Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhALPY_ZhAUAPTAR_GAK.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.65 Mб
Скачать

2.5. Майлау жүйесінің түрлері.

Майды үйкелейтін беттерге апарудың тəсіліне қарай майлау жүйесін төмендегідей бөлуге болады: жанар майды бірге бере отырып майлау, шашыратып майлау, қысым арқылы жəне араластыру /біріктіру / арқылы майлау. Жанар майды əпере / бірге бере / отырып бірге майлау - екі тактілі карбюраторлық /жүргізуші / қозғалтқыштарға арналған. Бұл жағдайда майды 1:20 – дан 1:50 – дейінгі қатынасында бензинмен араластырады да жанар май сақталатын бакқа құяды. Бұл кезде қозғалтқыш жұмыс істелген майдың кейбір бөліктері жанар маймен бірге цилиндрмен картерге түседі де, онда олар үйкелетін беттерде қалады, сондай-ақ оларға бұдан басқа майлар майлау арналары арқылы өтеді.

Шашыратып майлау – қарапайым жүйеден тұрады, бұдан картерге құйылған май- иінді білік айналғанда шатундардың төменгі бастары арқылы шашырайды. Бұл кезде пайда болған май эмульсиясы тесік арқылы өтеді, немесе тікелей бөлшектердің үйкеліс бетіне қонады. Мұндай жүйе шектеулі аз қолданылады жəне қысқа мерзімде жұмыс істейтін жүргізуші қозғалтқыштарда пайдаланылады немесе біріктірілген майлау жүйесінде қолданылады. Дизельдерде шашыратып майлау мүлдем қолданылмайды.

Қысым арқылы майлау –май насосының көмегімен пайда болатын қысым арқылы үйкеліс беттеріне май беру қызметін қамтамасыз етеді. Қысым арқылы майлау толықсулық /кезеңді / жəне айналып келелік / үздіксіз / беріліс түрлеріне бөлінеді. Майлау материалдарының толықсулық берілісінде əрбір үйкеліс беттері кейде белгілі бір, ал бірде ретті уақыт аралығында берілген май мөлшерін алып отырады. Бұл мөлшерленген майдың мөлшері лубрикатор деген көп плунжерлі насос арқылы жүзеге асады. Мұндай май беріліс тəсілі автотоакторлық дизельдерде қолданыс таба алмады. Майлау материалының айналып келушілік берілісінде шестернялы майлау насосы картер ден үйкеліс бетіне үздіксіз май жеткізіп тұрады. Артық май картерге ағып кетеді, сосын жерде насос арқылы қайта айдалынады. Қысым арқылы майлау жүйесі құрылысы жағынан күрделі, сондықтан да оны қазіргі автотракторлық қозғалтқыштардың көпшілігінде қолданылатын араласқан майлау жүйесінде бірге қолданылады. Майлаудың араласқан жүйесі қазіргі қозғалтқыштардың көпшілігінде пайдаланылады; мұндай майлауда бөлшектердің бір бөлігі қысым арқылы /май насосынан /, ал бір бөлігі шашырату немесе өзінен - өзі ағу арқылы майланады. Майлаудың араласқан жүйесі май қорының сақталу орынына қарай төмендегі түбіне сақталуына немесе қозғалтқыш сыртында рамаға бекітлген сыйымдылықта сақталуына қарай ылғалды картер, сосын катер ішіне немесе қозғалтқыш сыртына орналасқан арнайы бак май ыдысы болып табылатын құрғақ картерлер деп бөлінеді. Құрғақ картерлі майлау жүйесі кейбір тасымал көлігінің, кемелердің жəне жерде жұмыс жасайтын машиналардың қозғалтқыштарында қолданылады. Қысым арқылы иінді жəне тарату біліктердің түпкі жəне шатунды подшипниктері аралық шестернялардың подшипниктері мен жанар май насосының жетекші шестернялы, поршень саусақтары мен күйенте втулкалары /төлкелері / майланады. Қалған барлық үйкелетін бөлшектер / цилиндр айнасы, поршеньдер, саусақ, тарату білігінің жұдырықшасы, итергіштер, тарату шестернялы, клапан шыбығылары мен күйентелер шаппалары шашырату арқылы майланады. Қозғалтқыштарды майлау жүйесі төмендегі негізгі механизмдер мен аспаптардан тұрады: майға арналған картерден- резервуардан; май насосынан, май сүзгіштерден; май өткізетін түтікшелерден, майды суытатын радиатордан; бақылау аспаптарынан -

манометрден; термометрден, картердегі май арналарын автоматты ауыстыратын қосқыштардан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]