- •Қатерлі ісік анықталған адамдарға жоғары дәрежеде арнайы ем тәсілдерін қолдану.
- •Қатерлі ісік ауруларына қарсы жүргізілетін шараларды жүзеге асыруға тиісті мекемелер мен орындар:
- •7. Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің онкопатологиясының соңғы 5 жыл ішіндегі сырқаттанушылық және өлім-жітім көрсеткіштері және олардың тенденциялары.
- •8. Ерте онкологиялық патология және предрак туралы ұғым.Онкология: учебник. Абузарова г.Р., Алексеев б.Я., Берзой а.А., Бойко а.А. И др. / Под ред. В.И. Чиссова, с.Л. Дарьяловой. 2009. - 560 с.: ил.
- •13.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың дәрілік емінің (химиотерапия) емінің принциптері және әдістері.
- •7.Иммунотерапиялық емдеу тәсілдері
- •8Гормонотерапиялық емдеу тәсілдері
- •14.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың құрама және қосарлас емінің принциптері және әдістері.
- •15.Әйелдердің репродуктивтік жүйесінің қатерлі ісіктеріне шалдыққан науқастардың таргенттік терапиясының принциптері және әдістері
- •25. Жатыр миомасы.Жатыр миомасына шалдыққан науқас әйелдердің репродуктивтік қызметін сақтаудың мәселелері.
- •26. Жатыр мойыншасының обыралдылық дерттері. Адамның папилломавирустық жұқпасының (инфекцияның ) жатыр мойыншасының дамуындағы ролі. Патогенді фенотиптері.
- •27. Жатыр мойыншасының фондық (астарлас) және обыралдық дерттері.Олардың диагностикалау әдістері.
- •Эндометриоздың клиникалық ерекшеліктері:
- •42. Преинвазивті жатыр мойны обыры емдеу варианттары:
- •43. Жатыр мойнының инвазивті обырының хирургиялық емі. Көрсеткіштері. Хирургиялық емдеу әдісінің жіктелісі.
- •44. Науқастардың операция алды дайындық. Операциядан кейінгі кезең. Асқынулар. Ерте және кеш асқынулар.
- •45. Инвазивті жатыр мойны обырының сәулелік емі. Көрсеткіштері. Қосарлас сәулелік ем. Асқынулары.
- •49.Жатыр денесі обырының морфологиялық жіктемесі.Негізгі гистологиялық формалары.
- •50.Клиникалық және халықаралық жіктемесі figo- 1971 uicc- 2002
- •52. Жатыр денесі обырын диагностикалау әдістері. Заманауи диагностика әдістері.
- •53. Жатыр денесі обырын емдеу әдістері.
- •54. Жатыр денесі обырының негізгі болжамдық факторлары. Болжамдық факторлардың маңыздылығы.
- •61.Аналық без обырының морфологиялық жіктелісі:
- •62.Тқ аналық без обырының дамуындағы рөлі. Тқ синдромдар.
- •63. Аналықбездердің шекаралық ісіктері. Анықтамасы. «қатерлілігі төмен ісіктері» деген ұғым
- •64 Сұрақ:Аналық без рагінің клиникасы.
- •65 Сұрақ:.Аналық без обырынын дивгностикасы,әдістері,диагностикасындагы онкомаркерлердин маныздылығы:
- •66 Сұрақ:аналық без ісігінің хирургиялық емі.
- •76.Қынап (іншек) обыры. Эпидемиологиясы. Этиологиясыжәне патогенезі. Қауіп факторлары.
- •77.Қынап обырының tnm жүйесі бойынша Халықаралық жіктемесі.
- •78.Қынап обырының морфологиялық жіктемесі.
- •82.Трофобластық аурулардың жіктемесі.Морфологиясы.
- •84.Трофобластық ісіктердің клиникасы және диагностикасы.Диагностикалық критерилері.
- •85.Көпіршікті кірме.Клиникасы,диагностикасы.Емдеу әдістері.
- •86.Инвазивті көпіршікті кірме. Клиникасы,диагностикасы.Емдеу әдістері.
- •87,Хорионкарцинома.Жіктелісі.Клиникасы.Диагностикасы.
- •88,89,90 Сосын жиберем
- •91. Сүт безі ісік алды дерттерінің пайда болуының қауіп факторлары.
- •92. Сүт безі қатерсіз ісіктері. Фиброаденомалар. Сүтбездің филлоидтық ісіктері.
- •93. Сүт безі обыры. Эпидемиологиясы. Этиопатогенезі. Қауіп факторлар
- •94.Сүтбез обырының клиникалық формалары .Сүтбездің мастит тәрізді обыры.
- •95.Сүтбез обырының таралу жолдары.Лимфогендік метастазданудың рөлі.
- •96.Сүтбез обырының гистологиялық формалары.
- •97. Сүтбез обырын диагностикалаудың заманауи әдістері.
- •98. Сүтбе обырының маммографиялық скринингі.
- •99. Ісіктің орналасқан жері және сатысына байланысты емдеу принциптері мен әдістері.
- •100 Сүтбез обырына байланысты жасалатын түбегейлі операциялар. Операцияның принциптері.
- •101 Сүтбез обырына байланысты жасалатын ағзасақтаушы операциялар. Оларға көрсетімдер.
- •102 Сүтбезі обырындағы регионарлық лимфодиссекцияның принциптері.
- •103. Сүтбез обырының адъюванттық және неоадъюванттық химиотерапиясы.
- •104. Сүтбез обырының гормонотерапиясы.Гормонотерапия әдістері.Хирургиялық, сәулелік және дәрілік кастрация. Дәрілік кастрацияның негізгі препараттары.
- •105. Сүтбез обырын емдеуде антиэстрогендерді пайдалану (тамоксифенжәне оның аналогтары). Олардың эндометрийге әсері.
- •108. Сәулелік емнің сүтбез обырын емдеудегі рөлі.
- •109. Иммуногистохимиялық зерттеулердің сүт безі обырының диагностикасы және еміндегі маңыздылығы. Сүт безі обырының таргетнтік терапиясы.
- •110. Сүт безі обыры және жүктілік. Жүктіліктің сүт безі обырының ағымына әсері. Сүт безі обырына байланысты түбегейлі ем жүргізілген науқас әйелдердің репродуктивті қызметі.
- •111. Сүт безі обырындағы болжам. Түбегейлі мастэктомия жасалған науқастардың реабилитациясы. Әлеуметтік, дәрігерлік және кәсіби реабилитация.
- •79.Қынап обырының клиникасы және диагностикасы. Заманауи диагностика әдістері.
- •80.Қынап обыры емдеудің жалпы принциптері.
- •81.Трофобласттық ауру. Эпидемиологиясы. Этиологиясы және патогенезі.
1-сұрақ.
ҚР онкологиялық қызметті ұйымдастыру принциптері:
Қатерлі ісіктен сақтандырудың біріншілік алдын алу шаралары.
қатерлі ісіктен сақтандырудың екіншілік алдын алу шаралары.
Қатерлі ісікке шалдыққан адамдардың науқасын дер кезінде жаңартылған тәсілдермен анықтап, оларды диспансерлік есепе алу.
Қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға жоғары дәрежеде мамандандырылған ем тәсілдерін қолдану.
Қатерлі ісікпен емделген адамдарды диспансерлік бақылауға алып, олардың қалыпты жағдайда өмір сүруін қолайлы жағдайды ұйымдастыру.
Бұқара халық арасында қатерлі ісікке қарсы үгіт- насихат жұмыстарын пәрменді жүргізу.
Біріншілік алдын алу шаралары дегеніміз- қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әсерлерін тигізетін ішкі және сыртқы себептерді анықтап, ол себептердің адамның дене мүшелеріне тигізетін зиянды әдеттерін болғызбау шараларын ұйымдастыру. Ісіктің пайда болуына әсерін тигізетін себептерді эпидемиологтар, тазалық саласында жұмыс жасайтын дәрігерлер, ғылыми тәжірибелік зертханалар іздейді, ал анықталған сыртқы себептердіболдырмау немесе оның мөлшерін азайту, тіпті жойып жіберу шараларымен онеркәсіп пен шаруашылық мекемелері және жергілікті әкімшіліктер шұғылданады. Мысалы, өкпе қатерлі ісігін туғызатын себептердің бірі- сыртқы ауаның әртүрлі газдармен, шаң тозаңмен ластануы болып табылады. Осы зиянды шаң мен газдың мөлшерін азайту немесе жоқ қылу үшін өндірісте қалдықсыз технологиялық жұмыс әдістерін кеңінен қолдану керек.
Екіншілік алдын алу шаралары- ісік алды ауруларды дер кезінде тауып, ондай адамдарды 1 «б» диспансерлік топтың есебіне алып, тиімді ем шараларын қолдану арқылы қатерлі ісіктің пайда болуына жол бермеу. Бұл жұмысты жалпы емдеу шебінде жұмыс жасайтын әртүрлі мамандықтағы дірңгерлер іске асырады.
Қатерлі ісікті анықтау- қажетті құрал жабдықтарды тиімді пайдалана отырып, қатерлі ісікке шалдыққан адамдарды мүмкіндігінше дер кезінде тауып, II, II “a”, IV клиникалық топқа есепке алады. Қатерлі ісік ауруын анықтау кезінде жалпы емду орындарындағы дәрігерлерге аудандық онкологтар әдістемелік, кеңестік көмектер береді. Науқасы толық анықталған адамдарға жоғарғы дәрежеде қатерлі ісікке қарсы жан жақты дәрігерлік көмк көрсете алатын онкологиялық диспансерлерге жолдама беріледі.
Қатерлі ісік анықталған адамдарға жоғары дәрежеде арнайы ем тәсілдерін қолдану.
Қатерлі ісіктен емделген адамдарды диспансерлік бақылауға алу және сауықтыру. Жалпы қатерлі ісікпен ауырған адамдар
Қатерлі ісік ауруларына қарсы жүргізілетін шараларды жүзеге асыруға тиісті мекемелер мен орындар:
Республика Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу профилактикалық басқармасының бас маман онкологі. Басқарманың онкология жөніндегі инспекторы арқылы ісікке қарсы жүргізілетін барлық жұмыстарға қолбасшылық жасайды.
Респеубикалық онкология және радиология ғылыми зерттеу институты (ғылыми әдістемелік орталық). Қазақтың онкология және радиология ғылыми зерттеу институты 1960 жылы ұйымдастырылды. Институттың алдына қойылған міндет, біріншіден, ісік ауруларының есеп санақ жұмыстарын дұрыс жолға қою арқылы оның өлкелік тарау ерекшеліктерін, көп тараған түрлерінің себептерін анықтап, одан сақтану жолдарын іздестіру; екіншіден, ісік ауруын анықтаудың және емдеудің күрделі жаңа әдістерін тәжірибелік клиникалық жолмен зерттеу; үшіншіден, ісік ауруына байланысты тиімді ғылыми жұмыстардың қорытындысын облыстағы онкология диспансерлерінің практикалық жұмыстарына үнемі енгізіп отыру болып табылады. Яғни, бұл мекеме қатерлі ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастыруға ғылыми әдістемелікжолбасшылық жұмысын атқарады.
Онкологиялық диспансерлер. Ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастырып, оны іс жүзіне асырып отыратын негізгі денсаулық сақтау мекемесі. Ол Республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық, ауданаралық болуы мүмкін. Оның құрамы ауруханасындағы төсек саны, емханасындағы қарау мүмкіншілігі сол жердегі халықтың санына және олардағы ісік ауруының санына, түрлеріне байланысты айқындалмақ. Диспансердің негізгі құрамында аурухана, зертхана, ұйымдастыру әдістемелік бөлме, кеңес беретін емхана болуы керек. 300 төсек орны бар диспансердің құрамында хирургиялық, сәулемен емдейтін және гинекологиялық бөлімшелер болуы тиіс. Ал одан артық төсек орны бар диспансерлерде басқа да бірқатар ( бас пен мойын ісіктері, кеуде қуысындағы дене мүшелерінің ісігі, несеп жолдары, химиотерапиялық т.б) бөлімшелер ашқан дұрыс.Диспансердің емханасында ісік ауруын анықтау үшін мүмкіншіліктері мол жаңа құрал жабдықтар (рентген-диагностикалық, радиоизотоптық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық т.б), цитологиялық, гистологиялық және клиникалық зертханалар болуы керек.
Онкологиялық бөлмелер(диспансерлік бөлімшелер) – қалалық, аудандық ауруханалардың құрамындағы емханаларда ұйымдастырылады. Онда ісік ауруына қарсы шараларды ұйымдастыруға білімі мен мүмкіншілігі жетерлік дәрігер онкологтық сараптамадан өткен мамандар жұмыс істеуі керек. Олар тікелей сол емхананың бас дәрігеріне немесе оның құрамындағы бөлімше меңгерушісіне бағынады да, өз мамандықтарына байланысты нұсқауларды сол аумақтағы онкологиялық диспансердің бас дәрігерінен алады. Оған бөлімшелік онколог міндеті жүктеледі. Егер аудан көлемінде бірнеше емхана немесе диспансерлік бөлімшелер болса, онда солардың ішіндегі бір дәрігерге аудандық онколог міндеті жүктеледі.
Әйелдерді қарау бөлмесі. Қалалық, аудандық, орталық емханада және бөлімшелік аухананың құрамында, фельдшер- акушерлік пунктерінде ұйымдастырылады. Онда ісік ауруы жөнінде арнайы дайындығы бар, сараптаудан өткен орта білімді акушерка жұмыс жасайды. Бөлмеде әйелдерді қарап көру тәсілдеріне жағдай жасалады. Оның жұмысына емханадағы сақтандыру бөлімшесінің меңгерушісі жолбасшылық жасайды, ал әдістемелік көмекті емхананың онкологі береді.
Қарайтын бөлме емхананың тіркеу бөліміне іргелесболғаны жөн. Онда гинекологиялық орындық, тақтай төсек, әйелдердің жыныс мүшелерін, тік ішегін қарайтын аспаптар, жағынды(мазок) алатын әйнекшелер, т.б болуы керке. 2010 жылы Қазақстанда 518 әйелдерді қарау бөлмесе жұмыс жасайды.
2- сұрақ.
Онкологиялық науқастардың клиникалық топтары:
I «а» топқа - қатерлі ісікпен ауыратындығына күдіктенген адамдар алынады, оларға 10 тәулік ішінде жан жақты анықтау тәсілдері қоланылады.
I «б» топқа – қатерлі ісікалды науқастрамен ауыатын адамдар жатады.
II топқа - қатерлі іскке қарсы қолданылатын арнайы ем тәсілдерін жүргізіп, түбегейлі немесе біршама ісіктің көлемі мен зардабын азайтуға мүмкіншілік бар науқастар жатады (ісіктің I-II-III-ші даму сатысындағылар).
II «а» топқа - қатерлі іскке түбегейлі ем тәсілін қолдану арқылы науқасынан толық жазылып кетуге мүмкіншілігі бар адамдар жатады (ісіктің I-II-ші даму сатысындағылар).
III топқа - арнайы жүргізілген ем тәсілдерінен кейін қатерлі ісіктен сауығып кеткен адамдар жатады.
IV топқа - қатерлі ісігінің көлемі ұлғайып, ісігі дененің басқа мүшелеріне кең тараған адамдар жатады (IV-ші даму сатысындағылар).
3-ші сұрақ.
Онкологиядағы диспансеризация принципі:
Қатерлі ісікпен ауырған адамдар өмір бойы диспансерлік бақылауда болады.
Емделіп шыққаннан кейін ісіктің қайта өрбіп, жаңа метастаздарының пайда болған не болмағандығын анықтау мақсатында емханалардағы онкологтар науқастанған адамдарды бірінші жылдың ішінде 4 рет (әрбір үш ай сайын), екінші жылы екі рет (алты ай сайын), ал үшінші жылдан бастап өмірінің соңына дейін жылына бір рет міндетті түрде жан жақты тексеруден өткізіп тұрады.
Онологиялық ауруларды сауықтыру (қалыпты жағдайға келтіру)
Медицинаны сауықтыру- аурудың функционалдық, психикалық жағдайларын қалыпты өмір сүруге бейімдеу.
А) Ауруханаға жату алдындағы кезең;
Ә) Ауруханалық кезең.
Б) Ауруханадан кейінгі кезең.
Еңбектік сауықтыру.
Әлеуметтік сауықтыру.
4-сұрақ.Қатерлі түзілістердің 4 стадиясын ажыратады: І стадия – ісік жергілікті, шектелген аймақты алады, мүше қабырғасына өспейді, метастаздар болмайды; ІІ стадия – ірі көлемді ісік, мүше қабырғасына өсуі мүмкін, бірақ мүше шекарасынан аспайды, регионарлы лимфа түйіндеріне метастаздар беруі мүмкін; ІІІ стадия– ірі көлемді ісік, ісік ыдырауы, көп метастаздар береді; ІV стадия – алыс мүшелер мен лимфа түйіндеріне метастаз береді.
Ісктердің халықаралық классификациясы – TNMP. T – tumor, біріншілік ісік көлемін сипаттайды, 4 стадиясы бар: Т1-4.
Т0-ісіктің негізгі пайда болған жері белгісіз,Т1 «is»қатерлі ісік жана пайда болып кілегей қабықша астына өрби бастағаны,Т1- ісік көлемі 1 см аспаған,Т2-2-5 см аралығында болған,Т3-5 см артық.,Т4-өте үлкен ісік.
N – nodula, лимфа түйіндерінің зақымдалуын сипаттайды: N0 – метастаз жоқтығы; N1 – жергілікті лимфа түйіндердегі метастаз; N2 – екінші ретті лимфа түйіндеріне метастаз беру; N3 – алыс лимфа түйіндеріне метастаз. M –metastasis, мүшеге метастаз беру, М0 – метастаз жоқ; М1 – метасьаз бар.
Қатерлі ісік дененің басқа мүшелеріне метастаз бесе М қасына мыналар қойылады:РИI-өкпеде,OSS-сүйекте,Нер-бауырда,BRA-мида.
Р – қуысты мүше қабырғасына ісіктің өсуінің тереңдігін сипаттайтын гистологиялық критерий. Р1 – кілегей қабықты инфильтрациялайтын рак; Р2 – шырышасты қабырғасын инфильтрациялайтын рак; Р3 – субсерозды қабыққа дейін таралатын рак; Р4 – серозды қабықты немесе мүше қабырғасынан асатын ісік.
TNMP классификация келесідегідей болады: T1-4N0-3M0-1P1-4
Т критерийі әр мүшеге өз ерекшелігі бар: ішек рагы T1 – ісік ішек қабырғасының бір бөлігін ғана алады; T2 – ісік ішек айналымының жартысын алады; T3 – ісік ішек айналымын толық алады, өзегін тарылтады, өткізбеушілік симптомын тудырады; T4 – ішек өзегін обтурациялайтын немесе циркуляторлы тарылтатын ісік.
5-сұрақ.Сүтбезінің обырын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі
19. Сүтбезі обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50, 52, 54, 56, 58, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады. Скринингте сүт безінің қатерсіз ісігі бойынша есепте тұратын немесе маммолог, онкомаммологта диспансерлік есепте тұрған және динамикалық маммографиялық зерттеулер жүргізуге жеке кестесі бар әйелдер қатысады. 20. Сүтбезі обырының скринингі дайындық, скрининг жүргізу, қорытынды кезеңнен тұрады және оған мыналар кіреді: қос сүтбезінің маммографиясы 2 проекцияда жүргізіледі; екі немесе одан да көп тәуелсіз дәрігер-рентгенологтармен (екі жақты оқу) маммограмманы түсіндіру; маммографияларда патологиялық ошақтар (М3, М4, М5) анықталған жағдайда онкологиялық диспансердің (бұдан әрі - ОД) маммографиялық кабинетіндегі көрсетілімдер бойынша сүт бездерінің тереңдетілген диагностикасы (нысаналы маммография, ультрадыбыстық зерттеу (бұдан әрі - УДЗ), пункциялық биопсия немесе стереотаксиялық пункция, гистологиялық зерттеулер жүргізіледі. 21. Дайындық сатысына мыналар кіреді: нысаналық топтарды қалыптастыру; ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру, оның ішінде мекенжайы бойынша, электронды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып. 22. Сүтбезі обырын ерте анықтау скринингін жүргізу сатысына кіреді: қос сүтбезінің маммографиясы 2 проекцияда жүргізіледі – қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық кабинетінде түзу және қисық (жылжымалы медициналық кешен). Барлық сандық маммограммалар 1:1 көлемінде рентгенографиялық пленкаларда шығарылады (1 әйел – 1 жиынтық – 4 маммограмма) және CD/DVD сандық тасымалдаушыда көшіріледі. 23. Бұл ретте МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері: маммографиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналын және 025-08/е нысанды толтырады; маммографияны аудандық, қалалық емханаларға жібереді. 24. Маммографиялық кабинеттің рентгензертханашысы скринингтік маммографияға жататын пациенттерді есепке алу журналын ҚР ДСМ № 907 бұйрығымен бекітілген маммограмманы «қайта оқуға» жолдаманы толтырады; қалалық, аудандық емханалардың маммографиялық кабинетінің (жылжымалы медициналық кешен) рентгенолог дәрігері BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылай отырып, маммограммаларды «бастапқы оқуды» жүргізеді. 25. Бұл ретте дәрігер-рентгенолог: маммографиялық зерттеулердің қауіпсіздігі мен сапасына негізгі жауапкершілікті алады; «қайта оқу» нәтижелерін 025-08/е есепке алу нысанына енгізіледі және маммограмманы «қайта оқуға» жібереді; BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылаумен маммограмманы қайта оқу ОД маммографиялық кабинетінің рентгенолог-дәрігерімен жүргізіледі. Нәтижесіне қарамастан барлық маммограммалар онкологиялық диспансерге, оның ішінде телемедициналық байланыс арқылы «қайта оқуға» жіберіледі. Емханалардан онкологиялық диспансерге маммограммаларды беру онкологиялық диспансердің маммографиялық кабинетінің медициналық тіркеушісінің (мұрағатшы) қолы қойылған ілеспелі құжат арқылы жүргізіледі. Барлық маммограммалар (пленкалар мен электронды тасымалдаушылар) аудандық емхананың, онкологиялық диспансердің маммографиялық мұрағатында мұрағатталады. Скрининг шеңберінде жасалған маммограммалар пациентке берілмейді. 26. ОД маммографиялық кабинетінің рентген-дәрігері: ұсынылған суреттердің сапасы мен төсеудің дұрыстығын бағалайды; BI-RADS жіктемесі бойынша нәтижелерін талқылаумен маммограмманы қайта оқуды жүргізеді. Қажет болған жағдайда үшінші оқуды ұйымдастырады; МСАК ұйымына екінші (үшінші) оқу (жолдаманың жыртпалы) нәтижелерін жібереді; МСАК ұйымдары арқылы әйелді тереңдетілген тексеріп-қарау диагностикасына шақырады; МСАК ұйымдары тереңдетілген диагностикаға: (нысаналы маммография арқылы әйелдері, сүтбезі УДЗ, пункциялық биопсияны немесе стереотаксиялық пункцияны кейіннен көрсетілімдер бойынша жүргізілетін материалдарды гистологиялық зерттеумен жасалатын стереотаксиялық пункция шақырады). 27. Тереңдетілген диагностикалауға арналған айғақтар М3/М4/М5 (анықталмаған маңыздылықтың ауытқуының болуы/қатерлілікке күдік тудыратын белгілер/қатерлілік белгілері) маммограммаларын қайта оқудан кейінгі қорытынды болып табылады. Тереңдетілген диагностиканы жүргізген рентгенолог МСАК ұйымдарына нәтижелерді жібереді; 28. Қорытынды сатысына сүтбезінің қатерсіз пайда болулары бар пациенттерді толық тексеріп-қарау, анықталған патологиясы бар науқастарды диспансерлік есепке алу, есеп беру-есептілік статистикалық құжаттаманы рәсімдеуді аяқтау жатады. 29. Бұл ретте маммографияның нәтижесін алу кезінде МСАК ұйымдарының/МСАК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігері: М1 (патологиясыз) – пациентке келесі маммографиялық тексеріп-қарауды 2 жылдан кейін жүргізуді ұсынады; М2 (сүтбезі қатерсіз ісігі, қатерсіз ісікке басым мәліметтер) – пациент КДБ/КДО маммологына емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі; М3/М4/М5 (анықталмаған маңызы бар ауытқудың болуы/қатерлі ісікке күдік тудыратын белгілер/қатерлілік белгілері) – тереңдетілген диагностикалаудың нәтижелеріне сәйкес пациентті консультацияға және онкологқа, ОД маммологына динамикалық бақылауға жіберіледі. Қатерлі ісіктің жоқтығы дәлелденгеннен кейін, көрсетілген маммография нәтижелерімен пациент КДБ/КДО маммологына емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі; М6 (сүтбезі обыры, патоморфологиялық верификацияланған) – пациент аудандық емхананың онколог, маммолог дәрігеріне емдеу және динамикалық немесе диспансерлік бақылау үшін жіберіледі; ОД дәрігер-рентгенологының ұсынымы бойынша сапасыз бейнеленген жағдайда (пленканың техникалық проблемалары, дұрыс төселмесе) маммографиялық кабинетке қайталап маммографиядан өтуге немесе КДБ/КДО маммологына қысқа мерзімді динамикалық бақылауға жіберіледі; Амбулаториялық пациенттің медициналық картасына жолдаманың маммограммаларын рентгенолог дәрігердің қайта оқу қорытындысы бар қиынды жабыстырылады; 30. Скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері маммографиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналына Ұлттық скринингтік бағдарламаның қатысушысының паспорты, 025-08/е нысаны енгізіледі және келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде ай сайын өңірлік ақпараттық-талдау орталығына жіберіледі. 31. Егер тереңдетілген диагностикалау тағайындалатын болса, 025-08/е нысаны толтырылды деп саналады және КДБ/КДО, ОД-ден келген барлық тағайындалған зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін статистикалық өңдеу үшін жіберілуі тиіс. Тексеріп-қарау нәтижелері және пациентті одан әрі бақылау жөніндегі ұсынымды учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жіберіледі.
5-параграф. Жатыр мойнын ерте анықтауға скрининг жүргізу алгоритмі
32. Жатыр мойны обыры бойынша диспансерлік есепте тұратын 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдер нысаналы топтары болып табылады. 33. Жатыр мойны обырының скринингі дайындық, скрининг жүргізу, қорытынды сатыдан тұрады және оған мыналар кіреді: Папаниколау (Пап-тест) бойынша жатыр мойнынан жағындыларды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитологиялық әдіспен ғана жүргізіледі; ASC-H, HSIL, AGS, AIS, обыр цитологиялық қорытындылар кезінде тереңдетілген диагностикалау (кольпоскопия, биопсия, гистологиялық тексеріп-қарау). 34. Дайындық сатысына кіреді: нысаналы топтарды құру; ақпараттық сүйемелдеу, скринингке шақыру, оның ішінде мекенжайы бойынша, электронды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану. МСАК ұйымдарының/МСАК бөлімшелерінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері: Халықтың нысаналы топтарының тізімін қалыптастырады, әр пациент үшін тексеріп-қарау күні мен уақытын анықтайды және олардың материал алу үшін келуін қамтамасыз етеді; скринингтік тексеріп-қараудың дайындық сатысында пациентке скринингтен өтуге қойылатын талаптар туралы хабарлайды: бір тәулік бұрын жыныстық қатынас, шайыну, ванна, тампондарды және басқаларын қоса алғанда қыныптық манипуляциялар жасамау; Скрининг өткізу кезеңі мыналарды қамтиды: 1) цитологиялық тексеріп-қарауға материал алу МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинетінде іске асырылады; МСАК ұйымдарының/МСАК бөлімшелерінің профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің дәрігерге дейінгі кабинетінің орта медицина қызметкері: Цитологиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналын және 025-08/е нысанды толтырады; МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинеттеріне жібереді. МСАК ұйымдарының тексеріп-қарау кабинетінің акушеркасы: жатыр мойнын айнада қарайды; цитологиялық тексеріп-қарауға (Рар-тест) жағындыларды цитологиялық зерттеу сұйықтық цитологиялық әдісімен (бір контейнер) алуды іске асырады; цитологиялық тексеріп-қарауға жолдаманы толтырады және биоматериалды ОД/патологоанатомиялық бюроға жібереді; Рар-тесті нәтижелерін ОД/патологоанатомиялық бюросынан алуды бақылауды іске асырады; Нәтижелерді алу мерзімі мен скрининг нәтижелері туралы әйелдерді ақпараттандыру екі аптадан аспауы керек; 2) Бетесдің терминологияық жүйесі бойынша түсіндірумен цитологиялық зерттеу, 2001 (БТЖ). Бұл ретте цитологиялық зертхананың тіркеушісі/цитотехник: келіп түскен контейнерлерді скрининг бойынша жүргізілетін цитологиялық зерттеулер журналында тіркейді; цитологиялық зерттеулердің нәтижелерін МСАК ұйымдарына жібереді; 3) келесі айғақтар бойынша тереңдетілген диагностика (кольпоскопия, биопсия) жасайды; ОД немесе арнайы даярлықтан өткен (білім алған) аудандық, қалалық емханалардың онкогинекологтарының цитологиялық қорытындылары кезінде - ASC-H, LSIL; ОД онкогинекологтарының AGS, AIS, обыр цитологиялық қорытындылар кезінде. Дәлелденбеген цитологиялық нәтижесі бар эрозияның болуы скрининг кезінде кольпоскопия үшін көрсеткіш болып табылмайды. Гистологиялық зерттеу патологоанатомиялық бюроның ОД патоморфология зертханасында жүргізіледі. Биоптаттың морфологиялық түсіндіруі жалпыға бірдей қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес іске асырылады. 36. Қорытынды саты өзіне анықталған патологиямен пациенттерді диспансерлік есепке алу, есептік-есепке алу құжаттарын ресімдеуді аяқтау кіреді. Бұл ретте МСАК ұйымдарының МСАК бөлімшелерінің (кабинет) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек дәрігері Рар-тестінің БТЖ бойынша нәтижелерін алған кезде: жағынды сапасының нашар болуы пациентті цитологиялық скринингке қайталап шақырады; «Цитограмма ерекшеліктерсіз» (мөлшер) пациентке келесі цитологиялық скринингті 5 жылдан кейін жүргізуді ұсынады; «Қабыну үдерісі немесе микроорганизмдер» дәрігер гинекологта емделу мен тазартуды ұсынады; ASC-US, LSIL эпителилік жасушалар атипиясы аудандық, қалалық емханалардың дәрігерінде гинеколог цитологиялық бақылауды 6 айдан кейін жүргізумен емделу мен динамикалық бақылауды ұсынады. Персистенция немесе ауырлау кезінде биопсиямен кольпоскопия жүргізуді, қалыпты цитограммада 6 айдан кейін – қосымша Рар-тест 12 айдан кейін ұсынады; ASC-H, HSIL интраэпителиалдық зақымдану пациентті арнайы дайындықтан өткен аудандық, қалалық емханалардың гинекологына, ОД-онкогинекологына жібереді; AGS, AIS бездік жасушалардың атипиясы, обыры пациентті ОД онкогинекологына тереңдетілген диагностикалауға жібереді. 37. Жатыр мойнының биопсиясының гистологиялық нәтижелерін алу кезінде: CIN I пациентке аудандық, қалалық емханалардың гинекологында 6 және 12 айдан кейін цитологиялық бақылауды жүргізумен толық зерттеп-қаралуға, емделуге және динамикалық бақылауда болуды ұсынады; CIN 2, CIN 3, CIS, AIS, обыр пациентті ОД емделуге және динамикалық бақылау жіберіледі; CIN 2, CIN 3, CIS, AIS емделгеннен кейін барлық пациенттер аудандық, қалалық емханалардың гинекологында 4, 6 және 12 айдан кейін қайталама Рар-тестілерді жүргізумен бақыланады. Қажет болған жағдайда (оң Рар-тест бақылауда) ОД онкогинекологтарының консультациясын жүргізеді. Амбулаториялық науқастың медициналық картасына цитологиялық зерттеулер нәтижесінің бланкі жапсырылады. 38. Ұлттық скринингтік бағдарламаға қатысушының паспорты, амбулаториялық пациенттің профилактикалық медициналық тексеріп-қарау статистикалық картасы (скрининг) скринингтік тексеріп-қараудың нәтижелері цитологиялық скринингке жататын пациенттерді есепке алу журналына енгізіледі және келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың 1 күніне дейінгі мерзімде ай сайын өңірлік ақпараттық-талдау орталығына тапсырылады. Тереңдетілген диагностика жасауды тағайындаған жағдайда 025-08/е нысаны барлық тағайындалған зерттеулердің нәтижесі алынғаннан кейін статистикалық өңдеуге тапсырылады. 39. Тексеріп-қарау нәтижелері және пациенттің одан әрі бақылануы жөніндегі ұсыным учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне жіберіледі. Әрбіпен р әйел тиісті ұсынымдар беріле отырып, тексеріп-қарау нәтижелері туралы ақпараттандырылады.
Қателі ісікпен ауырған адамдар өмір бойы диспансерлік бақылауда болады.Емделіп шыққан кейін ісіктің қайта өрбіп ,жаңа метастаздардың пайда болған не болмағандығын анықтау мақсатында емханалардағы онкологтар науқастанған адамдарды бірінші жыдың ішінде 4 ет(әрбір 3 ай сайын),екінші жылы 2 рет(арбір 6 ай сайын),ал үшінші жылдан бастап өмірінің соңына дейін жылына 1 рет міндетті түрде жан жақты тексеруден өткізіп тұрады.
Сүт безі рагымен емделген науқастар 3-ші топта бақылауға алынадды.олар 1 жылы әрбір 3 ай сайын,2-ші жылы әрбір 6 ай сайын,ал 3-ші жылдан бастап өмірінің аяғына дейін 1 рет емханалық онкологқа келіп, жан жақты тексеріліп тұрады.Ондағы мақсат қатерлі ісіктің бұрынғы ошақтық аймағында рецидив ,аймақтық лимфа бездерінде және дененің басқа мүшелерінде метастаздардың бар немесе жоқтығын анықталады.Егерде бақылаудағы науқастарда жергілікті рецедив немесе басқа мүшелерде метастаз бар екені анықталса,оларға әр түрлі ем шаралар қолданылады.
6-сұрақ.Онкологиядағы негізгі медициналық үлгілер
090/у-үлгісі-алғашқы рет қатерлі ісік науқасы анықталған адамдарға кез келген мамандықтағы дәрігер топтары, үш тәулік ішінде оны онкологиялық диспансерге жібереді.
025/у-үлгі-науқас адамның медициналық кітапшасы
027/2у-үлгісі-қатерлі ісік ұлғайып, науқасы кеш анықталған(4 даму сатысы және көзге көрінетін ағзалардағы қатерлі ісіктің 3 даму сатысы) адамдарға 2 дана толтырылады,олардың біреуі емханаға,екіншісі онкодиспансерге жіберіледі.
027/1у-үлгісі-қатерлі ісіктен емдлген адамның сырқатнамасынан тұжырымды көшірме.Ол емханадағы онкологиялық бөлмелерге жіберіліп,науқасқа диспансерлік бақылау жұмыстары үргізіледі.
030-6у-үлгісі.Қатерлі ісікпен ауыратыдарды және одан емделгендеді диспансерлік жжағдайда бақылау үлгісі(науқас 1 ші жылы әрбір 3ай ссайын,2ші жылы-6 ай сайын,ал 3ші жылдан өмірінің соңына дейін жылына 1 рет тексеріліп тұрады.)
038-0у-үлгі.Онкологиялық үгіт-насихат жұмыстаын тіркейтін кітапша.
