Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
599_психология.doc
Скачиваний:
347
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
591.36 Кб
Скачать

Тапсырманы орындау көрсеткіштері.

Балалардың жасы

1 серия 2 серия

Дұрыс жауаптар

Дұрыс емес жауаптар

Ойланғанға кеткен орташа уақыт

Дұрыс жауаптар

Дұрыс емес жауаптар

Ойланғанға кеткен орташа уақыт

5-6жас

6-7жас

2. Әдістеме: Ырықты ес және ырықсыз ес арақатынасын зерттеу. Зерттеуге дайындық:

Өлшемі 5х7 см болатын әр қайсысы 16-25 суреттен тұратын затттардың суретінің жиынтығын таңдау қажет. Бұл жиынтықты тақырып бойынша 4 топқа бөлуге болады: мысалы, жануарлар, жемістер, жидектер, киімдер.

Зерттеу барысы:

3-7 жастағы балалармен эксперимент 3 серияда өткізіледі. Эксперименттің әрбір сериясында суреттердің жаңа жиынтығы қолданылады.

1-ші серия. Ырықсыз белсенді емес есті зерттеу.

Балаға әртүрлі заттардың бейнесінен тұратын суреттерді көрсетеді. Баланың алдына есте сақтау міндеті қойылмайды. «Мен қазір суретті көрсетемін, сен зейін қойып қара». Суреттер бірізділікпен бірінен соң бірі көрсетіледі. Суреттердің жиынтығы көрсетіліп біткеннен кейін мынандай сұрақ қойылады: «Есіңде сақтаған суретті ата».

2-ші серия. Есте сақтауда материалды жіктеу әдісін қолданғанда белсенді ырықсыз есті зерттеу.

Балаға суреттердің жиынтығын 4 топқа бөліп, 4 қатарға қоюды ұсынады: «Қай зат қандай топқа жатады?». Бұл тапсырманы орындап біткеннен кейін, суреттер жиналып алынады да, балаға қатар бойынша қойылған барлық суреттерді еске түсіріп, атауды ұсынады.

3-ші серия. Ырықты есті зерттеу.

Эксперименттің 2 сериясына да қатысқан балаларға суреттердің 3-ші жиынтығын көрсетеді және суреттерді көбірек есте сақтап, кейіннен еске түсіруді ұсынады. Есте сақтаудың әдістері мен құраладары көрсетілмейді. Әрбір суреттің көрсетілу уақыты 3 секунд. Суреттердің барлығы көрсетіліп біткеннен кейін, суреттегі заттардың бейнесін балалар есте қайта жаңғыртады.

Мәліметтерді өңдеу.

Баланың жасы

Баланың саны

1-ші серия

ырықсыз белсенді емес есте сақтау

2-ші серия

ырықсыз белсенді есте сақтау

3-ші серия ырықты есте сақтау

3-4 жас

4-5 жас

5-6 жас

6-7 жас

Әрбір жас топтарындағы қайта жаңғырту негізінде аталынғанзаттардың орташа арифметикалық саны есептелінеді. Алынған мәліметтер кестеге тіркеледі. Баланың жасына байланысты эксперименттің әрбір сериясындағы естің көлемінің орташа көрсеткіштері салыстырылады.

3. Әдістеме: Топтастыру процесін зерттеу.

Зерттеуге дайындық:

Әрбір топқа 5 суреттен тұратын заттар топтастырылады: ойыншықтар, ыдыс-аяқ, киім, жиһаз, дала жануарлары, үй жануарлары, жемістер, жидектер.

Зерттеу барысы.

Зерттеу 3-7 жастағы балалармен жеке өткізіледі. Балаға суретттерді беріп, былай түсіндіреді: «Мына суреттерді сәйкестік бойынша топтастырып, бөліп, түсіндір». Соңынан мынандай сұрақтар қойылады:

«Неге алма жидектер тобына жатады?», «Мына сурет не себепті бұл топқа жатпайды деп ойлайсың?».

Мәліметтерді өңдеу.

Топқа жіктелген топтар бойынша берілген дұрыс жауаптар саналады. Қорытындыны кестеге жас топтарына байланысты тіркейді: 3-4 жас, 4-5 жас, 5-6 жас, 6-7 жас.

Әрбір топтағы жіктелінген заттарды қандай негізде іріктелгендігі анықталады: заттың мәнді, мәнсіз белгілері немесе топтастырудың себебін анық дәлелдей алмайды. Эксперимент соңында балаға жасына сәйкес заттарды қандай топтарға біріктіру жеңіл болғандығын экспериментатор анықтап жазады.

4. Әдістеме: Балалардың балабақша өміріндегі және мектептегі эмоциялық мәнді жақтарын елестетуін зерттеу. (Көңілді – көңілсіз.)

Зерттеудің барысы:

6-7 жасар балаларға мынадай әңгіменің соңын өздері ойлап, аяқтау ұсынылады: Марат мектептен көңілсіз күйде келді. Сен неге көңілсізсің? - деп сұрады шешесі. Ал Марат: «Себебі біздің мұғаліміміз Айша апай … -деп жауап берді. Ол әрі қарай не деп айтты?

Осындай ситуациялар ұсынылады. Ситуацияларда мектептен көңілді келген бала, сондай-ақ, балабақшадан көңілді және көңілсіз келген балалар жайында айтылуы тиіс.

Алынған мәліметтерді өңдеу:

Балалардың жауаптары 4 типке бөлінеді:

«Баға»: көңілді- себебі мұғалім оған «бес» деген жақсы баға қойды; көңілсіз-себебі мұғалім «екі» деген нашар баға қойды.

«Мұғаліммен (тәрбиешімен) болған келеңсіз қарым-қатынастар»: мақтады, жазалады, ұрысты, класстан шығарып жіберді, мейірімді болды, ренжулі болды т.с.с.

«Мұғалім-сабақтар»: мұғалім (тәрбиеші) ауырды, бүгін келді, басқа мектепке ауысты. Бұл типке мынадай жауаптар енеді: көңілді (көңілсіз) көңіл-күйдің себебі сабақтардың болуы немесе болмауы.