Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Ba_1179_yt_apay

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
32.69 Кб
Скачать

1.Негізгі стилистикалық ұгымдар мен категориялар туралы түсінік.

Стилистика- тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін реттейді, сөйлеу процесінде тілді пайдаланудың заңдылықтарын қарастырады, сондай-ақ тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметің үйретеді. Ол стилистик. мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтай отырып, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылыми стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін тірек ете отырып, теориялықмәселелерді қарастырады. Қазіргі стилистика ғылымы тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдеріне үйретеді әрі коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негіз ете отырып, контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Стилистика тіл ғылымының барлық саласын қамтиды: прагматик. факторды толық есепке алып отырады; тілдік емес ғылымдардың тиімді жақтарын саралайды; Стилистикада тілдік емес факторлардың қызметі стиль түзуге толық мүмкіндік алады; стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ретке келтіріп қана қоймай, тілдік бірліктер қызметін жүзеге асырушы экстралингвистикадық және стилистикалық мүмкіндіктерді қарастырады. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалық бояу, стилистикалық құрал, стилистикалық белгі, стилистикалық мағына, стилистикалық норма, стиль құраушы факторлар, стильдің тілдік жүйелілігі. Бұлардың ішінде стилистикалық бояу, стилистикалық құралдар, стилистикалық мағына бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар.Тілдік қабаттардың бірліктері (әсіресе, лексикалық қабаттың) өздерінің негізгі мағыналарынан тысқары, әрқилы реңктерге ие болып келеді. Стилистикалық табиғаты жағынан олар бірдей емес. Тілдік құралдар, осындай ерекшелігіне орай, алдымен бейтарап және стилистикалық бояулы болып бөлінеді.Тіл жүйесіндегі стилистикалық бейтарап, яғни ешқандай қосымша реңксіз құралдар қатынас жасаудың барлық саласында кеңінен қолданылады. Олар стилистикалық бояуға ие болмайды. Мысалы, лексикада үй, қол, адам, тау, оқу, т.б. сөздер. Стилистикалық бояуға ие құралдар осындай стилистикалық бейтарап құралдардың аясында ғана айрықша көзге түсіп тұрады. Сондықтан олар стилистикалық нөлдік деңгейді құрайды.

2.Стил сөзінің төркіні және қызметі туралы

Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі-стиль.Стил-латынша stylos (қазақша-жазу құралы) деген сөз.Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған.Сонымен стиль жазу мәнері,сөзге сендіру тәсілі,мәнерлі сойлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келеді.Стилистика ең алдымен стиль туралы ғылым.Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, граматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз.Стиль ұғымы да сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралады.Стильдердің негізгі арқауы сойлеудің ауызша және жазбаша формалары.Қоғамда өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды.Сол себепті стиль бірнеше топқа бөлінеді. Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.Стиль ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік бірліктерді сұрыптап пайдалану арқылы,ойды жеткізу мәнерінің көрінісі. Қорыта келгенде стиль өмірдің белгілі бір саласында қолданылып ,тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.

3.Функционалды стиль түрлеріне шолу жаса

Қазіргі тіл білімінде стилистиканың бірнеше даму бағыттары орын алған, олардың қатарына ортостилистика, функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Қазіргі қазақ тіл ғылымында стилистиканың екі бағыты бар:Орталық бағыты, яғни функционалдық стилистика Функционалдық стилистика тілдің қолданысқа түсу заңдылықтары мен сөздің базалық, экстралингвистикалық және стиль құраушы факторлары ықпалынан пайда болған, ол қолданыс тілі стилистикасы деп те аталады.Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі.Тоқтала кетсек; Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтынсөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбиеберетіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Ғылыми-стиль – стильдің ғылым саласында қолданылатын бір түрі. Ғылыми-стильге нақтылық, логикалық, мазмұндәлелділігі қажет. Ғылыми-стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.Ғылыми стильге көбіне бір нақты сала бойынша тұжырымдамалар түсініктемелер жатады. Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.

4. Мәліметтердің орналасу ретін, пішімін және мазмұнын өзгерту; құжатқаөзгертулер енгізу (құжатты түзету). Графикалық немесе мультимедиалық объектіні, мәтіндік құжатты дайындау, үстемелеу, өзгерту.Жалпы кітап жжарыққа шықпас бұрын міндееті түрде редакциялаудан өтуі қажет.Я ғни автор қолжазбаны редакторға алып келіп оның көмегімен қателерін жөндеп басылмға дайындайды. Редакциялау  кезінде мәтінді өзгертуге және толықтыруға болады.Баспасөз жанрларының алуан түрлі болуына, газеттер мен журналдарда жарияланатын көптеген материалдардың идеялық мазмұны мен көркемдік сапасына қойылатын жоғары талаптар  осы материалдардың әрқайсысын мұқият редакциялап отыруды қажет етеді. Редакциялар өзінің мазмұны, тілі және стилі жағынан әбден аяқталып біткен бірқатар қолжазбалар алып отырады. Бірақ олардың ішінде көпшілігі азды-көпті түзетуді керек етеді.Қолжазбаны редакциялаудың негізгі мақсаты. Газет материалдарының терең идеялық мазмұнды болуымен бірге оны әдеби жағынан жетік мамандықпен редакциялау, тілі мен стилінің жоғары сапалылығы біздің баспасөзіміздің тәжірибесіндегі аса маңызды мәселелер болып табылады.Редакция жұмысының тәжірибесінде  қолжазбаны түзетудің төрт түрі болады, олар: өңдеп түзету, қайта жазып түзету, қысқартып түзету, оқи отырып түзету. Редактордың немесе әдеби түзету енгізушінің міндеті – мұндай кемшіліктерді жібермеуде. Мұндай мәтінге мәнді түзетулерді тек автордың келісімімен ғана енгізуге болады. Редакциялаудың барлық түрі әрбір материалдың идеялық, тақырыптық мазмұнына сай келуіне, сөзсіз сауатты, тілі мен стилі жағынан көкейге қонымды, дәл және шыншыл болуынабағытталған.Редакциялаудың сапасы көптеген элементтерден құралады, журналистің даярлығына, тәжірибелігіне және қабілетіне, оның іске ұқалай қарайтынына байланысты болады.редакциялау үстінде қолжазбаларға қойылатын негізгі талаптардың сақталуына көңіл бөліп отыру керек.

5Ауызекі сойлеу стилі

Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.

2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;

а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);

ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның катан түрі);

б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;

в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;

г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";

т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.Ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер,жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]