Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 так.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
164.86 Кб
Скачать

6.5. Басқадай дебиторлық берешектердің есебі

Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер есебі келесі шоттарында жүргізіледі:

1420 “Қосылған құн салығы”;

1270 “Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар”;

1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі”;

1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек”.

ҚҚС бойынша есеп айырысуларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін 1420 “Қосылған құн салығы” шоты пайдаланылады.

Аталған шот бойынша мынадай шаруашылық операциялары жүргізіледі

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

Сатып алынған қорлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін акцептелген салық шот-фактурасында көрсетілген ҚҚС сомасы

1420

3310

2

Қорлардың түсуіне, жұмыстардың орындалуы мен қызметтердің көрсетілуіне қарай есепке алған ҚҚС сомасы жабылады

3130

1420

1420 дебет шотында есепке алған ҚҚС сомасы қорлар түспеген және кіріске алынбаған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілерімен қабылданған немесе шот-фактуралар жоқ акцептелген шоттар бойынша 3130 шотта жабылмайды.

ҚҚС бойынша есеп айырысулардың неғұрлым толық есебі “Салық есебі” курсында қарастырылады.

Есептелген сыйақылар 1270 “Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар” шотында есепке алынады. Дебиторлық берешек осы шот көмегімен есептелген пайыздар бойынша (берілген зайымдар бойынша) ресімделеді.

Аталған шот бойынша мынадай қаржылық операциялар жүргізіледі

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

Алуға тиесілі есептелген пайыздар

1270

6110

2

Есептелген пайыздарды төлеу

1030, 1010

1270

Әрбір кәсіпорын бойынша – заемшыға, жалға алушыға және пайыздар бойынша берешектің пайда болу уақытына аналитикалық есеп жүргізіледі.

Өзге де дебиторлық берешек 1280 “Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек” шотында есепке алынады, онда:

● талаптар бойынша;

● пәтер жалдап тұрушылар және өзге де дебиторлар бойынша қызмет түрлері есепке алынады.

Дебиторлық берешек түрлерінің әрбіріне субшот ашылады.

1280 шотында туындаған талаптар, пәтер ақыны төлеу жөніндегі есеп айырысулар және т.б. есепке алынады.

Жұмыскерлердің және өзге тұлғалардың берешегі 1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотында есепке алынады, сондай-ақ ол бойынша мынадай субшоттар ашылады:

● есеп бересілі тұлғалармен есеп айырысу;

● несиеге берілген тауарлар үшін – жұмыс істейтіндермен;

● берілген зайымдар бойынша;

● материалдық шығынды өтеу бойынша және т.б.

Кәсіпорын өз қызметкерлерін есеп беруге міндеттеп, дүкендерден кеңсе тауарларын, бланкілер сатып алу үшін, кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қажетті өзге шығыстар үшін пайдалануға сомалар береді.

Ұйымдарда есеп бересілі тұлғалардың тізбесі болуы тиіс. Бұл тізбе кәсіпорын жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі. Негізінен, тізімге бірінші жетекшілер, бухгалтерия қызметкерлері, жүргізушілер, шаруашылық қызметінде жұмыс істейтіндер, хатшылар, сондай-ақ іс сапарларға жиі шығатын тұлғалар кіреді. Басқалай айтсақ, өзінің қызмет міндеттемелерін орындау үшін қол ақша қажет болуы мүмкін тұлғаларға беріледі.

Кассадан есеп беруге міндеттеп қол ақша беру кәсіпорын жетекшісінің жазбаша немесе ауызша берілген бұйрығы негізінде жүргізіледі. Ақша қаражаттарын беру шығысқа шығаратын кассалық құжатпен ресімделеді.

Жеткізушілердің көрсеткен қызметтері мен жұмыстарына, бланкілер, жанар-жағар май (ГСМ) сатып алуға, базарлар мен дүкендерден тауарлар сатып алуға, іс сапар шығыстарына жұмсау үшін тұлғаларға есеп беруге міндеттеп жиі түрде ақша қаражаттары беріледі.

Заңды тұлғалардан тауарлар сатып алу, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде, оған бастапқы растайтын құжаттар; шот-фактура, жүк құжаты төлегені туралы тауар чегі, фискальдық чек, тіркеу арқылы аванстық есеп жасалады.

Аванстық есептерде растайтын құжаттар болған кезде және бухгалтерлік есептің тиісті регистрлерінде (№7 журнал ордерде касса бойынша) Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегіне, мынадай хаттамалар беріледі:

Дебет

Кредит

Операциялардың мазмұны

1

7210

1250

Бланкілер сатып алынды: ФЧ (фискальдық чек), тауар чегі, шот-фактура

2

1420

1250

Есепке алуға жатқызылған ҚҚС

3

1330

1250

Шаруашылық тауарлары сатып алынды (ФЧ, шот-фактура немесе жүк құжаты)

4

2410

1250

Ұялы телефон сатып алынды (ФЧ және шот-фактура)

5

1420

1250

Есепке қабылдауға жатқызылған ҚҚС

6

1350

1250

Бензин, ФЧ сатып алынды

7

1420

1250

ҚҚС есепке қыбылдауға жатқызылды (ҚҚС бөлек жолмен бөліп көрсетілумен ФЧ және шот-фактура)

Мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы шегінде қызметтік іс сапарларға жіберу туралы №1428 22.09. 2000 жылғы Ережеге сәйкес, мекеме (ұйым) жетекшісі қол қойған бұйрық қызметтік іс сапарға жіберу үшін негіз болып саналады деп жазылған.

Іс сапарға жіберілген жерде нақты болу уақыты іс сапар куәлігіндегі елді мекенге келу және кету күні туралы соғылған белгілермен анықталады.

Аванстық есеп беру мен іс сапар куәліктерінің үлгілері стандартты. Іс-тәжірибеде іс сапар шығыстарын есепке алу кезінде 22.09.2000 ж. №1428 ҚР Үкіметінің қаулысында көзделген үлгілер қолданылады. Ұйымның есеп саясатында қандай үлгіде, қандай мерзімде және оны бухгалтерияға кімнің тапсыратыны атап көрсетілуі тиіс.

Есеп бересілі тұлғалармен есеп айырысуға 1250 шоттың “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” субшоты қолданылады.

Төменде осы айтылғандарға тән есепке алу хаттамалары берілген

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дебет

Кредит

1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотын пайдалану арқылы.

1

Кассадан іс сапарға жіберілетін тұлғаға (есептеу нормалары шегінде жүргізілген сомада) есеп беруге міндеттеп аванс берілді

1250

1010

2

Шарттар жасау, әртүрлі өндірістік байланыстарды қалпына келтірумен байланысты, іс сапар шығыстары жалпы және әкімшілік шығыстарға есептен шығарылды

7210

1250

3

Қызметтер көрсетуді орындаумен тікелей байланысты іс сапар шығыстары жанама шығыстарға есептен шығарылды

8110

1250

4

Пайдаланылмаған есеп бересілі сомаларды кассаға қайтару

1010

1250

5

Еңбекақыдан пайдаланылмаған сомалар ұсталынды

3350

1250

3390 “Өзге де кредиторлық берешектер” шотын, 1 “Есеп бересілі тұлғамен есеп айырысу субшоты.

6

Іс сапарға жіберілген тұлғаға жол жүрер алдында аванс берілмеген жағдайда, шарттар жасаумен, әртүрлі өндірістік байланыстар орнатумен байланысты іс сапар шығыстары жалпы және әкімшілік шығыстарға есептен шығарылды

7210

3390/1

7

Іс сапарға жіберілген тұлғаға жол жүрер алдында аванс берілмеген жағдайда, қызметтер көрсетуді орындаумен тікелей байланысты іс сапар шығыстары жанама шығыстарға есептен шығарылды

8110

3390/1

8

Іс сапар шығыстары өтелді

1010

3390/1

Қаражат, есеп беруге міндеттілікпен, іс сапарларға және шаруашылық мұқтаждарына ғана емес, сонымен бірге қызмет шығыстарына да беріледі.

Өзара ынтымақтастық орнату немесе оны ұстап тұру мақсатында, сондай-ақ директорлар кеңесінің, тексеру комиссиясының мәжілісіне келген қатысушыларды қабылдау, оларға қызмет көрсету, акционерлер жиналысын өткізуге арналған шығындар қызмет шығыстарына жатқызылады. Сондай-ақ аталған тұлғаларды ресми қабылдау, оларды көлікпен қамтамасыз ету, келіссөздер уақытындағы үзілістерде буфет (фуршеттік) қызметін көрсету, ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары қызмет шығыстарына жатады.

Банкеттер, бос уақытты немесе демалысты ұйымдастыру шығыстары қызмет шығыстарына жатпайды.

1250 шот бойынша аналитикалық есеп жұмыскерлердің (қызметкерлердің) әрбірі бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-тәжірибесінде ұрлық, қымқыру, талан-тараж, кем шығу, бүліну, ақшаны және қорларды ысырап жасау жиі түрде анықталып, ашылып жатады. Мұндай фактілерді комиссиялар жоспарлы тәртіпте немесе материалға жауапты тұлғалардың “әрекеттері” туралы берілген дабылдар (сигналдар) бойынша құндылықтарға түгендеу жүргізу нәтижелері бойынша анықталады.

Егер де қорларының, ақша қаражаттарының кем шығуы анықталса, материалға жауапты тұлға өзінің кінәсін мойындап, жетпейтін соманы салуға жазбаша түрде келісім береді, сонымен бірге мұндай кем шығу жағдайын материалға жауапты тұлғаның берешегі ретінде бірден көрсетуге болады. Егер де дүкен, касса тоналған болса, барлық себептері айқындалып, кінәлі тұлғалар белгілі болғанша жетпейтін қорлар, ақша қаражаттары шығыстарға немесе Д-1280 шотына есептен шығарылады.

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

Материалға жауапты тұлғаның кінәсінен кем шыққан ақша қа-ражаттары, қорлар сомасы есептен шығарылады

1250/ залал өтелді

1010, 1330, 1310, 1350

2

Кінәлілер және себептері анықталмаған, кем шыққан талан-таражға түскен ақша қаражаттары, қорлар сомасы есептен шығарылды

7470 немесе 1280

1010,1330,1310,1350

2 “Қорлар” ХҚЕС сәйкес қорлар Үлгі шоттар жоспарына сәйкес, кінәлілер анықталмаған (табылмаған) ұрлықтан келген немесе кінәлі тұлғалар есебінен қажетті сомаларды өтеу мүмкін болмаған жағдайлардағы шығындар (зияндар) және өзге ысыраптар жалпы және әкімшілік шығыстарға кіреді. Сондықтан да тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығаруды келесі түрде көрсетуге болады

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

Қоймада кем шыққан материалдың өзіндік құны есептен шығарылады

7470

1330-1350

2

Қоймада кем шыққан, өзі өндірген құны есептен шығарылады

7470

1320

3

Қоймада кем шыққан, сатып алынған тауарлардың өзіндік құны есептен шығарылды

7470

1330

Салық кодексінің 237-бабына сәйкес бұрын есепке қабылдауға жатқызылған қосымша шығындар қабылдаудан шығарып тастауға жатқызылады:

Салық салынатын айналым мақсаттарына пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) бойынша;

Негізгі құралдарды қоса алғанда, бүлінген, бұзылған (төтенше жағдайлар нәтижесінде туындаған жағдайларды қоспағанда) тауарлар бойынша.

Негізгі құралдар жоғалған, бұзылған (бүлінген) жағдайларда қосымша құн салығы негізгі құралдардың баланстық құнының үлесіне келетін құнның бөлігі есепке қабылдаудан шығарылып тасталады.

Сатып алу кезінде ҚҚС-қа есепке қабылдауға (зачетқа) жатқызылған жетпейтін мүлікті есептен шығарумен бір мезгілде тиісті түзетулер жасау қажет.

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

Бұрын есепке қабылдауға жатқызылған қосымша құн салығына түзету жасау

3130

1420

Сақтандырылған мүлік ұрланған жағдайда сақтандыру компаниясы оның құнын өтейді, өтелген соманы бухгалтерлік есепте келесі түрде көрсетуге болады.

Операциялардың мазмұны

Дебет

Кредит

1

Ұрланған тауарлық материалдық қорлар үшін алуға жататын сақтандыру өтемдерінің сомасы көрсетіледі

1280 сақтандыру ұйымы

6280

2

Сақтандыру ұйымдарынан ақша қаражаттарының түсуі

1030, 1010

1280 сақтандыру ұйымы

Кейіннен, ұрлаған кінәлі адам табылып, белгілі болғанда, одан жетпейтін мүлік құны өндірілгенде, есепте мынадай операцияларды көрсетуге болады:

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1

Кәсіпорын қызметкері болып саналмайтын кінәлі тұлғадан өндіруге жататын, кем шыққан сома көрсетіледі

1280 кінәлі тұлға

6280

2

Кәсіпорын қызметкері болып саналатын кінәлі тұлғалардан өндіруге жататын, кем шыққан сома көрсетіледі

1250/залалды өтеу

6280

3

Кінәлі тұлға ақша қаражатын шығынды (залалды) өтеу шотына салады

1030,1010

6280

4

Кінәлі тұлға негізгі құралдарды, тауарлар мен өзге де активтерді шығынды (залалды) өтеу шотына салады

2410, 1300 бөлім шоттары және т.б.

1280, 1250

5

Келтірілген шығын (залал) сомасы кінәлі қызметкердің жалақысынан ұсталынады

3350

1250

Ұрланған мүліктің тергеу жүргізу барысында кәсіпорынға қайтарылатын жағдайлары кездеседі. Егер де мүлік ұрланған кездегі есеп берілген кезеңде қайтарылса, онда мұндай жағдайда ұрланған мүлікті есептеп шығару бойынша бұрын жасалған операцияларды алып тастауға болады. Егер де мүлікті қайтару келесі есеп берілетін кезеңге (келесі жылы) келетін берілетін кезеңге (келесі жылы) келетін болса, онда оның құны кәсіпорынның кірісіне жатқызылады.