Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-Дріс кешені Е.doc
Скачиваний:
69
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
804.35 Кб
Скачать

Пәні: «Қаржылық есептілік»

Тақырыптың атауы: Қаржылық есептіліктің сипаттамасы, оның маңызы және оған қойылатын талаптар

№1,2 лекция мазмұны:

1. Қаржылық есептіліктің түсінігі және мақсаты.

2. Қаржылық есептіліктің негізгі элементтері.

3. Қаржылық есетіліктің мәліметтерін пайдаланушылар.

4. Қаржылық есептілікті құрудың негізгі міндеттері.

Мекеменің өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметінің ағымдағы бухгалтерлік есебін жүргізу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы №217 «Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандартын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес қаржылық есептілікті тиісті көлемде, нысандарда және белгіленген мерзімде жасаумен аяқталады.

1- «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартына сәйкес жалпы мақсаттағы қаржы есептілігі – бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттіліктеріне сай келетін есептіліктің ұсынылуын талап етуге мүмкіндігі жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған есептілік. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігі жеке өзі немесе жылдық есеп, немесе бағалы қағаздар проспекті сияқты басқа ресми жарияланатын құжаттың құрамында ұсынылатын құжаттарды қамтиды.

Қаржы есептілігі мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептілігінің мақсаты экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қалың тобы үшін пайдалы мекеменің қаржы жағдайы, қызмет нәтижелері мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептілігі сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді. Осы мақсатқа жету үшін қаржы есептілігі мекеменің мынадай көрсеткіштері туралы ақпарат береді:

  • активтер;

  • міндеттемелер;

  • меншікті капитал;

  • пайдалар мен залалдарды, қоса табыстар мен шығыстар;

  • меншікті капиталдағы басқа да өзгерістер;

  • ақшалай қаражаттың қозғалысы

Бұл ақпарат, қаржы есептілігіне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларларға мекеменің ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседі.

Қаржы есептілігінің толық жинақталымы мыналарды қамтиды:

  • бухгалтерлік баланс;

  • пайдалар мен залалдар туралы есеп

  • меншікті капиталда мыналарды көрсететін өзгерістер туралы есеп, не:

  • меншікті капиталдағы барлық өзгерістерді, не

  • меншікті капитал иелері ретінде әрекет ететін меншікті капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесінде туындайтындардан өзгеше меншікті капиталдағы өзгерістерді көрсететін меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті;

  • ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

  • есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.

Қаржылық есептіліктің құрамына, сондай-ақ мекеменің қаржылық - шаруашылық қызметінің ерекшелігі ескеріліп, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама мен Ұлттық қаржылық есептілік стандартының талаптарына сәйкес қосымша кестелер мен басқа да ақпараттар кіруі мүмкін.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

Қаржылық есептілікті жасаудың негізгі әдістемелік көздері болып Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары, Ұлттық қаржылық есептіліктің №2 стандарты, қаржылық есептілікті әзірлеу және тапсыру үшін тұжырымдамалық негіздеме, Қаржылық есептілікті жасау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарлары және оны қолдану бойынша нұсқаулықтар танылады.

Қаржылық есептілік мекеменің өткен кезеңдегі қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелерін қорытындылай көрсете отырып, ел экономикасын мемлекеттік басқару, меншіктің барлық нысанындағы мекеменің қызметіне бақылау, талдау және келешекті болжау үшін негізгі ақпарат көздері ретінде танылады. Қаржылық есептілік мекеменің өнімді өндірудің және өткізудің жалпы көлемі мен түрлері бойынша қабылдаған (белгіленген) тапсырыстарын орындауын жүйелі тексеруге, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру мен экономикалық көрсеткіштерін жақсарту және мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметінің болашақта өркендеудің ішкі пайдаланбаған резервтерді анықтап, оларды іске қосуға мүмкіндік береді. Қаржылық есептіліктің көрсеткіштерін талдау нәтижелері болашақ кезеңге келешектік (перспективтік) тапсырыстарға түзетулер енгізу үшін және қабылданған тапсырыстарды орындау барысында оларға түзетулер енгізу үшін, сондай-ақ ел экономикасының дамуында пропорция белгілеу кезінде пайдаланылады.

Қаржылық есептілік келесі қағидаттарға сәйкес жасалады: есептеу мен үздіксіздік.

Есептеу қағидатының мәні- жасалған шаруашылық операцияларының, сондай-ақ мекеменің шаруашылық қызметінің нәтижесі болмайтын, бірақ оның қаржылық жағдайына әсер ететін оқиғалардың нәтижелерін оларды төлеу мерзіміне қарамастан іске асыру фактісі бойынша табысты тануды қамтамасыз етуі болып табылады. Мұнда операциялар мен оқиғалар олардың жатқызылатын кезеңдердің бухгалтерлік есебінде көрсетіліп, қаржылық есептілікке енгізіледі. Мұндай қаржылық есептілік пайдаланушыларды тек ақша қаражаттарын төлеу мен алуға байланысты өткен операциялар туралы емес, сондай-ақ келешекте ақша төлейтін міндеттемелер туралы, келешекте ақша түрінде алынатын ресурстар туралы ақпарат береді. Осыған сәйкес ақша қаражаттары алынған немесе төленгеніне қарамастан табыстар болып танылады, егер олар еңбекпен табылғанда, ал шығыстар мен залалдар орын алған кезден бастап танылады.

Сонымен, қаржылық есептілік өткен операциялар және өзге де оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, бұл пайдаланушылар үшін экономикалық шешімдер қабылдау кезінде өте қажет.

Үздіксіздік қағидат. Қаржылық есептілігін әзірлеген кезде мекеменің басшылығы мекеменің өз қызметін жалғастыру қабілетін бағалауға міндетті . Қаржылық есептілігі, егер мекеменің басшылығы не мекемені таратуға, немесе оның қызметін тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтің үздіксіздігі негізінде жасалуға тиіс. Егер мекеменің басшылығы бағалау барысында бұдан былай мекеменің қызметті үздіксіз жалғастыру қабілетіне едәуір күмән туғызуы мүмкін оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі тұрлаусыздықтар туралы оған мәлім болса, тұрлаусыздықтар қаржылық есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс. Егер қаржылық есептілігі қызметінің үздіксіздігіне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептілік жасалған негізбен және мекеме үздіксіз іс- әрекет етеді деп есептелмейтін себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетілуге тиіс.

Қаржылық есептілікті жасаудың көрсетілген қағидаттарын бұзу мекеменің нақты мүліктік және қаржылық жағдайын бұрмалауға әкеледі.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есептілікке енген ақпарат мекеменің ішкі мүддесіне де, сондай-ақ мұндай ақпаратты пайдаланатын барлық сыртқы мүдделі пайдаланушылардың - қазіргі және әлеуметті инвесторлар, қарыз берушілер, (кредиторлар), жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ министрліктердің, ведомстволардың қызметкерлері және жұртшылықтың-мүддесіне қызмет етеді. Олар қаржылық есептілікті өздерінің ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланады. Мүндай ақпарат қажет:

  • қазіргі және әлеуметті инвесторларға- инвестицияларды беру және олар бойынша табыстар алу туралы инвестициялық шешімдер қабылдау үшін. Ақпарат оларға акцияларды сатып алу, оларды ұстау немесе сату қажет пе, жоқ па осыны анықтау үшін. Мекеменің дивидендтері (таза табыстың бөлігін) төлеу қабілетін өздерінің бағалануына мүмкіндік беретін ақпаратқа сондай –ақ акционерлер де мүдделі;

  • қарыз берушілерге (кредиторларға) - қарыздар беру туралы шешімдер қабылдау мақсатын да мекеменің қаржылық тұрақтылығы мен қарыз төлеу қабілеттілігін анықтау үшін. Мұнда берілген қарыздардың қамтамасыздығын тексереді және өздері берген қарыздар уақытылы қайтарыла ма, және қарыздар үшін оларға тиіселі сыйақылар уақытылы төлене ме, жоқ па - осыны айқындайды.

  • жабдықтаушыларға және өнім берушілерге- өзге сауда -саттық кредиторларына сатып алушы мекемелердің төлеу қабілеттілігін анықтау және олардың өздеріне жөнелтілген тауарлық – материалдық қорлар үшін уақытылы төлеу мүмкінділіктерін айқындау үшін;

  • сатып алушыларға – оларды халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету бойынша мекеме қызметінің үзіліссіздігіне сендіру үшін, әсіресе ұзақ мерзімді келісім – шарт барда немесе осы мекемеге тәуелді болып отырғанда;

  • еңбеккерлерге - мекеме қызметінің түрақтылығы мен табыстылығын (рентабельділігін) анықтау үшін өздерін жалақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатында оның келешектегі ақша қаражаттарының ағымын бағалау және бұдан былайғы жалданып жұмыс істеу мүмкіндігін анықтау үшін;

  • мемлекеттік органдарға –мекеме және бүкіл саланың қызметін бұдан әрі өркендеу үшін экономикалық ресурстарды бөлу және экономикалық саясатты жасау үшін, сондай-ақ салық саясатын айқындау үшін, ұлттық табыс және өзге де статистикалық деректерді анықтау үшін;

  • жұртшылыққа –мекеменің қызметі туралы жан- жақты мәліметтер жеткізу, соңғы жетістіктерді мен келешектегі даму бағыттары туралы жұртшылықты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін;

Сонымен, қаржылық есептіліктің жалпы қажеттіліктері мен сыртқы пайдаланушылардың әсіресе мекеменің қызметіне өзінің капиталын салғандардың мүдделеріне сәйкес мекеменің қаржылық – шаруашылық қызметі туралы толық ақпарат беруі керек.

Қаржылық есептілік оған жүктелген функцияларды орындау және пайдаланушылардың барынша топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін оған қойылатын барлық сапалық сипаттарды қатал сақтау қажет. Негізгі қаржылық сипатамалар түсініктік орындылық, сенімділік пен салыстырмалық болып табылады.

Түсініктік. Қаржылық есептіліктер берілетін ақпарат бизнес, экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар және ақпаратты тиесілі ынтазарлықпен зерделеуге ниет білдірген пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуға тиіс. Солай бола тұрса да жоғарыда айтылғандар кейбір пайдаланушылардың қабылдауы үшін оның аса қиындығы тұрғысынан орынды ақпаратты қамтымауы үшін сылтау болмауға тиіс.

Орындылық. Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып немесе олардың бағалауларын түзете отырып, әсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.

Сенімділік. Қаржылық есептілікте берілетін ақпарат сенімді болуға тиіс. Ақпаратта елеулі қателер болмаса, ол бір жақты болып табылмаса: және ақылға қонымды күтулерге сәйкес білдіру немесе білдіруі мүмкін мақсатты дұрыс білдірсе сенімді болып табылады. Қаржылық есептілік осындай есептіліктердегі ақпаратты іріктеу немесе ұсыну шешім қабылдауға әсер етуді көрсетуге немесе жоспарланған нәтижеге немесе салдарға қол жеткізу мақсатында пікір қалыптастыруға бағытталғанда бір жақтылықты қамтитын болады.

Салыстырмалық. Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы және қызмет нәтижесіндегі үрдістерді айқындау үшін мекеменің әр түрлі кезеңдеріндегі қаржылық есептіліктерін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Осылайша, ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері мен басқа операцияларды әрі жағдайларды өлшеу және көрсету барлық мекеме үшін оның жұмыс істеу кезеңінде кезекпен және әртүрлі мекемелер үшін кезекпен жүзеге асырылуы тиіс.Бұдан басқа пайдаланушыларға қаржылық есептіліктерді жасаған кезде қолданылатын есеп саясаты туралы және есеп саясатындағы өзгерістер және осындай өзгерістердің нәтижелері туралы хабарлануға тиіс.

Қаржылық есептілік уақытылы жасалып, тапсырылуға тиіс. Есептілік ақпарат себепсіз кешеуілдетілген жағдайда өзінің маңыздылығын жоғалтуы мүмкін. Ақпаратты мезгілінде беру үшін мәліметтердің немесе басқа да оқиғалардың барлық қырлары белгілі болып, мұның өзі сенімділікке нұқсан келтіруге дейін есептіліктің қажеттілігі пайда болуы мүмкін. Екінші жағынан, егер есептілік барлық қырлары белгілі болғанға дейін қалдырыла берсе, тіпті өте – мөте сенімді деген ақпараттың өзінің де, оны пайдаланушылар бұдан бұрын шешім қабылдауға мәжбүр болғандықтан, оларға пайдасы аз болуы мүмкін. Маңыздылық пен сенімділіктің арасындағы тепе - теңдікке қол жеткізу мақсатында экономикалық шешімдер қабылданған кезде пайдаланушылардың қажеттерін қайткенде жақсырақ қанағаттандыруға болатындай шешу керек.

Қаржылық есептілікті уақытылы тапсыру мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметіне жедел жетекшілік жасау бойынша міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

Мекеменің жылдық қаржылық есептілігі үшін есепті кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтізбелік жыл болып табылады.Жаңадан құрылған мекеме үшін бірінші есепті жыл ол мемлекеттік тіркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.

Қаржылық есептілікке мекеменің басшысы және бас бухгалтері, дара кәсіпкер қол қояды да, олар оның уақытылы тапсыруына және шындығына жауап береді.

Бухгалтерлік есебін бухгалтерлік мекеме немесе кәсіби бухгалтер жүргізетін мекеменің қаржылық есептілігіне мекеменің басшылығы немесе кәсіби бухгалтер қол қояды.

Қаржылық есептілік құрылтайшылық құжаттарды белгіленген тәртіп бойынша қаралып, бекітіледі және меншік иелеріне, мекеменің тіркелген жері бойынша салық комитетіне, жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына олардың қызмет бабына қарай, Қазақстан Республикасының заңнамаларына және мекеменің құжаттарына сәйкес басқа да мекемелерге тапсырылады.

Қаржылық есептіліктің мақсаты ұйымның қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижесі және оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат беру болып табылады.

Қаржылық есептіліктің көпшілік пайдаланушылардың жалпы қажеттеліктерін қанағаттандырғанымен, ол экономикалық шешімдер қабылдау үшін пайдаланушыларға қажет болып қалатын барлық ақпаратпен қамтамасыз ете алмайды, өйткені онда негізінен бұрынғы оқиғалардың қаржылық емес ақпаратты қамту ету міндетті емес.

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін атаймыз.Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Бухгалтерлік есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жеткізушілермен мердігерлер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер, енбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар т.б. кіреді. Бухгалтерлік есептің мәлеметтерінен субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттар жағдайын, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.Осымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның тиімділігін бағалау, қызметін жедел басқару үшін және болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар: - кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету;

  • барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру;

  • бухгалтерлік есепті басқа есептердің сабақтастығымен сақтау;

  • әдістемелік және басқада ережелерді сақтау.

Қаржылық есептің пайдаланушылары болып инвесторлар, қызметкерлер, кредиторлар, жеткізушілермен мердігерлер, сатыпалушылар, мемлекет пен бюджет органдары және ұйымдар табылады. Олар қаржылық есеппен қажеттенеді өз мүддесі үшін.

Кәсіпорын басшылар әр пайдаланушыға өз қажеттілігіне қарай қаржылық есеп бойынша ақпарат жинақтап береді.

Қаржылық есептіліктің мәліметтерін пайдаланушылар екі ірі топқа бөлінеді:

  • Ішкі пайдаланушылар

  • Сыртқы пайдаланушылар

Ішкі пайдаланушыларға кәсіпорынмен тікелей байланысы бар қызметкерлер, мысалы директорлар, менеджрлер, маркетологтар, яғни қызметкерлері жатады.

Сыртқы пайдаланушылар өз алдына екі топқа бөлінеді:

  • Коммерциялық қызығушылығ бар

  • Коммерциялық қызығушылығы жоқ

Коммерциялық қызығушылығы бар, олар осы кәсіпорынмен қарым қатынас кезінде басты мақсаты пайда алу, табу пайдаланушыларды жатқызамыз, мысалы, инвесторлар, қызметкерлер, кредиторлар, жеткізушілермен мердігерлер, сатып алушылар және ұйымдар табылады

Коммерциялық қызығушылығы жоқ, олар осы кәсіпорынмен қарым қатынас кезінде басты мақсаты пайда алу емес, белгілі бір ақпарат алу пайдаланушыларды жатқызамыз, мысалы, мемлекет пен бюджет органдары, салық органдары, аудиторлар және ұйымдар табылады.

Қаржылық есептің нысаны болып коммерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы, оның нәтижесі жөнінде және қаржылық жағдайдың өзгерістері туралы ақпаратау, ол пайдалунышылармен басшыларға дұрыс экономикалық шешімдер жасау үшін қажет. Бұл мәліметтер өткен кезеңдікі болғандықтан алдағы кезеңде болжам жасауға ғана пайдаланылады. Әр пайдаланушы өзі салған ресурстардан алып шыққан нәтижені талдай отырып шешім қабылдай алады, мүнда басты мақсат активтердің өтімділігі – тез арада ақша қаражатына және оның баламаларына айналдыру.

Қаржылық жағдайды бағалаумен байланысты қаржылық есеп берудің элементі болып активтер, міндеттемелер және капитал табылады.

Активтер – болашақ экономикалық пайданы алудан күтілетін өткен оқиға қортындысы бойынша жеке кәсіпкермен немесе ұйымдармен қадағаланатын ресурстар.

Міндеттемелер - өткен оқиғадан туындайтын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығуына әкелетін жеке кәсіпкердің немесе ұйымның ағымдағы міндеттерін қадағалау.

Капитал – барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалатын жеке кәсіпкердің немесе қйымдардың активіндегі бөлігі.

Пайда мен залал (залалдар) туралы есептегі қызметінің қорытындысын өлшеумен тікелей байланысты элементтері болып пайда мен шығындар табылады.

Табыстар капиталға қатысушы тұлғалардың салымымен байланысты өсуден жақсы, капиталдың өсуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың түсімінің немесе активтердің өсімінің көбейуі немесе міндеттемелердің төмендеуі.

Шығындар – капиталда қатысушы тұлғалардың қайта бөлуімен байланысты капиталдың төмендеуіне әкелетін есепті кезең ішіндегі экономикалық табыстың азаюы немесе активтердің азаюының төмендеуі немесе міндеттемелердің туындауы.

Қаржылық есеп беру элементінің бағалануы – бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беруде берілген элементтердің мойындалуы және бекітілуі бойынша ақша қаражатының анықталуы.Қаржылық есеп беру элементін мойындау тәртібі мен есепке алу әдісі Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңына, ҚЕХС және ҚЕҰС-ның талабына сәйкес құрылады.