- •Қатерлі ісік анықталған адамдарға жоғары дәрежеде арнайы ем тәсілдерін қолдану.
- •Қатерлі ісік ауруларына қарсы жүргізілетін шараларды жүзеге асыруға тиісті мекемелер мен орындар:
- •7. Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің онкопатологиясының соңғы 5 жыл ішіндегі сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштері және олардың тенденциялары.
- •8. Ерте онкологиялық патология және предрак туралы ұғым.Онкология: учебник. Абузарова г.Р., Алексеев б.Я., Берзой а.А., Бойко а.А. И др. / Под ред. В.И. Чиссова, с.Л. Дарьяловой. 2009. - 560 с.: ил.
- •13.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың дәрілік емінің (химиотерапия) емінің принциптері және әдістері.
- •7.Иммунотерапиялық емдеу тәсілдері
- •8Гормонотерапиялық емдеу тәсілдері
- •14.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың құрама және қосарлас емінің принциптері және әдістері.
- •15.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың таргенттік терапиясының принциптері және әдістері
- •25. Жатыр миомасы.Жатыр миомасына шалдыққан науқас әйелдердің репродуктивтік қызметін сақтаудың мәселелері.
- •26. Жатыр мойыншасының обыралдылық дерттері. Адамның папилломавирустық жұқпасының (инфекцияның ) жатыр мойыншасының дамуындағы ролі. Патогенді фенотиптері.
- •27. Жатыр мойыншасының фондық (астарлас) және обыралдық дерттері.Олардың диагностикалау әдістері.
- •Эндометриоздың клиникалық ерекшеліктері:
- •42. Преинвазивті жатыр мойны обыры емдеу варианттары:
- •43. Жатыр мойнының инвазивті обырының хирургиялық емі. Көрсеткіштері. Хирургиялық емдеу әдісінің жіктелісі.
- •44. Науқастардың операция алды дайындық. Операциядан кейінгі кезең. Асқынулар. Ерте және кеш асқынулар.
- •45. Инвазивті жатыр мойны обырының сәулелік емі. Көрсеткіштері. Қосарлас сәулелік ем. Асқынулары.
- •49.Жатыр денесі обырының морфологиялық жіктемесі.Негізгі гистологиялық формалары.
- •50.Клиникалық және халықаралық жіктемесі figo- 1971 uicc- 2002
- •52. Жатыр денесі обырын диагностикалау әдістері. Заманауи диагностика әдістері.
- •53. Жатыр денесі обырын емдеу әдістері.
- •54. Жатыр денесі обырының негізгі болжамдық факторлары. Болжамдық факторлардың маңыздылығы.
- •61.Аналық без обырының морфологиялық жіктелісі:
- •62.Тқ аналық без обырының дамуындағы рөлі. Тқ синдромдар.
- •63. Аналықбездердің шекаралық ісіктері. Анықтамасы. «қатерлілігі төмен ісіктері» деген ұғым
- •64 Сұрақ:Аналық без рагінің клиникасы.
- •65 Сұрақ:.Аналық без обырынын дивгностикасы,әдістері,диагностикасындагы онкомаркерлердин маныздылығы:
- •66 Сұрақ:аналық без ісігінің хирургиялық емі.
- •76.Қынап (іншек) обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясыжәне патогенезі. Қауіп факторлары.
- •77.Қынап обырының tnm жүйесі бойынша Халықаралық жіктемесі.
- •78.Қынап обырының морфологиялық жіктемесі.
- •82.Трофобластық аурулардың жіктемесі.Морфологиясы.
- •84.Трофобластық ісіктердің клиникасы және диагностикасы.Диагностикалық критерилері.
- •85.Көпіршікті кірме.Клиникасы,диагностикасы.Емдеу әдістері.
- •86.Инвазивті көпіршікті кірме. Клиникасы,диагностикасы.Емдеу әдістері.
- •87,Хорионкарцинома.Жіктелісі.Клиникасы.Диагностикасы.
- •88,89,90 Сосын жиберем
- •91. Сүт безі ісік алды дерттерінің пайда болуының қауіп факторлары.
- •92. Сүт безі қатерсіз ісіктері. Фиброаденомалар. Сүтбездің филлоидтық ісіктері.
- •93. Сүт безі обыры. Эпидемиологиясы. Этиопатогенезі. Қауіп факторлар
- •94.Сүтбез обырының клиникалық формалары .Сүтбездің мастит тәрізді обыры.
- •95.Сүтбез обырының таралу жолдары.Лимфогендік метастазданудың рөлі.
- •96.Сүтбез обырының гистологиялық формалары.
- •97. Сүтбез обырын диагностикалаудың заманауи әдістері.
- •98. Сүтбе обырының маммографиялық скринингі.
- •99. Ісіктің орналасқан жері және сатысына байланысты емдеу принциптері мен әдістері.
- •100 Сүтбез обырына байланысты жасалатын түбегейлі операциялар. Операцияның принциптері.
- •101 Сүтбез обырына байланысты жасалатын ағзасақтаушы операциялар. Оларға көрсетімдер.
- •102 Сүтбезі обырындағы регионарлық лимфодиссекцияның принциптері.
- •103. Сүтбез обырының адъюванттық және неоадъюванттық химиотерапиясы.
- •104. Сүтбез обырының гормонотерапиясы.Гормонотерапия әдістері.Хирургиялық, сәулелік және дәрілік кастрация. Дәрілік кастрацияның негізгі препараттары.
- •105. Сүтбез обырын емдеуде антиэстрогендерді пайдалану (тамоксифенжәне оның аналогтары). Олардың эндометрийге әсері.
- •108. Сәулелік емнің сүтбез обырын емдеудегі рөлі.
- •109. Иммуногистохимиялық зерттеулердің сүт безі обырының диагностикасы және еміндегі маңыздылығы. Сүт безі обырының таргетнтік терапиясы.
- •110. Сүт безі обыры және жүктілік. Жүктіліктің сүт безі обырының ағымына әсері. Сүт безі обырына байланысты түбегейлі ем жүргізілген науқас әйелдердің репродуктивті қызметі.
- •111. Сүт безі обырындағы болжам. Түбегейлі мастэктомия жасалған науқастардың реабилитациясы. Әлеуметтік, дәрігерлік және кәсіби реабилитация.
- •79.Қынап обырының клиникасы және диагностикасы. Заманауи диагностика әдістері.
- •80.Қынап обыры емдеудің жалпы принциптері.
- •81.Трофобласттық ауру. Эпидемиологиясы. Этиологиясы және патогенезі.
7.Иммунотерапиялық емдеу тәсілдері
-белсенді
-пассивті
-гендік
-адаптивті
8Гормонотерапиялық емдеу тәсілдері
Андрогендер- тестостерон, пропионат , метилтестостерон
Эстрогендер- синэстрол, диэтилетилсбэстрол, эстрадурин
Прогестиндер- провера, мегейс,депостат
Кортикостероидтар- дексаметазон, преднизолон
Аитиэстрогендер- касодекс, флютамид, андракур
Мишықтың лютиндік резилинг гормондары –золодекс,бусерелин,
Аротомазаның ингибиторлары – фермера , арамидекс, аромазин
Гормондық цитостатиктер –эктрацит, стерицит
Гормондық дәрілермен емдеу тәсілі 3 топқа бөлінеді
-аддетивті емдеу тәсілі- физиологиялық мөлшерге қосымша гормондық препараттар қолд
-аблативтік тәсілдер – гормондар бөлетін дене мүшелерінің қызметін тоқтатуды көздейді.
-антогонистік тәсіл- ісік жасушаларының шеңберінде тосқауыл жасап жүзеге асырады.
14.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың құрама және қосарлас емінің принциптері және әдістері.
Емнің ісіккетікелей немесе жанама әсерлері мен шипалылығына байланысты
3 топқа бөлуге болады:
-бірінші топқа ісіктің негізгі ошағын , сондай-ақ тетастаздардың ісіктерді жоюға немесе олардың көлемін азайтуға бағытталған ем тәсілдері кіреді. Олар жеке немесе бірінен соң бірі қолданылатын хирургиялық және сәулелік емдеу тәсілдері, яғни қабаттастырылған ем
- екінші топқа адамның кез келген дене мүшесінде анық немесе жасырын орналасқан ісік ошақтарына әсерлерін жалпылай тигізетін кешенді ем тәсілдері кіреді. Олар- ісікке қарсы қолданылатын арнайы дәрі-дәрмектер мен гормондар, сәулелі ем.
-үшінші топқа ісікке қарсы әрекет жасайтын, әсерлерін жанамалап тигізетін ем тәсілдері кәреді. Олар – адам ағзасының ісік ауруына қарсы жасушалық төзімділігін, бейімділігін көтеретін, зат алмасу үрдістерін қалпына келтіруге арналған дәрі-дәрмектер , қолданылатын радиоактивті сәулелер, және дәрі – дәрмектердің ісік жасушаларыяна қарсы әрекетін күшейтетін қосымша ем тәсілдері (гипертермия – ісіктің қызуын көтеру, гипергликемия – қан құрамындағы қантты көбейту арқылы ісікте анаэробтық гликолиз үрдісін жеделдету, гипероксигенация- дем алуға шипалы ауадағы оттегінің мөлшерін, оның қысымын көбейту арқылы ісік жасушаларындағы зат алмасу үрдісін жеделдету т,б)
Қатерлі ісікке қарсы әрекет ететін әртүрлі ем тәсілдері бірінен кейін бірін бір мезгілде немесе әртүрлі уақытта қолданылады. Оны қатерлің ісікті кешенді емдеу тәсілі деп атайды. Қатерлі ісікті емдеу үшін 3 түрлі ем тәсілдері (хирургиялық, сәулелік, дәрі-дәрмектік) жекелей немесе бір-біріне қабаттастыра қолданылады.
Қабаттастырылған ем – қатерлі ісіктің негізгі ошағы мен іргелес орналасқан аймақтық метастаздарын аластауға арналады( сәулелік+ хирургиялық, хируогиялық+ сәулелік);
Кешенді ем- қатерлі ісіктің негізгі ошағын, оның алшақ ағзалардағы метастаздарын аластауға арналады( хирургиялық+химиотерапиялық , сәулелік + химиотерапиялық ,хирургиялық + сәулелік +химиотерапиялық)
15.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың таргенттік терапиясының принциптері және әдістері
Таргенттік препараттар қатарына моноклонды антиденедер ( герцептин, авастин, мебтера ) және ұсақ молекулалы тирозин ингибиторлары ( гливек, тарцева ) жатады. Таргенттік прапараттар канцерогенезге қатысатын нәруыздарға қатысып, организмдегі лейкоциттер мен макрофагтардың қолданылатын химиопрепараттардың цитотоксикалық қасиетін жоғарылатады, ісіктегі апоптозды жеделдетеді, ісіктің әрі қарай дамуына ғ метаздануына тежеу жасайды.
16
Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың паллиативтік емінің принциптері
Паллиативті ем науқасқа басқа ем түрлері әсер етпеген жағдайда , науқас өлім жайында айта бастағанда және өмірге маңызды мүшелер өз жұмысын тоқтатқан кезде жүргізіледі. Паллиативті емге кіреді: үйде көмек көрсету, кеңес беру қызметі, күндізгі стационарлық қызмет көрсету; бұл емнің мақсаты науқасқа физикалық қана емес психикалық, әлеуметтік қолдау көрсету. Сонымен қатар бұл емнің міндеті науқастың өмірін ұзарту емес, қалған өмірін мәнді және ыңғайлы ету. Паллиативті емнің негізгі принциптері: ауырсыну, симптомдарды басқара білу, ауырсыну сезімді басу, анальгетиктер, жүрек айну,құсу, іш қату.
Паллиативті ем эффективті болады егер, науқасқа қауіпсіз, ыңғайлы жағдай жасалса, науқас өзінің тәуелсіз екенін сезілсе, науқас ауырсынуды сезбесе.
Паллиативті емге туыстары белсене араласуы қажет. Науқасқа қолдау көрсету оған жақсы көретінін айту.
17
Әйелдердің репродуктивті жүйесінің қатерлі ісітеріне шалдыққан науқастардың синтоматикалық емінің және оларға дәрігерлік көмек көрсету принциптері Синтоматикалық ем қатерлі ісіктің генерализденген түрінде науқастар синтоматикалық ем қабылдауды. Бұл топтағы науқастар радикальды емдеуге жатпайды.Синтоматикалық емнің негізгі мақсаты науқастар азабын жеңілдету мен өмір сүру жағдайын жақсарту. Онкологиялық науқастарды синтоматикалық емдеу бұл онкологияның бір саласы. Синтоматикалық ем аурудың ауыр симптомдарын тоқтату мен жеңілдетуге бағытталады. Соның ішінде:
Науқастың эмоциональды бұзылыстары, ауырсыну синдромы, гипертермия, диспепсиялық бұзылыстар, ісіну, ентігу; Синтоматикалық емде науқасқа қолдау көрсетуде хоспистердің орны ерекше.Бұл мекемеде адекватты ауырсынуға қарсы ем жүргізіледі,сонымен қатар науқастарға моральдық көмек көрсетіледі. Науқастарға жеке және топпен психотерапия жүргізіледі,науқастың психикалық жағдайын жақсартуға ,өлім туралы ойын өзгертуге және туысқандарымен қарым қатынасын жақсартуға көмектеседі. Ауырсынуға қарсы ем негізгі симптоматикалық ем болып табылады. Ауырсынуға қарсы базисті препараттар :опоитды емес препараттар парацитомол,асперин;
қабынуға қарсы стероидты емес препараттар-кеторолак
әлсіз опиодты аналгитиктер-кодеин,этил морфин ,промедол ;күшті опиодты препараттар –морфин омнопон.
Онкологиялық науқастарда ауырсыну синдромын басудың негізгі принципі болып аналитикалық құралдар қолданылады.
18.
ҚР мемлекеттік әйелдер репродуктивті жүйесінің қатерлі ісіктерін және обыр алды ісіктерін ерте анықтауға бағытталған скинингтік бағдарлама бар.
Скрининг туралы түсінік .Скрининктік бағдарламалардың мақсаты. Скрининктің негізгі көрсеткіштері. Скрининк- бұл денсаулық сақтауды ұйымдастыру стратегиясы , әртүрлі жастағы дені сау тұлғалар арасындағы әртүрлі жасырын өтетін ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін медициналық тексеру. Скрининктің мақсаты – ауруды ерте кезеңде тауып,ем жүргізу және өлім көрсеткіштерін төмендету. Тексеру барысында қатерлі жаңа түзілізтерді анықтауда әртүрлі зерттеулер қоданылады: папаниколау бойынша тест- рак алды ауруларды анықтау, жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтау үшін жүргізіледі.
Мамография- сүт безінің қатерлі ісігін анықтау үшін жүргізіледі.
30,35,40,45,50,55,60 жастағы әйел адамдар
Потологиялық өзгерістердің алдын алу үшін жатыр мойнының жұғындысын цитологиялық зерттеуге жібереді.
Акушер гинекологтың қарауы көрсеткіш бойынша кольпоскопия
50,52,54,56,58,60 жас аралығындағы әйел адамдар
Сүт бездерін рентгенологиялық зерттеу /мамография/
Айғақтар бойынша мамолог, онколог қарауы
Скринингтің артықшылықтары
Скрининг ауруды ерте және симптомсыз кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді және көрсетілген емнің нәтижесі жоғары болады.
Кемшілігі:медициналық ресурста көп шығынды талап етеді,тексерудің нәтижесінде тұлғалардың басым көпшілігінің дені сау болып шығады.
Қате , оң мәнді скрининг нәтижесінде пайда болған стресс пен қорқыныш.
19. Жатыр мойнының ракалды аурулары-дисплазия, бұл жатыр мойны мен цервикальді өзек кілегей қабатында атипиялық клеткалардың болуымен сипатталады. Дисплазияның 3 дәрежесі бар:СІN1-жеңіл,СІN2-аздаған,СІN3- ауыр және преинвазивті рак. Жеңіл түрінде базальді және парабазальді жалпақ эпителийдің терең қабаттарында пролиферация болады; пласттың жоғарғы бөлігінің клеткалары дамыған және жіктелген, өзінің қалыпты құрылымын және орналасуын сақтайды. Аздаған түрінде эпителиальді пласттың төменгі жартсында патологиялық процесс көрінеді. Атипия клеткалары жеңіл және аздаған түрлерінде болмайды. Ауыр түрінде жалпақ эпителийдің жоғарғы қабатының клеткалары жіктеліп, жетілген, сонымен қатар атипия клеткалары айқын көрінеді. Ең бірінші этапта онкологиялық аруларды анықтау мақсатында скрининг жүргізіледі. Жатыр мойны рагының цитологиялық скринингін әдетте 18-20жаста жүргізген дұрыс. Яғни цитологиялық скрининг жатыр мойны рагын 24%жағдайда ерте анықтауға мүмкіндік береді. Қажетті материал алу жиілігі-2-3 жылда 1 жұғынды. Екінші этап жатыр мойнын кольпоскопиялық тексеру.Скрининг принциптері мен мақсаттары: *жатыр мойнының қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаларды енгізу монитрингін жүргізу; *жасөспірім қыздарды жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында адам папиломасы вирусына қарсы вакцинациялау жүргізу;*скринингілік бағдарламаларды жетілдіру және сапасын арттыру; *қатерлі ісктерді профилактикалау туралы халықты ақпараттандыруды арттыру арқылы жеке денсаулығы үшін азаматтардың ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;*бұқаралық ақпарат құралдарын саламатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру және қатерлі ісіктердің профилактикасында белсенді пайдалану;*қатерлі ісіктердің бастапқы профилактикасы, ерте белгілері бойынша халықтың арасында брошюраларды, буклеттерді, парақшаларды әзірлеу, көбейту және тарату;
*көрсетілген диагностикалық қызметтердің сапасын арттыру және спектрін кеңейту үшін қазіргі заманғы эндоскопиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және зертханалық жабдықтармен қамтамасыз ету.
20. Цитологиялық скрининг- жатыр мойнынан алынған цитологиялық жұғындыны 30-65 жас әйелдерде әр 5 жыл сайын қарау. Онкоцитологияға жұғынды алу: қажетті заттар:куско айнасы, жұғынды алуға қасықша, әйнек. 1. Креслоны антисептикалық ерітіндімен сүртеміз. 2.кленка төсеп әйелді жаастқыз. 3. Сол қолмен жыныс ернеулерін ашып,оң қолмен куско айнасын бір қырымен кіре берісіне енгіз.4.қынаптың ортасына қарай айнаны бұрып жатып мойнын ашыңыз. 5. Қасықты жатыр мойны каналына 1-1,5 см енгізіп, сұйықтық алыңыз. 6. Әйнекке көлденең етіп жақ. 7. Қынаптан айнаны шығар. ПАП тест-қынаптағы және жатыр мойнындағы ракалды және рак клеткаларын анықтайтын тест. Қорытындылары:-қалыпты-жатыр мойнында өзгерістер болмайды; патологиялық-алдағы уақытта ракка әкелетін өзгерістер анықталуы.
21. Жатыр миомасы немесе фибромиома, лейомиома – бұл көбiне дәнекер тканьнiң элементтерiнен тұратын жатырдың бұлшық еттiк тiнiнен дамитын қатерсiз iсiк. Жатыр миомасының себептерi:- етеккiр циклiнiң iркiлiсiмен бiлiнетiн гормондық бұзылыстар;- ретсiз жыныстық өмiр, әсiресе 25 жастан бастап;- механикалық факторлар: түсiктер, жатырды диагностикалық тазалау, жарақаттық бала босанулар;- генетикалық бейiмдiлiк;- қосымша кеселдер: жоғары артериалды қысым, семiздiк, қант диабетi, қалқанша без кеселдерi;
- аз қозғалыстағы өмiр салты.Көбiне миома ешқандай симптомдар бiлдiрмей өтедi және гинекологтардың профилактикалық қарауында болғанда кездейсоқ анықталады.Патогенезі:инфекция немесе жатыр ішіне жасалған манипуляциялар әсерінен миометрий зақымдалады. Миометрийдегі клеткалық мембрананың зақымдалуынан тіннің өсу факторының синтезі өтеді. Бұл жатыр миомасына әкеледі.
22Жатыр миомасы- жатырдың бұлшықет қабатында дамитын қатерсіз ісік. Әйелдерде ең жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Гинекологиялық аурулардың ішінен 12-25% құрайды.
Клиника: Кейбірнауқастарда ағымы симтомсыз өтеді. Ең жиі кездесетін менструальды қан кету (менноррагия), іштің төменгі жағында қысым және ауырсыну. Менноррагиялар көбінесе кілегей асты миомаларға тән болады. Миоманың өсуімен менструация көп және ұзақ болады, жиі анемия дамиды. Іштің аурсынуы және қысымның болуы интрамуралды және субсерозды миоамаға тән болады. Жиі ауырсыну толғақ тәрізді сипатта болады, кейде үнемі болып турады.Ауырсыну сонымен қатар жедел өткір сипатта болуы мумкін, ол асқынуға әкелуі мумкін: субсерзды түйіннің аяқшасының бұралуы. Ең жиі асқынуы: бедеулік және қасындағы мушелердің, яғни қуықтың, тік ішектің қызметтерінің бұзылуы.
Диагностика: арнайы гинекологиялық зерттеу. УЗИ. Гистероскопия. Лапароскопия. МРТ.
23.Жатыр миомасы- жатырдың бұлшықет қабатында дамитын қатерсіз ісік. Әйелдерде ең жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Гинекологиялық аурулардың ішінен 12-25% құрайды.
ЕМІ
Емдеу әйелдің жасына, ісіктің өсу жылдамдығына, ауру белгілерінің білінуіне, түйіндердің қай жерге орналасқанына және асқынған-асқынбағанына байланысты. Миомасы әлі ұлғая қоймаған әйелдер гинекологқа жүйелі түрде қаралып отыруы тиіс. Дәрі-дәрмек миоманың кішкентай және қан кету аз болған жағдайларда тиімді. Миома анықталған кезде жатырды жиыратын, мысалы, котарнин хлориді, метилэргометрин, кальций хлориді, питуитрин сияқты дәрі-дәрмектер қолданылуы мүмкін.
Гормондармен де емдеуге болады. Егер әйел жас болса, прогестоген немесе үйлестірілген эстрогеногестагендер тағайындалады. Егер әйел 45 жастан асқан болса, етеккір айналымының екінші кезеңінде андрогендер тағайындалады.
Миома дәрілердің жәрдемімен жазылмаса, хирургиялық жолмен емдеуге тура келеді. Бұл әдістер көбіне мынадай жағдайларда қолданылады: ісік тез өсе бастаса жатырдан қан көп кетіп, әйел қаназдыққа ұшырайтын болса, басқа ағзаларды қысып, олардың қызметін нашарлататын болса; миома жатыр мойнында болса, ісік түйіндері некрозға айналса.
24. Жатыр миомасы. Азинвазивтіоперативтік әрекеттер.
Жатыр миомасы- жатырдың бұлшықет қабатында дамитын қатерсіз ісік. Әйелдерде ең жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Гинекологиялық аурулардың ішінен 12-25% құрайды.
Азинвазивты хирургияның заманауи қадамы болып жаңа технология-Notes есептеледі. Бұл ұғымның әртүрлі түсінігі мен анықтамалары болғанымен оның негізіне бір принцип жатады: бір ғана ену жолын, көбіне кіндік арқылы пайдаланып, тіндердің жарақаты мен операциядан кейінгі тыртықтың санын азайту. Операцияның екі түрін бөледі: бір нүктеден ену және бір тілікпен кіру. Бірінші жағдайда құралдарды ішке енгізу үшін бір аспап пайдаланылады, ал екінші жағдайда-хирург бір тілік арқылы 4 трокарға дейін қолдана алады.Азинвазивті хирургиялық араласулар арасында ең кең таралғандарының қатарына лапароскопиялық, бұл жолдың артықшылықтарына олардың аз жарақаттылығы, операциядан кейінгі өлім санының төмендігі, жалпы жансыздандырумен байланысты қауіптің жоқтығы, науқастың стационардағы күндерінің қысқаруы жатады.
