- •5В071300-«Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша мак емтихан сұрақтары
- •1 Көліктік техниканың энергетикалық қондырғылары Алипов к.С.
- •2Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Каржаубаев а.С.
- •1.1 Қозғалтқыштың суыту жүйесі. Арналуы және жұмыс принципі.
- •Іштен жану қозғалтқышының суыту жүйесі. Арналуы және жұмыс принципі.Умк. Лабо
- •1.2 Автомобильдің техникалық күйі туралы түсінік.
- •2.1 Роторлы –поршенді қозғалтқыш.
- •2.2 Көліктік техниканың физикалық ескіру себептері.
- •2.3 Айнымалы күш түскенде беріктікке есептеу
- •3. Айнымалы цикл.
- •3.3 Берілістердің негізгі көрсеткіштері
- •- Билет
- •1. Поршендер мен поршенді сақиналар. Поршенді саусақтар.
- •4. 1) Поршендер мен поршенді сақиналар. Поршенді саусақтар.
- •4. 2) Автомобильдерді техникалық күту түрлері, олардың атқаратын қызметі мен міндеттері.
- •4. 3) Тісті берілістер. Жалпы түсінік. Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •- Билет
- •2. Автомобильдерді жөндеу түрлері, олардың атқаратын қызметі мен міндеттері.
- •5. 2) Автомобильдерді жөндеу түрлері, олардың атқаратын қызметі мен міндеттері.
- •5. 3) Тісті берілістердің топтасуы.
- •6. 2) Автомобильдердің техникалық пайдалану нормативтерін түзету.
- •7.2 Автомобильдердің техникалық күйінің өзгеру қарқындылығына әсер ететін факторлар.
- •7.3 Тісті берілістерде есепке алынатын күш және жүк коэффициенті.
- •6.1 Есепке алынатын күш және жүк коэффициенті
- •8.2 Автомобильдердің №1 техникалық күтудің негізгі операциялардың мазмұны.
- •8.3 Цилиндрлік тік тісті берілістердің иілу беріктегіне есептеу.
- •6.2 Түзу тісті дөңгелектердің тістерін иілуге есептеу
- •Мұндағы d – бөлгіш шеңбердің диаметрі
- •6.1 Сурет – Тістерді
- •9. 2. Автомобильдердің №2 техникалық күтудің негізгі операциялардың мазмұны.
- •9.3 Цилиндрлік тік тісті берілістердің жанасу беріктегіне есептеу.
- •10. 3. Қиғаш және цилиндрлі тісті берілістерді есептеудің ерекшеліктері
- •- Билет
- •1. Қозғалтқыштың сұйықпен суыту жүйесінің механизмдері мен аспаптары.
- •3. Конустық тісті берілістердің ерекшеліктері және олардың геометриясы.
- •11. 3. Конустық тісті берілістердің ерекшеліктері және олардың геометриясы.
- •- Билет
- •2. Автокөлік кәсіпорында техникалық күту және ағымды жөндеу үрдісі.
- •3. Конустық тісті берілістерді иілу беріктегіне есептеу.
- •12. 2 . Автокөлік кәсіпорында техникалық күту және ағымды жөндеу үрдісі
- •12. 3.Конустық тісті берілістерді иілу беріктегіне есептеу.
- •13.2 Автомобильді диагноздау үрдісі және әдістері.
- •13.3 Конустық тісті берілістерді жанасу беріктегіне есептеу.
- •14.2 Технологиялық және диагностикалық жабдықтардың жіктелуі.
- •14.3 Бұрамдықты беріліс, жалпы сипаттамалары, қолдану
- •9.1 Жалпы түсінік
- •1.7. Козғалтқыштардың қоректену жүйелерінің жалпы схемалары
- •15.2 Жинау – жуу және тазалау жұмыстарына арналған жабдықтар.
- •15. 3 Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы.
- •9.2 Бұрамдықты жұптың кинематикасы мен геометриясы
- •16. 2 Істен шығулар және олардың жіктелуі.
- •16. 3 Бұрамдықты берілістерд іиілу беріктігін есептеу.
- •17. 2 Майлау – құю жұмыстарына арналған жабдықтар.
- •17. 3Бұрамдықтыберілістердіжанасуберіктігінеесептеу.
- •2.5. Майлау жүйесінің түрлері.
- •18 2. Инженерлі – техникалық қызметті ұйымдастыру және басқарудың формалары мен әдістері..
- •18. 3. Біліктер мен өстер. Жалпы түсінік және олардың материалдары
- •19.1 Іштен жану қозғалқышының майлау жүйесі. Топтасуы және майлау жүйесінің сүлбесі. Умк21.
- •19.2 Жеңіл автокөліктің дөңгелектерін басқарушы бұрыш қондырғысын тексеру және реттеу.
- •19.3 Біліктерді беріктікке есептеу
- •20.1 Термостат. Құрылысы, атқаратын қызметі.
- •20.2. Оп прибордың көмегімен автомобиль фарын тексеру мен реттеу.
- •20.3 Біліктерді жобалап есептеу.
- •Электромагнитные форсунки
- •22. 2 . Автокөліктердің тежеу жүйесінің техникалық сипаттамалары, тексеру және өлшеу.
- •22. 3 Мойынтіректер.Жалпысиппатама.Сырғанумойынтіректер.
- •23.2 Автомобиль көлік ұйымының жіктелуі.
- •23.3 Домалаумойынтіректері. Жалпытүсінікжәнетүрлері.
- •1. Турбонагнетатель Эберспехер көлемі кіші қозғалтқыштарды үрлеу үшін
- •2. Турбонагнетатель Томпсон бензинді қозғалтқыштар үшін
- •3. Принцип действия, устройство и схема наддува двигателя Компрекс
- •24.2 Жылжымалы құрамның ағымды жөндеу өндірісін ұйымдастыру және басқару.
- •24.3 Домалау мойынтіректерін мерзімділікке есептеу.
- •2.25 Өндірістік үрдіс және оның элеметтері
- •27.2) Автокөлік қозғалтқышына диагностика жасау.
- •27.3) Пісіру арқылы қосу. Олардың құрылымы, түрлері, пайдалану аумағы.
- •28.3) Бұрандалы қосылыс. Олардың құрылымы, түрлері, пайдалану аумағы
- •3.29 Бұрандалы қосылыс.Винт жұптарының теориясы
- •– Билет
- •2. Техникалық күтудің мерзімділігі.
- •3. Шлицті (оймакілтекті) қосылыс. Түрлері. Шлицті қосылыстарды есептеу.
- •2.30 Техникалық күтудің мерзімділігі
- •3.30 Шлицті (оймакілтекті) қосылыс. Түрлері. Шлицті қосылыстарды есептеу
- •6 Шлицті қосылыстар
- •15.7 Шлицті қосылыстың түрлері
- •15.8 Эвольвентті шлицті қосылыстар
- •15.9 Шлицті қосылыстарды есептеу
3.3 Берілістердің негізгі көрсеткіштері
Барлық берілістердің негізгі корсеткіштері - олардың қуаты мен жылдамдық шамасы, беріліс саны және пайдалы эсер коэффициенті.
Механика теориясы курсынан белгілі,айнымалы бөлшектің сызықтық немесе шеңберлік жылдамдыгын олардың айналу осінен қашықтығына және бұрыштык жылдамдығына байланысты табуға болады:
D - айналмалы дененің диаметрі, п, ω – айналу, немесе бұрыштық жылдамдық. Осы сызыктық жылдамдық векторының бойымен шеңберге жанама (радиусқа перпендикуляр) әсер ететін күшті шеңберлік күш деп атаймыз. Олардың қуатпен және сызықтык жылдамдықпен байланысын төмендегіше өрнектеуге болады:
,
F-шеңберлік күш, Н;
v - сызықтық жылдамдық м/с.
Егер білікке әсер ететін күш моменті белгілі болса, онда шеңберлік күш:
.
Сондай-ақ көптеген жағдайларда есептеу кезінде қуат пен күш моментінің қатынасын білген жөн. Егер қуат киловатт олшемімен берілгенде былай жазуға болады
Р - қуат Вт олшемінде;
ω - бұрыштық жылдамдык, с -1
Т - айналдырушы момент, Н∙м.
Жоғарыда айтылған берілістердің негізті корсеткіштерінің бірі олардың беріліс саны. Берілістердің беріліс саны деп жетекші және жетектегі дененің айналу жылдамдықтарының қатынасын айтады.
и - берілістердің беріліс саны.
Берілістердің пайдалы әсер коэффициенті әдеттегідей пайдалы қуаттың жүмсалған қуатқа қатынасынан табылады.
.
Сатылы орналасқан бірнеше берілістердің жалпы пайдалы эсер коэффициенті олардың әрқайсысының пайдалы әсер коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең:
ηΣ - берілістердің жалпы пайдалы әсер коэффициенту ηl, η2, η3,..., η n -жеке берілістердің пайдалы әсер коэффициенті, сондай-ақ берілістердің жалпы беріліс саны да осылай табылады:
иΣ = u1и2u3...un
иΣ - берілістің жалпы беріліс саны;
и1 и2 и3,..., иn - жеке берілістердің беріліс саны.
- Билет
1. Поршендер мен поршенді сақиналар. Поршенді саусақтар.
2. Автомобильдерді техникалық күту түрлері, олардың атқаратын қызметі мен
міндеттері.
3. Тісті берілістер. Жалпы түсінік. Тісті берілістердіңартықшылықтарыменкемшіліктері.
4. 1) Поршендер мен поршенді сақиналар. Поршенді саусақтар.
Поршень газдар қысымының күштерін қабылдап оларды шатун арқылы иінді білікке жəне жылуды цилиндр қабырғасына бұру үшін негізделген. Поршенге иенрция күштері мен газ қысымының механикалық əсерлері жəне жану кезіндегі жану өнімдерінің кеңейіп ыстық газдармен беттесу кезіндегі жоғары жылулық күштер əсер етеді. Оған қосымша поршень гилтза қабырғаларына үйкеліскенінен қызады. Поршень қызып кеткенде оның материалының механикалық қасиеттері төмендеп, термиялық кернеуі өседі. Осыған байланысты цилиндрге кірген ауаның температурасы жоғарылағандықтан ауа толтырылу төмендейді, ал бұл қозғалтқыштың қуатының төмендеуіне, поршеннің цилиндрге сыналуына əкеліп соқтыруына мүмкін; сақиналар тығыздау жұмысытөмендейді жəне алдын – ала оттану мен карбюраторлық қозғалтқыштарда детонациялық (оттану тұтандырғыштан емес, жоғары температурадан) жану пайда болады. Осыған байланысты поршень минималды салмаққа, қажетті төзімділік пен қатаңдыққа, үйкелуші беттерінің аса жоғары тозушылыққа, жоғары жылу өткізгіштікке, жылуды поршень түбінен цилиндр қабырғасына бұру қабылеттеріне ие болуы қажет. Бұдан басқа поршень құрылымы оның цилиндрде кедергісіз(бос) қозғалуына, жану камерасынан газдардың картерге, майдың картерден жұмыс көлеміне тимеулеріне жеткілікті саңылаусыздық(герметизация) қамтамасыз ету қажет. Дизель поршендерінің кернеуі карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда жоғары. Сондықтан, оларды көбінесе шойыннан, ал карбюраторлы қозғалтқыштарын, поршендерін алюмин қорытпаларынан жасайды. Шойыннан жасалған поршендер баяу айналатын дизельдерде қолданылады, себебі бұл поршендердің инерция күштерінен пайда болатын механикалық күштері, алюмин қорытпаларынан жасалған поршендерге қарағанда, жоғары. Бірақ біріншілері алюмин поршендерге қарағанда ұзақ уақыт жасайды. Алюмин қорытпаларынан жасалған поршендердің салмағы аз жəне жылуөткізгіштігі жоғары. Поршендер үш бөліктен тұрады: бағыттаушы(етек), поршендік сақиналар кигізілген нығыздаушы қалпақ жəне түбі. Поршеннің төменгі бөлігі белгілі бағыттаушы рөлін атқарады. Поршеннің жоғарғы бөлігін қалпақ, ал бағыттаушы(тронкалы) бөлігін етек деп атайды. Поршен қалпақшасында металл көбірек болғандықтан ол қызған кезде көбірек кеңейді. Сондықтан, ол етекке қарағанда кіші диаметрлі болады. Шамамен поршеннің орта бөлігінде (етек аймағында) бобышкалар, тесіктерімен поршендік саусақ, оның стопорлы сақиналанры болады. Поршеннің түбі қуыс, жазық, томпақ, фасонды т.б.түрлерінде жасалады. Ол жану камерасының пішініне, сығымдау дəрежесіне, қоспа жасау əдісіне, форсункалар мен клапандардың орналасуына жəне т.б. факорларға байланысты. Төрт тактілі карбюраторлы қозғалтқыштарда түбі жазық поршендер жиі қолданылады. Поршеннің түбіндегі қуыстың фасонды пішіні жанармайдың ауамен араласуына жақсы əсер етеді. Сондықтан фасондықуысты түптер əсіресе кеңінен дизель қозғалтқыштарында қолданылады. Поршень жұмыс жасаған кезінде қатты қызады (түбі 200-4000С етегі 100- 1500с-ға дейін) жəне бұнымен қатар кеңейеді(ұлғаяды). Қызу əсерінен поршеннің цилиндрде саңылауына жол бермеу үшін олардың арасында саңылау (0,15- 0,35мм) қарастырылған. Саңылау мөлшері цилиндр диаметріне, поршеннің құрылымы мен материалына байланысты. Бірақ, юұл саңылаудан газдар жану камерасынан картерге өтіп қозғалтқыш қуатын азайтады, ал картерден жану камерасына май кіруі мүмкін. Ондықтан цилиндрдегі поршенді арнаулы серіппелі сақиналар кіргізіп тығыздайды. Оларды поршенде орнату үшін оның сыртқы бетінде сақина арналары жасалған: жоғарғы арналар компрессорлы (нығыздау үшін), а лтөменгісі май ысырғыш сақиналар үшін. Поршеннің іш жағындағы қабырғасында екі құйылма (бобышкалар) қарастырылған. Бұлардың тесіктері поршень мен шатунды поршендіксаусақ арқылы қосу үшін жасалған. Иінді білік тепе – теңдік күйде айналғанда поршень бірқалыпсыз қозғалады, осының нəтижесінде инерция күштерінен КШМ-ға қосымша соққы күштер пайда болады. Поршеннің салмағы мен айналу жиілігі көбейген сайын инерция күштері өседі. Теңестірілмеген (бірқалыпсыз) инерция күштері əсерінен пайда болған қозғалтқыштағы дірілге (вибрацияға) жол бермеу үшін шатунмен бірге жинақталған поршендер комплектілері цилиндр өлшемдер мен салмақтары бойынша таңдап алынады. Бірақ қозғалтқышта орнатылған поршендер салмағы қабылданған мөлшерден 10-14 г аспауы керек. Поршень қалпақшасынан етекке жылу берілуін азайту үшін кейбір қозғалтқыштардың поршендерінде қалпақша мен етектің айналу бөлігінде тілімдер жасалады. Поршендік сақиналар өзінің арналуына қарай компрессорлы(нығыздаушы) жəне май ысырғыш болып екіге бөлінеді. Компрессорлық сақиналар поршень мен цилиндр арасындағы саңылаудан жану камерасынан газдардың картерге өтуіне жол бермеу үшін жəне жылуды поршеннен цилиндр қабырғасына бұру үшін арналған. Жоғарғы компресоорлық сақиналар 250-3000С шамасында температура жəне жаун камерасындағы газдардың толық қысымын(0,75Рг) қабылдайды. Сонымен қатар бұл сақиналар майлаусыз жұмыс жасайды. Карбюраторлы қозғалтқыштар поршендерінде 2-3 компрессорлы сақиналар, ал дизельдерде жану камерасындағы қысымдары жоғары болғандықтан 3-4 компрессорлы сақиналар болады. Жеткілкті тығыздықты қамтамасыз ететін сақиналар саны қозғалтқыштың айналу жиілігімен жəне оның типімен анықталады. Айналу жиілігі өскен сайын поршендер сақиналарының саны азаяды. Сондықтан, дизель поршендерінде карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда сақина саны көбірек болады. Компрессорлы сақиналар құрылымы көлденең қимасының пішіні мен құлыптарының пішінімен анықталады. Сақиналар қимасының пішіні тікбұрышты, трапециялы жəне фасонды болуы мүмкін. Сақиналар құлпы тура немесе қиғаш болады. Газдар құлыптардан өтпеу үшін сақиналарды бір – біріне 90-120 бұрышпен орналастырады. Май ысырғыш сақиналар йилиндр айнасынан артық майды картерге түсіріп майдың жану камерасына өтуіне кедергі болуы үшін жасалған. Оларда əртүрлі пішінді болып жасалады. Ең көп тарағаны конустық жəне қырғыш(скрепка) түрі. Поршень төменге қарай қозғалғанда цилиндр қабырғасындағы артық майды май ысырғыш сақиналар қырымен алып сақина мен поршень қабырғасынының арасындағы саңылау мен сақинадағы тілімдер, содан соң поршендегі арық арқылы картерге түсіреді. Поршендік сақиналар легірленген шойыннан немесе болаттан жасалады. Жоғарғы компрессоролық сақиналардың сыртқы цилиндрлік бетінің тозуын төмендетуі үшін кеуекті хроммен (қалыңдығы 0,1-0,14мм), ал қалған сақиналардың үйкелетін беттері қалыңдығы 0,005-0,001мм қалыпты қабатымен жабылады. Поршендік саусақ поршенді шатунмен шарнирлі қосу үшін қызмет етеді. Ол болаттан жасалады, сыртқы беті цилиндр тəріздес, түтік бөлшек түрінде болады(2.5-сурет). Жұмыс кезінде саусақ газлардың қысымын, қозғалушы массалардың бағыты мен өлшемдері өзгеретін инерция күштерін жəне саусақтың шатун қалпақшасы мен поршень бобышкасына үйкеліс салдарынан пайда болатын жылулық күштерді қабылдайды. Поршень мен шатунның түйісу сипатына қарай поршендік саусақтар бобышкада бекітілген, шатун қалпақшасында бекітілген жəне қалқушы типті болып үш түрге бөлінеді. Ең көп таралғаны – қалқушы түрі. Ось бойынша жылжытпау үшін бобышкадағы саусақ стопорлы сақиналармен немесе алюминді бітеуіштермен бекітіледі. Поршендік саусақ шыбықты тесіктер немесе шатунның жоғарғы қалпақшасындағы тілімдер жəне поршень бобышкаларындағы майлау каналдар арқылы майланады.
