Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

-форс-можорлық жағдайларды туындайтын əр түрлі тəукелдерді бейтараптандыру ға арналған шаралардың жоспарын жасау.

Банк қызметкерлерін басқару стратегиясын жасауды ситуациялық талдау нəтижесінде анықталған банктің ұйымдастырушылық құрылымының міндеттерді шешуге сəйкес келуі сияқты көрсеткіштер ескеріледі.

13.4. Ішкі бақылау банк менеджментінің құралы

Ішкі бақылау жүйесі банктің стратегиялық даму жоспарының орыналуына жəне банктің ағымдағы жағдайына бақылау жасайтын банк менеджментінің құралы болып табылады. Ішкі бақылау банк қызметкерлерінің жіберген қателіктері мен кемшіліктері нəтижесінде туындайтын зияндарды азайту мақсатында жүзеге асады.

Банктік ішкі бақылау – банктің өзінің активтерін қорғау, басқарушылықы саясатын сақтау, бухгалтерлік жəне қаржылық есептердің шынайылығын тексеру, банк жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданатын шараларды ұйымдастыру жəне үйлестіру əдістерінің жүйесін білдіреді.

Ішкі бақылау жүйесі мынадай элементтерді қамтиды:

-əкімшілік бақылау, яғни банк қызметкерлерінің банктік активтермен мəміле жасауға жəне өзге операцияларды жүргізуге құзіретін берумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, құжаттарды жүргізуге негізделеді;

-ақша ағымын бақылау, яғни банктің өтімділік жағдайы мен банктік тəуекелдердің жағдайына жасалатын бақылау;

-қаржылық бақылау, яғни активтерді қорғау жəне қаржылық есептердің шынайылығын тексеруге жасалатын бақылау;

-қызмет нəтижелерін бақылау, яғни банк өнімдерінің өзіндік құндарының жəне олардың рентабельдігінің жоспарлы жəне нақты көрсеткіштеріне жасалатын бақылаумен байланысты құжаттарды жүргізуге негізделеді.

Базель комитетінің банк реттеуге байланысты ұсыныстарына сəйкес банктік ішкі бақылау қызметіне мыналар жатады:

-банк қызметкерлерінің құзіреттері мен міндеттерінің орындалуын

бақылау;

-бақылау қызметін өзге банкті басқару құрылымдарынан бөліп

қарау;

-бактік тəуекелдерге мониторинг жасау жəне оларды басқару

Ішкі бақылаудың негізгі міндеті – банк қызметіндегі тəуекелдерді азайтып, банктің тұрақтылығы мен сенімділігінің жоспарланған дейгейіне қол жеткізу болып табылады.

326

Ішкі бақылауды кез келген банкті ұйымдастырылатын ішкі бақылау немесе аудит қызметі жүзеге асырады.

Ішкі бақылау қызметін ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:

-банктің барлық ұйымдастырушылық құрлымдары мен бөлімшелерінің бақылау процедуралары үшін ашықтығы;

-банк қызметіндегі тəуекелдерге үнемі бақылау жасаудың жүзеге

асуы;

-орындалған барлық операциялар үшін бір ғана қызметкер жауап бермейтіндей етіп қызметкерлер арасында міндеттемелерді бөлу;

-кез келген лауазымды тұлғаны өзге тұлғалардың тексеруі;

-банк активтеріне жəне құжаттарына қолжетімділікке тұрақты бақылау жасау.

Ішкі бақылау немесе аудит қызметі өз қызметінде банктің басқару ұйымдарына есеп береді. Ішкі бақылау немесе аудит қызметінің жектекшісі банкті басқару ұйымымен тағайындалады жəне қызметтен босатылады.

Ішкі бақылау қызметінің қызметкерлеріне бақылауды жүзеге асыруға байланысты құқықтар беріледі. Атап айтсақ, олар жетекшілер мен өкілетті қызметкерлерден тексеруге қажетті құжаттарды алуға құқылы. Ондай құжаттарға мыналар жатады:

-бухгалтерлік құжаттар;

-есептік құжаттар;

-ақшалай құжаттар;

-есеп айырысу құжаттары;

-компьютерлік қамсызданумен байланысты құжаттар;

-бұйрықтар,

-өкімдер жəне басқа.

Тексеру барасында анықталған əрбір фактілерді тексерушілер тексеру нəтижелері бойынша қорытынды ретінде міндетті түрде құжаттап, оны банк жектекшілеріне тапсырады.

Банк қызметіндегі тəуекелдерді ішкі бақылау əкімшілік жəне қаржылық бақылау тарапынан жүзеге асады. Əкімшілік жəне қаржылық бақылау түрлеріне: алдын ала, ағымдық жəне кейінгі жасалатын бақылаулар жатады.

Банк қызметіндегі тəуекелдерді бақылауда мынадай тəуекелдердің пайда болуына мəн беріледі:

-несиелік тəуекел;

-пайыздық тəуекел;

-өтімділік тəуекелі;

-инвестициялық тəуекел;

-валюталық тəуекел;

-операциондық тəуекел;

327

- инновациялық тəуекел.

Жалпы банк қызметін ішкі бақылауда осындай үш түрге бөлінеді:

-алдын ала бақылау;

-ағымдық бағылау;

-кейіннен бақылау.

Алдын-ала бақылау барысында нарықтағы жағдайларға талдау, бағалау жəне болжау жасау үшін маңызды банктердің мəліметтер базасының құрамы, толықтығы мен уақытылы жаңартылуы бақыланады.

Ағымдағы бақылау барысында талдаудың жəне болжаудың нəтижелерінің сапалығы жəне олардың банк басшыларына уақтылы жəне толық жеткізілуі тексеріледі.

Кейінгі бақылау кезеңінде талдау жұмыстарының сапасына баға беріліп, ситуациялық дамудың нақтылығы мен болжамы бойынша жасалған қорытындылар мен ұсыныстар салыстырылады.

13.5 Банк қызметкерлерін басқару

Банк қызметкерлерін басқару ерекшелігі банк ісінің өзіндік ерекшелігімен жəне ең бастысы банктік қызметкерлердің банктің əр түрлі қызметтерін жүзеге асыруға қажетті кəсіби білімдері мен тəжірибиелерінің болуымен сипатталады. Банктің ұйымдастырылу құрылымына қарай банк қызметкерлерінің қызметі анықталады. Мысалы, бухгалтер-кассир, бухгалтер, шот-менеджері, несиелік эксперт, тəуелсіз бағалаушы, тəуекелменеджері , заңгер-кеңесші жəне т.б.

Орындайтын міндерттеріне қарай банк қызметкерлерін жетекшілер жəне орындаушылар немесе қызмет көрсетушілер деп екіге бөледі.

Жетекшілердің құрамына қойылатын талаптарға мыналар жатады:

-ұйымдастырушылық қабілетінің болуы;

-адамдарды басқару тəжіриебесінің болуы;

-банктің даму болашағын көре білуі;

-шешім қабылдай білу қабілеті.

Банк клиенттерге қызмет көрсететін мекеме болғандықтан банк қызметкерлерін технологиялық процеске қатысуына қарай екі топқа бөледі:

-банк клиенттеріне тікелей қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мамандар (Фронт-кеңсе қызметкерлері);

-банктің барлық құрылымдарында жəне жалпы өзінде қалыпты

жұмыстың жүруін қамтамасыз ететін мамандар (Бэк-кеңсесінің қызметкерлері).

Банктің клиенттерімен жұмыс жасайтын қызметкерлер тек қана кəсіби біліммен ғана емес, қызмет көрсету мəдениетін, банк клиенттерінің психологиясын білуі қажет.

328

Банкте қызметкерлерді басқару үшін кадр қызметі құрылады. Оның міндеттері мынадай:

-қызметкерлерді басқарумен байланысты мəселелерді шешу, соының ішінде кадрларды алу, оқуды ұйымдастыру, еңбекке қатысты даулар мен қақтығыстарды шешу, ұжымда қолайлы жағдайды жасау жəне т.б.;

-банктің стратегиялық даму жоспарына сəйкес банк қызметкерлерінің даму бағдарламасын жəне кадр саясатын жасау.

Банк қызметкерлерін басқаруға байланысты кадр қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:

-болашақтағы жəне ағымдағы қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлау;

-кадрларды таңдау жəне алу;

-кадрлар резервтерін қалыптастыру;

-қызметкерлерді бағалау;

-қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жасау;

-қызметкерлердің дамуын басқару.

Болашақтағы жəне ағымдағы қызметкерлерге деген қажеттілікті жоспарлау жалпы қызметкерлер санын жоспарлау жəне белгілі бір білім деңгейі бар білікті мамандарға деген қажеттілікті жоспарлаудан тұрады.

Қызметкерлердің жалпы санын жоспарлау банктің жұмыс орындарының санына жəне қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Белгілі бір білім деңгейі бар білікті мамандарға деген қажеттілікті жоспарлау банктің өзінде бар кадрлардың білімін бағалау негізінде банктің міндеттері мен қызметтеріне сай туындайтын қажетті мамандарды жоспарлауды сипаттайды.

Банк қызметкерлеріне қойылатын талаптарға мыналар жатады:

-банк қызметкерінің біліктілік деңгейі (білімі, мамандығы, біліктілігін арттыру нысаны);

-білім деңгейі – кəсіби жəне аралас білімдерді игеруі, яғни банк ісі, шет тілі, бағдарламалау жəне т.б. мамандықтарының иесі болуы;

-іскерілік қатынасы, адамдарды басқаруы, талдау жəне ғылымизерттеу жұмыстарында, клиенттермен жұмыс жасауға байлансты тəжірибесінің болуы,

-аталған мамандығы, аралас мамандықтар бойынша, банк жүйесінде жұмыс тəжірибесінің болуы;

-тұлғалық-психологиялық сапасы (зияткерлік дейгейі, жұмысқа қабілеттігі, жан-жақтылығы жəне т.с.с.)

Қызметкерлерді жоспарлау банктің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерінен түсетін өтініштер негізінде жүзеге асады.

Қызметкердерді таңдау жəне жұмысқа қабылдау құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен бірлесіп жүргізіледі. Кадрларды таңдау екі

329

кезеңнен тұрады: бірінше кезеңде бос орындарға тиісті кандидаттарды іздестіру; екінші кезеңде сəйкес келетін кандидатураны таңдау.

Кадрларды жұмысқа қабылдау мыналардың есебінен жүзеге асады:

-жоғарғы жəне орта оқу орындарды сəйкесінше мамандықтар бойынша бітірушілер;

-өзге банктерде немесе банктік емес ұйымдарда қызмет ететін мамандарды шақыру;

-өз қызметкерлердің ішінен өзін көрсет білген өсуге жəне басқа қызметтке лайықты мамандар;

-еңбек нарығындағы ұйымдардың немесе еңбек биржасының ұсынатын мамандары.

Кандидаттарды бос қызмет орындарына таңдау мынадай кезеңдерді қамтиды:

-кандидаттармен нотариалды түрде куəландырылған құжаттары (білімі туралы дипломы, еңбек кітапшасы жəне т.б.) бойынша, өмірбаяны бойынша сырттай танысу. Бұл жерде кандидаттық жұмысты өзгертуіне, алғашқы 5-7 жылдық еңбек стажына жəне өзгелерге аса мəн беріледі;

-жұмысқа қыбылдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін толық ақпартты беруші кандидатпен алдын-ала сұқбаттасу. Сұқбаттасу уақтында кандидаттың сұрақтаға тікелей жауап бермеу жағына, кəсіби біліктілігінің жеткіліксіздігін куəландыратын жіберілген кемшіліктеріне көңіл аударылады;

-кандидаттың жалпы интелектуалдық, кəсіби, басқарушылық жəне тұлғалық-психологиялық деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін кез келген формада тестілеу;

-ақырғы сұқбаттасу, яғни соның нəтижесінде қосымша туындайтын сұрақтар нақтыланады. Мұндай шара негізінде банк жетекшілерінің қатысумен өткізіледі.

-жұмысқа алу жəне жеке еңбек келісімшартын рəсімдеу. Бұл кезең жұмысқа қабылдаудың ақырғы кезеңі жəне бұл кезеңде жұмысқа қабылданушының жеке ісі рəсімделеді.

Банк қызметкерлерін бағалау кадрлық менеджменттің маңызды бағыттарының біріне жатады. Бағалау технологиясы мынадай бағалау түрлерін қамтиды:

-қызметкердің кəсіби біліктілігін бағалау, яғни конкурстық негізде жұмысқа қабылдау барысында жүргізіледі;

-еңбек тəртібін орындауы, яғни ай сайын, тоқсан сайын жəне жыл сайын банк қызметкерлерінің лауазымдылық нұсқаулықтарын орындауына бақылау үшін пайдаланылады;

-тұлғалық-психологиялық сапасын бағалау, бұл да жұмысқа қабылдау барысында өткізіледі.

-оқытудың тиімділігін бағалау, яғни банктің арнай курстарға жіберген қызметкерлерінің оқуын аяқтауына қарай жүзеге асады;

330

- қызметкерді кешенді аттестациялау негізінде бағалау, бұл негізінен банк жетекшілерінің шешімдері бойынша банк қызметкерлерінің жұмыс орнына сəйкестік дəрежесін анықтау жəне банк құрылымының сапасын əрі қарай жетілдіру мақсатында жүргізіледі. Қызметкерді кешенді аттестациялау төменгі буынның қызметкелер үшін жылына 1 рет, ал жетекшілер мен мамандар үшін 3-5 жылда 1 рет өткізіледі.

Еңбекті ынталандыру банктің қызметінің нəтижесіне ықпал ететін банк қызметкерлерінің еңбектерінің тиімділігі мен сапасын арттыруда маңызды рол атқарады. Еңбек үшін сыйақының негізгі формасы – жалақы болып табылады. Жалақының екі формасы негізгі жəне қосымша жалақы болып бөлінеді. Негізгі жалақы банктерді кепілденген жəне кепілденбеген болып бөлінеді. Кепілденетін айлық бұл банк қызметінің нəтижесіне тəуелсіз болып келеді. Кепілденбейтін айлық білгілі бір себептерге байланысты азаяды немесе көбеюі мүмкін. Бұл айлық банктің жетекшілеріне қолданылмайды.

Қосымша жалақы бір мезеттік жəне тұрақты болуы мүмкін. Банк қызметкерлеріне төлейтін қосымша жалақының негізгі формаларына мыналар жатады:

-тоқсан сайынғы сыйақылар, банк жетекшілеріне басқаларына төленеді;

-жетекшілерге арналған арнайы бонус;

-банктің барлық қызметкерлеріне берілетін жыл қорытындысы бойынша сыйақы;

-банкке қосымша табыс алуына себеп болған жеклеген банк қызметкерлеріне арналған бір мезеттік сыйақы.

Қосымша жалақының барлық түрлері тек қана материалдық емес, моралдық марапаттау түрінде де болады. Моралдық марапаттау ауызша немес жазбаша формада, қызметін өсіру, біліктілігін арттыру сияқты жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Қызметкерлердің еңбегін ынталандыру мақсатында оларға қосымша демелыс беру қарастырылады. Қосымша демалыс қызметкердің оқуына, іссапарға баруына жəне т.с.с. беріледі. Сонымен қатар қызметкердің еңбегінің тиімділігін марапаттауға арналған əлеуметтік бағдарламалары болады. Оларға дəргерлік қызметіне, емделуіне, жолдамаға, тамақтануға жұмсалатын шығындарға, көлік шығыстарына, бала-бақшада балаларын ұстау, оларды оқыту жəне демалу шығыстарына төлеу, банк есебінен сақтандыру жəне т.с.с. жатады.

Бақылау сұрақтары

1)Банктік менеджмент дегеніміз не жəне оның қандай бағыттары бар?

2)Стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы неде?

3)Ішкі бақылау қандай қызмет атқарады?

4)Банк қызметкерлерін басқару дегеніміз не?

5)Банк қызметкерлерін бағалау технологиясына не жатады?

331

14-тарау. Банк өтімділігін басқару жəне бағалау

14.1. Банк өтімділігі жəне оған ықпал етуші факторлар

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында жəне шығынсыз орындау қабілеттігі.

Банктің міндеттемелерін нақты жəне потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл-хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық жəне қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы жəне корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте жəне басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тəртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:

депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;

тиімділік тəуекелін азайту жəне банктің сенімділігін қамтамасыз

ету;

активтерді зиянсыз сату;

тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тəуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында жəне шығынсыз орындауы көптеген ішкі жəне сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.

332

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

банк капиталының базасы;

банк активтерінің сапасы;

депозиттердің сапасы;

сыртқы қаражат көздеріне орташа тəуелдігі;

мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сəйкестігі;

сауатты менеджмент;

банктің жоғары дəрежелі беделі.

Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін жəне олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал жəне əр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тəуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дəрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тəуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тəуекел дəрежесі, олардың əр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тəуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тəртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тəуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты əкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу жəне банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дəрежесі бойынша активтер: табыс əкелетін жəне табыс əкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын əр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дəрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік жəне несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің

333

құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор – банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік жəне жинақ салымдары, есеп айырысу жəне ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды жəне жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді жəне жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дəрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тəуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тəуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының дамуы перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сəйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сəйкес болуын білдіреді.

Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін жəне өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:

банк саясатының болуы жəне оның мазмұны;

стратегиялық жəне ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;

банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;

əр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;

білікті мамандардың болуы;

қажетті ақпарат базасының болуы;

банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.

Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.

334

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

елдегі жалпы саяси жəне экономикалық жағдай;

бағалы қағаздар нарығының дамуы;

банкаралық несие нарығының дамуы;

қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Елдегі жалпы саяси жəне экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының жəне банк жүйесінің сəтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық жəне шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың рентабельділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы жəне басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан əр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына жəне банктің беделіне байланысты.

Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дəрежесін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі жəне қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақтысында шешуге мүмкіндігі бар.

Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын жəне тұрақты факторлармен жəне əр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.

335

14.2. Банк өтімділігін басқару əдістері

Əлемдік банктік тəжірибиеде өтімділікті басқару бірқатар əдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай əдістерге мыналар жатады:

1. “Қаражаттардың ортақ қоры” əдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің əр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл əдісті төмендегідей түрде көрсетуге болады (32-сурет).

Қаражаттардың

 

Қаражаттардың

көздері

 

орналасуы

 

Талап ету депозиттері

 

Алғашқы резервтер

 

Мерзімді депозиттер

Қаражат-

Екінші ретті резервтер

Акционерлік

капитал

Займдар

 

мен резерв қорлар

тардың

Бағалы қағаздар

 

 

 

ортақ

Ғимараттар

мен

 

 

қоры

жабдықтар

 

 

32-сурет. “Қаражаттардың ортақ қоры” əдісі

 

Осы əдісте қаражат өтімділігінің адекватты деңгейінің, яғни “табыстылық-өтімділік” арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі келеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дəрежелі бағалы қағаздар жатады

2. Өтімділікті басқарудың келесі əдісіне “банктегі банктер” əдісі жатады (33-сурет).

Қаражаттардың көздері

 

Қаражаттардың

 

 

орналасуы

Талап ету салымдары

 

Алғашқы резервтер

банкі

 

 

Мерзімді салымдар банкі

Екінші ретті резервтер

Негізгі капитал банкі

 

Ссудалар

 

Бағалы қағаздар

 

 

ғимараттар мен

 

 

жабдықтар

33-сурет. “Банктегі банктер”

əдісі

336

Бұл əдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға жəне тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда əрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты əр түрлі қамтамасыз етуді жəне сəйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Осы əдіске сəйкес əр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын “табыстылық–өтімділік” орталары анықталады. Мұндай орталар “банктегі банктер” деп аталады, яғни банкте “талап ету салымдар банкі”, “мерзімді салымдар банкі” жəне “негізгі капитал банкі” болады Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан “талап ету салымдар банкісі” қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал, талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады жəне аз бөлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі. “Мерзімді салымдар банкі” мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта жəне ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

“Банктегі банктер” əдісінің “қаражаттардың ортақ қоры” əдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дəлірек анықтауға жəне олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кəсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

3. Активтерді басқарудың “ғылыми басқару” əдісі. Ол ғылыми

əдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы жəне табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі əр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару əдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мəселенің мəні неде? Оны шешудің қандай нұсқалары бар? Нұсқалардың жақсысы қандай?

Басқару бойынша мамандар өндірістік мəселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми əдістерінің бірін қолданады. Бұл əдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мəселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге əкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дəл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз жəне нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын əр айнымалы мақсатты қызметке жəне шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын əрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

337

Ғылыми əдістердің негізгі кемшілігі - олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сəйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер жəне ірі үлгілерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.

Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылатын талаптарды орындауға тиіс, демек, олардың жоғары өтімді, өтімді жəне ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына жəне типтеріне сəйкес келуі керек.

Банк өтімділігін басқаруды отандық банк тəжірибеиесінде активтер мен пассивтерді басқару комитеті жүзеге асырады.

Активтер мен пассивтерді басқару - дегеніміз банктің стратегиясы мен қаржылық менеджментінің стратегиясына жетуді қамтамасыз ететін баланс банктінің активтері мен пассивтерінің құрылымдарын қалыптастыру жəне реттеу процессін білдіреді. Банк активтер мен пассивтерін басқару базалық жəне күрделі болып келу мүмкін.

Банк активтер мен пассивтерін базалық басқару – капитал жеткіліктігіне, өтімділікке жəне активтер мен пассивтердің пайыз мөлшерлемелерінің жəне валюталардың бағамдарының өзгерісіне сезімталдығына қолжеткізуге арналған реттеуші ұйымдардың талаптарын білдіреді.

Банк активтер мен пассивтерін күрделі басқару – банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тəуекелді төмендетуге бағыталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді.

Банктер тəжірибесінде активтер мен пассивтерді басқаруды активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Комитет жүзеге асырады (34-сурет).

Активтер мен пассивтерді басқару комитеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нарықтық тəуекелдерді басқару

 

 

 

Несиелік тəуекелі комитеті

комитеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нарықтық тəуекелдерді басқару

 

 

 

Несиелік тəуекелі басқару

бөлімі

 

 

 

 

бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазынашылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34-сурет. Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитет

338

Комитет мынадай қызметтерді атқарады:

-Банк активтер мен пассивтерін басқару қызметін атқаратын əдістемелерді жəне регламенттерді даярлайды;

-Қаражаттарды тарту жəне орналастыру параметрлеріі туралы шешімдер қабылдау;

-Бекітілген стратегиялық жоспарларға банк балансы құрылымының сай келуін бақылау;

-Банктік тəуекелдерді басқаруға байланысты əдістемелерді жасау

-Банк балансының өтімділігне жəне өтімділік позициясын болжауға бақылау жасау, өтімді қаржаттарға деген қажеттілікті анықтау жəне балама қаржат көздерін таңдау;

-Қаражаттардың көздері жəне бағыттары бойынша қысқа мерзімді болжамдар жасау;

-Банктің баға саясатын жасау;

-Нарықтық пайыз мөлшерлемелерінің өзгерісінен туындайтын тəуекелге қатысты банк балансын бағалау;

-Банк жұмысының рентабельдігін талдау жəне мониторинг жүргізу;

-Қаражаттарды тартатын жəне орналастырумен айналысатын құрылымдық бөлімшелер арасындағы жұмысты үйлестіру;

-Банк капиталын басқару;

-Тəуекелдерге қатысты реттеуші ұйымдардың заңи жəне нормативтік актілерінің орындалуын бақылау.

14.3. Өтімділікті бағалау көрсеткіштері

Шетел тəжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі əдіспен есептеледі :

баланстың өтімділігін көрсететін жəне баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффициенттер негізінде;

сəйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айналымдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффициенттік əдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл əдіс əр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

1.Алғашқы резервтер (касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер;

2.(Алғашқы резервтер + Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер)/ Депозиттер

339

Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5– 10 %-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15–25 %-дан, Жапонияда 30 %-дан төмен емес болуы міндетті.

АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады.

Оның бірі - берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы.

Олардың арасында мынадай тəуелділік бар: бұл қатынастың мəні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындағы үлесі

есептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 65–70% аралығында болуы керек. Жəне активтің қолма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.

Депозиттер тұрақтылық дəрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің

(мерзімді жəне жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.

Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады, оның формуласы:

Орталық банк жəне басқа да банктерден алынған қарыздар

Тартылған қаражаттар сомасы

Көптеген елдерде, мысалы Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, коммерциялық банктің өтімділік көрсеткіштері мерзім бойынша топтастырылған баланстың активті жəне пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге жəне басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффициенті шығарылады.

Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коэффициенттерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тəжірибесі біртіндеп енгізілді.

Осы əдістің қиыншылығы – кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімдері талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал

340

екінші қиыншылығы – бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр. Сол себептен осы əдістің қолданылуы мынаны білдіреді :

-Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылығы мен уақтысында алынуы.

-Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен жəне болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.

Осы əдіс Жапония, АҚШ жəне басқа да еуропа елдерінде кеңінен пайдаланылады.

Біздің тəжірибемізде пруденциалық нормативтер қатарындағы өтімділік коэффициенті көмегімен активтер мен міндеттемелерді өзара салыстыру арқылы банк өтімділігіне баға беріледі.

Бақылау сұрақтары

1.Банк өтімділігі дегеніміз не?

2.Банк өтімділігін қандай факторлар ықпал етеді?

3.Банк өтімділігін басқару əдістеріне не жатады?

4.Қаражаттардың ортақ қоры арқылы басқаруды қалай түсінесіз?

5.Банктердің банкісін құру арқылы өтімділікті басқарудың қандай тиімділігі бар?

6.Банк өтімділігін бағалау көрсеткіштері қандай?

341

15-тарау. Банктің табыстары мен шығыстары

15.1. Банктің табыстары, олардың қалыптасу көздері

Банк пайдасын басқару - тəуекел тұсында жəне банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Банк пайдасын басқару жүйесі бір бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады:

-пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау,

-банктің пайдасын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау;

-банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тəселдерін қолдану;

-банк пайдасын ағымдағы реттеу əдістерін анықтау.

Банк пайдасын басқаруға біріншіден əртіүрле бөлімшелер: жетекші ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден қазынашылық қатысады, үшіншіден банк бухгалтериясы, төртіншіден банктің ішкі бақылау бөлімдері қатысады.

Банк пайдасын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің пайдасын бағалау жатады.

Оның тəсілдеріне мыналар жатады:

-банктің табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау;

-банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын жəне динамикасын талдау;

-қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нəтижелерін

бағалау;

-банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау

жатады.

Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

несие бизнесі;

дисконттық бизнес;

сақтау бизнесі;

банктік кепіл-хат беру қызметі;

бағалы қағаздармен жасалатын бизнес;

салымдар қабылдау жəне клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі;

басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес;

дəстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі.

Несие бизнесі екі элементтен тұрады: клиенттерге (жеке жəне заңды тұлғаларға) ссудалар беру жəне бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Несиелік бизнестің екінші бөлігі кейде банкаралық несие, кейде басқа банктегі

342

депозит формасында болуы мүмкін. Несиелік бизнестен пайыз формасында табыс түседі.

Дисконттық бизнес, төленбеген вексельдерді, чектерді жəне талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен – дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Факторинг операциясы айналымды жəне айналымсыз болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, банк төлеушінің төлемеген міндеттемесін қаражатты алушыдан (жабдықтаушыдан) талап етуге құқылы. Ал екінші жағдайда, банктің ондай құқығы жоқ, бірақ ол ондай операциядан түсетін жоғары сыйақы үшін тəуекелге барады. Факторингтік операциядан түсетін сыйақының жоғары болуы, өнімді сатудан түсетін жабдықтаушының табысын азайтады. Мұндағы табыс екі элементтен тұрады: 1) сатып алғаннан төлемнің түсуі арасындағы аралықта банктің несиелік ресурсын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз жəне 2) факторинг операциясының түріне байланысты тəуекелге сəйкес шамасы ауытқып отыратын комиссиондық сыйақы. Факторинг операциясындағы комиссия пайызбен белгіленетіндіктен, факторингтік операциядан түсетін табысты банктің пайыздық табысына жатқызады.

Сақтау бизнесі банктің трасталық (сенім) жəне агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін (жылжымайтын мүлік, бағалы қағаз, шоттағы қаражатын) басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түрінде банкке табыс əкеледі. Мысалға, траст келісім-шарты негізінде банк клиентке шоттағы қаражатын табыс əкелетін активтерге орналастыратындығына міндеттеме алады. Агенттік қызметте клиентпен нақты қай операцияға қаражат жұмсау қажеттігін келісіп алады. Трасталық операцияларда тəуекел жоғары, себебі мұнда банктің табысы клиенттің табысынан жоғары болуын қалайды. Соған сəйкес, трасталық операциялардан түсетін комиссия мөлшері де агенттік қызмет көрсетуден түсетін табысқа қарағанда біршама жоғары болып келеді. Мұндай ерекшелік, өз кезегінде трасталық қызметтен алынатын комиссиялық сыйақының құрылымын анықтайды. Ол мүлікті басқарғаны үшін төленетін комиссиондық сыйақы мен жұмыстың нəтижесі бойынша төленетін сыйақыдан тұрады.

Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементтерді қамтиды:

1)банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару;

2)оларды нарықта сату;

3)кəсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа эмитенттердің бағалы қағаздарымен қайталама нарықтағы операциялары.

Мұндай бинестен түсетін табыстар төмендегідей көзден құралады:

1)өзінің жəне басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан;

343

2) жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі (жекшелендірілетін кəсіпорынның есебін талап етілетін стандартқа жеткізіу, оның құнын бағалау, акцияларын шығару жəне орналастыру, реестр жүргізу) үшін комиссия.

Банктің кепіл беру қызметі клиенттерге есеп айрысу үшін жəне несие алу үшін банктің əр түрлі формалардағы берген кепіл-хаты мен кепілдемесінен түсетін ақшалай сыйақы түріндегі табыс əкелетін банктің қызметін сипаттайды. Егер клиент банкі үшін оның атын шығаратын клиенттердің қатарында болса, банк оған ақысыз кепіл-хатын беруі мүмкін.

Салымдар қабылдау жəне клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді:

комиссиондық сыйақылар: а) шот ашқаны үшін; б) шотты жүргізгені үшін;

белгілі бір мерзім ішінде белгіленген комиссия (ақша белгісінде);

айналымнан алынатын комиссия (айналымнан % түрінде алу):

в) шот бойынша операциялар туралы көшірме бергені үшін; г) шотты жабу үшін;

д) қолма-қол ақша беруге немесе есеп айырысуға байланысты операцияларды жүргізгені үшін.

Банктің корреспонденттік қатынас бойынша басқа банктердегі корреспонденттік шоттарындағы кредиттік қалдық үшін алатын пайызы;

Дəстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік, ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып-үйреткені үшін жəне т.б алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем жəне комиссия жатады.

Банктің барлық табысын үш топқа бөлуге болады:

1.пайыздық табыстар;

2.банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар;

3.басқа да табыстар ( бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пенялар жəне т.с.с.)

Пайыздық табыс пен комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік жəне факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді.

Несиелік пайыз – пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.

Несиелік пайызды мынадай белгілерге байланысты жіктеуге болады:

344

несие формасына қарай: коммерциялық, банктік, тұтыну несиелерінің пайызы жəне т.с.с.;

несиелік мекеменің түріне байланысты: Орталық банктің есепке алу пайызы, банктік, ломбардтық;

несие мерзіміне қарай: қысқа мерзімді ссудалар бойынша пайыз, ұзақ мерзімді ссудалар бойынша пайыз;

несие түріне байланысты: овердрафт бойынша айналым құралдарына берілген ссудалар, вексельдерді есепке алу, мақсатты ссудалар бойынша пайызы;

операциялар түрлеріне қарай: ссудалар бойынша пайыз, банкаралық несиелер бойынша пайыз, депозиттік пайыз;

есептеу тəсіліне қарай: жай жəне күрделі, қарапайым жəне тура жəне т.б.

Комиссия – банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда “comissio” сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге бөлінеді:

тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық жəне пайызсыз табыстар жатады;

тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан жəне көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

15.2. Банк шығыстарының жіктелуі

Коммерциялық банктердің шығыстарын формасына жəне есепке алу тəсіліне қарай жіктеуге болады.

Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

пайыздық шығыстар;

пайызсыз шығыстар;

басқа да шығыстар.

Пайыздық шығыстар клиенттердің талап ету жəне мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады.

Пайызсыз шығыстарға жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады.

Басқа да шығыстар, банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервтерді құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып-сатарлық операцияларды жүзеге асыруға,

345

банктің мүлкін сатуға жəне т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды.

Есепке алу тəсіліне қарай банктік шығыстарды мынадай түрлерге бөледі:

банктің операциондық жəне түрлі шығыстары: банктің төлейтін салықтарының бір бөлігі, (мүлік, жол, көлік құралдары, жер, ҚҚС, яғни бұл салықтар банктің операцияларының өзіндік құнына жатады) тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың жəне материалдық емес активтердің тозуы, жалгерлік шығыстары, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта жəне телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар жəне капиталдық емес сипатттағы басқа да шығындар;

басқару аппаратын ұстау шығыстары: жалақы, сыйлықақы,

ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды жəне жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығыстар, іс-сапар жəне кеңсе заттары үшін шығыстар, яғни олар пайызсыз шығыстарды білдіреді;

банктің төлейтін айып пұлдар, пенялары жəне т.б. шығыстары.

Бақылау сұрақтары:

1.Банк табыстары қандай көздерден құралады?

2.Пайыздық табыстарға не жатады?

3.Пайызсыз табыстарға не жатады?

4.Банк шығыстарын не құрайды?

5.Пайыздық шығыстарға нелер жатады?

346

16-тақырып. Банктік тəуекелдерді басқару

16.1 Банктік тəуекелдер, олардың жіктелемі

Тəуекел гректің ridskon, ridsa, италиянның «risiko» жəне француздың тілінде «risque» қазақша «қауіп», «қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нəрселердің бірін білдіреді.

Тəуекел – кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Тəуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тəуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кəсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тəуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мəн беруге тиіс.

Банк ісінде тəуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нəтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресурстарының бір бөлігін жоғалту қауіпін білдіреді.

Банк үшін тəуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тəуекелділігінен шығынға ұшырауын жəне тəуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын көрсетеді.

Банк менеджерлері пайда табуды тəуекелмен байланысты əрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тəуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктік пайда алуы мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тəуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.

Банктің өз қызметі процесінде тəуекел түрлерінің əр түрлі жиынтығымен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни, экономикалық орта, коньюктурамен байланысты «сыртқы») жəне эндогенді факторлар (банктің өзіндік қате қызметінен пайда болатын «ішкі») бойынша ажыратылады.

Сонымен, банктік тəуекелді жіктеу қағидалары мыналар:

1.Банктік тəуекелдің əсер ету жəне қызмет ету аясы.

2.Банк клиенттерінің құрамы.

3.Банктік операциялар сипаттамасы.

4.Коммерциялық банктердің түрі.

Əсер ету мен қызмет ету аясына байланысты банктік тəуекелдер сыртқы жəне ішкі деп бөлінеді.

347

Сыртқы тəуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тəуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық жəне басқадай факторлардан пайда болады.

Саяси – бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару жəне саяси режимнің өзгеруі), үкіметтің экономикалық жəне бақа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.), этникалық жəне аймақтық мəселелер, əлуметтік топ мүшелерінің поляризациясы жəне т.б.;

Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық жəне басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты жəне импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу);

Экономикалық:

жалпы экономикалық тəуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;

қаржылық тəуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тəуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;

Банктің өзінің қызметіне байланысты тəуекелдер ішкі тəуекелдер деп аталады. Ішкі тəуекелдер келесідей бөлінеді:

-банк активтермен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық жəне инвестициялы тəуекел жəне т.б.);

-банк пассивімен байланысты (салым жəне депозит бойынша, банкаралық несиелерді тату тəуекелдері жəне диверсификация тəуекелі);

-банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тəуекел, өтімділік тəуекелі, төлем қабілетсідігі, капитал құрылымы тəуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тəуекелі);

-қаржылық қызмет жүзеге асыру тəуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тəуекелдік, жаңа еңгізулер тəуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, əкімшілік тəуекелдігі, қауіпсіздік тəуекелі).

Банк операциялар есебінің сипаттамасы тəуекелдерді мынадай түрлерге жіктеуді ұсынады: баланстық жəне баланстан тыс операциялар бойынша, активтік жəне пассивтік операциялар бойынша тəуекелдер.

Бірақ айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тəуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.

Банктік баланс тəуекеліне келесілер жатады:

348

- несиелік тəуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тəуекелі );

- пайыздық тəуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тəуекелі);

-өтімділік тəуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тəуекелі, өтімділік нормативтетін бұзу тəуекелі);

-капитал құрылымының тəуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тəуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тəуекелі).

Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тəуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер жəне т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.

Баланстан тыс тəуекелдер банктің келесідей жағдайларда қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:

-берілген кепілдер бойынша;

-шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісімшарт бойынша;

-несиелік міндеттемелер бойынша;

-валюталық мəмілеге отыру бойынша.

Сонымен қатар, банктік тəуекелдер деңгейі лизингтік жəне факторингтік операцияларды, бартерлік жəне клирингтік мəмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.

16.2 Несиелік тəуекел жəне оны басқару

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дəрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тəуекелді басқару шараларымен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тəуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Коммерциялық банктегі несиелік тəуекелді басқару жүйесі екі субжүйеден тұрады:

-басқаратын субъекті

-басқарылатын объект

Басқару субъекті – бұл арнайы еңбек, ақпарат, материалдық жəне қаржылық ресурстарды пайдалана отырып, несиелік тəуекелді басқару процессін жүзеге асыратын банктің құрылымдық бөлімшесі.

349

Отандық банктер тəжірибесінде несиелік тəуекелді басқару субъектілеріне мыналарды жатқызуға болады:

-Директорлар Кеңесі;

-Басқарма;

-Несиелік комитет;

-Активтерді жəне пассивтерді басқару жөніндегі комитет;

-Тəуекел басқармасы;

-Шағын жəне ортта бизнесті несиелеу департаменті;

-Ипотекалық несиелеу департаменті;

-Ірі жобалар бойынша несиелеу тəуекел басқармасы;

-Несиелік тəуекел басқармасы;

-Проблемалық несиелер басқармасы;

-Несиелік бөлімдер;

-Несиелік менеджер

-Несиелік-тəуекел менеджері.

Басқарылатын объектіге банктің берген несиелері жəне олармен байланысты несиелік тəуекел жатады.

Несиелік тəуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

несиелік қызметті ұйымдастыру;

лимиттер белгілеу;

несиелік ұсынысты бағалау жəне қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

несиелік тəуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою жəне белгіленген лимиттермен салыстыру;

несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;

несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау;

несиелік мониторинг;

несиелік портфелді басқару;

проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Мұндағы, несие шегі (лимиті) – 1) несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2) қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегі.

Несие шегі ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тəуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді. Ол норматив бойынша тəуекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы есептеледі жəне оның мəні екі жағдайда белгіленеді: 1) 0,01 нан аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым-қытынастылар

350

үшін; 2) 0,25-тен аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін (соның ішінде бланктік несиелер үшін – 0,01).

Несиелік тəуекел менеджменті

Жалпы несиелік тəуекелді басқаруды отандық банктерімізде несиелік тəуекел менеджменті жүзеге асырады.

Несиелік тəуекел басқару құрылымы төмендегідей сызбамен берілген

(35-сурет).

Несиелік тəуекелді басқару құрылымы

Несиелік тəуекелге

 

Тəуекел

қатысушыларды

 

қоржынын

басқару

 

басқару

 

 

 

Қарыз

 

 

 

Несие

 

Өзара байланысты

 

алушының

 

 

қоржыны

тəуекелін

 

 

 

тəуекелін

 

 

 

басқару

 

 

 

басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Корпоративтік

 

 

Өзара байланысты

 

Эмитенттің

 

 

бағалы қағаздар

тəуекелін басқару

 

 

 

қоржынының

 

 

 

 

 

 

 

тəуекелін басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банкаралық

 

 

Өзара

 

Контрагент банктің

 

 

операциялар

 

байланысты

 

тəуекелін басқару

 

 

қоржынының

 

 

 

 

 

 

 

тəуекелін басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«ТұранƏлем банкі» АҚ-ның несиелік тəуекелді басқару құрылымы Мысалға «ТұранƏлем банкі» АҚ-ның несиелік тəуекел менеджменті

басқармасының құрылымын 36-суретте көруге болады.

351

Басқарманың атқарушы директоры

Бас банктің

 

Филиалдар

несиелік

 

торобының

тəуекел

 

несиелік

басқармасы

 

тəуекел

 

 

басқармасы

 

 

 

Корпоратив

 

Несиелік

 

 

Шағын жəне

 

Жекелеген

тік бизнес

 

қоржын

 

 

орта бизнес

 

бизнес

тəуекелінің

 

мониторинг

 

 

тəуекелінің

 

тəуекелінің

бөлімі

 

бөлімі

 

 

бөлімі

 

бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банктердің жəне

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қаржы институтта

 

 

 

 

 

 

рының тəуекелінің

 

 

 

 

 

 

бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

36-сурет. «ТұранƏлем банкі» АҚ-ның несиелік тəуекел менеджменті басқармасының құрылымы

Ал ішкі шегі несие беруші банктің өзі өзінің қолында бар несиелік ресурс көлеміне жəне қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай белгілейді.

Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі жəне басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері əр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты

352

мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сəйкес келмеуі мүмкін. Екіншіден, несиенің шегі экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:

қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына жəне олардың өтімділік дəрежесіне;

маржа деңгейіне;

несиелік тəуекел дəрежесіне жəне банктің клиентке деген сенім дəрежесіне;

банкте бар ресурс көлеміне жəне т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тəуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар жəне тексерулер процесін білдіреді.

Несие қоржыны – несиелік тəуекелдің немесе одан қорғану тəсілдерінің əр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.

Несие қоржыны банктің берген несиелерінің негізінде қалыптасады. Несие қоржынын жиі талдап отыру қажет, себебі, талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды əртараптандыруға болады. Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады: қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау, мұндай бағалаудың əдістерін анықтау (номерлік немесе баллды жүйеде бағалау, тəуекел тобына қарай жіктеу, əрбір топ бойынша тəуекел пайызын анықтау, жалпы несие қоржыны бойынша əрбір топтың көлемінде тəуекелдің абсолюттік шамасын есептеу, қарыздар бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау, қаржы коэффиценттері жүйесінің, сондай-ақ оны құрылымдық талдау негізінде несие қоржынының сапасын бағалау). Қарыздың сапасын бағалау критерийлеріне əлемдік тəжірибеде мыналар жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың мөлшері, қарызды қайтару кестесі, іскерлік тəуекелді бағалаудың толықтығы, несиелік операциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік нысаны, қарыз алушының несиелік қабілеттігі, ол туралы толық ақпараттың болуы, қарыздың бағасы, қарызды қамтамасыз ету тəсілі.

Несиелік қоржынды басқару бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тəуекел түрлерінің барлығын айқындауды жəне олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:

нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

353

несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тəуекел деңгейін көрсететін несиелік тəуекелді талдау формасын жасау;

əр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

төменгі тəуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;

жоғарғы тəуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

15.3 Пайыз тəуекелін басқару

Пайыз тəуекелін басқару банктің активтері мен пассивтерін басқарудың негізгі саласының біріне жатады. Банктің қаражаттарын тарту жəне орналастыру пайыз мөлшерлемесімен тікелей байланысты екенін ескеретін болсақ, банктің таза пайдасына пайыздық тəуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау қиынға соғады.

Пайыз тəуекелі - бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемелерінің болжамсыз өзгерісінен банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді.

Пайыздық тəуекелді басқару жүйесінің элементтеріне мыналар жатады:

-пайыздық тəуекелді айқындау (идентифакциялау), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгерутуге жəне сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау;

-пайыздық тəуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тəуекелді бағалау əдістерін пайдалану;

-пайыздық тəуекелдің алдын алу, яғни аквивтер мен пассиверді басқаруға бағытталған заладың алдын алуға арналған ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың жиынтығы;

-бақылау, яғни пайыздық тəуекелді басқару процессіне жиі бақылау

жасау.

Пайыз тəуекелі мынадай себептерге байланысты пайда болады:

-пайыз мөлшерлемесінің түрлерін (тіркемелі, өзгермелі жəне т.б.) дұрыс таңдамау;

-Орталық банктің пайыз саясатындағы өзгерістер;

-банкте жасалған пайыз саясатының болмауы;

-депозиттер мен несиелерге баға белгілеудегі жіберілген қателіктер;

-өзге де себептер.

354

Пайыз тəуекелін бақарудың басты мақсаты пайыз маржасының деңгейіне бақылау жасау болып табылады. Себебі, пайыз маржасы банк пайдасының негізгі көзі болып табылады.

Пайыз тəуекелін басқарудың бір əдісіне пайыз маржасын басқару жатады. Пайыз маржасын басқаруда банк:

-нақты пайыз маржасын базалық пайызбен салыстыру қажет, себебі ол пайыздық табыстың төмендеу немесе өсу ағымын уақтылы айқындауға мүмкіндік береді;

-пайыз маржасын банктік стандартқа сəйкес келуін бақылауға тиіс;

-пайыз маржасының құрамының өзгерісін талдауы қажет, сол арқылы жалпы өзгерістерге деген банк табыстары мен шығыстарының жекелеген баптарының ықпал етуін анықтайды;

-пайыз маржасының өзгерісінің шектерін анықтауы қажет, сол арқылы басқару шешімдерін қабылдауға болады.

Банктік тəжірибеде пайыз тəуекелінің мынадай екі түрі болады:

-базалық пайыз тəуекелі;

-уақыт алшақтығының тəуекелі.

Базалық пайыз тəуекелі – банктің қаражатты бір пайыз мөлшерлемесімен тарта отырып, оны басқа пайыз мөлшерлемесімен орналастыру нəтижесінде туындайтын тəуекел.

Базалық пайыз тəуекелінің банктің таза пайдасына ықпал етуіне мыал келтірейік. Айталық банк 100 млн теңгені үш айға ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне 5% қосып қарызға берсін. Ол уақыттағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 13%-ды құраған делік. Банк қарызға берген 100 млн теңгені үш ай мерзімге 15%-бен депозитке тартқан. Нарықта пайыз мөлшерлемесінеде ешқандай өзгеріс болмаған жағдайдағы банктің пайыздық маржасын есептейік.

Пайыздық маржа = пайыздық табыстар – пайыздық шығыстар

Пайыздық маржа = (100 млн теңге х 0,18 х 90 : 365) – (100 млн теңге х

0,15 х 90 : 365) = 4438,4 мың теңге - 3698,6 мың теңге = 739,8 мың теңге.

Бірақ екінші күні қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 10%-ға дейін төмендесін делік. Мұндай жағдайда банктің жоспарлаған пайыздық маржасы нөлге дейін төмендейді. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі енді өзгермейді деп ойлап, пайыздық маржаны есептейік. Пайыздық маржа =

(100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) – (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) = 3698,6

мың теңге - 3698,6 мың теңге = 0 мың теңге.

Банк қосымша табыс алар еді, егер орналастырған қаражаты бойынша пайыз мөлшерлеремесі бастапқы деңгейінен жоғары өссе. Басқа айтқанда банктің таза табысы нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің ауытқуы салдарынан өзгеріске ұшырайды. Базалық тəуекел тұсында мұндай ауытқулар пайыз мөлшерлемесін анықтау шартына тəуелді болып келеді. Базалық тəуекелдің пайда болуы банктің тартытын қаражаттардың нақты

355

құнын ескермеуінен, əсіресе Орталық банктегі міндетті резерв нормасының қорын құру шығындарына көңіл бөлмеуіне байланысты.

Жоғарыдағы мысалда бұл шығындар ескерілмеген. Айталық міндетті резерв нормасының қорына аударымдар мөлшерлемесі 10% болғандағы банктің тартқан ресурстарының нақты құнынын есптейік.

Ресурстарының нақты құны = 0,15: (100-10)-100 =16,6%.

Сонымен пайыз мөлшерлемесінің өзгерісінен кейінге банктің пайыздық маржасы = (100 млн теңге х 0,15 х 90 : 365) – (100 млн теңге х

0,166 х 90 : 365) = 3698,6 мың теңге - 4093,2 мың теңге = - 394,6 мың теңге.

Ресустардың нақты құнын ескерсек, онда банк ресурстарды орналастырудан 394,6 мың теңге мөлшерінде зиян шегеді.

Базалық тəуекел, сондай-ақ валюта бағамының өзгісіне де байланысты туындайды. Айталық банк ұлттық валютада 120 млн теңгені 10%-бен депозитке тартқан делік. Сол уақытта VIP клиенттердің бірінен 1 млн доллармен қарыз сұраған өтініші түскен. Конвертациялау уақытында доллар мен теңгенің арасындағы бағам 1 доллар = 120 теңген құраған. Клиент банктен 1 млн долларды 6 % -бен үш ай мерзімге қарызға алады. Ұлттық ақша бірлігі мен АҚШ долларының арасындағы бағамдағы мүмкін болар өзгерісті ескермей-ақ, жоспар бойынша банктің пайыздық маржасын есептейік.

Пайыздық маржа = (1 млн доллар х 0,06 х 90 : 365) х 120 теңге – (120

млн теңге х 0,1 х 90 : 365) = 1775,3 мың теңге - 2958,9 мың теңге = - 1183,6

мың теңге.

Бірақ та қарызды қайтару мерзімінің соңына қарай теңге мен АҚШ долларының арасындағы бағам өзгерді делік, айталық 1 доллар = 125 теңге. Онда пайыздық маржасы = (1 млн доллар х 0,06 х 90 : 365) х 125

теңге – (120 млн теңге х 0,1 х 90 : 365) = 1849,3 мың теңге - 2958,9 мың теңге = - 1109,6 мың теңге.

Банктің бұл жерде зиян шегіп отырғандығын көруге болады, бірақ зиянның мөлшері өте көп емес.

Пайыздық тəуекелдің екінші бір түрі – уақыт алшақтығының тəуекелі. Уақыт алшақтығының тəуекелі негізінен банк қаражатты бір базалық мөлшерлемеде тартып жəне оны сол мөлшерлемеде, бірақ уақыт алшақтығымен орналастырған жағдайда туындайды.

Мысалы, банк 100 млн теңгені қайта қаржыландыру мөлшерлемесіне 5% қосып алты айға қарызға берсін. Банк ол қарызға берген 100 млн теңгені үш ай мерзімге қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен 3 % артық мөлшерлемеде депозитке тартқан. Бұл жерде банк үш ай өткеннен кейін қосымша қаражатты басқа пайыздық мөлшерлемеде тартуға тура келеді, бірақ оның мөлшерлемесі бүгін күнге белгісіз. Егер үш ай өткен соң банкаралық нарықтағы пайыз мөлшерлемесі өсетін болса, ал

356

орналастырған қаржат бойынша пайыз мөлшерлемесі өзгеріссіз қалса, онда банктің таза пайдасының төмендеуіне байланысты мəселе туындайды.

Банктік тəжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тəуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалауда мынадай тəсілдер қолданылады:

-пайыздық маржа деңгейін жəне динамикасын бағалау;

-Spread коэфиициентінің деңгейін жəне динамикасын бағалау;

-GAP талдауы;

-Дюрация;

-Имитациялық моделдеу.

Пайыздық маржаның деңгейін бағалау тəжірибесі туралы жоғарыда мысалдар келтірілген.

Spread – бұл банктің активтері мен пассивтері пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырма.

 

iа

Spread = iа - іп

 

 

мұндағы,

табыс əкелетін

активтер

бойынша

пайыз

мөлшерлемесінің орташа деңгейі;

 

 

 

іп

- банктің

міндеттемелері

бойынша

төленетін

пайыз

мөлшерлемесінің орташа деңгейі.

 

 

 

Пайыз тəуекелін азайту үшін банк активтер мен пассивтер бойынша пайыз саясатын өзара байланысту қажет. Ондай келісілген саясат спрэд коэффиицентін К Spread (таза спрэд) анықтауға мүмкіндік береді:

Займдар үшін

Депозиттер үшін

 

алынған пайыздар

төленген пайыздар

 

К Spread = −−−−−−−−−−−−−− −

−−−−−−−−−−−−−−

х 100%

Берілген займдардың

Мерзімді жəне талап

 

орташа мөлшері

етілетін депозиттерінің

 

 

орташа мөлшері

 

Бұл көрсеткіш орналастырылған жəне тартылған ресурстар бойынша пайыздық мөлшерлемелер арасындағы айырманы бағалауға мүмкіндік береді. Теріс айырма банктің тиімсіз пайыздық саясат жүргізуін көрсетеді. Спрэд коэффициентінің нормативтік мəні 1,25% тең болуға тиіс. Бірақ бұл нормативтің мəні инфляцияның деңгейін ескермейді.

Сонымен қатар спрэд арқылы бас банктен қарыз алған филиалдар мен бөлімшелерідің қызметінің пайдалылығын бағалауға болады.

Пайыздық тəуекелді бағалаудың келесі тəсіліне GAP талдауы жатады. GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:

GAP = RSA – RSL

мұндағы, GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма.

RSA - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері. RSL - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.

357

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтеріне мыналар жатады:

-қысқа мерзімді бағалы қағаздар;

-банкаралық несиелер;

-өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен берілген қарыздар;

-пайыз мөлшерлересін қайта қарастыру көделген келісімшартқа сай берілген қарыздар.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтерге мыналар жатады:

-өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен тартылған депозиттер;

-өзгермелі пайыз мөлшерлермесі белгіленген бағалы қағаздар;

-банкаралық несиелер;

-пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай тартылған депозиттер.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң жəне теріс GAP пайда болады.

Демек оң GAP тұсында пайыздық тəуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады. Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін ұлғайтуға жəне сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс. Бұл шаралар активтер мен пассивтер арасындағы дисбалансты қалыпқа келтіріп, таза пайданың төмендеуін туындайтын шығынды азайтады.

Теріс GAP тұсында пайыздық тəуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарлаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс. Сонымен қатар мынадай шараларды қолдану қажет:

-тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін қысқарту жəне сонымен бірге өзгермелі пайыз мөлшерлемедегі қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді азайту;

-активтер мен пассивтердің орташа қайтарылу мерзімдерін теңестіру;

-ешқандай да шара қолданбау.

GAP-тік басқару стратегиясын мынадай формуламен беруге болады:

N = GAP * і,

Мұндағы, N - % түріндегі таза табыстың күтілетін өзгерісі;

GAP - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтерінің арасындағы айырма;

і - Пайыз мөлшерлемесінің күтілетін өзгерісі.

Банктің пайыздық тəуекелге тəуелділігін мынадай GAP-тік көрсеткіштерді пайдалану арқылы бағалауға болады:

1) RSA / RSL

Егер осы көрсеткіш мəні RSA / RSL > 1 болса, онда GAP оң болады;

358

Егер осы көрсеткіш мəні RSA / RSL < 1 болса, онда GAP теріс болады; Егер осы көрсеткіш мəні RSA / RSL = 1 болса, онда GAP нолге тең

болады; График түрінде оларды төмендегідей 36-суретте көрсетуге болады.

Таза пайыздық маржа

Нөлдік GAP

RSA / RSL = 1

Пайыздық мөлшерлеме

Таза пайыздық маржа

Теріс GAP

RSA / RSL < 1

Пайыздық мөлшерлеме

Таза пайыздық маржа

Оң GAP

RSA / RSL > 1

Пайыздық мөлшерлеме

36-сурет. GAP-тік көрсеткіштер

2) GAP/Активтер

GAP/Активтер < 10% - қалыпты ұстаным;

GAP/Активтер > 10-12% - қысқа мерзімді ұстаным немес тактикалық ұстаным.

GAP/Активтер > 12-15% - ұзақ мерзімді ұстаным немес стратегиялық ұстаным.

GAP/Активтер > 15% - алыпсатарлық ұстаным.

Қаншалықты, GAP талдауы пайыздық маржаға ықпал ететін пайыз мөлшерлемесін сандық жағынан өлшеуге мүмкіндік беретіндіктен, банктің пайыздық табысына ықпал ететін мынадай факторларды бөліп қарауға болады:

359

-пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

-тартылған жəне орналастырылған қаражаттардың арасындағы пайыздық мөлшерлемелерінің немесе спрэдтің өзгеруі;

-банк балансының активі мен пассиві бойынша операциялар көлемі;

-банк балансының активі мен пассивінің құрылымы.

GAP-тік талдаудың басты артықшылығы оның көмегімен банктегі пайыздық тəуекелді жылдам жəне оңай бағалауға болады.

Ал оның кемшілігіне мыналар жатады:

-тек қана нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтері тұрғысынан пайыз мөлшерлемесінің пайыздық маржаға жəне банк пайдасына ықпал етуін бағалауға мүмкіндік беруі;

-оның көмегімен банк капиталының шығынын бағалау мүмкін еместігі.

Банк капиталының пайыздық тəуекелге тəуелділігін тек қана дюрация тəсілмен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз жəне пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Имитациялық моделдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дəрежесін бағалауға болады.

Өкінішке орай, пайыздық тəуекелді бағалаудың екі тəсілі де отандық банктік тəжірибемізде қолданылмай отырғаны, бірақ алдағы уақыттарда қолданылуы маңызды тəсілдердің біріне жатады.

Пайыздық тəуекелді бағалауда аквтитер мен пассивтер мерзімдеріндегі алшақтыққа шек қою қолданылады. Шек қою активтер мен пассивтердің жекелеген топтары бойынша жүзеге асады. Мысалы пайыз мөлшерлемесі төмендеуі күтілген жағдайда, банк қысқа мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады, себебі пассивтердің бағасының төмендеуінен банк пайда көреді. Ал пайыз мөлшерлемесінің өсуі күтілген жағдайда, банк ұзақ мерзімдік пассивтер есебінен активтік портфелін қалыптастырады.

Активтер мен пассивтердің арасындағы мерзіміне байланысты алшақтықты жеңілдету бағытында мынадай трансформациялау коэффициенті (Кт) қолданылады:

Активтердің орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері Кт = ________________________________________________________

Пассивтердің орташа өлшемдік (сомалары бойынша) мерзімдері

360

Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы мəні 1,75, ал ықшамды мəні – 1,25 болуға тиіс. Активтердің мерзімі пассивтердің мерзімінен барлық операциялар бойынша 1,5 аспауы тиіс. Егер бұл нормативттік мəн орындалмаса, онда банк өз қызметінде тек қана пайыздық тəуекелге ұшырап қоймай, сондай-ақ өтімділік тəуекеліне ұшарауы мүмкін. Яғни өтімділіктің бұзылуы, өз кезегінде банкті қымбат ресурстарды тартуына мəжбүр етеді жəне ол ең ақырында банктің шығынға батуына себеп болады.

16.4 Валюталық тəуекелді басқару

Тар мағынасында валюталық тəуекел бұл валюта бағамның өзгеруі нəтижесінде зиян шегу қауіпін білдіреді. Кең мағынасында, валюталық тəуекел бұл банктің несиелік, валюталық жəне өзге банктік операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын.

Валюталық тəуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нəтижесінде туындайды.

Банктік тəжірибеде валюталық тəуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

-айырбас бағамының өзгеру тəуекелі;

-конверсионды операциялар тəуекелі;

-трансляциялық тəуекелдер;

-форфейтинг тəуекелі.

Айрыбас бағамының өзгеруі тəуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей жəне жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының құны ұлттық валютамен бейнеленеді.

Тікелей бағам = Ұлтттық валюта / Шетел валютасы

Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел құны валютамен бейнеленеді.

Жанама бағам = Шетел валютасы / Ұлтттық валюта

Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары = 117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге = 0,008 АҚШ доллары

Жанама бағамды кейде мынадай формуламен беруге болады:

Жанама бағам = 1 / Тікелей бағам

361

Кросс-бағам – бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.

Кросс-бағамының (Кб) есебін төмендегідей формуламен беруге болады. Мысалға, теңгенің кросс-бағамын есептеу.

Шетел валютасының долларға қатысты бағамы Кб (теңге) =

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы

Валюталық мəмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот жəне форвард деп бөледі.

Спот бағам мəміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сəйкес мəміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.

Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.

Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мəміле жасауда қолданылады (37-сурет).

Форвардтық

 

 

Валютамен

контракт жасау

 

 

жабдықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

Сатушы

 

Сатып

 

Сатушы

 

 

Сатып

 

 

алушы

 

 

 

 

алушы

 

 

 

 

 

 

 

 

Теңгемен

жабдықтау

а) Мəміле жасау мерзімі

ə) Валюталау күні

37-сурет. Валюталық форвардтық контрактімен операция жасау сызбасы

Валюталық тəуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тəуелді. Сондықтан мерзімді мəмілелер жасауда валюталы тəуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер жəне опцион контрактілері (олар туралы валюталық операцияарға арналған тақырыптан оқи аласыздар) қолданылады.

Конверсиондық тəуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тəуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тəуекелі жəне аударым тəуекелі жатады.

362

Ашық валюталық позиция лимиті тəуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сəйкес келмеуі барысында туындайды.

Аударым тəуекелі – валюта бағамының құлдырауына шетел жəне валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын қайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнының өзгеру қауіпі.

Трансляциондық немесе бухгалтерлік тəуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тəуекел. Бұл тəуекел қайта санау валютасына жəне оның тұрақтылығына тікелей тəуекелді. Қайта санау екі əдіспен жүзеге асады: ағымдық жəне тарихи. Ағымдық əдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи əдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.

Форфейтинг тəуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тəуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тəуекел.

Валюталық тəуекелді төмендетудің мынадай негізі əдістері болады:

-валюталық тəуекелдерді сақтандыру;

-хеджирлеу;

-диверсификациялау.

Валюталық тəуекелдерді сақтандыру валюталық тəуекелдерді басқарудың негізгі əдістерінің біріне жатады.

Халықаралық банктік тəжірибеде валюталық тəуекелдерді сақтандырудың төмендегідей үш тəсілі қолданылады:

1)контрагенттерінің бірінің біржақты ісəрекеті;

2)банктік жəне үкіметтік кепіл-хаттар;

3)мəмілеге қатысушылардың өзара келісімдері.

Валюталық тəуекел сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сəйкес валюталық мəміле келісімшарты немесе контрактінің орындалуы барысын қайта қарау мүмкіндіктері өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушіні сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қарау туралы келісімі несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.

Хеджирлеу валюталық тəуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу жəне мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді.

Хеджирлеу тəсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді, алашақ жəне берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады.

363

Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдауды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюта позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.

Ашық валюталық позиция лимиті тəуекелін басқару шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің арасындағы айырманы реттеуді білдереді.

Ашық валюталық позицияның ұзын жəне қысқа түрі болады жəне олардың есептелуін төмендегідей 37-кестеде шартты мысалмен беруге болады.

 

Банктің ашық валюталық позициясы

37-кесте.

 

 

 

 

 

 

 

Шетел

Банк

Банк

Ашық

Ашық

валютасы

активтері

пассивтері мен

валюталық

валталық

 

мен

міндеттемелері,

позция

позция түрі

 

талаптары,

шетел

шамасы,

 

 

шетел

валютасымен

 

 

 

валютасымен

 

 

 

АҚШ

1450000

1200000

150000

Ұзын

доллары

 

 

 

позиция

Евро

900000

1200000

-300000

Қысқа

 

 

 

 

позиция

Фунт

25000

50000

-25000

Қысқа

стерлинг

 

 

 

позиция

Иен

1500

500

1000

Ұзын

 

 

 

 

позиция

Ашық валюталық позиция лимиті бұл ұзын немесе қысқа позициялардың банктің капиталына қатысты белгіленеді. Егер қандай да бір шетел валютасы бойынша ҚР Ұлттық банкі бекіткен лимиттен (ол туралы 2-тарауда пруденциалдық реттеу тақырыбында берілген) асқан жағдайда сол валютаны сатады немесе сатып алады. Осындай шаралар арқылы банк өзінің валюталық позция бойынша лимитін реттеп отырады.

Валюталық тəуекелді диверсификациялау бұл валюталық несиелер бойынша несиелік портфелді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфелді диверсификациялау мынадай тəсілдер арқылы іске асады:

-валюталық несиелер сомаларына шек қою;

-қарыз алушыларды диверсификациялау;

-несиені қамтамасыз етуге қабылданатын кепіл заттарын диверсификациялау;

-валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау.

364

16.5 Есеп айырысу тəуекелдерін басқару

Есеп айырысу тəуекелі банктің есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру барысында есеп айырысу технологияларына байланысыт туындайтын тəуекел.

Есеп айырысу тəуекеліне мыналар жатады:

-төлемсіздің немесе төлем мерзімін бұзу тəуекелі;

-есеп айырысу формаларының, төлем жəне құжат айналымдары тəсілдерінің есеп айырысу операцияларының мазмұны мен мəмілелерінің сипатына сəйкес келмеу тəуекелі;

-есеп айырысуды ұйымдастыруға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеу немесе оларды бұзылу тəуекелі;

-есеп айрысуларды қатынасатын банктің барлық құрылымдық жұмысымен байланысты операциондық немесе технологиялық тəуекелдер;

-банкаралық есеп айырысу технологияларының тəуекелі. Төлемсіздің немесе төлем мерзімін бұзу тəуекелі екі формада болуы

мүмкін:

-сатып алушының (төлеушінің) ағымдағы шотында немесе оған қызмет көрсететін банктің корреспонденттік шотында ақша қаражатының жеткіліксіздігіне байланысты төлемді толық алмау не уақтылы алмауы;

-қызмет көрсететін банктің корреспонденттік шотында ақша қаражатының жоқтығына байланысты клиент алдындағы ақшалай міндеттемені уақтында орындау мүмкінсіздігі.

Есеп айырысу формаларының, төлем жəне құжат айналымдары тəсілдерінің есеп айырысу операцияларының мазмұны мен мəмілелерінің сипатына сəйкес келмеу тəуекелінің өзіндік ерекшелігі бар. Қолма-қолсыз ақшалай аударымдар жасау туралы ережеге сəйкес клиент есеп айрысу формасын өзі таңдауға құқылы. Бұл жерде қызмет көрсетуші банктер есеп айрысуға делдал ретінде қатысады. Сондықтан да бұл жерде тəуекел негізінен клиенттердің есеп айырысу формаларын дұрыс таңдамауынан туындайды.

Есеп айырысуды ұйымдастыруға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеу немесе оларды бұзылу тəуекелінің пайда болуының түрлері мынадай:

-клиенттердің ағымдық жəне өзге банктік шот ашу, жүргізу жəне жабуы барысындағы бекітілген талаптарды бұзуы;

-республика аумағында есеп айырысуларды шетел валютасында жүргізуі;

-пайдаланылатын есеп айрысу құжаттарын толтыру жəне рəсімдеуге қатысты бектілген тəртіптер мене стандарттың бұзылуы;

-корреспонедттік шоттар бойынша есеп айырысулардың ережелерге сай келмеуі;

365

-ағымдағы жəне корреспонденттік шоттардан жасалынған төлемдердің заңмен бектілген кезектілікті сақталмауы;

-шот иесінің өкімінсіз ақшалай қаржатты аударып жіберуі;

-шот қалдығынан асатын мөлшерде ақша аударып жіберуі;

-электрондық төлем құжаттарын рəсімдеу, қабылдау жəне өңдеу

тəртібінің, сондай-ақ ақпараттарды қорғау құралын пайдалану немесе ақпарат алмасу тəртіптерінің бұзылуы.

Операциондық тəуекелдер есеп айрысуларды қатынасатын банктің құрылымдық бөлімшелері арасында есеп айрысу технологияларының бұзылу мүмкіндігінен туындайды.

Банктің есеп айырысу қызметін көрсетуде мынадай құрылымдық бөлімшелері қатынасады:

-операциондық басқарма;

-ішкі банкаралық есеп айрысулар мен корреспонденттік қатынас жасау бөлімі;

-бухгалтерия;

-ақпараттарды электрондық өңдеу басқармасы.

Банкаралық есеп айырысу технологиялары клиенттерге қызмет көрсетуге арналған немесе өзінің банкаралық операциялары, соның ішінде банкаралық несиелер беру, валюталар, бағалы қағаздар жəне т.б. сатып алу жəне сатумен байланысты технолгияларын сипаттайды.

Банкарлық есеп айырысуларды басқару ең бастысы тəсілі банктің корреспонденттік шотын басқаруд арқылы іске асыралады.

Банктер қолма-қолсыз есеп айрысуларды жүзеге асыруда мынадай корреспонеденттік шоттарды пайдаланады:

-Орталық банктегі, яғни ҚҰБ-гі ашылған корреспонденттік шот;

-Корреспондент банктерінде ашылған корреспонденттік шоты.

Бақылау сұрақтары:

1.Банктік тəуекелдер дегеніміз не?

2.Ішкі тəуекелдерге нелер жатады?

3.Сыртқы тəуекелдерге не жатады?

4.Несиелік тəуекелді басқару жүйесі қандай элементтерді қамтиды?

5.Өтімдік тəуекелін қалай басқаруға болады?

6.Пайыз тəуекелін қалай бағалайды?

7.Валюталық тəуекелді басқару əдістеріне не жатады?

8.Есеп арырысу тəуекелдері дегенім не?

9.Есеп айырысу тəуекелдерінің түрлерін не жатады?

366

1-қосымша

1993 жылы 15 қарашада айналымға шығарылған банкоталар сипаты

50 теңге. Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы мен сырт жағындағы басым түстер -ашық қоңыр. Банкноттың оң жағына Əбілқайыр ханның портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты жəне өмір сүрген жылдары жазылған. Сол жағындағы төменгі бұрышына жəне оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "50" саны көрсетілген. Банкноттың сол жағына Əбілқайыр ханның портреті су тамғы белгімен салынған. Банкноттың сырт жағы қоңыр. Орта тұсына Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін жартастағы суреттер бейнеленген.

20 теңге. Көлемі 144х69 мм Банкноттың бет жағындағы басым түс - қара қоңыр. Банкноттың оң жағына Абайдың портреті орналастырылып, тігінен қоңыр бояумен оның аты жəне өмір сүрген жылдары жазылған.

Сол жағындағы төменгі бұрышына жəне оң жағына жоғарыға банкноттың номиналы "20" саны көрсетілген, ал оның астына оюмен өрнектелген.

Сырт жағындағы негізгі түсі - қоңыр. Орта тұсына Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші бейнеленген.

10 теңге

Көлемі 144х69 мм. Бет жағындағы басым түс шымқай жасыл. Оң жағына қазақтың ағартушысы Шоқан Уəлихановтың портреті орналастырылып, тігінен оның аты жəне жəне өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ою-өрнегі бар. Банкноттың сол жағына су тамғы белгімен Шоқан Уəлихановтың бейнесі салынған. Банкноттың сырт жағында жасыл түс басым. Банкноттың орта тұсына "Оқжетпес" тауының көрінісі бейнеленген

367

5 теңге

Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Оң жағына халық композиторы Құрманғазының портреті орналастырылған. Тігінен қоңыр бояумен композитордың аты жəне өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына ою-өрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы сарғыш-қызыл түсті. Орта тұсына кесененің кешені бейнеленген.

3 теңге

Көлемі 144х69 мм. Банкноттың бет жағы жасыл-сұр түсті. Оң жағына халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналастырылған.

Тігінен шымқай жасыл бояумен ақынның аты жəне өмір сүрген жылдары жазылған.

Портреттің сол жағында төменде қазақтың ұлттық өрнегі. Номиналдың астына сол жақ бұрышына оюөрнекті сурет орналастырылған. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Орта тұсында Алатаудың көрінісі.

1 теңге. Көлемі 124х62 мм.

Құны 1 тенгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағына Шығыстың ұлы ойшылы ƏлФарабидің портреті орналастырылған, тігінен көк бояумен оның аты жəне өмір сүрген жылдары жазылған. Портреттің сол жағына жоғарыға қазақтың ұлттық өрнегі салынған. Номиналдың астында сол жақ бұрышында оюөрнекті сурет бар. Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Орта тұсына ƏлФарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары бейнеленген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нұсқауларына сəйкес:

2000 ж. 1 тамыздан бастап Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 1 тенге, 3 тенге жəне 5 тенге банкноттар беруді тоқтатылды; 2000 г. 1 қарашадан бастап, Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары мен екінші деңгейдегі банктер номиналы 10 тенге, 20 тенге жəне 50 тенге банкноттар беру тоқтатылды.

368

1-қосымшаның жалғасы

1993 жылы алғашқы қағазбен басылып шыққан тиындар бейнесі.

Монета формасындағы тиындар сипаты төменгі кестеде жəне суреттерде берілген. 1993 жылғы үлгідегі монеталардың параметрлері.

Номиналы

 

Диаметрі,

 

Қалыңдығы

 

Массасы

 

Қыры

(теңге)

 

(мм)

 

(мм)

 

(гр)

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

17.27

 

1.3

 

2.26

 

тегіс

3

 

19.56

 

1.6

 

3.48

 

тегіс

5

 

21.87

 

1.7

 

4.71

 

тегіс

10

 

25.00

 

2.0

 

7.43

 

тегіс

20

 

31.00

 

2.0

 

11.37

 

бедерлі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

369

1-қосымшаның жалғасы

Құны 1; 3; 5 теңгелік монетаның бет жағы (аверс) шеңбердің ішінде монета номиналын көмкерген он алты қырлы өрнекті рəміз бейнеленген. Номиналдың сол жақ бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған, ал оң жақ төменгі бөлігінде "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Айналасы моншақ сияқты шеңбермен көмкеріліп, кант жүргізілген.

1-қосымшаның жалғасы

Монеталардың сырт жағында (реверс):

-1 теңге -монетаның орта шенінде салт-дəстүріміздегі аң - арқардың мифтік бейнедегі басы кескінделген. Оң жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған.

-3 теңге - монетаның шенінде қасқырдың (бөрінің) сəндік-мифтік бейнесі кескінделген. Төменгі бөлігінде, бөрінің жоғары жағында қолдың геральдикалық бейнесі. Сол жағына"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

-5 теңге - орта шенінде барыстың өрнекті-мифтік бейнесі кескінделген. Сол жағына "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз айналдыра жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

Құны 10; 20 теңге монеталардың бет жағының жоғары жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген жəне оның оның астында екі жол етіп жазылған "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағында ұлттық оюөрнек элементтері салынған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Айналдыра кант жүргізілген.

370

1-қосымшаның жалғасы

Монеталардың сырт жағында (реверс):

-10 теңге - орта шенінде мифтік құстың бейнесі кескінделген. Жоғарғы бөлігінде геральдикалық арқау бейнесі. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

-20 теңге - монетаның ортасында Əбу Насыр Əл-Фарабидің суреті бейнеленген. Айналдыра"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған, оны шығарылған жылы бөліп тұр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2001 жылғы 6 тамыздағы № 300 қаулысына сəйкес 2001 жылдың 1 қазанынан бастап айналымда жүрген 1993 жылғы үлгідегі ескерткіш жəне мерейтойлық монетадан басқа 1993 жылғы үлгідегі монета (теңге) айналымнан алынды. Ақша айналымынан алудың мынадай тəртібі белгіленсін:

1) 2001 жылдың 1 қазанынан бастап монеталар тек қана Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан əрі - Ұлттық Банк) филиалдары, екінші деңгейдегі банктер жəне Қазақстан Республикасының аумағында банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан əрі - екінші деңгейдегі банктер) қабылдайды жəне айырбастайды;

2) екінші деңгейдегі банктер 2 (екі) жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды жəне айналымда жүрген ақшаа белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды. Осы мерзім өткеннен кейін екінші деңгейдегі банктердің заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдауға құқығы жоқ;

3) Ұлттық Банктің филиалдары 7 жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдайды жəне олардың түпнұсқалығы анықталғаннан кейін айналымда жүрген ақша белгілерінің басқа түрлеріне айырбастайды.

7 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы заңды жəне жеке тұлғалардан 1993 жылғы үлгідегі монетаны (теңгені) қабылдау жəне айырбастаудың белгіленген мерзімін ұзартуға құқылы.

1993 жылғы үлгідегі металл тиындар

1994 жылы айналысқа шығарылған Монеталар сары түсті Л-80 қоспасынан жасалған.

371

Бет жағының (аверс) ортасында монета номиналын көмкерген сегіз қырлы өрнекті рəміз бейнеленген. Номиналдың астында "ТИЫН" деген жазу бар. Төменгі жақ бөлігінде монетаның соғылған жылы жазылған. Сегіз бүйірлі розетканың алты қыры ұлттық ою-өрнектің декоративті элементтерімен өрнектелген.

Монеталардың сыртқы бетінің (реверсінің) орта бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген жəне айналдыра "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген сөз жазылған. Айналдыра кант жүргізілген.Монеталардың беті мен сыртқы жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

1-қосымшаның жалғасы

Монеталардың параметрлері.

Номинал

 

Диаметрі

 

Қалыңдығы

 

Массасы

 

Қыры

(тиын)

 

(мм)

 

(мм)

 

(гр)

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

17.27

 

1.3

 

2.26

 

тегіс

5

 

17.27

 

1.3

 

2.26

 

тегіс

10

 

19.56

 

1.6

 

3.48

 

тегіс

20

 

21.87

 

1.7

 

4.71

 

тегіс

50

 

25.00

 

2.0

 

7.43

 

тегіс

Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу олардың ақша айналымынан толық шығарылады дейін жүргізіледі. Барлық төлем құжаттарында тиындарды есепке алу, көрсету жəне тиындарды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру тəртібі өзгеріссіз қалады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы №57 қаулысымен бекітілген, қолма-қол ақша белгілерін-тиындары ақша айналымынан алу ережесіне сəйкес ақша белгілері - тиындар айналымнан алынды.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 10000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

372

Банкнота өлшемі 149х79 мм қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі күлгін-көк, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл жəне қара көк жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында күлгін көк түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік тілдегі əріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменгі оң жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түс күлгін-көк, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда резиденциясы, артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде жəне жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі əріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2003 жылғы үлгідегі құны 10 000 теңгелік банкнот.

373

Көлемі 149х74 мм. Басым түстері - көгілдір жəне көк.

Бет жағында негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) портреті. Портреттің оң жағына мемлекеттік тілде 10 000 теңгелік номиналдың сандық белгілеуі орналасқан. Банкноттың сол жағындағы жоғарғы бұрышта «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар. Банкноттың төменгі бөлігінде Əл-Фараби портретінен оңға қарай тік бұрыш жасай қарағанда көрінбейтін, бірақ банкноттың бетіне үшкір бұрыш жасай қарағанда байқалатын «10 000» номиналының сандық белгісі бейнеленген белгі ою-өрнекпен біріктіре бейнеленген. Портреттің оң жағында жарыққа тосып қараған кезде көрінетін қорғаныш жібі, сондай-ақ жалпақ құбылмалы жіп орналасқан. Портреттің сол жағында екі су тамғы белгі, біреуі классикалық, ƏлФарабидің қырынан салынған бейнесі, екінші үлгіде - барыс, сондай-ақ банкнот номиналы бейнелеген. Төменгі сол жақ бұрышта нашар көретін адамдар үшін бедерлі екі шеңбер орналасқан.

Сырт жағында негізгі бейне - тау аясындағы барыс. Банкноттың оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасы аумағының пішіні мен жалауы бейнеленген. Түсі өзгеретін бояумен қазақ жəне орыс тілдерінде жазылған 10 000 теңгелік номиналының сандық белгілеуі. Банкноттың орталық бөлігінде тау бейнесінен төменірек 10 000 теңгелік номиналды сандық белгілеу жəне «он мың теңге» деген сөздер орыс тілінде жазылған.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Бет жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында күреңқызыл жəне қара сұр жолақтарда ақ түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны нотасының фрагменттері бейнеленген, онда номиналдың сандық белгілерінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында қоңыр түспен Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауының бейнесі. Банкнотаның төменгі бөлігінде ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жақта номиналдың мемлекеттік тілдегі əріптік белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ

374

БАНКІ» жазуы төменгі сол жақта тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Банкнота өлшемі 144х76 қағазда дайындалған.

Сырт жағы: басым түсі күрең қоңыр-қызыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, Алматы қаласында орналасқан Тəуелсіздік монументінің жоғарғы тұсы, «Қазақстан» қонақ үйі, артқы жағында таулар. Төменгі сол жақ бөлігінде жəне жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі əріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

Қазақстан Республикасы тəуелсіздігінің 10 жылдығына шығарылған мерейтойлық жазуы бар 2001 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкнот

375

Көлемі 149 х 74 мм. Басым түстері - қоңыр жəне күлгін. Жалпы таралымы – 1 000 000 дана.

Бет жағындағы негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870 -950) портреті. Банкноттың сол жақ жоғарғы бұрышына көкшіл бояумен мемлекеттік жəне орыс тілдерінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТƏУЕЛСІЗДІГІНЕ 10 НЕЗАВИСИМОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» деп жазылған. Портреттің төменгі оң жақ бұрышындағы 1998 жылғы үлгідегі банкноттарда қолданылған жасырын бейне мен күміс металл бояу түсі құбылып тұратын «Аспанда қалықтаған бүркіт пен күн» бейнесіне өзгертілген. Портреттің сол жағына машина арқылы оқуға болатын жіп орналастырылған жəне жарыққа тосып қарағанда көрінуі мүмкін.

Банкноттың сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Бет жағы: басым түсі қою жəне ақшыл жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл жəне көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі əріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

376

Банкнота өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.

Сырт жағы: басым түсі қою жəне ақшыл жасыл, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейне: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде жəне жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі əріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот

Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - жасыл жəне көкшіл.

377

Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Сол жағына «Қазақстан Ұлттық Банкі» деп жазылған. Портреттің сол жағына сутамғы белгімен Əль-Фарабидің қырынан қарағандағы бейнесі жəне сутамғы белгімен Барыс бейнеленген. Портреттің оң жағына реттік нөмірі тік сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған. Портреттің сол жағына жоғарыда көлденеңінен реттік нөмірі қара бояумен салынған. Реттік нөмірдің астына «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деп жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен жəне əріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.Сырт жағы: Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің сол жағына жоғарыда ақшаның номиналы сандармен жəне əріптермен көрсетілген. Жоғарғы оң жағына «Подделка банкноты преследуется по закону» деп жазылған.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Банкнота өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық жəне қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген.

Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі əріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша

378

жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі сарғыш-қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мəдени орталығының үйі, артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде жəне оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі əріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкнот.

Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - көкшіл жəне көк.

Бет жағы: Негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Сол жағында «Қазақстан Ұлттық Банкідеген жазу бар. Портреттің сол жағында Əл-Фарабидің қырынан салынған портретінің сутамғы белгілері бар жəне ақшаның номиналы санмен белгіленген. Портреттің оң жағына «1000» саны екі рет бейнеленген. Портреттің оң жағына тік сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған реттік нөмір қойылған. Портреттің сол жағына көлденеңінен қара бояумен салынған реттік нөмір қойылған. Реттік нөмірдің астына «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деп жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен жəне əріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған. Сырт жағы: Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағында ақшаның номиналы санмен жəне жазумен көрсетілген. Жоғарғы сол жағына «Подделка банкноты преследуется по закону» деп жазылған.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

Бет жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бəйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қара, көгілдір

379

жəне көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік əнұраны ноталарының фрагментте рі ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бəйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі əріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік əнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.

Банкнота өлшемі 130х67 қағазда дайындалған.

Сырт жағы: басым түсі көкшіл-сұр, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы əкімшілігінің үйі, артқы жоспарда теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде жəне оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі əріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы жəне эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

1999 жылғы үлгідегі құны 500 теңгелік банкноттың сипаттамасы.

Бет жағы: негізгі бейне - философ, ойшыл, ғалым Əл-Фарабидің (870-950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Портреттің оң жағына ою-өрнек əшекейі салынып, металл бояумен орындалған «500» саны интаглио бояуымен алмастырылған жəне банкнотты қай бұрышынан қарауға байланысты «500» санының бейнесі көрінетін болады. Банкноттың бет жағындағы оң жақ жоғарғы жəне төменгі бөлігіндегі металл бояумен салынған өрнек «500» саны жазылған микрошрифтке ауыстырылған.

Сырт жағы: негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі.

Бет жағы: басым түстер - көк, көкшіл. Оң жағына философ, ойшыл, ғалым ƏлФарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті бейнеленген. Сол жағында

380

көкшіл-көк түспен «Қазақстан Ұлттық Банкі» деп жазылған. Портреттің сол жағында су тамғы белгілер: Əль-Фарабидің қырынан салынған суреті бар жəне ақшаның номиналы жазылған. Портреттің сол жағында металсыздандырылған жіпке «Қазақстан» деп жазылған жəне «500» саны көрінеді. Портреттің оң жағына алтын бояумен «500» саны екі рет салынған немесе банкнотты қай бұрыштан қарауға байланысты пайда болатын қазақтың ою-өрнегі. Портреттің оң жағына тігінен қызыл бояумен салынған көлемі əр түрлі реттік нөмір қойылған. Жоғарыда, портреттің оң жағына көлденеңінен қара бояумен реттік нөмір жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен жəне əріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.Сырт жағы: Басым түстер - көк, көкшіл.

500 теңгелік банкнот көлемі 144х69 мм ақ қағазға дайындалған.

Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясcауи кесенсінің бір үзігі. Кесене бейнесінің оң жағына ақшаның номиналы санмен жəне жазумен көрсетілген. Жоғарғы сол жағына «Подделка банкноты преследуется по закону» деп жазылған.1999 ж. жəне 1994 ж. үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың айналыста қатар жүру кезеңі 2001 ж. 1 қыркүйекте аяқталады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін 1994 ж. үлгідегі банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды.2002 ж. 1 қыркүйектен бастап екінші деңгейдегі банктер заңды жəне жеке тұлғалардан 1994 ж. үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға жəне айырбастауға міндетті емес.2002 жылғы 1 қыркүйектен бастап Ұлттық Банктің филиалдары 10 жыл бойы заңды жəне жеке тұлғалардан 1994 ж. үлгідегі банкноттарды қабылдайды жəне сараптама жүргізіліп, олардың түпнұсқа екендігі расталғаннан кейін қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.10 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы белгіленген қабылдау жəне айырбастау мерзімін ұзартуға құқылы.

381

2-қосымша

2004 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерның болжамының орындалысы 1-кестеде беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1-кесте.

 

2005-2007 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі

 

 

 

көрсеткіштерінің болжамы

 

 

 

Көрсеткіштер

 

2004 ж.

2005 ж.

2006ж.

2007ж

 

 

 

 

болжам

орын

 

 

 

 

 

 

 

 

далуы

 

 

 

1.

Инфляция (жылына орташа

5-7

6,9

4,9- 6,5

4,8-6,2

4,1-5,5

 

есеппен), %

 

 

 

 

 

 

 

2.

Қайта

қаржыландыру

6-6,5

7,0

6,5

6,5

6,0

 

(жылдың соңына), %

 

 

 

 

 

3.

Алтын-валюта

резерві,

5,156

9,277

11,7

13,1

14,7

 

млрд. АҚШ доллары

 

 

 

 

 

 

 

өзгерістер, %

6,3

87,1

26,3

11,5

12,1

4.

Ақша базасы, млрд. тенге

411

577,9

803

1022

1248

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өзгерістер, %

31,6

82,3

39,0

27,3

22,1

5.

Ақша массасы, млрд. тенге

1325

1634,7

2123

2760

3470

 

 

өзгерістер, %

29,1

68,2

29,9

30,0

25,7

6.

Банк

жүйесіндегі

972

1255,4

1590

2093

2677

 

резиденттердің депозиттері,

 

 

 

 

 

 

млрд. теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

өзгерістер, %

 

24,6

71,2

26,6

31,6

27,9

7.

Экономикаға

 

беретін

1225

1484,3

1960

2520

3132

 

банктің несиелері, млрд.

 

 

 

 

 

 

тенге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

өзгерістер, %

30,3

51,7

32,0

28,6

24,3

8.

Халықтың

теңгедегі

9,0-10,5

9,3

8,3-10,3

8,0-

7,5-9,5

 

мерзімді

депозиттерінің

 

 

 

10,0

 

 

орташа өлшенген

сыйақы

 

 

 

 

 

 

мөлшерлемесі, %

 

 

 

 

 

 

9.

Заңды тұлғаларға

берілген

12,0

13,7

13,2-15,2

12,7-

12,2-

 

теңгедегі несиенің

орташа

 

 

 

14,7

14,2

 

өлшенген

 

сыйақы

 

 

 

 

 

 

мөлшерлемесі, %

 

 

 

 

 

 

Көзі: Кесте Ұлттық банктің мəліметтері негізінде құрылған

382

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]