Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

Ақшалай

 

Ішкі аядағы

талаптарды төлеу

 

операциялар

 

 

 

Ашық және Несиелеу жабық

факторинг

Клиентке қызмет

 

 

 

Қарызды

Факторингтік

көрсету

 

 

инкассация-лау

 

 

операциялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыртқы сауда

 

Қарыз бойынша

бойынша

 

талаптарды алдын

операциялар

 

ала төлеу

 

 

 

 

 

 

Несиелік

 

Жабдықтаушы-

тәуекелден

 

ның есебін

сақтандыру

 

ұйымдастыру

 

 

 

25-сурет. Факторингтік операциялар

Факторингтің ашық жəне жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мəмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдына ала хабардар етіледі. Жабық факторингте берешекке факторингтік келісім-шарттың болуы туралы айтып жеткізеді.

11.3. Форфейтинг

Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражатттарды

289

қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондайақ экспортердың форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.

Форфейтинг сөзі француз тілінде “a forfaіt”, аударғанда “құқықтан бас тарту” дегенді білдіреді. Форфейтинг – тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын жəне алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тəсілдеріне жатады.

Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мəмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны - импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мəн берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мəмілесінде үш қатысушы болады:

1.Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2.Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

3.Форфейтор, яғни мəмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы

ұйым.

Форфейтинг мəмілесі 26-суретте беріледі.

 

 

1

 

 

 

Экспортер

 

Импортер

 

2

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

4

5

6

7

Форфейтор-банк

25-сурет. Форфейтинг мəмілесінің техникасы

290

1)мəмілеге қатысушылар арасында келісім-шарт жасалады;

2)тауарын несиеге береді;

3)аудармалы вексельді (5-7 жылға) жазып береді;

4)аудармалы вексельді қайта сатады;

5)аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді;

6)мерзімі жеткенде төлеуге ұсынылады;

7)вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг мəмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мəміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мəмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мəміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор-банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде эспортер вексельді алады жəне оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мəміле түрінде пайдаланады:

1.Қаржы мəмілесінде - орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

2.Экспорттық мəміле бойынша – шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшада түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мəмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты

құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.

Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:

векселін форфейтор-банк сатып алғаннан кейін, экспортер валюта бойынша тəуекелге бармайды, яғни бұл тəуекелді банктің өзі кешеді;

уақытын кешіктіріп төлеуге берген операцияның қолма-қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;

пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тəуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;

құжаттаудың қарапайымдылығы жəне оны рəсімдеудің жылдамдығы;

форфейтор-банк несиелеу операциясына қарағанда өте жоғары табыс

табады.

Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа елдеріне алғаш пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орынды Швейцария алады жəне ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал, біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр, оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен байланысты жəне т.с.с.

291

Форфейтингтеуге əдетте, сауда тратталары (аударма вексель) немесе жай вексельдер қабылданады.

Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементеріне мыналар жатады:

еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР –Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі);

импортер елінің тəуекел құны жəне валютаны аударуға байланысты тəуекел құны 0,5 –тен 6 % -ға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;

несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0,5 % -ға дейін жылдық);

міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1,5 % жылдық).

Бақылау сұрақтары:

1)Банктің қаржылық операцияларына нелер жатады?

2)Лизинг операциясы немен сипатталады?

3)Лизингтің қандай түрлері бар?

4)Қаржы лизингі дегеніміз не?

5)Факторинг операциясы немен түсіндіріледі?

6)Факторинг операциясына неше қатысушысы болады?

7)Факторинг операциясы бойынша банктің табысы қалай анықталады?

8)Форфейтинг дегеніміз не?

9)Банктің форфейтинг операциясы қалай сипатталады?

10)Форфейтинг операциясында неше қатысушы болады?

11)Форфейтинг операциялары қандай мəмілелерге жасалмайды?

292

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]