы дағдарыс сынды келеді, ол жерде бала физмкалық жағынан өз еркімен әрекет етуге ұмтылады, ал 3 жастағы дағдарыста терең ойлаудағы еркіндік болып табылады.

-үлкендерді бағаламау. Ш.Бюлер жанұядағы баланың анасына «жынды»деген сөзді естуімен суреттейді.

-деспотизмге ұмтылу.

Д.Б.Эльконин болжамы бойынша: «Мен өзім » феномені, баланың өзіңдік арманының дамуының динамикасы пайда болды деген сөз. Сонымен бірге арманшылықтың жоғары дәрежеде болуы, баланың өз еркімен әрекет етуге ұмтылуы яғни, үлкендер сынды.

Туғаннан 3 жасқа дейінгі баланың психикалық дамуының негізгі жетістіктері.