Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

12-тарау. Банктік комиссионды-делдалдық операциясы

12.1. Траст операциялары

“Траст” ағылшын тілінен аударғанда “сенімдеген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын жəне меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға жəне тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

1.Траст құрылтайшысы (немесе оның негізін қалаушы) – сенімді меншік иесіне сенім хат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

2.Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) - траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сəйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын жəне жылжымайтын мүліктер де жатады.

3.Бенефициар - траст келісім-шартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды жəне жеке тұлға. Яғни ол, трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операциясы – бұл банктің өз клиентеріне (заңды жəне жеке тұлғаларына) көрсететін əр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын жəне жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру жəне оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің траст-бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

I. клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;

II.сенім-хат бойынша операцияларды жүзеге асыру; III. агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті

пайдаланудың басты міндеті - бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, əкімшілік шығыстарды төлеу жəне қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті жанұя мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

293

Келісім-шарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

Агенттік (делдалдық) қызметтер. 1. Активтерді сақтау:

бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;

бағалы қағаздарға айырбастау;

мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;

активтердің жалпы құнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу жəне сату;

мүлік куəлігі бойынша сомаларды алу;

клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;

сейфтерді жалға беру.

2.Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:

бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру жəне бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

сақтандыру полисін рəсімдеу.

Клиент келісім-шартқа сəйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

клиент атынан келісім-шарт жасау;

акциялар мен облигацияларды беру;

ссуда алу;

чек жазу;

вексельді аударып жазу жəне т.б.

Траст-операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісім-шарт болуы қажет. Осы келісім-шарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер жəне өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу жəне т.б.

облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;

мүлікті кепілдіктен босату;

корпорациялардың (зейнетақы қорларының) жəне т.б. қорларын басқару;

сенім-хатқа сəйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

294

акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивиденттер төлеу. Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет

органдары, іскер кəсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды. Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.

12.2 Валюталық операциялар ұғымы

Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын “валюта” терминінің мəніне тоқталайық.

Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына

(24.12.1996 ж.) сəйкес, “валюта – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металлдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол жəне аударым нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары”.

Осы заңда “валюталық операцияларға” төмендегідей түсінік берілген:

1)меншік құқығының жəне өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасын жəне шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мəмілелер;

2)валюталық құндылықтарды кез келген тəсілмен Қазақстан Республикасына əкелу жəне жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан əкету жəне жөнелту;

Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

1)шетел валютасы;

2)номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар жəне төлем құралдары;

3)тазартылған құйма алтын;

4)ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар жəне төлем құжаттары.

Мұндағы резиденттерге жататындар:

- ҚР-ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;

- ҚР-ның заңдылықтарына сəйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;

- ҚР-нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда жəне өзге де өкілеттіктер жатады.

295

Ал, бейрезидентерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР-ң барлық заңды жəне жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.

Кейбір экономикалық əдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына

бағалы металдар (алтынан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз,

рубин, изумруд, сапфир, александрит жене жемчуг) жатқызады.

Валюталық операциялар ағымдық операциялар жəне капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.

1. Ағымдық операцияларға жататындар:

тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мəмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру жəне алу;

салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем жəне өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды жəне өзге де табыстарды алу жəне аудару;

гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді жəне басқа сомаларды аудару;

осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2.Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

инвестицияларды жүзеге асыру;

интеллектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мəмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;

мүліктік құқыққа жəне өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;

тауарлар, жұмыстар жəне қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мəмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күннен асатын мерзімге несиелер беру жəне алу;

өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде жəне өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;

зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мəмлелер бойынша халықаралық аударымдар;

жинақтау сипатындағы сақтандыру жəне қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді жəне валюталық бақылауды жүргізеді.

296

Валюталық реттеу – нормативтік құқықтық актілерді жасау жəне бекіту, ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.

Валюталық заңға сəйкес, валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:

-лицензиялау;

-тіркеу;

-хабарлау.

Тіркеу жəне лицензиялауға жататын валюталық операциялар тізімі төмендегі кестемен берілген.

 

Валюталық

операциялар

ҚР-на кіретін

ҚР-шығатын

 

түрлері

 

 

 

 

1

180

күн

мерзімнен

асатын

Тіркеледі

Лицензияланады

 

коммерциялық несиелер

 

 

2

Тікелей инвестициялар

 

Тіркеледі

Тіркеледі

3

Бағалы қағаздарды сатып алу

Тіркеледі

Лицензияланады

4

180

күн

мерзімнен

асатын

Тіркеледі

Тіркеледі

 

қаржылық займадар

 

 

 

5

Капитал

қозғалысымен

Тіркеледі

Тіркеледі

 

жасалатын өзге операциялар

 

 

Тіркеуге жататын ең төменгі сома төмендегі кестеде берілген.

Қазақстан

Республикасына

келіп

Қазақстан

Республикасынан

қаржат

түскен мүлік (қаражат) 300 мың

аудару (мүлікті беру) сомасы 10 мың

АҚШ долларына асқан жағдайда

АҚШ долларынан асса.

 

Резиденттің бейрезидентке мүлікті

Резиденттің

бейрезидентке

мүлікті

(қаражатты)

қайтарумен

(қаражатты)

қайтарумен байланысты

байланысты

міндетемесі 300

мың

талабы 10 мың АҚШ долларынан асса.

АҚШ долларына асқан жағдайда

 

 

 

Сонымен қатар заңды тұлға резиденттердің шетелдегі филиалдары мен өкілдіктерін ұстау шығыстарын қаржыландырумен байланысты шетел банктерінде шот ашуы тіркеуге алынады.

Тіркеуге жатпайтын валюталық операцияларға мыналар жатады:

-мемлекеттің сыртқы займдар, мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы займдар туралы келісімдер, сондай-ақ осындай келісімдердің төңірегінде жасалатын операциялар;

-валюталық келісімшарттың толық сомасына жаслаған мəмілелік құжаты бар тауарларды экспорттаумен (импорттаумен) байланысты коммерциялық несиелер;

-хабарлау режимінде жасалатын банктердің меншікті операциялары;

-ҚР-ғы шетелдік мекемелердің жүзеге асыратын валюталық операциялары;

297

-Бейрезиденттердің ҚР-да шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы;

-Бейрезиденттердің қазақстандық депозитарлық қолхаттарды сатып

алуы;

-Брокерлік қызмет көрсету негізінде бейрезиденттердің резиденттердің бағалы қағаздарын сатып алуы;

-өзге мемлекеттердің заңдарына сəйкес жəне олардың аумағында резиденттердің шығарған бағалы қағаздарын бейрезиденттерің сатып алуы.

Валюталық операцияларды тіркеуге талу үшін қажетті құжаттар тізімі:

-тіркеуі үшін өтініш;

-валюталық келісімшарт көшірмесі (тігілген жəне мөр басылған);

-төл құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

-заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу куəлігінің көшірмесі;

-ҚР статистика ұйымының тарапынан заңды тұлғаға жеке идентификациялық кодының берілгендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

-СТТН көшірмесі;

-Валюталық келісімшартқа сəйкес міндеттемелердің орындалуы жəне аяқталуын растайтын құжаттардың көшірмесі.

Банктердің мынадай меншікті операциялары 300 мың АҚШ долларынан асса хабарлануға жатады:

-180 күн мерзімнен асатын бейрезиденттерден алған коммерциялық несиелер мен займдар;

-бейрезиденттердің банктерге жасаған тікелей инвестициялары;

-бейрезиденттердің банктердің бағалы қағаздарын сатып алу, сондайақ банктердің халықаралық капитал нарығында бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;

-жылжымайтын мүлікке деген меншік құқықғын сатып алумен байланысты жасаған бейрезиденттердің аударымдары.

Валюталық операциялар бойынша тіркеу куəлігін беру, лицензиялау жəне хабарламаны қабылдауды ҚР Ұлттық банкінің Төлем балансы жəне валюталық бақылау департаменті жүзеге асырады.

12.2. Валюталық операциялардың жіктелуі

Экономикалық əдебиеттерде банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді (16-сурет).

1. Клиенттердің шоттарын ашу жəне жүргізу

Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:

-заңды жəне жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;

-шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;

-овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;

-операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;

298

-кез келген уақыт аралығына шот архивін рəсімдеу;

-клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу жəне сату);

-экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.

2.Сауда емес операциялар. Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар жəне қызметтер экспорты мен импорты жəне капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айрысуларға байланыссыз операциялар жатады.

ИНКАССО

 

БАНКТІК АУДАРЫМ

 

АККРЕДИТИВ

Клиенттердің

валюталық шоттарын жүргізу

Конверциондық

операциялар

Банктің

валюталық

позициясы

Своп

Спот

 

 

Халықаралық

 

 

 

 

 

Шетелдік

 

 

есеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

банктермен

 

 

айырысулар

 

 

 

 

 

корреспонденттік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қатынастар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ВАЛЮТАЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Валюталық

 

 

ОПЕРАЦИßЛАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қаражаттарды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

орналастыру және

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тартумен

 

 

Валюталық

 

 

 

 

байланысты

 

 

арбитраж

 

 

 

 

операциялар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сауда емес

 

 

 

 

 

 

Жол

 

 

операциялар

 

 

 

 

 

 

чектерін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сатып алу

 

 

 

Қолма-қол

Форвард

 

 

 

 

 

(төлеу)

 

 

 

шетел

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

валютасын

 

 

 

Ақшалай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сатып алу

 

 

аккредитивтерді

 

 

 

(сату)

 

 

 

 

төлеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пластикалық карталарды

 

Шетел валютасын

 

шығару және қызмет

 

инкассациялаулау

 

 

 

көрсету

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

26-сурет. Валюталық операциялардың жіктелуі

299

Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:

-қолма-қол шетел валютасын жəне шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу жəне сату;

-шетел валютасын жəне шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;

-шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

-ақшалай аккредитивтерді төлеу.

3.Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату

Халықаралық есеп айрысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел

банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:

1.НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) – банк-корреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот;

2.ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) – коммерциялық банкте банккорреспонденттің атына ашылған ағымдық шот.

4.Конверсиондық операциялар

Конверсиондық операциялар – сол елдің қолма-қол жəне қолма-

қолсыз ұлттық валюталарына қолма-қол жəне қолма-қолсыз шетел валюталарын сатып алу жəне сату мəмілелері.

Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мəмілелер жатады:

-СПОТ мəмілесі – бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жəне сатуға байланысты мəміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

-ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мəмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жəне сатуға байланысты мəміле жасалған күннен кейінгі 2 банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.

-СВОП мəмілесі - бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу жəне сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу жəне сатуға сəйкес, яғни екі қарама-қарсы операциядан тұратын банктік мəміле.

-Аутрайтпен жасалатын мəміле – белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;

-Опционмен жасалатын мəміле – валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипаттайды.

5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар

Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредитив, құжатталған инкассо, банктік аударым.

Құжатталған аккредитив – аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы-

300

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]