Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhALPY_ZhAUAPTAR_GAK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.65 Mб
Скачать

16. 2 Істен шығулар және олардың жіктелуі.

Машиналардың бөлшектерінің ұштық зақымдалулары істен шығу болып табылады.Істен шығу – объектінің жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуында болатын жағдай.

МЕСТ27.002—83 істен шығулар сегіз түрге бөлінеді.

Кенеттен істен шығу объектінің бір немесе бірнеше берілген параметрлерінің өзгеруімен толқынды өзгерумен сақталады.

Біртіндеп істен шығу объектінің бір немесе бірнеше берілген параметрлерінің мәндерінің біртіндеп өзгеруін сипаттайды, яғни істен шығу кезіндегі параметрдің өзгеру заңдылығы; кенеттен істен шығуға параметрдің мұндай өзгеруі тәжірибе жүзінде келмейді.

Объектінің тәуелсіз істен шығуы басқа объектінің істен шығуымен шартталмаған тәуелді істен шығу басқа объектінің істен шығуымен шартталған.

Аралық істен шығу - нақты толық сипаттағы объектінің өзі жоятын істен шығуының бірнеше рет тууы.Құрылмалаудың заңдары және ережелері бекіткен жетілмеуі немесе бұзылуы нәтижесінде құрылмалық істен шығу туады.Жөндеу өнеркәсібінде орындалатын объектіні дайындау немесе жөндеудің бекітілген үрдісінің жетілмеуі немесе бұзылуының нәтижесінде өндірістік істен шығу туады.Объектінің эксплуатация жағдайы және бекітілген ережелерінің бұзылуы нәтижесінде эксплуатациялық істен шығу туады.

ОСТ 24.010.05—78 қосымша бөлім белгілерімен істен шығуларды жіктеп көрсетіп береді.Сыртқы көріністердің болуы нақты (көзге көрінерлік) істен шығулар және көрінбейтін (байқалмайтын) істен шығулар.Бұйымды ары қарай пайдалану мүмкіндік деңгейі: тоқтап қалу, анда – санда істен шығу, систематикалық істен шығу, толық істен шығу.Істен шығудың туу уақыты: сынау кезінде, шектен тыс жұмыс істеу кезінде, қалыпты пайдалану кезінде, пайдаланудың соңғы мезетінде.

24. Істен шығулардың жіктелуі. Істен шығуды мына категориялар бойынша жіктейді: пайда болу сипаттамасы мен болжау мүмкіндіктері бойынша; пайда болу себебі бойынша; басқа элементтерінің істен шығуына байланысы бойынша; тізбек бойынша; жою әдісі бойынша; пайда болу жиілігі бойынша; жоюдың еңбек сыйымдылығы бойынша; жұмыс уақытының шығынына әсері бойынша.

Пайда болу сипаттамасы мен болжау мүмкіндіктері бойынша- біртіндеп және кенеттен істен шығу болып бөлінеді. Біртіндеп істен шығу машинаның бір немесе бірнеше параметрлерінің біртіндеп өзгеруімен сипатталады. Мысалы поршенді сақина мен цилиндр гильзасының тозуынан қозғалтқыш қуатының біртіндеп төмендеуі.

Кенеттен істен шығу жүктемені жоғарылату, сонымен қатар автомобиль элементтерінің сапасыз күйі салдарынан машинаның жұмысқа қабілеттігін анықтайтын, бір немесе бірнеше параметрлердің кенеттен өзгеруімен сипатталады.

Пайда болу себебі бойынша-құрылымдық(конструкциясының жетілдірілмегендігі салдарынан); өндірістік(бұйым жөндеуінің немесе дайындаудың технологиялық процесінің дамытпағау немесе бұзу салдарынан); пайдалану (ережелерді бұзу-автомобильді асқын жүктеу, техникалық күтуден уақытылы өтпеу салдарынан туындайды).

Басқа элементтерінің істен шығуына байланысы бойынша тәуелді және тәуелсіз істен шығу болып бөлінеді. Тәуелді істен шығу-бұйымның басқа элементтерінің істен шығуына қатысты болады, ал тәуелсіз істен шығу кезінде қатысы болмайды.

Тізбек бойынша істен шығу объектіні пайдаланудан шығарып тастау немесе істен шығуды жойған соң жалғастыру.

Жою әдісі бойынша элементтерін ауыстыру немесе олардың арасындағы қажетті өзара байланысты қайта қалпына келтіру- автомобиль түріне,маркасына,моделіне байланысты аз наработка кезінде

3...4 мың км, орташа 16 мың км-ге дейін, үлкен 16 мың км-ден жоғары.

Жоюдың еңбек сыйымдылығы бойынша аз (2 адам/сағ дейін), орташа (2-4 адам/сағ), үлкен(4 адам/сағ-тан жоғары).

Жұмыс уақытының шығынына әсері бойынша істен шығуды былай бөледі: техникалық күту кезінде жұмыс уақытының шығынынсыз қалпына келтірілетін істен шығу және жұмыс уақытының шығынымен қалпына келтіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]