Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 так.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
164.86 Кб
Скачать

6-тақырып. Дебиторлық берешектер мен басқа активтердің есебі

6.1. Дебиторлық берешектің түрлері

6.2. Ақша төлеу және аудару үлгілері мен жүйесі

6.3. Дебиторлық берешектің танылуы мен бағалануы

6.4. Дебиторлық берешектерінің есебі

6.5. Басқадай дебиторлық берешектердің есебі

6.1. Дебиторлық берешектің түрлері

Дебиторлық берешек (латын тілінен debitium – аударғанда берешек, міндеттеме, берешек деген мағына береді) – деп белгілі бір қарым – қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай – ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті берешектерін айтады. Осы субъектіге берешегі бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай – ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.

Оның мәні есепте кәсіпорынның мүлігі, яғни қарыздарды талап етілетін бекітілген мөлшері бар ақшалай сомманы немесе тауарларды алу болып келеді. Дебиторлық қарыздың заңды құқық анықтамасы ретінде ақшалай төлемді кез- келген валютада талап ету және қабылдап алу болады.

Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.

Саудалық дебитор берешегі – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Саудалық емес дебиторлық берешек іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған дивидендтер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.

Дебиторлық қарыз (берешек), алуға арналған шоттарды төлеу мерзіміне немесе қарызды өтеудің күтіліп отырған күніне қатысты екіге бөлінеді:

  • кысқа мерзімді

  • ұзақ мерзімді

Әдетте дебиторлық қарыз (берешек) шот-фактуралармен расталады. Дебиторлық қарыз (берешек) негізгі қызмет нәтижесінде сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылардың міндеттемелер сомасына және өзге қызмет түрлерінің нәтижесінде туындайтын дебиторлық қарызға (берешекке) бөлінеді.

Дебиторлық қарызды (берешекті) келесі түрлерге:

  • төлеу мерзімі келмеген қарызға (берешекке) (қалыпты)

  • төлеу мерзімі кешіктірілген қарызға (берешекке), (яғни ол күмәнді берешекке айналады).

  • барлық мерзімдері өткен қарызға (берешекке), оның ішінде талап қою мерзімі өткен - үмітсіз қарызға (берешекке) бөлуге болады.

6.2. Ақша төлеу және аудару үлгілері мен жүйесі

Төлем жүйесі әртүрлі заңды және жеке тұлғалар – Қазақс­тан Республикасы банктері, шетел банктерімен банк опера­ция­ла­ры­ның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым­дар арасында жасалатын төлемдер және ақша аударымдарымен байланысты қатынасты білдіреді.

Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақша аударым­дарын жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастар, Қазақстан Республикасының «Төлемдер және ақша аударымдары туралы» Заңымен реттеледі.

Осы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асырудың:

  • қолақшаның қатысуымен;

  • қолақшаның қатысуынсыз тәсілдері қолданылады.

Қазіргі уақытта аударым арқылы жасалатын төлемдер жә­не ақша аударымдарының келесідей формалары пайдаланы­ла­ды:

  • төлем талап-тапсырмаларын ұсыну;

  • төлем-тапсырмаларын ұсыну;

  • аккредитивті шоттан төлеу;

  • чектер беру;

  • вексельдер беру;

  • төлем карточкаларын пайдалану;

  • инкассалық бұйрық.

Төлем – талап – тапсырмамен жүзеге асырылатын төлем­дер кезінде, төлем алушы, өзіне қызмет көрсететін банкке, тауарлық-материалдық құндылықтар, орындалған жұ­мыс­тар мен көрсетілген қызметтер үшін белгілі бір соманы төлеу туралы төлеушіге ұсынған талаптан тұратын есеп айырысу құжатын (төлем-талап-тапсырма) тапсырады. Төлеуші банк тө­лем-талап-тапсырманы алғаннан кейін, оны акцепт үшін төлеу­ші­ге береді. Оның есеп айырысу шотынан көрсетілген соманы жабдық­таушыға аудару үшін банкке тапсырма бере отырып, төлеуші оны акцептеуі қажет.

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек түрлері және түсінігі

Төлеуші төлем-талап-тапсырманы төлеуден толық бас тар­та­тындығы немесе жартылай төлейтіндігі туралы оған қызмет көрсететін банкті үш күн ішінде хабардар етеді.

Төлем алушының төлем-талап-тапсырманы тауарлық-ма­те­­риалдық құндылықтарды тиеп – жөнелткеннен, жұмыстар­ды орындағаннан және қызмет көрсеткеннен кейін барып төлеуге ұсынуы аталмыш есеп айырысу формасының ерекшелігі болып саналады.

Төлем тапсырмасы өзінің есеп шотынан алушының есеп шотына белгілі бір соманы аударуға есеп шот иесінің банкке берген тапсырмасын білдіреді. Банкке, төлем тапсырма­ны төлеу­ші тапсырады, өйткені ол бұл жерде төлеуге бастамашы болып қатысады.

Төлем тапсырмасында аударуға жататын соманың қайда аударылатыны көрсетіледі.

Төлем тапсырмаларының көмегімен:

  • алынған тауарлық-материалдық құндылықтар, орын­дал­ған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін;

  • алдын ала төлем жасау тәртібінде және аванспен төлеу;

  • жоспарлы төлемдер тәртібінде есеп айырысулар жасалады.

Жоспарлы аударымдар тәртібіндегі төлемдер тауарлық-материалдық құндылықтарды тұрақты, біркелкі жеткізу мен қызмет көрсетулер кезінде кәсіпорындар арасында қолданыла­ды. Шартта, төлемдердің келісілген мерзімділігі және жеткізу мен қызмет көрсету көлеміне байланысты, төлеуге жататын өнімдер немесе қызметтер құнының тұрақты, жоспарлы сомасы айқындалады. Есеп айырысулар белгіленген мерзімдерде ретте­ліп отырады, яғни төленген сомалар алынған өнімдер немесе қызметтердің нақты көлемімен салыстырылады. Осыған орай пайда болған айырмалар жеке төлем тапсырмасымен аударылуы немесе кезекті төлем жасау кезінде ескерілуі мүмкін.

Аккредитивті формадағы төлемдер төлеушінің алушының (жабдықтаушының) банкінен аккредитивті шот ашуына негіз­дел­ген. Аккредитивтік шотқа ақша қаражаттары төлеушінің есеп айырысу шотынан немесе банктен алынған несие есебінен аударылады. Есеп айырысуға арналған әрбір аккредитив бір жабдықтаушыға ғана ашылады. Жабдықтаушы тауарларды тиеп жөнелтіп, жұмыстарды орындағаннан және қызметтер көрсетке­н­нен соң өзінің банкіне шоттар тізімдемесімен тиеу (жөнелту) және келісімшарт жағдайларында қаралған өзге де құжаттарды ұсынады.

Жабдықтаушының банкі аккредитивтің барлық жағдайла­рын жабдықтаушының сақтауын, сондай-ақ шоттар тізімдемесін (реестрін) дұрыс ресімдегенін тексеріп болғаннан кейін, аккре­ди­тивтен жабдықтаушының шотына қаражатты аударады.

Сатып алушыға (қаладан тыс жерлердегі) пәрменді шара­лар арқылы ықпал ете алмайтын тауармен жабдықтаушы алдын ала төлеуді талап еткенде, ал сатып алушы жабдықтаушының (жеткізушінің) сенімділігіне күмән келтіріп, алдын ала төлеуден жалтарғанда, аккредитив пайдаланылады. Есеп айырысудың бұл формасы төлеушілер үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

Чек беру жолымен жасалатын төлемдер сондай-ақ төлемді уақытында алуға деген жабдықтаушының (жеткізушінің) күдігін болдырмайтын, ал сатып алушының тауарды уақытында алуға, жұмыс пен қызметтің көрсетілген мерзімде орындалуына деген сенімін арттыратын есеп айырысу формаларына жатады.

Аталмыш төлем формасының маңызы, төлеушінің алынған тауарлардың, орындалған жұмыстар мен қызметтердің сомасына банктен алынған чек кітапшасынан чек жазып беретіндігінен тұрады. Чек банкке чек берушінің шотынан чекте көрсетілген сома­ны чек ұстаушының шотына аударуға берген жазбаша тапсырма­ны білдіреді.

Чек берушінің банкі чек ұстаушы ұсынған чекті төлейді немесе дәлелді түрде төлеуден бас тартуы мүмкін.

Вексельдерді пайдалану арқылы жасалатын төлемдер талап ету бойынша немесе алдағы белгілі бір уақытта вексельде көрсетілген соманы төлеуге өзіне міндеттеме қабылдай отырып, алынған тауарлық-материалдық құндылықтар сомасына төлеу­ші­нің вексель жазып беруіне негізделеді.

Вексельді несие алу үшін вексель иесі вексельді кепілге қою арқылы банкке тапсыруы мүмкін. Бұл операция вексельдер есебі деп аталады.

Вексель төлем құжаты болып санала отырып, төлемді кейінге шегеру мерзімін анықтайды, сондықтанда вексель беру­ші вексель сомасының үстіне вексель пайызын төлейді.

Есеп айырысулар кезінде вексельдерді қолдану жағдай­ла­ры аталмыш бөлімнің «вексельдерді пайдалану арқылы жасала­тын есеп айырысулар есебі» тақырыпшасында неғұрлым толы­ғы­рақ айқындалады.

Төлем карточкасын төлем жасау, сондай-ақ қол ақша алу, валюта айырбастау және өзге операциялар жасау мақсатында оның иесі қолданады.

Төлем карточкасын алу немесе толықтыру үшін банктегі арнайы шотқа ақша қаражаттарын аудару немесе онымен жасал­ған несие келісімі негізінде эмитент банктен несие алу қажет.

Төлем карточкасы төлем құралы ретінде, төлем карточка­ла­рына қызмет көрсететін банкпен тиісті келісім шарт жасаған сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарында ғана пайдаланылуы мүмкін. Сатып алушы сауда кәсіпорындарына тауар ала отырып, төлем картасын көрсетуі тиіс.

Егер сауда кәсіпорны ақша орнына төлем карточкасын алатын болса, онда кассир, оған сатып алушы қол қоятын, электронды терминал немесе импринтер (төлем карталарына қызмет көрсету процесінде квитанция жазуға арналған машина) көмегімен квитанция жазып береді. Содан соң сауда кәсіпорны квитанцияларды банкке көрсету арқылы оның есеп айырысу шотынан ақша алады. Эмитент банктің есеп айырысуларына қатысу, сатушының экономикалық пайда табуын қамтамасыз етеді, өйткені оған қажеті сатып алушыларға несиеге тауарлар өткізу және дебиторлық борыштарды жабуға қаржылар тарту болып саналады.

Инкассалық бұйрық клиенттің банктегі шотынан оның келісімінсіз ақша алуға негіз болып қызмет етеді.

Төлеушінің банкіне ұсынылған инкассалық бұйрықта төлемнің қандай мақсатқа арналғаны көрсетіледі және заң актілеріне сілтеме жасалады, онда төлеушінің келісімінсіз ақша алу құқығы қаралады. Сот шешімі мен орын­дау қағаздары, төлемдерді мәжбүрлеу арқылы өндіру туралы салық қызметі мен кеден органдарының өкімдері және Қазақс­тан Республикасының заң актілерімен белгіленген өзге де құжаттар инкассалық бұйрық беруге негіз болып саналады.

Ақша төлеуші мен алушы арасындағы төлемдік қарым-қатынастар тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізуге, жұмыстар мен қызметтер орындауға жасалған келісім шарт­тар­мен реттеледі.

Келісім шарттағы төлем формасы келісім жасаушы екі тараптар үшін де таңдау еркіндігі мен оның экономикалық тиім­ділігі принциптері сақтала отырып анықталуы тиіс. Қол ақшасыз (аударымдар жасау арқылы) төлемдер жасаудың кез келген формаларын пайдалану кезінде есеп айырысулардың уақытылы жасалуына қол жеткізу және күмәнді және сенімсіз дебиторлық борыштарды алуға жол бермеу көзделеді. Дебиторлық борыш – бұл заңды және жеке тұлғалардың ұйымдар алдында белгілі бір өзара қарым-қатынасқа түсетін, барлығы ақшалай формада білдірілетін міндеттемелер.