Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Қайтарылмайтын расталған аккредитив – эмитент банктің міндетемесіне қоса Растаушы банктің беретін міндеттемесін білдіреді. Мұндай аккредитивтің басты артықшылығы мұндай қосарлы кепілдендіру бар. Егер де эмитент банк бірінші классты банкке жатса, онда қосымша кепілдендіру қажет етілмейді. Ол өз кезегінде аккредитив бойынша шығынды азайтады. Кей жағдайларда мұндай аккредитивтің қосымша кепілдендірілуі бенефициардың қалауы бойынша іске асады.

Халықаралық банктік тəжірибиеде аккредитивтің автоматты түрде жаңартылатын, резервтік (стэнд-бай), аудармалы сияқты түрлері қолданылдады.

Аккредитивпен есеп айырысу формасы мына жағдайларда пайдаланылады:

бірін бірі аз білетін немесе танымайтын серіктестер арасында келісімшарт жасалса;

келісімшарт жасаушы тарап серіктесіне толық сенімсіз болса немесе серіктесінің елінде саяси не экономикалық тұрақсыздықтар орын алса.

Аккредитивтің қызмет ету мерзімі жəне есеп айырысу тəртібі төлеуші мен жабдықтаушының арасында жасалатын келісімшартта көрсетіледі, сондай-ақ онда мыналар көрсетіледі: эмитент-банктің атауы; аккредитив түрі жəне орындалу тəсілі; аккредитив ашылуы туралы жабдықтаушыға хабарлау тəсілі; аккредитив бойынша қаражатты алу үшін жабдықтаушының беретін құжаттарының толық тізімі мен нақты сипаттамасы; тауарларды жөнелткеннен кейінгі құжаттарды жіберу мерзімі, олардың рəсімделуіне қойылатын талаптар; басқа да құжаттар мен шарттар.

Аккредитив ашу туралы өтініште төлеуші мыналарды көрсетеді: аккредитив ашылатын келісімшарттың номері; аккредитив қызмет ету мерзімі (аккредитив жабылу күні мен айы); жабдықтаушының (эспортердың) атауы; орындаушы банктің атауы; аккредитив орындалу орны; аккредитив бойынша төлем төленетін құжаттардың толық жəне нақты атауы, олардың тапсырылу мерзімі мен рəсімделу тəртібі; аккредитив төленетін тауарлардың (қызметтердің) аты, тауарларды (қызметтерді) жөнелту мерзімі; аккредитив сомасы; аккредитивті іске асыру тəсілі.

Аккредитивтің артықшылықтары мынадай: Сатушы (экспортер) үшін:

- аккредитивте көрсетілген барлық шарттар, яғни тауар көлеміне, сапасына, қаптау түріне, жеткізу мерзімі мен тəсіліне, тиеу орыны мен мерзіміне жəне т.б. қатысты шарттар толық орындалған жағдайда төлемнің жүзеге асырылатыны;

- тауар жартылай жөнелтілсе, онда нақты жөнелткен тауары үшін төлем алатындығына сенімділігі;

307

-мəміле жасалмаған жағдайда немесе аккредитивтің мерзімі аяқталған уақытта сатып алушының резервтеген сомасын қайтарып алытындығына сенімділігі.

Сатып алушы (импортер) үшін:

-төлемнің банкпен төленетіндігі;

-егер ұсынылған құжаттар аккредитивте көрсетілген шарттарға

сəйкес келгенде ғана төлемнің жүзеге асатындығы; - егер сатушы өндіруші емес делдал болса, онда өндірушінің атына

аккредитивті аударып жіберу мүмкіндігіні болуы.

Аккредитив бойынша келісімшарт жасасу барысында төлемді жасауға байлансты аккредитивтің түріне мəн беру қажет. Егер сіз құжаттарды банкке тапсырғаннан кейін төлемдерді алғыңыз келсе оны “ұсынуға байланысты төлем” (“by payment”) деген аккредитивті таңдағаныңыз дұрыс. Себебі, мұндай форма өте кең таралған жəне жылдам болып табылады. Бірақ та банктің 7 күн ішінде құжаттарды тексеруге содан соң барып төлемді жасауға құқылы екендігін естен шығармау керек.

Егер серіктесіңізге несиеге тауарыңызды бергіңіз келсе, онда Сізге төлемді кешіктіріп төлеумен байланысты (“by deferred payment”) аккредитив қажет болады. Төлемді кешіктіру уақыты тауарды жөнелткен күннен басталуы, құжаттарды банкке берген күннен басталуы немесе аккредитив ашқан күннен басталуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда кешіктіріп төлеген күндер үшін комиссиондық ақыны Бенефиардың атына төленетіндігін есте сақтау қажет.

Сонымен қатар өзара келісімшарт жасаған кезде қай тараптың банктің шығыстарын өз мойынына алатындығын міндетті түрде көрсетуге тиіс.

Аккредитивтік есеп айырысуда пайдаланылатын құжаттарға мыналар жатады:

Шот-фактура, яғни экспортердың жөнелткен тауары не көрсеткен қызметі үшін импортердың төлемді талап етуге негіз болатын қаржылық құжат. Онда мынадай көрсеткіштер болады: жазылған күні, сатып алушы немесе импортердың аты-жөні жəне мекен-жайы, шот сомасы, тауардың сипаты, бір тауар бағасы, қосымша шығыстар, жөнелту шарты, төлеу шарты (аккредитив номері). Шот-фактураны міндетті түрде бенефициар толтырады жəне оны аккредитивті ашушыға (сатып алушыға) жібереді.

Сақтандыру полисі – сақтандырушы мен сақтанушының арасында сақтандыру шартының жасалғандығын куəландыратын құжат. Онда мынадай ақпараттар қамтылады: сақтандырушының атауы, мекен-жайы жəне қолы, сақтанушының атауы, мекен-жайы жəне қолы (əдетте сақтанушы ретінде сатушы болады), сақтандыру сомасы (сақтандыру сомасы СІР жəне СІҒ жеткізу шартына сəйкес тауар құнының 110 % құрайды), жөнелтілетін тауарлардың сипаты, тасымалдау түрі (көлік түрі, жөнелту уақыты, жөнелту орыны), сақтандырылатын тəуекел сипаты,

308

сақтандыру сыйақысын төлеу орыны (қала немесе елдің, сақтандыру агентінің атауы).

Көлік жүкқұжаты – тауарды тасымалдаушыға берілетін құжат. Көлік құжатының көлік түріне қарай теңіз коносоменті, əуе жүкқұжаты, авто жүкқұжаты, теміржол жүкқұжаты, пошта қолхаты сияқты түрлері болады. Көлік түріне байланыссыз жүкқұжатында мынадай мəліметтер көрсетіледі: тасымалдаушының аты-жөні мəртебесі жəне қолы, жөнелтушінің аты-жөні жəне мекен-жайы, тауардың сипаты, салмағы, қаптау номері мен түрі, фрахтаны төлеу туралы белгісі, жөнелту орыны, жеткізу орыны, тиеу орыны, құжаттың толтырылған күні мен орыны.

Аккредитивтің басты артықшылығы, оны төлеуге бантің кепілінің болуы.

Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктерде бар:

-аккредитивпен есеп айырысудың өзге формаларға қарағанда өте қымбат, сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады;

-тауар айналымы бəсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды жəне оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.

12.5 Банктік кепіл-хат

Халықаралық саудада мəмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мəселе туындайтыны сөзсіз, олар:

-сатушының сатып алушының төлем қабілетін бағалау қиындығы;

-сатып алушының жабдықтаушының міндетемені орындауға дайындығын бағалау қиындығы.

Мұндай мəселені шешудің жолына мəмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.

Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша жəне оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді.

Мəмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады:

-тікелей (үш жақты);

-жанама (төрт жақты).

Тікелей кепіл-хаттың қатысушыларына принципал (кепіл-хат алушы) кепілгер банк жəне бенефициар жатады. Мұндай кепіл-хатты пайдалану сызбасы 30-суретте берілген.

309

контракт Принципал Бенефициар

кепіл-хат

Принципал

БАНКІ

30-сурет. Тікелей кепіл-хатты пайдалану сызбасы

Жанама кепіл-хаттың қатысушыларына жоғарыда айтылған тараптардан басқа төртінші қатысушы немесе бенефициардың еліндегі банк болуы мүмкін. Мұндай мəміледе принципал банкі бенфициардың еліндегі банкке контркепіл-хатын береді, ал ол оны растайды (31-сурет).

контракт Принципал Бенефициар

 

қарсы кепіл-хат

кепіл-хат

Принципал

Бенефициар

БАНКІ

 

БАНКІ

31-сурет. Жанама кепіл-хатты пайдалану сызбасы

Принципал банктің контркепіл-хатының мерзімі бенефициар банктің кепіл-хатына қарағанда 7-15 күнге артық болып келеді. Бұл əрине принципал банктің беретін қарсы кепіл-хаттың пошта арқылы бенефициар банкке жету күндерін қосып ескереді.

Инкассо жəне аккредитив сияқты кепіл-хаттың да өзіндік ережелері бар. 1978 жылы тамыз айында Халықаралық сауда палатасы (ХСП) кепілхаттың негізгі ережесін, яғни «Келісілген кепіл-хат бойынша ортақ ережесін» жасап шығарды (ХСП №325 басылымы). 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Талап етілетін кепіл-хатқа арналған ортақ ереже» күшіне енді (ХСП №458 басылымы).

Кепіл-хаттың қозғалысына байланысты мынадай кодты сөздер қолданылады:

МТ 760 Кепіл-хатты шығару. МТ 767 Кепіл-хатқа өзгеріс енгізу.

310

МТ 768 Кепіл-хатқа жасалған өзгерісті растау. МТ 769 Міндеттеменің орындалғанын хабарлау

Отандық банктік тəжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады:

-«конкурстық кепіл-хат», яғни Бенефициар ұйымдастыратын тауарлар мен қызметтерді сатып алу жəне жабдықтауға байланысты конкурсқа қатысуға қажетті өтініш берушіге банктен берілетін кепілхаттың түрі;

-«міндеттеменің орындалуына берілетін кепіл-хат», яғни келісімшартқа сəйкес аванстық төлемдер жаслаған жағдайда Бенефициардың алдындағы Өтініш иесінің міндеттемесін қамтамасыз ететін банктік кепілхат;

-«аванстық төлемнің қайтарылуына берілетін кепіл-хат», яғни Бенефициармен арада жасалған келісімшартқа сəйкес Өтініш иесінің белгілі міндеттемелерінің орындалуын қаматамасыз ететін кепіл-хат түрі.

Банктік кепіл-хат əдетте 5 жылға дейін беріледі. Банктік кепіл-хатты қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады:

-банктік шоттағы ақшалай қаражаттар;

-материалдық немесе материалдық емес активтер.

-Банктік кепіл-хатты алу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар тапсырылады:

-өтініш беруші ұйымның кепіл-хатты алу жəне оған қамтамасыз ету мүлкін қою туралы хаттамасы;

-бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туалы анықтама;

-конкурсты өткізуге байланысты Нұсқаулықтың көшірмесі (тендерлік кепіл-хат жағдайында);

-контрактінің көшірмесі.

Кепіл берші үшінші бір тұлға болса, мысалы заңды тұлға, онда Жоғарыдағы көрсетілген бастапқы екі пункттегі құжаттарға қоса,

құрылтайшылық құжаттар мен ноториалды түрде куəландырылған қол жəне мөр қою үлгілері бар құжат тапсырылуға тиіс.

Егер кепіл беруші жеке тұлға болса, онда оның жеке куəлігі мен СТТНнің көшірмесі талап етіледі.

Өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін банк қызметкері немесе несие официері Операциялық бөлімге шартты салым шотын ашу туралы үкім жəне Шартты банктік салым туралы келісімшартты дайындайды. Оған қосымша төмендегідей құжаттар даярланады:

-Ақшаны кепілге алу туралы шарт;

-Кепіл-хат туралы шарт;

-Кепіл-хат міндеттемесі.

Келісімшарттарға əуелі Өтініш иесі (қажет болса Кепіл беруші), содан соң банктің жетекшісі қолдарын қояды.

311

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]