Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
599_психология.doc
Скачиваний:
347
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
591.36 Кб
Скачать

Лекция №3

Тақырыбы. Психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдері.

Жоспар:

1. Жастың жалпы сипаттамасы.

2. Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдері.

3. Д.Б. Эльконин бойынша психикалық дамудың жас ерекшелік кезеңдерінің сипатамасы.

4. Бала психикасычың дамуындағы сензитивтік кез.

Әдебиеттер:

1.Педагогикалық және жас ерекшілігі психологиясы. Ред.бас.А.В.Петровский А., 1987

2.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология А. 1987

3.Возрастная и педагогическая психология под.ред. М.В.Гамезо М.1982

1. Жастың жалпы сипаттамасы. Әр түрлі көз қарастарда даму сатыларының өзгермейтіндігін дәлелдейді. Жас жөніңдегі мұндай ұғым психикалық дамуды табиғи биалогиялық процес деп түсінумен байланысты. Сонымен бірге педалогия ғылымының өкілдері баланың жас кезенінің биалогиялық фактор бойынша ажыратадыы. Мысалы тісінің жетілуі, даму сипатына қарай болады. Бұндай бөлу жас кезенінің анықтау дұрыс емес.

Қарама-қарсы көз қарас- жас даму білім – мен жағдыларды жәй жинақталуы ретінде қарастырылады. Кеңес үкіметі психалогиясы жас кезендері тарихи сипатта болады деп көрсетті. П.П.Блонский, Л.С.Выготский тұжырымдамасында: тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар оқытудың мазмұны мен әдістерін өзгертіп отырады. Яғни олардың барлығы дамудың жас кезендерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады. Оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады.

Л.С.Выготский енбегіндегі кезендерге бөлу мәселесі жас шағы дамудын белгілі бір дәуірі немесе сатысы, дамудың белгілі бір бір шама тұйық кезені деп көрсетті. Мұның манызы дамудын жалпы циклінде алатын орыны мен жіне дамудын жалпы зандарының одан әркез өзіндік көрініс табуымен анықталды. Бір жас сатысынаң екінші сатысына өтуде бұрынғы кезендердегі болмаған жаңа құрылымдар пайда болады. Жас шағы балаға оның дамуының сол кезенде қойылатын талаптар айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психалогиялық құрылымы даму денгейімен білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктерімен сипатталады.

2. Жас шамасына қарай даму кезендері ауысуының негізгі механизмдері. Жас кезенінің айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудын даму денгейі білімдердін, қабілеттердің даму денгейі арасындағы байланыс анықтайды.

Д.Б.Эльконин көрсеткендей – даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезендеріне өтудің өте манызды ішкі негізін құрайды. (қозғаушы күшін). Мәселен ерте сәбилік шақта баланың сыртқы болмыспен байланысы, оның үлкендерге қарым қатынасы арқылы дәнекерленеді. Яғни қарым – қатынас үстінде бала дағдыларды игереді. Онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қалыптасады, тілі жетіледі т.б. Бұл баланың дербес іс әрекет жасауына мүмкіндік туғызады.

Сонғы жылдары Т.В.Драгунов және Д.Б.Эльконин зерттеулерінде былай қарастырылған әр жас кезені өсу процесінде баланың басты әрекеті қалыптасады, олардын өз араларында жеке қатынастар пайда болады. Бұл қатынасты «әрекет арқылы араласу» деп атаймыз. Ересектер өз ара араласуында бір-бірін силап қана емес, сонымен бірге оларға деген сенімін көз қарасын білдіреді.

Нақты кезенде заттық – мазмұнды басқарушылар типін екі үлкен топқа бөлеміз:

Бала – қоғамдағы ересек адам» жүйесі бойынша жүреді. Бұған интенсивті барлау, ал адамдық әрекетке мативтер мен дағдылардын адамдар арасындағы қатынасы жатады. Жас баланың көңіл күйімен араласуы рольдік ойында және құрдастарымен араласуында көрінедітапсырмалармен мативтерді үлкендер әрекетінен бақылайды. Осы топта баланың жалпы әрекеті танымы еліктеумен сәйкес.

Бала – қоғамдық зат» жүйесі бойынша жүреді.Әрекеттін түрі бұл топта бір бірінен ажыратылып айтылады. Манипуляттық – заттық әрекет ерте сәбилік жас кезенде болса, оқу әрекеті мектеп оқушыларына, ал кәсіптік оқу - әрекеті жоғарғы сыныпқа тән. Сырт көзге олардын бір-біріне ұқсастықтары шамалы. Шындығында қандай әсер береді, қасық, шанышқы, ыдыстармен әрекет жасаған немесе математика, громатикамен айналысқанда. Ал жалпы алсақ бұлардын бәрі адам мәдениетіне қызымет жасайтын қарапайым элементтер.

Баланың жетілуіне жетекші іс-әрекет әсер етеді. Өсе келе ол толықтырылып отырады.

Әр кезеннің жетекші іс-әрекеттері мынандай: - Эмоционалдық араласу, заттық манипуляттық, рольдік ойын, оқу әрекеті, жеке араласу, кәсіптік оқу. Осы үлгі бойынша баланың дамуында бірінші жағынаң орын алады кезендер (алдына мақсат, мотив, дағды және адамдармен араласу) осы дамудын басты мотивтік – талап сферасы, екінші жағынан кезендері (заттармен әрекет жасағандағы іс-әрекеттер). Бастысы – баланың танымдық әрекетің ұйымдастыру, олардын жас ерекшелігіне қарай кезендерге бөлу.

Жас кезендерге өту барысында Д.Б.Эльконин мынандай кестені пайдаланды. Баланың дәуірге, кезеңге, фазаға өту кезеңі. Әр дәуір екі кезеңнең тұрады. Дәуір: Ерте сәбилік шақ, балалық шақ, жеткіншектік шақ.

Кесте бойынша:

Қажеттілігінің, қимылының дамуы. Кезеңнең кезенге өту. дәуірден дәуірге өту.

Баланың айналасындағы адамдар мен өз ара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәрежесі арасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды мәселен баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кенейту. Оның қажеттіліктерін өзгертуге байланысты. Сондай – ақ жас шағы кезеңіне бөлу қоғамдық дамудың түрлі сатысында тұрған халықта әр түрлі болатыны және мәдени даму түрліше болатыны белгілі. Осыған орай есеюді әлеумет жасына және әр баланың өзіне тән хронологиялық жасына байланысты.

Әлеумет жасы дегеніміз? Заманың талабына қарай есейюдін әр түрлі болып келуі. Қоғам әрбір жас шағы кезеңінде баладан нені талап етуге және нені күтуге болатыны жөніндегі үлкендердің түсінігін белгілейді.

Үлкендердін талабын орын үстінде баланың өз беттілігі, үлкендермен қарым-қатынас жасау барысындағы қайшылық «дағдарыс» кезені кездеседі. Кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгертіп жіберетіндей өзгерістер басталады.

Бір кезеннен екінші кезенге осылай секірмелі өтуі дамудың дағдарыс кезені деп атайды. Ал, акселерация ұғымы – дегеніміз баланың шапшан даму құбылысын айтамыз. Бұл тек дене дамуынан ғана емес, ақыл ой дамуынан да байқалады.

Кезеңдерге бөлу кестесі № 2

Жас кезендері

Жетекші іс-әрекеті

Танымдық

әрекеті

неге бағытталған

Психиканың

қай сферасы

басым дамиды

Жетістіктері

Нәрестелік

кезең (туғаннаң –1 жас)

Эмоционалды қарым-қатынас

Қарым -

қатынасты

тануға бағытталған

Жеке бас

Қарым-қатынасқа қажеттік, эмоционалды қарым-қатынас

Сәбилік кезең

(1-3)

Заттық әрекет

Затты

тануға бағытталған

Дүние таным процесі

Сөйлеу және

көрнекі

әрекетті ойлау

Мектепке

дейінгі кезең

(3-6-7)

Рольдік ойын

Қарым-қатынасты тануға

Жеке бас

Қоғамдық маңызды

және қоғамдық

бағалы әрекетке қажеттілік

Кіші сынып оқушылары

(7-11)

Оқу

Бастауыш ғылымды тануға бағытталған

Интеллектуалды-танымдық

Ырықтылық,

ішкі әрекет жоспары,өзің өзі бақылау, рефлексия

Жеткіншек жас (11-15)

Оқу процесіндегі қарым-қатынас әрекеті,ұйымдастырылған еңбек әрекеті

Әр түрлі кезеңдегі қарым-қатынасты тануға бағытталған

Жеке бас

Өзін -өзі бағалау, ұжым өмірінің мөлшеріне бағыну, үлкен болуға ұмтылу

Ересек жас

(15-17)

Кәсіптік оқу

Мамандық

ты таңдауға бағытталған

Танымдық

Кәсіптік қызығушылық

Әрине , қазақ еліндегі адамдар да өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Осының қажет екені мынадан аңғарылады: әр жас кезінде баланың өз үй –ішінде және құрбылары арасында алатын орны түрліше келеді дегенде, біз олардың атқаратын қызметінің жасына қарай болуын, не киетін киімдерінің түрліше келуі. Осыған орай жас кезеңін топтастырып көрейік.

Туғанан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі. Нәресте жасы мынандай 2 кезеңге бөлінеді:

А). бесік жасына / туғаннан 7 айға дейін/;

Ә). еңбектеу жасына / 7 айдан 12 айға дейін/.

1-ден 3 жасқа дейінгі кезеді – бөбектер жасы деді. Бұл кез баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі. Бөбек өте мейірімді келеді. Мәселен,қозының үстін сипау, не солардың дауысын салу. т.б.

3-тен 7- дейін сәби жасы. Бұл жастағылар жұмыстың қарапайым түрлерін орындауға қатысты.: қыздар көбіне қазан –аяқ ұстап шешелеріне көмектеседі / нан илеу,су әкелу т.б./.ұлдар бұзау, не қозы бағу.т.б.

8-ден –11 жасқа дейін періште жасы. Психикалық және физиологиялық даму жағынан қыз бала ұл балаға қарағанда қазіргі ғылым тұрғыснан /1-1,5/ жыл алда келетінін, елде мәдениет таралмай тұрған кезде әбден жақсы білінді. Бұл жас кезеңін періште жасы дейтін себебі әдет-ғұрыптарды сақтау міндеттелінді. Егер бұлар бұзақы іс жасай қалғанда соның кіне екені осы жастардан соң есептеленді. Қыздар шешесіне көмек өкрсетуге тиіс болды, ұл балалар үй –ішінен сыртқы жұмыстарға жегілді.Демек, осы жастағылар игілікті өңдіруге қатыстырылды. Дегенменде бұл жас әлі кішкентай деп есептелді.

12 жастан 15 жасқа дейін бозбала кезеңі. Бұл мезгіл ұл мен қыздардың едәуір сеіп қалған кезеңі. Мұны мынадан байқауға болады: үйге қонақ түскенде осы жасатағы қыздар қонақтардың көзіне көрінбейтін. Ұлдары үлкендермен табақтас болған.

15 жастан бастап үлкендер жасы. Бұл кез ұлдары үйленіп,еншісін бөліп беріп, қыздары ұзату мезгілі болатын.

Дегенменде, осы айтылған кезеңдерге қарай сол кездегі бала өзінің ісін / қай кезде үйленуін т.б./ соған түгелдей арнады деп отырған жоқпыз, осы тек шамамен айтылып отыр.Осы мағұлматтар баланың өз жасынан / хронологиялық жасынан/ басқа әлеуметтік жасының кездескеніне дәлел бола алады.

4. Бала психикасычың дамуындағы сензитивтік кезеңі. Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдер кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивтік кезең деп атайды. Сензитивтік кезеңді әдетте метафора ретінде егіннің жақсы не нашар шығумен ұқсастырады. Әр жылдарда егіннің жақсы не наашар шығатын мезгілдері болатыны сияқты адамның соның ішінде баланың әр нәрсеге әуесқойлығы сезімталдығы түрліше болып кездесетін мерзімі бар. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген италияның педагогы Мария Монтессори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде кеңес психологтары Л.С. Выготский, Н.С.Лейтс осы жөнінде құнды пікірлер берді.

Сензитивтік кезеңге мән беретін себебі осы кезде бала әсерленгіш келетінен осыны пайдаланып қалу қажет. Өйтпесе кеш болып кетеді. Бұның солай болуы мынадан : баланың қабілеті тек үнемі прогрессивтік жолмен дамымай үлкейген сайын кері кетуі де ықтимал. Осы туралы ілгердегі Ф.Энгельстің сөзін қараңыз егер біз бала қабілеттілігінің мол кезін сол мезгілде пісіп тұрған кезінде пайдаланбай кешігіп дамытамыз десек онда сол кездегідей кейін дамыта алаалмаймыз. Ал дамыта алғанынң өзінде соған көп қаражат шығару керек.Сензитивтік кезеңнің өзіне келсек бұл тек бала жасында ғана емес адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі. Жас кезінде адам түрлі нәрселерге әсерленгіш мән бергіш келеді. Бірақ осының өзі көпке созылмайды егер 60 тан асқан кісіден оның өмірінің қай мезгілі есінде айқын қалған жасында мағұлматтар айқын қалмаған деп сұраса ол 20-25 - ке дейінгі басынан кешірген оқиғаларын айтып кейінгі кездері әсіресе қартайған уақыттың онша еске түсіре алмас еді. Әрине оның қартайған кезі жақын арада болып өткендегінен, алдымен осы еске түсуі дұрыс болар еді. Бірақ осы кісіден өмір сүрген жасының ішінен қажет деп тапқан бейнелерді таңдап ал десе, жас кезіндегі оқиғалар оның есіне алдымен түсетіні сезесіз.Осының себебі мынада: үйленбеген кезде жастардың мұқтаждығы көп болмағандықтан, өзінің айналасындағы кездескен әсем нәрселерге үлкен мән береді және көзіне айқын болып көрінеді. Қартайған кезді алсақ, мұнда жағдай өзгеше.мысалы, қарт әйел көшеде келе жатқанда жан жағына қарағанымен, көзіне түскен заттарды, не адамдарды аңғарып жарымайды.Себебі бір нәрсені іздеп асығып бара жатыр бұл мысал әуелгі кездегі жастардың өмірі үлкендерге қарағанда өзінше сензитивтік кез екеніне дәл бола алады.

Бірақ сензитивтік кезең тек осылай болып келмейді. Кейде тиісті қабілеттіктің айқын білуіне де байланысты. Бастауыш мектеп жасындағыларды /7-10/ алсақ,бұларда мұғалімнің айтқанына сын көзімен қарау онша кезеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенеді. Осыны пайдаланып, бұл жастағыларға көп мағулматтарды ұқтыруға болады. Ал егер осы мезгілді толық пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға соғады. Осы жастағы балалар еңдігі жас кезеңіне /11-16/ көшкенде, бұрынғыдай емес, ,нді ұстаздың сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан бұлар үшін бастауыш сыныптағылар сияқты оқ мазмұнын қызықтыру оңай соқпайды. Бірақ жеткіншектердің жасына тән өздерінің сензитивтік кезі бар: бұлардың күші мен ақылы молайып қалғандықтан, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін -өзі құрбыларының, не үлкендерінің алдында көрсеткісі келіп тұрады. Ал ересек жас /16-18/ кезеңіне келсек, мұндағылар әр істі ойланып орындауға икем келеді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді.Оыс айтылған жеткіншектермен ересектерге тән сензитивтік кездің осы түрлерін мезгілінде пайдалану тәлім –тәрбие жұмысында ерекше орын алады.

Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді. Әдетте 3 жастағы бала ана тілін меңгеріп қалғаны сол, ол осыны жоғары оқу орындарында 4-5 жыл ағылшын тілін оқығандардан артық білмесе, кем білмейді. АҚШ-тың тілшісі Э.Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп, сол тілді кейін жақсы білген солар еді. Ал тілді балалардың сензитивтік кезі сөніп қалғанан кейін оқытса,осыған көп уақыт және қаражат жібергенімен нәтижесі аз болады. Осылай деу әбден дұрыс. Ал ақыл-ойға келсек, бұл тілді меңгеруге қарағанда кеш дамиды. Егер бала 10 жасқа келмей ана тілін жақсы білетін болса ,ақыл-ой тек 40 жасқа келгенде толады. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кездері түрлі уақытта кездеседі.

Осы айтылғандардың музыка, живопись өнерлеріне де тікелей қатысы бар. Ірі суретшілер мен композиторлардың өз саласында қабілеті 10-12 жасында дами бастаған. Ескерте кететін мәселе, кейбір жағдайда баланың бастапқыда бір нәрсеге ешқандай ықыласы болмаса , кейін сол нәрсеге ықыласы түсуі мүмкін. Мұның себебі әуелгі кезде осыған ол қызықпайды және осыған оны қызықтыратын түрткі де кездескен жоқ. Сензитивтік кезеңнің болуы кейде түрткінің болуына да тәуелді.Осыдан шығатын қортынды, баланың сензитивтік кезеңі оның тек бәлендей жасында кездеспей, оның жеке басының ерекшелігіне қарай алдыңғы өмірінде де кездесуі мүмкін. Демек, сензитивтік кезңнің айқын білінетін кезеңі болғанымен осы әр балада түрлі жаста кездесуі ықтимал.

Баланы оқыту барысында, жас ерекшелігің ескеру тиіс. Әрбір шақ оқытудың әр түрінде зеректігімен ерекшелінеді. Белгілі бір оқыту әсері психикалық даму барысында неғұрлым зор ықпал ететің жас шағы кезендері болады. Бұны сензитивтік кезең деп атаймыз. Дамудын сензитивтік кезендердін болуы үйретудің еңді ғана қалыптаса бастаған психикалық сапалаларға көбірек әсер ететіндігімен түсіндіріледі. Бұл сәтте олар мейілінше иілгіш, көнгіш келеді. Ал, қалыптасып қалған сапаларды өзгерту, әлде сапалаларды өзгерту әлде қайда қиын.

Сонымен біз сензитивтік кезеңдерді үстірт қарастырып өттік. Мұның әлі күнге дейін жете зерттелінбеген жақтары бар. Егер сол зерттелінбегендер білінсе, онда балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары үлкен табыстарға жетер еді. Әрине сензитивтік кезеңнен болуынан шығатын қортынды: әрбір нәрсенің өзіндік мезгілі бар болатын сияқты, қабілеттіктің да балада туатын және сөнетін мегзілі бар. Осы мүмкіншілікті / қабілеттіліктің туатын мүмкіншілігін/ өз мезгілінде пайдаланып қалу керек.

Қазіргі кезде сензитивті кезендердің оқытудың барлық түрінде бірдей қажет еместігі анықталды. Бірақта, мектепке дейінгі кезеңде тұтас алғанда оқытудын қабылдауды, елестетуді және образды ойлауды дамытуда әсер ететің түрлеріне неғұрлым сензетивті (сезімтал) болатындығын дәлелдейтін фактілер көп.

Бөлім 2. Жас кезеңдеріне психологиялық сипаттама.

Тақырып 4. Нәрестелік шақтағы баланың психикалық дамуы.

Жаңа туған кезең. Баланың дүниеге келуі – күрт өзгеріс болып табылады. Біршама тұрақты ортадағы тіршіліктен (ана организмдегі) ол кенеттен жиі өзгеріп тұратын сан алуан тітіркендіргіштерге толы, ауалы ортадағы мүлдем жағдайға, яғни бұрынғы дәрменсіз тірі жан дәрежесінен ақыл – есті адам болып өсетің дүниеге шығады. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін).Өмірге бала шыр етіп келетіні белгілі. Бірақта, баланың дүниеге келуіндегі шыр етіп қалуын әр түрлі пікірлермен ғалымдар түсіндіргісі келеді. Мәселен З.Фрейд жарық дүниеге келген баланың шыр ете қалуын ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептеді. Фрейд бойынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық өмірді қандай үздіксіз драмаға айналдыратын пессимистік тұрғыда суреттейді.

Фрейдтің бұл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздес толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеді. Бұл Ж.Пиаженің алғашқы еңбектеріне әсер етті. Фрейд пен Пиаженнің аталаған қағидалары өткір сынға алынды. Француздың прогерсшіл зерттеушісі А.Валлон шарылдап жылауы бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиял деп есептеді. Ал. кеңес психологтарының тарапынан Л.С.Выготский сынға алды. Ол нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді.

Әрине, баланың жаңа жағдайдағы өмірін оның бойына туа біткен механизмдер қамтамасыз етеді. Оларда әлі де болса жетекші іс-әрекеттер жоқ. Шартсыз рефлекстер баланың дамуындағы алғы шарты. Оның түрлері:

- қорғаныс рефлекстері – олар тітіркендіргіштен қашықтауға немесе оның әрекетін шектеуге бағытталған. (көзін жыпылдату, түшкіру, жөтелу).

- бағдарлау рефлексі – басқа тітіркендіргіштерге жанасу реакциясынан көреміз. (қатты тітіркендіргішке басын бұру).

- тамақтану рефлексі бала тітіркендіргіш жаққа басын бұрып, ауызын ашады. (ему, сору, жұту).

- қимыл – қозғалыс рефлексі – баланың алақанына бірдеңе тиіп кетсе жармасу реакциясын тудырады. (жармасу, жүзу, еңбектеу).

Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын мен ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірбиені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады.

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты – анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе ( тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды.

Жаңа туған баланың дамуының айырықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Әрине, туа біткен реакциялардың көпшілігі сәбидің өмір сүруі үшін керек. Шартты рефлекс баланың 10 айлық кезінде пайда болады, яғни тамақтану үстінде.

Дүниеге келу оның бойындағы органикалық қажеттікті оттекке, тағамға, жылылыққа қажеттікті қанағаттандыруға бағытталған мінез-құлықтың туа біткен, инстинкті формаларын таза күйінде бақылауға болатын адам өміріндегі бірден бір кезең болып табылады. Бұл органикалық қажеттіктер, дегенмен, психикалық дамудың негізі бола алмайды- олар тек қана баланың өмір сүруін қамтамасыз етеді.

Бала бойындағы шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың адамдық формаларының пайда болуын қамтамасыз ете алмайды. Оның хайуанаттар ролінен өзгешілігі осында. Ал, хайуанаттар төліндегі шартсыз рефлекстердің күрделі жиынтығы қорғаныш, жемтік аулау, аналық, қалыпты өмір сүруге қажетті тағы басқа реакциялар қалыптасқан малдың не аңның өсіп шығуына мүмкіндік береді.

Зерттеулер көрсеткендей, баланың туа біткен аздаған реакцияларының жиынтығында сыртқы тітіркендіргіштерге көптеген рефлекстер бар, олардың негізінде ештеңе дамымайды. Бұл – баланың хайуанаттардың арғы атасынан тұқым қуалайтын атавизимдік рефлекстер. Жоғарыда аталған туа біткен рефлекстердің ішінде жармасу рефлексі мен еңбектеу рефлексі осыған жатады. Бұл рефлекстерге тән қозғалыс түрлері бара – бара жойылады. Жармасу рефлексі жұдырық түйген кезде алақанның тітіркенуінен пайда болады. Баланың психикалық дамуына сыртқы дүниемен өзара әсер теу қабілетін дамытуға қажетті қозғалыстарды жармасу қимылдары негізінде емес, саусақтардың тітіркенуінен пайда болатын қармау негізінде басталады. Жармасу рефлексі бала қарамауға үйренуден бұрын жойылады. Табанмен тіреп еңбектеу рефлексі де кеңістікте өздігінен қозғалуды дамытудың негізі болып есептелмейді. Зерттеулер нағыз еңбектеу аяқпен итеруден емес, қолдың қозғалысыныан басталатынын көрсетті: бала көңілі ауған нәрсеге ұмтылады, қолын «кезек қозғап», алға жылжиды.

Қармау мен еңбектеу туған күннен бастап емес, одан едәуір кейін, үлкендердің осы қимылдары үйретуімен, жаттықтырумен қалыптасады.

Сонымен, бала хайуанаттар төліне қарағанда, әлдеқайда туа біткен мінез-құлық формаларымен аз қаруланған. Балада адамға тән мінез-құлық формалары әлі де қалыптаспауы тиіс.

Танымдық өрісініңң дамуы. Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта да қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа ие болады.

Эмоционалдық өрісінің дамуы . Жандану комплексі. Жаңа туған нәресте өмірге алғашқы қадамын шыңғырып жылаудан бастайды, бұл ілкіде шартсыз рефлекторлы сипатта болады. Алғашқы айқай-дауыс саңылауының тарылуының нәтижесі. Тарылу алғашқы тыныс рефлекстерін шығарады. Кейбір ғалымдар бірінші айқайды ұнамсыз сезімнің (эмоция) алғашқы көрінісі деп еспептейді: тарылу тыныстың қысылуын туғызады. Осы жағдайда,шынында да бұлшық ет реакциясы мен эмоциялық көзқарасты ажырату мүмкін емес, өйткені жаңа туған нәрестенің өмірілік тәжірбиесі әлі жоқ. Алайда сәби жылу, ұйқы, тамақтану қажеттілігіне байланысты ұнамсыз түйсіктерге алғашқы күнен бастап-ақ шыңғырып жылаумен жауап береді деп сендіруге әбден болады. Баланың жылауы оның қарны ашуымен, жаялығының сулануымен т.б. негізделеді. Дұрыс тәрбие жағдайында нәрестенің құлақ тұндырарық «іңгәсі»қарсылық сезімін күштірек білдіретін жылауға ауысады. Жылау әр түрлі қиналудың, дененің ауруы ма немесе жан қайғысы ма (әрине кейінірек) табиғи белгісіне айналады.

Ұнамды көңіл күйді білдіретін жымиып күлу жылаудан кейін пайда болады. Әрине, жағымды сезімінің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.

3-7 апта аралығында, яғни 5 апта шамасында балада «жандану комплексі» ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі – баланың өзіне қарап еңкейген адамға көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер – баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Осы сапа баланың психикалық дамуының ең бірінші белгісі болып табылады.