Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредитив ашушы банктің (эмитент-банктің) міндеттемесін білдіреді.

Құжатталған инкассо - эмитент-банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесі.

Банктік аударым – банктік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.

6. Валюталық қаражаттарды тарту жəне орналастыру операциялары.

Мұндай операцияларға мыналар жатады:

1)депозиттерді тарту:

жеке тұлғалардан;

заңды тұлғалардан, соның ішінде банкаралық депозиттер;

2)несиелер беру:

жеке тұлғаларға;

заңды тұлғаларға;

3)банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.

12.3 Инкассо

Халықаралық жəне отандық банктік тəжірибеде есеп айырысудың ең көп қолданылатын түрлеріне инкассо мен аккредитив жатады.

Инкассо – сатушы (экспортер) мен сатып алушыны (импортердің) арасында банктің делдал қызметін атқаруымен байланысты операция. Аталған операция инкассоның шарты көзделген құжаттарға қарсы төлемді жасау туралы сатушы тапсырмасы негізінде жүзеге асады. Егер қаржылық құжаттарға (аудармалы вексель, жай вексель, чек жəне т.б ақшаны алуда пайдаланылатын құжаттар) қоса коммерциялық құжаттар (шот, жөнелту құжаттары, меншік құқығы туралы құжаттар) берілген болса, онда мұндай инкассо құжатты инкассо деп аталады. Таза инкассода қаржылық құжаттар ғана беріледі, яғни коммерциялық құжаттар бірге жүрмейді.

Таза жəне құжатты инкассомен операция жүргізуде банктер 1995 жылы толықтырылған «Инкассомен жұмыс жасаудың ортақ ережесін» басшылыққа алады.

Инкассомен операция жасауда банктер ешқандай да төлем міндеттемесін алмайды. Олардың міндеті инкассоның нұсқаулығына сəйкес төлемдерге қарсы құжаттарды беру болып табылады.

Құжатты инкассода мынадай қатысушылар болады:

-сатушы (экспортер) – инкассо бойынша банкке тапсырма беруші;

-ремитент банк - инкассо бойынша сатушының тапсырма беретін банкі;

301

-инкассолаушы банк – инкассолау операциясына қатысушы ремитент банктен басқа кез келген банк;

-хабарлаушы банк – төлеушіге хабарды жеткізуші банк;

-сатып алушы (төлеуші) – инкассолық тапсырмаға сəйкес хабар берілетін тұлға.

Құжатты инкассо формасында есеп айырысу пайдалану төмендегі жағдайларда ұсынылады:

-бірін бірі білетін серіктестер арасында;

-сатушы сатып алушының төлем қабілетіне көз жеткізген жағдайда;

-сатып алушы елдегі жағдай тұрақты немесе импорттық шектеулер

жоқ болғанда.

Инкассомен есеп айырысудың сатып алушы үшін артықшылығы, ол тауарды жөнелткенге дейін оның құнын төлемей, төлем тек қана тауарды жөнелткендігін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда жасалады.

Сонымен қатар егер де ұсынылатын құжаттар келісімшартқа сай келмесе сатып алушының төлемнен бас тартуға немесе аз бөлігін төлеуге құқы бар. Өз кезегінде сатушы үшін оның артықшылығы мынада, яғни сатып алушы төлемді жасамайынша тауарға тиісті құжаттарды ала алмайды.

Дегенмен бұл да сатушыға тауарының төленетіндігіне ешқандай кепіл бермегенімен өзге есеп айырысу формасына, мысалы аккредитивке қарағанда өте арзан жəне жалдам болып келеді.

Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы 27-суретте берілген.

 

 

 

1

 

 

 

 

 

Сатушы

 

 

 

 

 

 

Сатып алушы

 

 

 

 

 

 

 

(экспортер)

2

 

 

 

 

(импортер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

8

 

 

5

6

 

 

 

4

 

 

 

 

Эскпортер БАНКІ

 

 

Импортер

 

 

 

 

 

7

 

БАНКІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27-сурет Құжатты инкассомен есеп айырысу сызбасы

1 – Келісімшарт жасасу; 2- тауарды жабдықтау жəне құжаттарды рəсімдеу; 3 инкассоны беру үшін құжаттарды тапсыру; 4

– инкассоға құжаттарды жөнелту; 5 – құжаттарды сатып алушыға беру; құжаттарға қарсы төлем жасау; сатып алушының шотына қаражат есептеу.

302

12.4 Аккредитив

Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредетив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы (бнеефициар) бергеннен соң жəне аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде “Аккредитив” жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитив аша отырып, банк төлемді төлеуге кепілгер болып табылады. Бұл халықарылық банктің тəжірибедегі есеп айырысу формасының банктің кепілдігімен жасалатын жалғыз түрі. Қалған есеп айырысу формаларында банк клиенттің тапсырмасы бойынша жəне оның есебінен есеп айырысуға қатысады.

Жалпы аккредитивпен есеп айырысудың мынадай қатысушылары болады:

-Өтініш иесі (аппликант, бұйрық беруші, импортер, трассат, сатушы). Бұл қатысушы банкке аккредитив ашуды тапсырады.

-Бенефициар (экспортер, сатушы, трассант). Бұл қатысушының атына аккредитив ашылады.

-Эмитент банк, яғни клиенттің (өтініш берушінің) атынан аккредитив ашатын банк.

-Хабарлаушы банк, яғни хатпен немесе телекспен акрредитивтің ашылғандығын бенефициарға хабарлаушы банк. Оның басты міндеті хабарды жеткізбестен бұрын аккредитивтің шынайлығына көз жеткізуге тиіс.

-Растаушы банк, яғни эмитент банктің сұрауы бойынша аккредитивке өзінің кепіл-хатын қосатын банк. Растаушы банк егер де эмитент банк міндеттемесін орындай алмаған жағдайда аккредитив бойынша төлемді төлеуге келісім береді.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

құжатты аккредитив;

өтелген жəне өтелмеген;

қайтарылатын жəне қайтарылмайтын.

Құжатты аккредитив – бенефициардың төлемді алғанға дейін құжаттарды беруін сипаттайды. Бұл құжаттар аккредитивте көрсетілген

303

тауарларды жөнелткендігін растайды. Төлемді алу үшін барлық құжаттар аккредитивте көрсетілген тізбекке сəйкес келуі қажет.

Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-əрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві. (28-суретте берілген).

 

 

1

 

 

Экспортер

Импортер

5

 

 

 

 

 

 

 

 

4

6

8

2

 

 

3

 

 

 

Экспортер банкі

Импортер банкі

 

 

7

28сурет. Алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы

1 - алдын-ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 - банкке аккредитив ашуға өтінішін жəне оған қоса қаражатты аудару туралы төлем тапсырмасын беру, одан соң, ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 - қаражатты экспортердің банкіне аудару жəне оны “Аккредитив” шотына есептеу; 4 – экспортерге аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 - тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісімшартқа сəйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын экспортердің банкіне жіберу жəне “Аккредитив” шотынан қаражатты шегеріп, оны жабдықтаушының шотына есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар етеді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.

Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды. (келесі бетте 29сурет).

Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісімшарт негізінде, сондай-ақ басқа банкпен арадағы корреспонденттік қарым қатынас жағдайына байланысты ашады. Ал енді, өтелмеген аккредитив бойынша есеп айырысу ерекшеліктерін қарастырып өтейік.

Əрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

304

 

 

1

 

 

Экспортер

 

Импортер

 

5

 

 

 

 

4

6

8

2

3

 

 

 

 

Экспортер банкі

Импортер банкі

 

 

 

7

7

 

 

 

 

 

 

29-сурет. Банктік кепілдемені пайдалану арқылы аккредитив формасымен есеп айырысудағы құжат айналымының сызбасы

1 – банк кепілдемесін беру арқылы аккредитив формасын пайдалану барысында есеп айырысу туралы өзара контракт жасасу; 2 – банк кепілдемесінің негізінде банкке аккредитив ашуға өтінішін жасау жəне аккредитивтің ашылуын “Банктің кепілдемесі жəне тапсырмалары” деген баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 – аккредитив ашылғаны жəне аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4 – жабдықтаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 тауарды жабдықтау немесе қызмет көрсету; 6 – келісім шартқа сəйкес тауарды жөнелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу құжаттарын жабдықтаушының банкіне жіберу жəне жабдықтаушының шотына қаражатты есептеу; 7 – есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, онда сатып алушының шотынан қаражат шегеріледі, шотында қаражаты болмаған жағдайда банк төлеушіге несие береді; 8 - құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның шотынан қаражатты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитентбанктің əмірімен өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады. Қайтарылмайтын аккредитив расталмаған жəне расталған болу мүмкін.

Қайтарылмайтын расталмаған аккредитив – эмитент банктің хабарлаушы банк арқылы хабарлайтын аккредитиві. Бұл жерде хабарлаушы банк эмитент банктің агенті ретінде қызмет етеді, бірақ ол аккредитив бойынша Бенефициар алдында ешқандайда жауапкершілік алмайды.

Аккредитивтік өтініштің үлгісі келесі бетте берілген.

305

Аккредитив ашуға өтініш № “___”_________200__ж.

(Эмитент банктің атауы)

______________________________

____________________________________

Клиент (кəсіпорынның атауы)

Бенефициар (атауы, мекен-жайы, шоты)

Акредитив ашуды сұраймыз

____________________________________

5.

Қайтарылмайтын

(аккредитивтің мерзімінің аяқталатын күні

6.

Қайтарылатын

мен орыны)

7.

Расталмаған

____________________________________

Құжатты аккредитив

Хабарлаушы банк (Бенефициар банкі)

______________________________

 

(аккредитив сомасы)

 

Аккредитив орындалады:

 

 

 

______________________________

ТӨЛЕММЕН

 

(растаушы банк)

БӨЛІП ТӨЛЕУ АРҚЫЛЫ

______________________________

Мерзімі кешіктірілген аккредитивтің

 

(атқарушы банк)

себептері______________

Жартылай тиеу

Қайта тиеу

Жөнелтілген күн______________

Рұқсат етілген

Рұқсат етілген

______________________________

Рұқсат етілмеген

Рұқсат етілмеген

(Жөнелтілген тауарлардың сипаты)

(Тасымалдауға қабылданған жүктер)

 

Тасымалдау үшін қажетті құжаттар:

7) Қаптау парағы____________

1) Шотфактура____________

8) Сақтандыру полисі ____________

2) Əуе жүкқұжаты____________

9) Сапа сертификаты____________

3) Авто жүкқұжаты____________

10) Шығу сертификаты____________

4) Теміржол жүкқұжаты____________

11) Өзге құжаттар____________

5)Теңіз жүкқұжаты____________

6)Аралас жүкқұжаты____________

Арнайы нұсқаулық: ______________________________

(Эмитент банк)

Құжаттарды тиеу құжаттарын жібергеннен бастап ____ күн ішінде тапсырылуы тиіс. Корреспондент банктің жəне өзге комиссияларды біздің шотымыздан шегеруіңізді сұраймыз № _______________

Рұқсат белгілері

Банк төрағасы___________

________________________

 

(Эмитент банк атауы)

Бас бухгалтері___________

Қолы

Күні

 

Контракт № “___”_________200__ж Мəміле төлқұжаты “___”_________200__ж

306

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]