Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

рыногындағы пайыз мөлшерлеріндегі өзгерістерге байланысты зиян шегу қауіпі де жатады.

Пруденциялдық нормативтер- ҚР банкі тарапынан екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеуге байланысты қойылатын талаптар. Пруденциальдық нормативтерге: жарғылық қордың ең төменгі мөлшері, меншікті қаржаттаңы жеткілікті коэффициенті, бір қарыз алушыға келетін тəуекелдің ең жоғары мөлшері, өтімділік коэффициенті, банктің негізгі құралдары мен қаржылық емес активтеріне жұмсалатын инвестицияның ең жоғары мөлшері жатады

ПОС (ағыл. Point of Sale – сауда орны) – эквайрер банкпен өзара жасалған келісімшартқа сəйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кəсіпорын.

ПОС-терминал – сауда немес қызмет көрсететін кəсіпорында банктік карточкаларға қызмет көрсетуге арналған құрылым.

ПИН-код - (ағыл. Personal Identification Number – жеке идентификациялық номер) – банктік картаның иесіне банкомат немесе ПОС-терминалдар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін жеке идентификациялық номері.

Пайм-рейт – ең сенімді, қаржылық жағдайы тұрақты, бірінші классты ірі қарыз алушыларды несиелеуге арналған банктің белгілейтін ең төмегі (базалық) мөлшерлемесі.

Провизия – активтерді қайтармаудан туындайтын немесе олардың құндарының төмендеуінен туындайтын шығынды жабуға қажетті ақшалай резервтер. Провизияның екі түрі болады: арнайы жəне жалпы провизиялар

Ұ

Ұлттық банк – Орталық банктің классикалық қызметтерін жүзеге асыратын ҚР-ның орталық банкі.

Ұзын валюталық позиция – белгілі бір шетел валютасында бейнеленетін активтер мен баластан тыс талаптардың сол шетел валютасындағы міндеттемелер мен баланстан тыс міндеттемелерден артык болып келуіне байланысты анықталатын ашық валюталық позициясының түрі.

Т

Талап етілетін несие (ағыл. Lone on call - талап етілетін қарыз) - несие берушінің алғашқы талабы бойынша қарыз алушының өтеуге міндеттеме алатын қысқа мерзімді коммерциялық несиесі.

Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем талап-тапсырмасы– бенефициардың төлемшеге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар

436

жəне көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Тікелей инвестициялар - 1) материалдық өндіріске жəне белгілі бір өнімнің түрін өткізуге тікелей қаржат жұмсау. 2) компанияның бақылау пакетіне иелік етуді қамтамасыз ететін жарғылық капитаына қаражат салу.

Траст операциясы – клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға жəне тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Телеграфтық инкассо жабдықтаушының тауар құжаттарын инкассоға қабылдағаны туралы жабдықтаушы банкісінің жіберген телеграммасына қарсы сатып алушылық төлемі жасалатын инкассоның ерекше нысаны.

Тұрақсыздықақы - қарыз алушының банк алдындағы міндеттемесін орындай алмаған жағдайда өзара жасалған келесімшартта сəйкес төлейтін айыппұлы немесе пенясы.

Ш

Шарты жəне мүмкін міндеттемелер – клиенттердің өтініші бойынша берліген аккредитивтер немесе кепілхаттар мен кепілдемелер.

Ф

Фронт-кеңсесі – банк пайдасының деңгейін арттыру мақсатында клиентпен тығыз қарым-қатынас жасайтын жəне оларға банктің əр түрлі өнімдерін сата отырып, қызмет көрсетумен айналысатын банктің бөлімшесі.

Форс-мажор жағдайы - экономикалық келісім-шарттарға қатысушылардың əр-түрлі аяқ асты жағдайларға (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны жəне т.б.) байланысты міндеттемелерді орындай алмауы.

Факторинг (ағыл. Factoring) - клиенттің айналым капиталын несиелеуге ұқсас сауда-комиссиондық операциясының бір түрі; ұсақ жəне орташа фирмаларға (клиенттерге) коммерциялық банктердің олардың еншілес фактор-бөлімдерінің фирма көрсететін қаржылық қызмет түрі. Оның мəні мынада, фактор-бөлімі клиенттен олардың борышқорларына қоятын талабын өтеу мерзімі жеткенше дейін сатып алып, оның 70 тен 90%-ға дейінгі мөлшерде қарызын қайтарады. Пайызды шегергеннен кейін қалатын қарыздың бөлігі клиентке қарызды толық төлеген соң қайтарылады. Нəтижесінде фактор-бөлімінің клиенті өзінің қарызын тез арада қайтарып алады, бірақ ол үшін фактор-бөлімге белгілі бір пайыз төлейді.

Форвард (ағыл. Porward-алдын-ала) – мəмілені жасағаннан кейін екі күн ішінде шұғыл түрде жасалатын есеп айырысу нысаны. Əдетте форвардтық операцияларды бағаның, валюталар бағамындағы өзгерістер ауытқулардан туындайтын мүмкін болар зияндардан алдын алу

437

мақсатында банктер жəне сауда өнеркəсіп кəсіпорындары арқылы жасайды.

Форфейтинг (франц. a forfait - тұтас, жалпы сомада) - коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортты несиелеу; сыртқы сауда операцияларында қолданылатын сату барысында экспортерлерді, сатушыларды несиелеу нысаны.

Фьючерс – келісім жасалған уқытта тараптардың келісімімен белгіленген бағады базалық активті сатуға не сатып алуға құқық беретін биржалық контракт.

Фьючерстің өзге туынды бағалы қағаздардан өзгешелігі ол тек қана биржада жасалады. Қазақстанда фьючерс контрактісі валюта жəне астыққа жəне т.с.с тауар түрлеріне қолданылып отыр.

Х

Хеджерлеу– валюта бағамындағы жəне т.с.с. өзгерістер нəтижесінде мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтерді құру, сауда немесе несие валютасын өзгерту жолымен валюталық жəне өзге тəуекелдерді сақтандыру.

Ч

Чек (ағыл. chegue) - чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы, өзінің банкіне берген чек беруішінің бұйрығы. Бұл сома чек берушінің чектік шотынан шегеріліп тасталынып, чек ұстаушының шотына толығымен аударылады.

Чек кітапшасы (чековая книжка) - банктегі шоты бар тұлғаға банктен берілетін, чектердің бланкілерінен тұратын, қолдан жасауға қарсы өзіндік қорғаныс элементтері бар, кітапша түрінде болатын ақшалай құжат. Чектердің арнайы қағазбен жасалынған нысаны мен реттік номері болады. Чектер бойынша чектік кітапшадан клиент қолма-қол ақшаларды алады жəне олардың көмегімен басқа заңды жəне жеке тұлғалармен тікелей есеп айырысады.

Ц

Цессия (лат. сessio - беру) - меншікті қаражаттарды иелену немесе оларды алу құқығын басқа тұлғаға беру, мысалы, несие беруші (цедент) өзінің қарызды алу құқығын басқа тұлғаға (цессионарға) беруі мүмкін; цессия сөзі тəуекелді қайта сақтандыруға тапсыру дегенді білдіреді. Бұл жағдайда қайта сақтандыруға тапсырушы рөлін - цедент, ал қайта сақтандырушы рөлін - цессионар атқарады.

438

Э

Эмиссиялық банк – қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақша формасында ақша белгілерін, сондай-ақ өзге төлем құралдарын айналысқа шығаратын банк.

Экспорттық несие - экспорты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.

Эмиссия - айналысқа құнды қағаздарды, ақша белгілерін барлық нысандарда шығару. Ақшаны эмиссиалау тек қана ақша белгілерін басуды білдірмейді, сол сияқты айналыстағы қолма-қол жəне қолма-қолсыз ақшаларды ұлғайтуды сипаттайды. Эмиссиялаудың басты нысандары несиелік ақша - банкнотаны эмиссиялау; құнды қағазды эмиссиялау.

Электрондық ақшалар - компьютер тарабының ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асырылатын, банктер жəне олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуларды қамтамасыз ететін электрондық төлем жүйелері.

439

Əдебиеттер

1.“ҚР-ғы Ұлттық банк туралы” ҚР заңы 30.03.1995.

2.“ҚР-ғы банктер жəне банктiк қызмет туралы” ҚР заңы / 31.08.1995.

3.“Бағалы қағаздар нарығы туралы” ҚР заңы// 06.08.2003.

4.“ҚР-да вексель айналысы туралы” ҚР заңы// 28.04.1997

5.“Қаржы лизингі” туралы ҚР заңы. 5.07.2000ж

6.Валюталық бақылау жəне реттеу туралы ҚР заңы. 18 декабрь 2005ж

7.“Қаржы нарығын жəне қаржылық ұйымдарды мелекеттік реттеу жəне қадағалау туралы” ҚР заңы. 04.07.2003.

8.“Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы 29.06.1998

9.2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” ереже.

10.Программа развития денежно-кредитной политики Национального Банка Республики Казахстан на 2006-2008 гг.

11.2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің

банктік шоттарын ашу, жүргізу жəне жабу тəртібі туралы” нұсқаулық.

12. 2002 жылы 16 қарашадағы N 465 қаулысымен бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі жəне оларды күмəнді жəне үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесі.

13.1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктің Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” ережесі.

14.“Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану жəне қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылға 25 сəуірде бекіткен N 179 қаулысы.

15.Екінші деңгейдегі банктердің аудармалы жəне жай вексельдермен операцияларын жүргізу ережесі. 15.11.1999 ж. ҚҰБ Басқармасының N 397 қаулысымен бекітілген

16.Ұлттық Банктің Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы N 465 қаулысымен бекітілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі жəне оларды күмəнді жəне үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесі.

17.Мақыш С.Б., Ілияс А.Ə. Банк ісі: Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004

18.Мақыш С.Б. Ақша айналысы жəне несие: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004.

19.Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердiң операциялары: Оқу құралы. Алматы. Издат-маркет. 2004

440

20.Макыш. С.Б., Ильяс А.А. Банкосвое дело: учебное пособие Алматы. Қазақ университеті, 2006.

21.Банковское дело: учебник / под ред. Г.С. Сейткасымова // Алматы “Қаржы-Қаражат” 1998.

22.Банковское дело: учебник / под ред. О.И. Лаврушина // Москва “Финансы и стататистика” 2004.

23.Банковское дело: учебник / под ред. Г.Г.Коробовой. М.:Юристь,

2002.

24.Банковское дело: учебник / под ред. А.М. Тавасиева М.:ЮНИТИ,

2002.

25.Банковское дело: стратегическое руководство / Под ред. В. Платонова, М. Хиггниса. - М.: “Консалтбанкир”, 1998.

26.Основы банковской деятельности: учебник / под ред. Тагирбекова К.Р. – Москва.: Инфра М,2003

27.Управление деятельностью коммерческого банка (Банковский менеджмент): учебник / под ред. О.И. Лаврушина // Москва .: Юристь, 2005.

28.Банковское дело: соврменная система кредитования / под ред. О.И. Лаврушина // Москва .: КНОРУС, 2005.

29.Моисеев С.Р. денежно-кредитная политика: теория и практика: учебная пособие / М.: Экономисть, 2005.

30.Масленченков Ю.С. Финансовый менеджмент банка: учебное пособие / М.: ЮНИТИ, 2003.

31.Ларионова И.В. Управление активами и пассивами в коммерческом банке. / М.: Издательство «Консалтбанкир» 2003.

32.Пещанская И.В. Организация деятельности коммерческого банка /

М.: ИНФРА-М, 2001.

33.Щербакова Г.Н. Банковские системы развитых стран. – М.:Экзамен, 2003.

34.Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. – М. ИКЦ ДИС, 1997.

35.Е.Б. Ширинская Операции коммерческих банков и зарубежный опыт // Москва “Финансы и статистика” – 1993.

36.О.М. Маркова и др. Коммерческие банки и их операции// Москва: Банки и биржи, 1995.

37.Брокеры и регистраторы на рынке ценных бумаг. Учебное пособие Алматы. “ИРБИС“,2000.

38.Хамитов Н.Н. Банковский надзор и его эффективность. Алматы.

2001.

39.Гвоздев Б.З. Факторинг. – М. : Ассоциация авторов и издателей “ТАНДЕМ”. Изд. ЭКМОС, 2000.

40.Мақыш С.Б., Сұпығалиева Г.И, Керімбеквоа Н.Н. Ақша, несие банктер пəнінен практикум Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті 2004

441

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]