Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bank_isi_Makysh_kaz.pdf
Скачиваний:
646
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
3.56 Mб
Скачать

Банктік кепіл хат алу үшін берілетін өтініштің үлгісі төменде берілген.

Ұйымның фирмалық қағазынада толтырылады.

__________________________ директоры

(кепіл-хат беретін банк атауы)

__________________________ мырзаға

(жетекшінің аты-жөні)

“___”_________200__ж.

Алматы қ.

Банктік кепіл-хатты алу туралы ӨТІНІШ

Осы ____________________________________________________

(ұйымның толық аты, мекені жəне банктік шот номері)

кепіл-хатты

______________________________________________________________

(кепіл-хат беретін бенефициар ұйымның толық аты, заңды жəне банктік көрсеткіші)

________________________________________________________________

(кепіл-хаттың сомасы мен валютасын көрсету)

________________________________________________________________

(кепіл-хаттың қызмет ету мерзімін көрсету)

мерзімге дейін біздің міндеттемемізді _______________________________

(тендердің / контрактінің № жəне күнін /

________________________________________________________________

өзге негіздемелерді көрсету)

қамтамасыз ету үшін беруіңізді сұраймыз.

Банктік кепіл-хатты беру туралы келісімшартқа сай біздің міндеттемемізді қамтамасыз ету құралы ретінде_______________________________

____________________________________________ұсынамыз.

(қамтамасыз ету түрін көрсету)

Берілген банктік кепіл-хат үшін төленетін комиссиондық сыйақының кепілдендіреміз.

Барлық қажетті құжаттарды бірге тапсырамыз.

______________ (_________________________________________) (қолы) (жетекшінің аты-жөні жəне қызметі)

______________ (_________________________________________)

(қолы)

(бас бухгалтердің аты-жөні)

М.О.

 

 

312

Операциялық бөлім Өтініш берушінің атына тиісті банктік шот ашады жəне шарты салым келісімшартын жасайды. Аталған банктік шотқа ақша аударылғаннан кейін Операциялық бөлім несиелік сарапшыға келісімшарттың қол қойылған көшірмесін береді.

Өтініш беруші мен Кепіл берушінің қаржылық жағдайына сараптама жасау үшін мынадай құжаттарды талап етеді:

-соңғы күнге жасалаған бухгалтерлік балансы мен оған қосымшаларды;

-басқа қызмет көрсететін банктерден шотының айналымы туралы анықтама;

-басқа банктер алдында қарызының жағдайы туралы анықтама;

-берешек жəне алашақ қарыздары туралы құжаттар.

Өтініш берішінің қаржылық жағдайына сараптамаға қоса Өтініш беруші / Кепіл берушінің құқығын растайтын құжаттарына құқықтық сараптама жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

1)Траст операцисы деп нені түсінесіз?

2)Траст операциясының неше қатысушылары бар?

3)Банктің траст-бөлімі қандай қызмет атқарады?

4)Агенттік қызмет көрсету немен сипатталады?

5)Валюталық операциялар дегеніміз не?

6)Ағымдағы валюталық операцияларға нелер жатады?

7)Капитал қозғалысымен байланысты операциялар қандай түрге бөлінеді?

8)Банктің валюталық құныдылықтармен жасалатын операцияларына не жатады?

9)Конверциондық операциялар дегеніміз не?

313

4-бөлім Банк қызметін басқару

13-тарау. Банктік менеджменттің мазмұны

13. 1 Банктік менеджмент ұғымы мен құрылымы

Менеджмент термині ағылшын тілінде «menegement» қазақша «басқару» дегенді білдіреді. Банк саласында менеджмент ұғымы банктің қызметін басқаруды сипаттайды.

Банк қызметіндегі менеджментті екі бөліктен тұрады:

-банктегі қаржылық менеджмент;

-банктегі қызметкерлерді басқару.

Банктегі қаржы менеджменті – бұл банктегі ақшалай ресурстарды басқарумен байланысты сипатталады.

Банктегі қаржы менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті басқару теориясы коммерциялық қарыздар теориясы, активтердің ауысу теориясы жəне күтілетін табыс теориясын қамтиды. Аталған теориялардың арқасында активтерді басқару əдістер, пассивтерді басқару əдістері жəне басқа теориялар пайда болып, оларды қазіргі отандық жəне шетелдік банктер тəжірибесінде қолдана бастады.

Қаржы менеджментінің прициптерін ғылыми негіздеуде банктің тұрақтылық теориясының маңызы ерекше. Ол теорияның көмегімен банктің тұрақтылығын бағалау жəне басқару əдістері негізделеді.

Жалпы банктегі қаржы менеджменті мынадай бағыттарды қамтиды:

-Стратегиялық жəне ағымдағы жоспарлау;

-Банктің саясатын қалыптастыру;

-Банк активін басқару;

-Пассивтерді басқару;

-Өтімділікті басқару;

-Табыстылықты басқару;

-Активтер мен пассивтерді басқару;

-Меншікті капиталды басқару;

-Несиелік портфелді басқару;

-Инвестциялық портфелді басқару;

-Тəуекелдерді басқару.

Банктік менеджменттің келесі бір бағыты - банк қызметкерлерін басқару.

Банк қызметкерлерін басқару мыналарды қамтиды:

-Еңбекті мотивациялау;

-Банктің ұйымдастырылу құрылымы;

-Кадрлардарды таңдау;

-Кадрларды даярлау жəне қайта даярлау жүйесі;

314

-Еңбек ақы төлеу механизмі жəне ынталандыру;

-Ішкі бақылау жəне аудитті ұйымдастыру;

-Қызметті өсіру жүйесі;

-Ұжымдағы қарым-қатынас прициптері.

Банктің менеджментінің мақсаты екі түрлі болады: экономикалық жəне əлеуметтік. Банктің экономикалық мақсаты – банктің қызметінде жоғары пайда алуды қамтамасыз етуді көздейді. Əрине банктік жоғары деңгейде табыс алуы тек қана банк қызметкерлері үшін емес сондай-ақ клиенттер үшін де пайадалы, яғни ол банктің тұрақтылығын жəне сенімділігін көрсетеді.

Банктік менеджменттің əлеуметтік мақсаты – банк банктің көрсететін қызметтері мен өнімдерінің клиенттердің қажеттілігін толық қанағаттандыруын қамтамасыз ету. Ол үшін банкті басқару жүйесіне маркетинг қызметі жақсы дамуға тиісті. Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру арқылы банк клиенттердің сұранысына ие банк өнімдерін жасап, олардың бағасын анықтай алады.

Банктік менеджменттік экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттарына жетуде банктік менеджменттік алдында мынадай міндеттер белгінеді:

-активтерінің шекті тəуекел деңгейінде банктің пайдалығын

басқару;

-пайданың көлемін оңтайландыру арқылы банктің өтімділігін

басқару;

-банктің тəуекелін басқару əдістемесін жасау арқылы тəуекелдерді

басқару;

-банк қызметкерлерінің барлық потенциалдық мүмкіндіктерін пайдалану үшін қызметкерлерді басқару.

Банктегі қаржылық менджмент тұрғысынан басқару мынадай құралдарды қамтиды:

-банк қызметін жоспарлау;

-банк қызметін талдау;

-банк қызметін реттеу

-банк қызметін бақылау;

Банк қызметін жоспарлау банктің болашағын көруге, оның қызметінің ауқымын, саласын жəне мүмкін болатын нəтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Банк қызметіндегі жосарлау процесі екі түрге: стратегиялық жəне ағымдағы жоспарлауға бөлінеді.

Жоспарлау мынадай сұрақтарды қамтиды:

-банктің статегиялық мақсаттары мен міндеттерінң мазмұны;

-банктік жəне жалпы экономикалық жағдайларға талдау жасау;

-банк стратегиясын жасау;

-банк ресурстарын бөлу механимі;

-жоспарлы көрскеткіштердің орындалуына бақылау жасау нысандары.

315

Банк менеджментін талдау - банк қызметін қол жеткізген нақты нəтижелерін болжанғандарымен, сондай-ақ өткен мерзімдердегі көрсеткіштермен салыстыру негізінде бағалауды білдіреді. Талдау қорытындылары банктің дамуының оң жəне теріс жақтарын, шығындарын, пайдаланбаған резервтерін, жоспарлаудағы кемшіліктер мен шешім қабылдаудағы сəтсіздіктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Банк қызметін талдау банктің балансын талдауға негізделеді. Талдаудың басты бағыттарына мыналар жатады:

-банк қызметінің көлемдік даму көрсеткіштерін бағалау, соның ішінде: банк активтерін, депозиттерін, меншікті капиталын, несиелерін жəне пайдасын бағалау. Бағалауды басқа банктердің осындай көрсеткіштерімен салыстыру арқылы банктің банк жүйесіндегі орнын немесе рейтингін анықтауға болады. Бұл талдаудың нəтижелері банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік береді.

-ресурстық базаны бағалау: банктің ресурстарының көлемін, құрылымын жəне негізгі даму ағымдарын, депозиттердің тұрақты жəне тұрақсыз бөліктерін анықтайды;

-банк активтерінің сапасын бағалау: банк активтерінің көлемін, құрылымын, жəне даму ағымын бағалау арқылы табыс əкелетін жəне əкелмейтін, тəуекелді жəне тəуекелсіз, өтімді жəне өтімсіз активтер құрамын анықтау. Мұндай талдау нəтижесінда банктің несиелік, ивнестициялық, активтерді жəне пассивтерді басқару саясаты жасалады.

-қаржылық коэффициенттерді, олардың нормативтік мəндерімен салыстыру арқылы, көрсеткіштердің өзгерісіне ықпал етуші факторларды айқындау, аквтивтер мен пассивтердің мерзімдері мен сомалары бойынша сəйкестік дəрежесін анықтау негізінде банктің өтімділігін бағалау. Бұл талдаудың нəтижелері банктің өтімділігін басқару саласында стратегиясы мен тактикасын анықтауға мүмкіндік жасайды.

-банктің табыстылығы мен пайдалылығын, активтердің тиімділігін, банк табыстары мен шығыстарының құрылымын сипаттайтын сандық жəне сапалық көрсеткіштерді есептеу көмегімен банктің балансының мəліметтері жəне пайдасы мен зияны туралы есебінің негізінде банктің табыстылығын бағалау. Бұл талдаудың нəтижелері банк табыстылығын басқару саласында саясатын жасауға негіз болып табылады.

-серіктес-банктердің қызметін талдау жəне бағалау. Бұл талдаудың нəтижелері банк үшін несиелеу лимиттерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар банктер өз қызметінің өзге де бағыттары бойынша талдау жұмыстарын жүргізеді, соның ішінде несиелік портфелді, инвестициялық портфелді, клиенттердің несиелік қабілетін, меншікті капитал жеткіліктігін, пайыздық маржаны, жекелеген операциялар мен бөлімшелердің пайдалылығын, өтімділік көрсетіштерін талдайды.

316

Банк қызметін реттеу жəне бақылау ҚР Ұлттық банкінің жəне ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің қоятын талаптары мен нормативтерін орындауға бағытталады.

Банк қызметін реттеу жəне бақылау екі түрге бөлінеді: сыртқы жəне ішкі. Сыртқы реттеу жəне бақылауды ҚР Ұлттық банкінің жəне ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі жүргізсе, ішкі бақылауды банктегі ішкі аудит қызметін жүзеге асырушылар: Банк кеңесі, тиісті лауазымы бар менеджмерлер, банктің ішкі бақылау қызметі іске асырады.

Ішкі бақылау жəне реттеудің басты мақсаты – банктік заңдарды, ҚР Ұлттық банкінің жəне ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің қоятын талаптары мен нормативтерін жəне ішкі банктің ережелері мен нұсқаулықтарын орындаудағы ауытқуларды, банк қызметіндегі теріс кемшіліктерді анықтап оларды қалпына келтіру шешімдерін қабылдау, инвесторлардың, банктің жəне оның клиенттерінің мүдделерін қорғау.

Демек, банктік менеджмент бұл банктің тұрақтылығына, ресурстардың табыстылығына жəне клиенттердің тұрақтылығына қол жеткізу мақсатында тиісті ұйымдастырушылық құрылымдардың банк ресурстарының үздіксіз жəне уақтылы қозғалысын қаматамасыз етуде қолданылатын басқару шешімдердің жүйесі.

Банктік менеджмент құрылымы банктің сипатына жəне ұйымдастырылу құрылымына қарай ерекшелінеді. Банктік менеджмент қызметін жүзеге асытын ұйымдастырушылық қызметтерге мыналар жатады:

-жалпы акционерлер жиналысы;

-директорлар кеңесі;

-банк төрағасы;

-төрағаның орынбасарлары;

-департамент директорлары;

-департамент директорының орынбасары;

-басқарма бастығы;

-басқарма бастығының орынбасары;

-бөлім бастығы;

-Несиелік комитет төрағасы;

-Активтерді жəне пассивтерді басқару комитетінің төрағасы;

-Кадр бөлімін басшысы;

-Өзге де қызметтер басшылары.

13.2 Банк менеджментінің сапасын бағалау

Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек қана теріс ішкі жəне сыртқы факторларға қарсы тұрып қоймай, өз кезегінде оларды бейтараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте

317

дұрыс ұйымдастырылуы оның тұрақтылығын нығайта түсіп, қызметінің тиімділігін арттырады. Осыған байланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мəселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сəйкестігіне қатысты мəселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджменттің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде САМЕL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пайдаланатыны белгілі.

Банк менеджменті бағаланатын көрсеткіштерді мынадай санаттарға бөлуге болады:

-сандық жəне сапалық (соның ішінде əлеуметтік);

-объективті жəне субъективті;

-формалдық жəне формалды емес.

Банктік менеджменттің сандық көрсеткіштері банктің мөлшерін, жүргізетін саясатын жəне мамандануын бағалауда ғана пайдаланады. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:

-банк капиталының мөлшері;

-құрылтайшыларының саны;

-активтік жəне пассивтік операциялар көлемі;

-клиенттерді саны;

-экономика аясы мен жұмыс саласының саны;

-жұмыстың жағрафиясы;

-филиалдық торабының саны;

-корреспонденттік қатынастар жасайтын банктердің саны;

-банктік өнімдердің саны жəне т.б.

Банктік менеджменттің сапалық көрсеткіштерін мынадай топтарға бөлуге болады:

1.Несиелік мекемеге қатысты қойылатын кəсіби талаптар тұрғысынан банктік менеджменті бағалауға мүмкіндік беретін банктің жағдайы мен қызметін сипаттайтын көрсеткіштер:

-банк капиталының жеткіліктігі;

-банк активтерінің сапасы;

-банктің пайдалылығы;

-банк өтімділігі;

-банк операцияларын жүргізу жəне құжаттарды өңдеу жылдамдығы;

-ұсынатын банк өнімдерінің кешенділігі;

-ұсынатын банктік өнімдердің түрлері, сипаты, көлемі жəне сапасы жағынан клиенттердің сұранысын қанағаттандыру дəрежесі;

-тəуекелдерді басқару дəрежесі;

2.Кез келген кəсіпкерлік құрылымға нарық экономикасының тарапына қойылатын нормативтік талаптарға банк қызметкерлерінің сəйкес келуін бағалауға мүмкіндік беретін банктік менеджменттің көрсеткіштері:

318

-банк əкімшілігінің құрамы мен біліктілігі (тағайындалған лауазымды қызметі бойынша банк жүйесіндегі тəжірибесінің болуы, бірінің орын бірі алмастыруы, кадрлар резервінің болуы, басқару құрылымының жоғарыдан төменге дейін қадағалау немесе бақылаудың болуы жəне оның сапалығы жəне т.б.);

-банктің ішкі саясаты, соның ішінде кадр саясатына, ішкі бақылау жəне аудит ережелеріне сəйкес еңбек тəртібінің сақталуы;

-банк қызметіне байланысты реттеушілік нормалардың орыналуы, заңдардың, нұсқаулықтардың жəне заңдық күші бар кез келген актілердің сақталуы (банк жүйесінің əр түрлі деңгейіне арналған нормативтердің, шектеулердің жəне ұсыныстардың сақталуы, өткен уақыттарда банк тарапынан заң бұзушылық пен қаржылық қылмыстардың болмауы, ақпараттың ашықтылығы жəне т.б.)

-банк əкімшілігі мен қызметкерлерінің нарық коньюнктурасындағы алдағы уақыттарда мүмкін болар өзгерістерін көре білу жəне оған уақтылы дұрыс шаралармен жауап беру қабілеті (банктің қызметіне ықпал ететін инфляция, құлдырау, депрессия жəне т.с.с факторларға қарсы шара қолдануы)

3.Əлеуметтік көрсеткіштер, соның ішінде:

-қызметкерлердің еңбекке қатынасы;

-қызметкерлердің біліктілігі, жауапкершілігі мен еңбегіне сыйлық ақы төлеудың шекті қатынасы;

-директораттың əлеуметтік адекваттылығы (кəсіби дайындығы, шыншылдығы, міндеттемелерге менімділігі, контрактілерге дайындығы);

-əлеуметтік мəселелерді шешу дəрежесі.

Қай уақытта банктік менеджмент сапасыз болып табылса, оның арты банктік дағдарысқа ұласып, банктің зиян шегуіне, клиенттердің кетуіне əкеліп соғады. Мұндай менеджментті «мисменеджмент» немесе «нашар менеджмент» деп атайды. Мисменеджмент бұл кемшіліктері көп жəне заң бұзатын қызметкерлері бар жəне оларға бақылаудың болмауымен сипатталатын менеджменттің түрі. Мисменеджмент көп жағдайларда банктік менеджменттің бірқатар мектептерінің өкілдерінің басты көңіл аударатын объектісі ретінде қызмет етеді. Экономикадағы қаржы дағдарысы жағдайында мисменеджмент банктің дағдарысын одан əрі өршітіп, банктің құлдырауына тікелей сепебкер болады.

Мисменеджменттің мынадай түрлері болады:

-техникалық мисменеджмент;

-косметикалық менеджмент;

-дағдарыстық (авантюралық) менеджмент;

Техникалық мисменеджмент мынадай жағдайлардан байқалады;

-банк жаңадан құрылған, яғни енді ғана ұйымдастырлыған жəне агрессивтік саясат жүргізуі мүмкін, сонымен қатар оның жетекшісінің тəжірибесі жеткіліксіз;

319

-банк иелері жəне жетекшілері ауысады жəне ол оның саясатының өзгерісіне əкеледі;

-бұрынан банк жақсы басқарылып келгенмен, кейбір себептерге байланысты банктің жетекшілері нарықтағы мүмкін болатын коньюнктуралық өзгерістерді алдын ала көре білмейді.

Техникалық мисменеджмент бұл банктің дұрыс саясат жүргізбеуімен, ішкі бақылау жəне аудиттің жеткіліксіздігімен, жоспарлаудың əлсіздігмен жəне қызметкерлердің біліксіздігімен сипатталады. Техникалық мисменеджменттің теріс салдары болғанымен ол заңға сəйкес жүзеге асырыла береді, бірақ ондай менеджмент банк үшін қауіпті немесе тəуекелді болуы мүмкін.

Косметикалық менеджментте клиенттер тарапынан сенімді жоғалтпау жəне қолайсыз жағдайдан шығару жолын іздестіру жəне уақыт ұту мақсатында банк өзінің қызметіне байланысты орын алған өткен жəне ағымдағы зияндарын жасырады. Кометикалық мисменеджментің мақсаты – есептік құжаттарды банк қызметінің бірқатар көрсеткіштерін өзгеріссіз беру арқылы банкте қалыпты жағдайдың барлығын көрсету. Мұндай жасыруларды күмəнді жəне үмітсіз активтерге қарсы резервтерді азайту, активерді қайта бағалау мақсатында банк активтерінің жіктелімі бойынша есеп берулерде пайдаланады. Косметикалық мисменеджмент бұл өзінше тəуекелді күшейтпейді, бірақ онымен күресу шарларын азайтады. Ол сонымен қатар банк клиенттері мен серіктестері үшін өте қауіпті жағдай туғызады.

Дағдарыстық менеджмент – бұл косметикалық мисменеджменттің банктің негізгі көрсеткіштерін жасыра алмай қалу жағдайына байланысты туындайтын менеджмент түрі. Мұндай менеджменттің мақсаты банктің қысқа мерзім ішінде өзінің жағдайын түзетуді көздейді. Мисменеджмент клиенттермен келісім бойынша нарықтық мөлшерлерммден жоғары пайызбен депозит тартып, келісімшарт бұзған қарыз алушылардан жоғары пайыз алу, салым иелеріне қаражаттарын қайтаруды кейінге қалдыру, валюта, бағалы қағаз, жер немесе жылжымайтын мүліктермен байлынысты алып сатарлық операцияларды бірден өсіру сияқты шараларды қамтиды.

Шын мəнісінде техникалық, косметикалық жəне дағдарыстық мисменеджмент қоғам үшін қауіпті, серіктестер мен клиенттерге, салымшыларға зиян əкелуі мүмкін болғанымен олардың көздеген мақсаттары бір болып келеді.

13.3. Банк қызметін стратегиялық жəне ағымдағы жоспарлау

Банк қызметіне қатысты, стратегия сөзі бұл бəсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банктің ресурстарының

320

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]