Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

орналасу аясы мен қызметінің нысанын анықтайтын ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы. Ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасының негізіне банктің мақсаты жатады. Кез келген коммерциялық ұйымның басты мақсаты пайда табу болса, коммерциялық банктерде сондай мақсатты көздейді.

Басқару теориясы менеджменттің мынадай қызметтерін атқарады:

-мақсатын белгілеу;

-болжау жəне жоспарлау;

-ұйымдастыру;

-иелену;

-координациялау;

-мониторинг жəне бақылау.

Мұндағы жоспарлау қызметінің ерекшелігі банк менеджментінің қалған барлық процесстерінің əдістемесін жəне технологиясын жасайтындығымен сипатталады.

Кең мағынасында жоспарлау өткен жылдарға жасалған жоспардың орындалуының нəтижелерін талдау жəне мониторинг жасау негізінде банк қызметінің алдағы жағдайлармен байланысты басқару шешемдерін қабылдау жəне олардың орындалуын ұйымдастыруды процессін, үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайларына баға беруді, банктің нақты жəне əлуетті клиенттерінің қажетттіліктерін зерттеуді, сондай-ақ құрылтайшылардың банк ұйымының алдына қоятын стратегиялық міндеттерін білдіреді.

Тар мағынасында жоспарлау банк ұйымының болашағымен байланысты шешімдерді жүйелі түрде дайындауды сипаттайды. Бұл жоспарлау шешім қабылдау саласы мен оның орындалуын ұйымдастыруды қарастырмайды.

Банк қызметін жоспарлау мынадай қағидаттарды ұстанады:

-жоспарлаудың икемділігі жəне индикативтігі, яғни нарықтық жағдайлардың дамуының жаңа ағымдары пайда болған жағдайларда жоспарды қайта қарау мүмкіндігінің болуы;

-жоспарлаудың баламалылығы, яғни сыртқы жағдайлардағы

түбегейлі өзгерістерге (əсіресе дағдарысты) жедел түрде ескеретін жоспарлардың бірнеше нұсқада жасалуы;

-жоспардағы көрсеткіштердің орындалуына міндетті түрде бақылаудың болуы, яғни жоспарланған көрсеткіштердің нақты орындалмау жағдайларын тіркеу жəне оның орынадалмау себептерін анықтау, пайдалынылмаған əлуетті мүмкіндіктерді анықтау, кемшіліктерді қалпына келтіруге бағытталған жаңа жоспарлы міндеттерді бекіту;

-жоспарлаудың жарияланымдығы, яғни жоспардың жасалуы мен

орындалуына міндетті түрде басқарудың барлық деңгейінің менеджерлерінің қатысуы, банк тің алдына қойған мақсаты мен міндеттері жайлы, оларды шешу жолындағы əрбір банк қызметкерінің белгілі бір орындары туралы барлық банк қызметкерлерін хабардар ету;

321

-жоспарлаудың оңтайлылығы, яғни банктің пайдасын арттыруды қамтамасыз ететін банктің даму стратегиясы мен барлық тактикалық жоспарларын таңдау.

Енді банктік менеджменттің теориясында қарастырылатын мынадай жоспарлау түрлеріне тоқталайық:

-стратегиялық жоспарлау, яғни банктің болашақтағы даму басымдықтарын жəне банктің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын жоспарлау түрі;

-маркетингтік жоспарлау, яғни нарықта сұранысқа ие болатын банктік өнімдерді жасауды көздейтін жоспар түрі;

-бизнес-жоспарлау, яғни статегиялық міндеттерді шешудің нақты жолдарын жəне болашағы бар банктік қызмет түрлерін енгізу жолдарын қамтамасыз ететін жоспарлау түрі;

-жедел (оперативті) жоспарлау, бизнес-жоспардың орындалуын қамтамасыз ететін нақты жобалардың тізімін жəне іске асырылу мерзімін анықтау, сондай-ақ оған қажетті ресурстар көлемі мен құрылымын, шығындардың қайтарылу мерзімін қамтитын жоспар түрі;

-қаржылық жоспарлау, бизнес-жоспардың немесе ағымдағы жоспардың кез келген нұсқаларының орындалуынан күтілетін қаржылық нəтижелерді бағалауды жəне банктің болжамдық балансын құруды көздейтін жоспар түрі;

-бюджеттік жоспарлау, банктің жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің негізгі жəне жоспарлы көрсеткіштерін анықтайтын жоспар;

-ағымдағы жоспарлау, ағымдағы банктің өтімділігін, төлем қабілеттігін қолдау жəне банктің лимиттер жүйесін сақтау мақсатында банктің нақты жүргізілітін операцияларын дайындау жəне оны ағымдағы қызметпен келістіру міндеттерін қамтитын жоспар.

Жоспарлаудың барлық түрлерін бір бірімен тығыз байланысты, олардың кейбіреуі банктің даму стратегиясының жекелеген кезеңдерімен бірқатар жүзеге асуы мүмкін.

Банктің стратегиясы - банкті өзге бəсекелес банктерден

ерекшелендіретін жəне банк қызметінің

басымдық мақсаты мен

міндеттерін анықтайтын тұжырымдамасы.

 

Банк стратегиясы банк менеджментінің барлық жүйесінің негізі болып табылады. Банк стратегиясын жасау негізіне нарықтағы бəсекелестерге талдау жасау нəтижесінде бəскелестермен салыстырғандаға банктің нарықтағы ұстанымын, күшті жəне əлсіз жақтарын айқындау, сондай-ақ əлуиетті мүмкіндіктерін анықтау жатады.

Стратегиялық жоспарлау - нарықтың талаптары мен банктің ішкі мүмкіндіктерімен келісілген банктің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін банкті басқаруды (маркетинг, ресурстар мен тəуекелді

322

басқару жəне банк қызметкерлерін ұйымдастыру саласында) ұйымдастырудың баламалы стратегиясын жасау процессін білдіреді.

Стратегиялық басқарудың мақсаты – нарықтағы банктің үлесін жəне табысын арттыруды қамтамасыз ететін,банк қызметін жаңа бағыттарын жəне жаңа банктік өнімдерді жасау, енгізі жəне дамыту болып табылады.

Стратегиялық жоспарлау мынадай кезеңдерді қамтиды:

1-кезең. Ситуациялық талдау кезеңі. Бұл кезеңде біріншіден, банк қызмет ететін оның қоршаған ортасын талдау (сыртқы талдау) жəне банктің ішкі əлуетіне сипаттама беру үшін ішкі талдау жұмыстары жүзеге асырылады. Сыртқы талдау процессі мыналарды қамтиды:

-қоғамның əлеуметтік, экономикалық, демографиялық, саяси, заңи, технологиялық даму сипатына талдау жасап, экономикадағы жағдайлардың өзгеру ықтималдығы анықтау;

-банктік қызмет көрсету нарығы сегменттеледі жəне олардағы қызмет түрлеріне деген сұраныс пен ұсыныстың негізгі ағымын талдау;

-банктік қызмет көрсету нарығындағы банктің ағымдағы бəсекелестік ұстанымын анықтау.

Содан кейін барып, банк қызметіне ықпал ететін негізгі факторлар таңдап алынады. Бұл факторлар банктің күшті жəне əлсіз жақтарына талдау жасау барысында пайдаланылады.

Негізгі факторларға макроэкономикалық көрсеткіштер, заң жəне нормативтік актілер, саяси ағымдар жəне аймақтық экономкалық жағдайлар жатады.

Ішкі талдау жүргізу процессі мыналарды ескереді:

-банктің қаржылық жағдайы;

-бəскелестерінің көрсететін қызметтері мен өнімдерімен салыстарғанда банктің көрсететін қызметтері мен өнімдерінің сапалық жəне сандық сипаты;

-банктің клиенттік базасы мен оның өзгеру үрдісі;

-банк алдындағы міндеттерді шешудегі ұйымдастырушылық құрылымдардың адекваттылығы;

-банк қызметкерлерінің білікітілік деңгейлерінің жеткіліктігі.

Ішкі талдау нəтижесінде жасалаған қорытындыларды əрі қарай жүйелік талдаудың қорытынды кезеңі болып табылатын SWOT талдауына пайдалану мақсатында банктің күшті жəне əлсіз жақтары тізіміне қосу керек.

SWOT талдауының басты мақсаты – жоспарлы кезең ішіндегі банктің күшті жəне əлсіз жақтарын банк қызметін қатты ықпал ететін қауіпті жақтары мен мүмкіндіктерін анықтау.

SWOT талдауын жүргізу үшін мынадай матрица пайдаланылады (36кесте).

323

36-кесте – Банктің күшті жəне əлсіз жақтары мен қауіпті жақтары жəне мүмкіндіктерінің ықпал ету матрицасы

 

 

Мүмкіндіктері

 

Қауіпті жақтары

Барл

 

 

1

 

2

 

3

Нəтижесі

1

2

Нəтиже

ығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сі

 

Күшті жақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.

Қызеттердің

 

+3

 

+3

+3

+9

+3

+3

+6

+15

сапасы

 

+3

 

+3

+2

+8

+2

+3

+5

+13

2.

Нарықтағы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

банктің үлесі

 

+3

 

+2

+2

+7

0

+2

+2

+9

3.

Дамыған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

филиалдық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тораптары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Əлсіз жақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

-3

-8

1.

Инновацияла

 

-2

 

-2

-1

-5

0

-3

ры

 

 

 

 

 

 

 

 

-2

-2

-6

2.

Осы заманғы

 

-3

 

0

-1

-4

0

технологиялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нəтижесі

 

+4

 

+6

+5

+15

+5

+3

+8

+23

Мүкіндіктер:

1.Банк автоматтарын пайдалану мүмкіндіктері

2.Жағдайы бар клиенттерге қызмет көрсетуді кеңейту

3.Корпорацияны несиелеу саласын кеңейту.

Қауіпті жақтары:

1.Қаржы нарығының өтімді құралдарының жоқтығы;

2.Активтік жəне пассивтік құралдарға байланысты спрэдтің төмендеуі.

Ситуациялық талдау процесінде жасалаған қорытындылар негізінде банктің болашақ даму стратегиясы жасалады.

Стратегиялық жоспарлаудың екінші кезеңі банктің бас міндеттерін немесе миссиясын анықтау кезеңі. Банк міндеттерінің немесе миссиясы анықталуы Банктің директорлар Кеңесі деңгейінде іске асырады. Банк миссиясын анықтау банк қызметіне ықпал ететін ішкі жəне сыртқы факторлар ескеріледі. Банк миссиясының құрамына мынадай ішкі факторлар ықпал етеді:

-жетекшілердің құнды бағдарлары;

-банктің тарихы мен жинақталған экономикалық əлуеті;

-ішкі корпоративтік мəдениеті;

-банктің ұйымның құрылымы;

Ал сыртқы факторлар ретінде мыналар ескеріледі: - ұлттық экономиканың жағдайы,

324

-мемлекеттің жүргізетін экономикалық саясаты;

-қызмет ететін заңдар мен нормативтік актілер.

Банк миссиясының негізінде банктің несиелік, инвестициялық саясаты туралы меморандум, банк өнімдері мен қызметтеріне баға белгілеу мəселелері жөніндегі меморандум, банк қызметкерлерін басқару ережесі жəне т.с.с. банк құжаттары жасалады.

Банк стретегиясын жасаудың үшінші кезеңінде банктің міндеттерінен туындайтын банктің страттегиялық мақсаттары жасалады. Стратегияның мақсаттары банктің миссияларын нақтылай отырып, олардың мынадай шарттарды қанағаттандырылуын айқындайды: нақтылығы, өлшемділігі, уақытқа бағдарлануы, қолжетімділігі, қайшылықсыздығы, бірін бір толықтыратындығы.

Банктің даму стратегиясы мынадай стратегияларды қамтиды:

-маркетингтік старегиясы;

-тəуекелді басқару стратегиясы;

-қызметкерлерді басқару стратегиясы.

Маркетингтік стратегия жасауда банктің өзінің өнімдерін мен қызметтерін нарыққа шығару, тұрақты клиенттерді тартуға мүмкіндік беретін жолдары таңдалады.

Маркетингтік стратегияны жасау барысында банк жетекшілер мыналарды ескереді:

-бұрынғы клиенттерге банкте бар қызметтерді көрсету;

-белгілі бір нарық сегментінде қызмет көрсетуді қысқарту немесе тоқтату;

-жаңадан жаулап алған нарықтың сегменттерінде жаңа клиенттерге ескі банктік өнімдерді ұсыну;

-енді игерген қызмет түрлерін жаңа нарықта ұсыну;

-жаңа қызмет пен өнім түрлерін бұрынғы нарықтарды ұсыну;

-жаңа нарыққа жаңа қызмет түрлерін енгізу;

Тəуекелді басқару стратегиясы – банк өнімдерін сатуға байланысты туындайтын зияндарды азайтуға бағытталған банк қызметін басқару бағдарламасы.

Банк тəуекелдерін басқару стратегиясын жасау ситуациялық талдау нəтижелеріндегі банк қызметінің қауіпті жақтарын ескеруге негізделеді. Банк тəуекелдерін басқау стратегиясын жасау барысында мыналарды ескеру қажет:

-əрбір тəуекелдің жоғары шекті дейгейін анықтау;

-өткен жоспарлау мерзімінде болған тəуекелдердің шамасын бағалай отырып, жоспарлау мерзімінде болатын тəуекелдердіі ықималдығын болжау;

-банктің тəуекелдердің ағымдағы деңгейііне бақылау жсауды қамтамасыз ететін банкті басқару механизмін жасау;

325

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]